Файл: Трбие сааты Бір кені трбиесін жз мектеп те бере алмайды Сынып жетекшісі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 10
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№ 42 «Ақ ниет» гимназиясы
Тәрбие сағаты:
«Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды»
Сынып жетекшісі: Закирова Ш.Ғ
Сағындықова А.Б
2022-2023 оқу жылы
Педагогтің аты-жөні: | Сағындықова Арайлым Болатбекқызы |
Күні: | 23.02.2023 |
Сыныбы: 10«Д» | Қатысушылар саны: 17 Қатыспағандар саны: |
Сынып сағатының тақырыбы: | Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды |
Сынып сағатының мақсаты | Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым қатынасты нығайту. Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген бала махаббатын ояту. |
Әдіс-тәсіл | Түрткі сауалдар, ситуациялық сұрақтар, |
Негізгі идеялар | Мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту; Бала тәрбиелеудегі әкенің рөлі. |
Кезең-дер | Уақыт | Мұғаілімнің іс-әрекеті | Оқушының іс - әрекеті | Ресурс |
Кіріспе кезең | Түрткі сауал: | Оқушылар шеңбер болып тұрады. Өздерінің әкелерін таныстыру. Мысалы: Қамқоршыл, еңбекқор және ән айтуға қабілеті бар менің әкем – Қанат.. | Оқушылар шеңбер болып тұрып, өздерінің әкелерін таныстырады. Оқушыларға сөздер таратылады, осыдан мақал-мәтел құрастырып, 4 топ болып отырады. | Сөздер жазылған үлестір мелер |
Терең ойлану | Видео: “Теледидар тәсілі ” Сіздерге видео ұсынғым келіп тұр. Сонымен видеоны көре отырып қандай тұжырым жасадыңыздар, ойымызды ортаға салайық: 1. Видеодан не түсіндіңіздер? | Видеоны көріп болған соң, оқушылар өз ойларымен бөліседі. | Видеоролик | |
Негізгі кезең | Талқылау Болжам жасау | Ситуациялық жағдаяттар. Әр топқа ситуациялық сұрақтар беріледі. 1-ші топ: Нұрлан 5 - сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға деген ынтасы жақсы. Оқыса жақсы оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ, ата - ана бала тәрбиесіне жауапсыз қарайды. Баланы себепсіз сабақтан қалдырады, мектепте өтетін жиындарға келмейді. Нұрланның ата – анасына қандай кеңес берер едіңіз? 2-ші топ: Әкесі өзінің жұмысымен айналысып отырады. Үстелінің үстінде шашылған қағаздар. Қасына баласы келеді: - Әке, біздің сыныпта ертең ата - аналар жиналысы болады. Апай: Жиналысқа міндетті түрде әкелерің келсін,- деді. Сіз барасыз ба? Күнделігіме қол қойып беріңізші. Әкесі: - Көрмейсің бе менің отырысымды.? Қаншама жұмысым бар. Шешеңе баршы. Мұғалімдер де қызық осы. Міндетті түрде әкелерің келсін дегенді қайдан шығарған? - Осы баланың орнында өздерің болсаңдар не істейтін едіңдер? - Әкенің бұл әрекетін қалай бағалайсыздар 3-ші топ: Бұрынғы үздік оқитын,тәртібі өте жақсы оқушыңыз соңғы кездерде сабақ үлгерімі нашарлап, мінез-құлқы өзгеріп жүргенін байқадыңыз. Ата-анасына хабарласып едіңіз, жұмыстан ешқандай қолдары тимейтіндігін, сізге жолығуға да уақыты жоқтығын айтты. Ал баламен сөйлескіңіз келіп еді, бала ашылып сөйлесуге құлқы жоқтығын байқатты. Зерттей келе, жолдастарының жақсы балалар еместігін бақыладыңыз.Сіздің әрекетіңіз? 4-ші топ: Талғат нашар оқумен қатар, мектеп ережелеріне сай тәртіп сақтамаушы еді. Сол себептен де сынып жетекшісі үйіне жиі баратын. Оны ата - анасы мектепке сирек келуімен қоймай, баласын жақтап, мұғалімдердің өздері кінәлі деп санайтын. Талғаттың әке - шешесі тек баланы тамақтандырып, киіндірсек болды, ал оқыту мен тәрбиелеу мектептің ісі дейтін. Сіздің әрекетіңіз? | Әр топ мұғалім ретінде өз жауаптарын береді. | Ситуациялық сұрақтар Үлестірме материалдар |
| | Әр оқушы әкесіне хабарласып, оларды жақсы көретіндіктерін айтады. | Әр оқушы әкесіне хабарласып, оларды жақсы көретіндіктерін айтады. | Ұялы телефон |
Қорытынды-лау кезеңі | Ой тұжырымдау Қорытын-ды жасау | «ХХІ ғасырдағы әке» моделі | Постерге «ХХІ ғасырдағы әке» моделін жасап, қорғайды. | Постер |
Кері байланыс | «Алма ағашы» әдісі Не ұнады? Не ұнамады? Ұсынысыңыз? Алған әсеріңіз? | Сұрақтарға жауап жазады. | Стикер |
1-ші жағдаят : Нұрлан 5 - сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға деген ынтасы жақсы. Оқыса жақсы оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ, ата - ана бала тәрбиесіне жауапсыз қарайды. Баланы себепсіз
сабақтан қалдырады, мектепте өтетін жиындарға келмейді.
Нұрланның ата – анасына қандай кеңес берер едіңіз?
2-ші жағдаят: Әкесі өзінің жұмысымен айналысып отырады. Үстелінің үстінде шашылған қағаздар. Қасына баласы келеді:
- Әке, біздің сыныпта ертең ата - аналар жиналысы болады.
Апай: Жиналысқа міндетті түрде әкелерің келсін,- деді. Сіз барасыз ба? Күнделігіме қол қойып беріңізші. Әкесі:
- Көрмейсің бе менің отырысымды.? Қаншама жұмысым бар. Шешеңе баршы. Мұғалімдер де қызық осы. Міндетті түрде әкелерің келсін дегенді қайдан шығарған?
- Осы баланың орнында өздерің болсаңдар не істейтін едіңдер?
- Әкенің бұл әрекетін қалай бағалайсыздар
3-ші жағдаят: Бұрынғы үздік оқитын,тәртібі өте жақсы оқушыңыз соңғы кездерде сабақ үлгерімі нашарлап, мінез-құлқы өзгеріп жүргенін байқадыңыз. Ата-анасына хабарласып едіңіз, жұмыстан ешқандай қолдары тимейтіндігін, сізге жолығуға да уақыты жоқтығын айтты. Ал баламен сөйлескіңіз келіп еді, бала ашылып сөйлесуге құлқы жоқтығын байқатты. Зерттей келе, жолдастарының жақсы балалар еместігін бақыладыңыз.Сіздің әрекетіңіз?
4-ші жағдаят: Талғат нашар оқумен қатар, мектеп ережелеріне сай тәртіп сақтамаушы еді. Сол себептен де сынып жетекшісі үйіне жиі баратын. Оны ата - анасы мектепке сирек келуімен қоймай, баласын жақтап, мұғалімдердің өздері кінәлі деп санайтын. Талғаттың әке - шешесі тек баланы тамақтандырып, киіндірсек болды, ал оқыту мен тәрбиелеу мектептің ісі дейтін.
Сіздің әрекетіңіз?