ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 46
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Алтынбек: Балалар Наурыз мейрамы – жыл басы. Бұл ежелден келе жатқан мереке. Біздің ата – бабаларымыз үшін жыл басы көктемнен басталады.
Аида: Көргенге қуанасың таза ауаны,
Құлаққа естілгенде жаз әуені
Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,
Наурызым құтты болсын қазақ елі!
Алтынбек: Той дегенде қазақтың жаны кірер,
Бағаңды жас білмесе, кәрі білер.
Наурызың құтты болсын, нар ағалар,
Наурызың құтты болсын, бар інілер.
Аида: Жылдың басы – Наурыз,
Жырдың басы – Наурыз
Наурызға біз арнап,
Жырдан шашу шашамыз.
Құрметті ағайын, оқушыларымыздың жыр шашуын қабыл алыңыздар!
Алтынбек: Ал халайық тұрмайық,
Әндетейік шырқайық.
Дөңгелесін бишілер,
Ортамызды ашайық.
Ендігі тамашалайтындарыңыз, би «Балбырауын» Қол соғып, қошеметпен қарсы алыңыздар!
Аида: Желпіген аққу құстың қанатындай,
Бақ келіп ақ үйлерге қонатындай.
Қасиетті наурыз тойы пәктігіңнің,
Тойы деп айтуға да болатындай.
Құрметті тойшы қауым, келесі кезекте Ахмет Жұбановтың «Қарлығашым» күйі. Орындайтын: Хибатова Наргиза.
Алтынбек: 22 – наурыз – аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн.
Аида: Наурыз күні атқа мінген жігіттер елді аралап жарапазан айтқан. Игі тілекпен әндете келген жарапазаншыларға адамдар бауырсақ, құрт, ірімшік, ұсынып, шапан жауып, белдеріне жібек орамал таққан.
Әли: Айтамыз жарапазан отбасына,
Тілейміз денсаулықты бас – басыңа.
Тілесек денсаулықты бас – басыңа,
Амандық келер әр күн отбасыңа.
Айтамыз жарапазан ауылыңа,
Береке, бірлік берсін қауымыңа.
Береке, бірлік берсе қауымыңа,
Бас имес кімдер келіп ауылыңа
Алтынбек: Айтамыз жарапазан еліңізге,
Байлаңыз жақсы орамал белімізге.
Байласаң жақсы орамал белімізге,
Кетеміз мақтай - мақтай елімізге.
Айтқанмен жарапазан тоямыз ба?
Дәстүрін халқымыздың қоямыз ба?
Дәстүрін халқымыздың біз ұмытсақ,
Дүниеде екі бірдей оңамыз ба?
Мұғалім: Наурыз тойдың межесі
Әжелердің көжесі
Қане, ішіп қойыңыз... (Қонақтарға көже үлестіру)
Аида: Кел, Наурыз келешекті жарқын шолып,
Барыстай ұрпақтарға даңқың қонып.
Қазақстан болғанда – Ғажапстан,
Қол соғып қуаналық халқым болып.
Қадірменді халайық, ендігі тамашалайтындарыңыз, би «Қара жорға»
Алтынбек: Жаңа жыл, жаңа тарих баспалдағы,
Алатын асуларын асқардағы.
Қазақтың кең көсілген даласында
Жазылсын болашақтың дастандары.
Аида: Жақсылық жүрегіне жыр еселер,
Биікке шарықтатар киелі өнер,
Наурызың құтты болсын, апа - әкелер,
Наурызың құтты болсын, ата - әжелер.
Ендеше, тойшы қауым, бүгінгі наурыз тойымыздың наурыз батасын жасы үлкен ата-әжелерімізден сұраймыз.
Наурыз бата:
Уағалайкум ас салам!
Кеңпейілді қазақ елім!
Кемелденген ғажап елім!
Ұлыс күні құтты болсын!
Ел іргесі мықты болсын!
Бақыт әкеп ұлыс күні,
Баянды боп тыныштығы,
Әнші құстар баққа қонсын!
Алтын табақ аққа толсын!
Шаттығының сәтті күнін,
Татулықтың тәттілігін,
Көрсін ұрпақ қайырымды!
Бұлт шалмасын ай – күнімді!
Жаңа күнім жадырасын!
Төл көбейіп, жамырасын!
Еккен егін өнімімен,
Еңбегіңнің сенімімен
Тірлігіңнің жемісімен,
Бірлігіңнің жеңісімен
Бағы жанып кәрі – жастың,
Басынан бақ арылмасын!
Орындалып ойларымыз,
Тойға ұлассын тойларымыз!
Әумин!
Алтынбек: Осы айтылғандар бір Алланың құлағына шалынып, періштелер «әумин» десін!
Аида: Қадірменді халайық, Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен думанымыз аяқталды.
Аида: Құрметті қонақтар, баршаңызды «Наурыздың» ақ отауына шақырамыз!!!
Наурыз дастарханынан дәм татыңыздар...
Тақырыбы: Наурыз – жыл басы!
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі.
Барысы: Кіріспе.
Тәрбиеші: Жер әлемді жайнатып,
Әнші құстарды сайратып,
Наурыз тойын тойлатып,
Ұлыстың Ұлы күні келді, ағайын!
Той құтты болсын!
Ақ мол болсын!
Құрметті ата-аналар, балалар бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз жыл басы!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Тәрбиеші: Ұлыс күні кәрі-жас,
Құшақтасып көріскен,
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен.
Ұлыс күні қар еріп,
Сай-салалар гүрілдеп,
Көк шөбі шығып желкілдеп
Дүние біткен күлімдеп.
Ұлыс күні кәрі жас
Құшақтасып көріскен
Ортаға екі бала шығады.
1-бала: Ассалаумағалейкум
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын!
2-бала: Уағалейкумссалам
Ұлыс оң болсын
Пәле – жала жерге енсін!
Екі бала төс қағыстырып аман – саулық сұрасады.
Тәрбиеші: Уа, халайық, халайық
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық! (бір ата-ана шашу шашады)
Тәрбиеші: Наурыз бен құттықтап,
Алыс жақын қауышты
Көктемдегі жарқын сәт,
Көңілдерге ауысты,- дей келе балаларымыздың тақпақтарын тыңдайық.
Жантөре: Наурыз тойы салтымыз,
Аман болсын халқымыз.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын
Наурыз құтты болсын!
Аяла: Наурызым — тойлы нұрлы күн,
Мерейің асып тұр бүгін.
Жерімнің жүзін жылыттың,
Елімнің сақта бірлігін!
Ерасыл: Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.
Қызық думан — мереке,
Қызық думан құрамыз.
Аяжан: Сәнді көктем нұрымен,
Наурыз тойы жырымен.
Көңіл гүлдей жайнасын,
Наурыз тойы тойлансын.
Алима: Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышты ел енді.
Наурыз келді салтымыз.
Дана: Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеміз.
Жарқырап күніміз,
Жайқалып жас гүліміз.
Алуа: Жыл басы-Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды.
Мұхамедали: Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналған
Бүгінгі жыр-әніміз.
Темирлан: Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің,
Береке – ырыс сыйлашы.
Абылай: Наурыз келді еліме,
Наурыз келді жеріме.
Байлық, бақыт тілеймін,
Бүкіл қазақ еліне.
Тәрбиеші: Күлімде. Наурыз, күлімде!
Күн менен түн теңеледі бұл күнде.
Күн мен Түнді шақырайық ортаға
Қуанышың сыйласың бүкіл елге!
Көрініс «Күн мен түн»
Күн – Дильназ: Сәулесі көп күнмін
Түн – Бексұлтан: Жұлдызы көп түнмін
Екеуі: Бірдей болып біздер,
Теңелеміз бүгін.
Түн – Бексұлтан: Ал ертең күн ұзақ.
Күн – Дильназ: Түн қысқарар бірақ.
Екеуі: Ұйқы қанбай қалып
Жүрменедр тек жылап,
Күн мен Түн теңеледі
Жер шуаққа кеңеледі
Соны тойлар ел енді.
Әңгімелесу:
— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
— Көктем айларын атап шығайық. (Наурыз, сәуір, мамыр)
— Көктемде қандай өзгерістерді байқауға болады?
— Ауа -райы қандай болады?
— Көктемде қандай мейрамдар тойланады?
— Иә, балалар, көктемде табиғат ерекше күйге енеді. Көктем- жыл мезгілінің әдемі бір кезеңі. Наурыз айында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жыралардан су аға бастайды. Көктем -өте көңілді мезгіл. Күн біртіндеп ұзарады, күн жылиды. Қар, жыраларға су толады. Жылы жақта қыстайтын құстар ұшып келеді. Көктемнің алғашқы күндерінен бастап жер бетіне қылтиып, бой көтеріп гүлдер өседі. Бұлар көктемнің алғашқы гүлдері деп аталады. Бұл бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ. Көктемде ұлы мейрамымыз- Наурыз тойланады. Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы депт саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау»- жаңа, «рыз»- күн деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жаяды. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады.
Наурыз- бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.
Тәрбиеші: Тақпақ айтып, жыл басы.
Құлағынды сал, тыңдашы.
Бар бөбекке өзіңдей
Бейбіт өмір сыйлашы.
Аяулым: Наурыз тойы – тамаша,
Наурыз тойы – жаңаша.
Табиғатта тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Заманбек: Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсың халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық.
Бекзат: Бата беріп атамыз,
Бата беріп әжеміз.
Тәтті болып жасаған,
Көжеден дәм татамыз.
Мөлдір: Бәйшешек гүл ашады,
Мұздар сайға қашады.
Суға толып өзен-көл,
Кемерінен асады.
Әсия: Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп.
Шаруаның кеңелген
Мейрамы ежелден –
Құтты болсын, Наурыз!
Нурали: Наурыз көктем, наурыз жыр,
Ана мейірім, шуақ нұр.
Жан иесін жаңартқан,
Аққан бұлақ, нәзік сыр.
Үміт: Наурыз келді – жыл келді,
Подробнее
instagram.com
Go to site
Реклама
Тірілтуге гүлдерді.
Сәнденеді аналар,
Сәбилермен бірге енді.
Расул: Көз тігіп Күнге барлығы,
Бүршігін жарса әр гүлі.
Халыққа бақыт тілеген.
Бұл Наурыздың жарлығы.
Тәрбиеші: Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса наурыз дәстүрлі!
Осындай байлық елімде,
Айтылады жыр әні.
Балалардың орындауында «Көктем келді» әні.
Көктем келді, көктем келді сағына
Бүршік атты алма ағаштар бағымда.
Біздің үйге ұя салды, алақай,
Былтыр кеткен қарлығаштар тағы да.
Қайырмасы:
Дала гүлге оранады,
Түрлі түске боянады.
Нурлы көктем келген кезде,
Табиғат та оянады.
Көктем келді, көктем келді далама,
Қуанып жүр ата-ана да бала да.
Қар-мұз еріп, жылғалардан су ағып,
Үйрек- қаздар жайылып жүр жағада.
Тәрбиеші:
— Ал енді балалар! Мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын.Жұмбақтың шешуін табыңдар.
Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды.
(дастархан)
— Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады?
Қазақтың ұлттық тағамдары,
Жасымнан жақын маған бәрі.
Теңермес ем оларға мен,
Ешбір асты ғаламдағы.
Ата-аналардың орындауында «Қазақы дастарханым» атты әнін ұсынамыз.
Тәрбиеші: Арпа, бидай, тары бар,
Қатық, малта, ағы бар,
Ішілетін, жейтінін,
Бұл көжеде бәрі бар.
— Армысыз, Ару Ана! Ақ мол болсын! Әже, мына Наурыз көжені неше түрлі тағам қосып әзірлейсіз? Соны балаларға айтып берсеңіз.
Тәрбиеші: Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даламның ежелгі,
Қазақ деген халқымыз
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
— Құрметті ата-аналар, «тәрбие – отбасынан басталады» демекші тұрмыстық салт-дәстүрлерге байланысты сіздерге бірнеше сұрақтар ұсынамыз. (қоржындағы нөмерленген асықтарды ұсыну)
1. «Ерулік» беру дегенді қалай түсінесіз?
Ерулік-басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерден бұрыннан тұратындар ерулік береді, қонаққа шақырады?
2. «Құдайы қонақ» дегеніміз не?
Құдайы қонақ дегеніміз -бейтаныс, шалғай ел, алыс жерден жолаушылап жүрген тосын қонақ. Олар нағыз сауабы тиетін қонақ.
3.Мәйек дегеніміз не?
Мәйек дегеніміз- жас қозының ұлтабары. Оны ірімшікті ұйыту үшін пайдаланады.
4. Қымыз мұрындық дегеніміз не?
Қымызмұрындық дегеніміз – бұл жаз тойы, мамыр айынан басталып, маусым айына дейін созылатын үлкен той. Осы күні биелер желіге байланып ағайын жекжат бірігіп қымызға шақырады.
5. Тоқымқағар дегеніміз не?
Тоқымқағар дегеніміз-жас жігіт алғашқы сапарға шыққанда оның ата-анасы тоқымқығар жасап, мал сойылып,үлкен-кіші шақырып қонақ етеді.