Файл: ош келді, з Наурыз!.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 45

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


23.Ата – бабаларымыз амандасқанда не себепті «Мал – жан  аман ба ?»деп сұрайтын. ( Малдың орны ерекше екенін  ұғындырады. Кисе киім, жесе тағам, мінсе көлік – тіршіліктің  көзі  болғандықтан. Малды ерекше құрметтеген.
24.Сүйінші – Жақсы хабар жеткізетін кезде жасалатын рәсім. Немерелі болған әже  сүйінші сұратып жас балалар   мен келіндерін жан-жаққа жібереді.

ІV.Ұлттық ойындар ұйымдастыру

Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сонын ішінде бүгін мүмкіншілігімізге қарай «Қол күрес», «Асық ойыны», «Сиқырлы таяқ», «Сақина жасыру», «Бес тас» ойындарын ойнайтын боламыз.Ойынға барлық балалар қатысады.

  1. Қорытындылау
    Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» — деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған

Ендім бүгін төріме,
Жақсылық себем көңілге.
Бейбітшілік пен ырыс – құт,
Әкелдім биыл еліңе!

Наурыз – жыл басы (Мерекелік кеш сценарийі)


Жүргізуші: Құрметті ата — аналар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні Наурыз айы құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге жылдан үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ұлы мереке сіздерге бақыт сыйласын!

Ал балалар тұрмайық,
Әндетейік, шырқайық,
Думандатып, би билеп,
Әнмен күйді төгілдіріп,
Інжу — маржан шашайық,
Келген қонақ таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық!

Хор: «Наурыз – біздің жаңа жыл!» әні.
Жүргізуші: Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылды қарсы алайық.
Залға әдемі киінген көктем Аруы кіреді.

Балалар: Сәлеметсіз бе, көктем Аруы!
Көктем Аруы: Амансың ба балаларым, амансыздар ма қонақтар?! Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын! Наурыз әр отбасына құт береке әкелсін! Бұл күні адамдар таза киініп, ауласын тазалап, тал егеді, бұлақтың көзін ашып су жібереді. Жылы көже жасайды. Ол өте дәмді көже, бұйыртса, сол көжеден бүгін дәм татасыңдар.
Жүргізуші: Балалар, олай болса, Көктем Аруына өнерімізді көрсетейікші.

Көктем келді, балақай,
Жасарды қыр, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.

Көктем келді, Наурыз келді,
Жер көгерді, ел көгерді.
Дастарқанын жайып дарқан,
Жақсылық пен бақыт шашқан.

Көлде аққу, көкте қаз,
Орманда бұлбұл сайраған.
Көптен күткен көктем кеп,
Құлпырады дала жайнаған.

Көктемнің төкті нұры,
Көңілдің кетті мұңы.
Кел, достар, ән шырқайық,
Ұлыстың ұлы күні.

Көктем келді бүгін,
Күн де төкті нұрын.
Наурыз тойын тойлап,
Жатырмыз ғой бүгін.

Жүргізуші: Ұлыстың ұлы күнінде Қыдыр ата ел аралап, тіршілік иесіне құт — береке дарытып, жақсылық нұрын себелейді екен. Бүгінгі тойға алыстан ат терлетіп аса қадірлі қонағымыз келіп қалыпты. Қане, қошеметтеп Қыдыр атамызды қарсы алайық.

— Сәлеметсіз бе, Қыдыр ата!

Қыдыр ата: Амансың ба ұлдарым, амансың ба қыздарым! Наурыз мерекелерің құтты

болсын! Әр отбасына құт береке әкелсін!

Жүргізуші: Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарымызға кезек берейік.
Той думанға келіңіз,
Тамашалап көріңіз.
Айтайық бәріміз,
Қол соғайық бәріміз!

Ашық болсын күніміз,
Ашылады нұрымыз.
Жадыраған өмірде,
Айтылады жырымыз.

Жайнатады гүл — гүлді,
Сайратамын бұлбұлды
Мерейлі жұрт тойласын,
Мейрам етіп бұл күнді.

Наурыз тойы тамаша,
Наурыз айы жаңаша.
Табиғатта тамаша,
Тамылжысып тұр жараса.

Армысың, Наурыз!


Қуаныш боп кір төрлет,
Ел боп саған
Көрсетіп жатыр сый — құрмет.

Күн мен түн теңеледі,
Жер шуаққа кенеледі
Соны тойлап ел енді,
Наурыз көктем басталды.

Жүргізуші: Ендігі кезекте топтың ер балдарына берейік. «Қамшы» биін тамашалаңыз. Көктем Аруы: Балалар менімен ойын ойнайсыңдар ма? «Асық жинау» ойыны. 2 — рет ойнату.

Ойынның шарты: Асықтарды кім көп жинайды, сол жеңіске жетеді.

Жүргізуші: Наурыз келді жарқыраған, жайнаған,
Салтанатты сауық — сайран айналам.
Наурыз тойда, қыр мен ойда,
Қала, дала қызық думан қайнаған — деп,
Келесі кезекті салт — дәстүрге береміз.
Салт — дәстүрдің бірі — «Тұсау кесу»

Көрініс: «Тұсау кесу» рәсімін көрсетеді. Тұсауды әдемі ала жіппен кеседі. Оның себебі: болашақта бала ешкімнің ала жібін аттамасын деп тілейді.
Қаз, қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін — деп тұсауын кесіп жібереді.

Жүргізуші: Топ қыздарының биін тамашалаңыздар. Би «Тостақан». Балалардың тақпағына кезек берейік:
Наурызбен құттықтап,
Алыс — жақын қауышты.
Көктемдегі жарқын,
Көңілдерге ауысты.

Тыныш болсын даламыз,
Таза болсын ауамыз.
Қатыгездік жоқ болсын,
Ырысымыз көп болсын.

Құтты болсын мерекең,
Наурыз айы туыпты.
Әне Наурыз келеді,
Әсемденіп жер енді.

Уа, жарандар, жарандар,
Бәрің мұнда қараңдар.
Наурыз тойы басталды,
Жырға толды алаңдар
Салт — дәтүріміз жарасса,
Қайта құрып жаңаша.
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша.

Наурыз тойын әдемі,
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап дәмді етіп,
Наурыз көже пісірді.

Үстін жасыл түк басып,
Көктем келді нық басып.
Тоғайларға тығылып,
Кетті лезде қыс қашып.

Жүргізуші». Ән Наурыз
«Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер», дегендей Қыдыр ата өзіңізден бата сұраймыз.

Қыдыр ата батасы:
Ұлыстың ұлы күні оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Дастарқаның кең болсын!
Уайым — қайғы жоқ болсын! Әумин!

Жүргізуші: Әумин, айтқаныңыз келсін! Бүгінгі ертеңгілігіміз өз мәресіне таяп қалды. Наурыз тойларыңыз тағы да құтты болсын! Елімізде тек жақсы күндер көп болсын! Ұрпағымыз ата — баба дәстүрін ұлықтап өтсін! Баршаңызды Наурыз көжеден дәм татуға дастарқанға шақырамыз.

Сау болыңыздар! Көріскенше күндеріңіз шуақты болсын! Келесі Наурызға уайым — қайғысыз, аман — сау жетейік! Балалар, қане бәріміз «Қара жорға» биін билейік!

******

Армысың, әз-Наурыз!


Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі туралы түсінік беру, патриоттық сезімдерін ояту, адамгершілікке баулу, кішкентайынан қазақтың салт — дәстүрлерін бойларына сіңіру, ынта, зейін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ардақты ата — аналар, сүйікті де сүйкімді кішкентай бөбектер! Бүгін Сіздермен бас қосуымызға себеп болып отырған қазақтың үлкен ұлттық мейрамы – Наурыз мерекесі!

Жаңғырар дәстүр салтымның,
Көзелсін менің халқымның,
Мерекесі «Наурыз» жыл басы!

Саша: Оу, халайық, халайық!
Әсем әнге салайық!
Наурыз тойы көңілді,
Бірге қарсы алайық!

Жүргізуші: Олай болса қадірлі қонақтар, ардақты әже — аналар, кішкентай бөбектер Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын! Наурыз жолы оң болсын, ақ мол болсын! – деп Наурыз айында Наурыз көже пісіріледі. Наурыз көжесі жеті түрлі тағамнан жасалынады.

Роман: ет, май, тұз, сүт, бидай, құрт, су.

Жүргізуші: Кел, балалар келіңдер,
Тамашаны көріңдер!
Томсырайып тұрмаңдар,
Жатқа тақпақ айтыңдар!

(Осы кезде балалар бір — бірлеп жаттаған тақпақтарын айтады).

Дариға: Шуақ төгіп көкте күн,
Қарда қалды азайып.
Алғашқы айы көктемнің,
Наурыз ғой бұл ғажайып!

Жанель: Наурыз келді құт болып,
Мына бізге сүт болып.
Аққа ауызымыз толады,
Бір жақсылық болады.

Вадим: Жайды жерге алаша,
Наурыз келді тамаша.
Кәрілер де жастарда,
Қуанады балаша.

Даша: Келді көктем далаға,
Келді сұлу шағала.

Тәрбиеші: Ойын «Себеттен шыққан ойыншықты таны».

Мақсаты: Балалардың тез ойлау дағдыларын арттыру, танымдық қабілеттерін бекіту, ұжымдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Шарты: Ортаға бір бала шығады, қолында ойыншыққа толы себет. Қалағандары айнала шеңбер құрып тұрады. Ортаға шыққан бала, себеттен ойыншықты алып шығып «Бұл не?» — деп сұрайды. Балалар ойыншықты танып, атын атайды. Әуен ойналады, барлығы ойыншықтың жүрісін, қимылын келтіреді. Ойын себеттегі ойыншықтар біткенше жалғасады.

Темірлан: Көже құйып апамда,
Ұсынады атама.
Иіліп сәлем береді,
Келген барлық адамға.

Сәкен: Наурыз нұры шашылды,
Қыс ызғары басылды.
Туған — туыс көрісіп,
Көңілдері ашылды.

Сабина: Наурыз! Наурыз! Наурыз той!
Құтты болсын ұлы той!
Құттықтаймын бүгін мен,
Ұлыстың ұлы күнімен!

(Жағымды әуен ойналады. Ортаға 3 — 4 бала шығып «Балақан» әнін орындайды).

Жүргізуші: Міне, тамаша! Үлкен азамат болыңдар, өнерлерің өрге жүзсін!
(Әуен ойналады. Наурыз — көктем келеді).

Көктем: Жаратылыс ұйқыдан оянады,
Жердің беті көк түске боянады.
Жан — жануарлар жадырап қуанады,
Көктем солай қолына ту алады.
Құлпырады бұл айда дала гүлі!
Мұсылманның – Наурыз – Жаңа жылы!

Жүргізуші: Наурыз айында адамдар ақшыл түсті, жаңа киімдерін киіп, бір — біріне қонаққа барады. Бұл күні ренжіскен адамдар бір — бірінен кешірім сұрайды, бір — бірлеріне ақ тілектерін айтады. Көптен көріспеген адамдар бір — бірімен құшақ жайып, төс соғысып сәлемдеседі.

(Балалар төс соғысып, сәлемдесу рәсімін жасайды).

Жүргізуші: Наурызымды халқымыз,
Жыл басы санайды.
Үлгілі салт — дәстүріміз,
Көп елге тарайды.
Салт — дәстүріміздің бірі «Бесікке бөлеу» рәсімін тамашалаңыздар!

Рамазанның әжесі: (бесікті аластайды)
Алас, алас пәледен алас,
Алас, алас жәледен алас!
Көзі жаманның көзінен алас!
Тілі жаманның тілінен алас!

(Баланы бесікке бөлей бастайды. Бесікке бөлей отырып, «бесікке бөлеу» әнін орындайды).

Бесігіңе жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой!
Баласы жатсын бесікте,
Пәлесі қалсын алыста!
Жүргізуші: Рахмет Сізге, ардақты әже! Орамал тоң болмайды жол болады, мінекей Сізге сыйлық!
Ән: «Наурыз — Көктем» (балалар орындайды).

Көктем: Таң қуанып, атады таудан асып,
Наурыз келді ортаға нұрын шашып!
Осы тойда тұсауы кесілген сәби,
Жүгіріп кетеді тәй — тәй басып!

Ердостың әжесі «Тұсау кесу» салтын көрсетеді.
Әже: Адам болсын, адал болсын, ешкімнің ала жібін аттамасын! – деп, ала жіппен кескен.

Көктем: Рахмет Сізге аяулы әже!
Сізге де орамал тоң болмайды, жол болады деген ырыммен міне қол ақтығыңыз.

Ойын: «Арқан тарту».
Мақсаты: Балаларды ұлттық ойынды ойнай білуге үйрету, ойын арқылы сана — сезімдерін ояту, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Шарты: Бұл ойынды ойнау үшін ұзын арқан алынады. Екі жағына төрт — төрттен бала шығады. Арқанның екі ұшынан ұстап тартады. Күші басым болып, арқанды тартып алғаны жеңіске жетеді. Ойын бала санына қарай қайталанып, жалғасады.

Жүргізуші: Біздің балғын бөбектеріміз, өнерлі де күшті екен!
Енді, қонаққа келіп отырған №4 топтың тәрбиеленушісі, Қабылсаят Дәметтің өнерін тамашалаңыздар.

Би: «Шығыс биі».
Ата — ана: Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық!

(Бір баланың әжесі шашу шашады).

Ердостың әжесі бата айтады:

Құрметті қонақтар, ардақты әже — аналар, кішкентай бүлдіршіндер! Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Мереке әр отбасына береке, молшылық, бақыт алып келсін! Наурызда ақ мол болсын! Қайда барсаң да жол болсын!