Файл: Оытушы уанышбаева. Ж. Ж алматы2022 мазмНЫ.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 14

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


5. Кек – бұрын туындаған шынайы немесе ойдан шығарылған әділетсіздікке адекватты жауап беру екпінінен жасалған әрекеттер. Кек ашу ашудан басталады,күтпеген және әділетсіз оқиғалардан туындаған ішкі жарылысқа ұқсас.

Кибербуллингтің негізгі себебін атау өте қиын. Оның әр жағдайда өзіндік ерекшелігі бар.Виртуалды әлем мінез-құлықтың жаңа үлгілерін сынауға, өз болмысымен тәжірибе жасауға мүмкіндік береді. Интернет іздеу кеңістігіне айналуда жаңа тәжірибелер мен сезімдер, жас қолданушылардың «сынауға» көптеген себептері бар немесе моральдық шекараларды кесіп өту.

Әлем қалай күреседі ?

Британ мектептерінде интернет-тролльдардан қорғануға арналған пән бар. Сабақтарда оқушыларға желідегі ізге түсуге қалай жауап беру керектігін және соның әсерінен күйзеліске қалай ұшырамауға болатындығын түсіндіреді. Биылдан бастап Германияда кәмелетке толмаған балалармен порнографиялық сурет алмасқан, анайы әңгіме жүргізген қолданушылар үшін жаза тіптен қиындады. Егерде бұрынғы заң бойынша, баламен сексуалды сипаттағы әңгіме құрған азаматтар қылмыстық жазаға тартылса, қазіргі заң бойынша жұмыс бабымен баланың атынан аккаунт ашқан полиция қызметкерімен анайы әңгіме құрғаны үшін де желі қолданушысы қамауға алынады. Германияда ересек адам он жылға дейін бас бостандығынан айырылады, жасөспірім бес жасқа дейін немесе мәжбүрлі жұмыс түрінде жазаланады.

Көптеген мемлекетте кәмелетке толмаған балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында біраз заңдар қабылданған. Соның бірі – 2000 жылғы Children’s Online Privacy Protection Act заңы. Аталған құжаттың аясында виртуалды әлемде балаларды теріс пікірден, зорлықтан, әлімжеттіктен қорғайтын ережелер қарастырылған. Өкінішке қарай, Қазақстанда ондай бөлек құжат жоқ.

Оңтүстік Кореяда 2007 жылдан бері интернеттегі қудалаумен күресетін арнайы заң бар. Германияда кибермоббинг ұйымдастырған ересек адам 10 жылға дейін, жасөспірім 5 жылға дейін жаза қолданылады. Интернетте басқа баланы қудалаған кибербуллерді түзету жұмыстарына тарту да қарастырылған.

Норвегияда әлеуметтік желілердегі жарнамалық роликтерге, суреттерге «ретушь» қолдануға, яғни фотоны әрлеуге тыйым салынды. Заң Instagram, TikTok, Facebook, Snapchat және Twitter-де жарамды. Яғни, кибербуллингтен, желідегі жағымсыз пікірлерден қорғану үшін көпшілік фильтр қолданып, суреттерін өңдеуге үйреніп кеткен. Енді компаниялар жарнамалық роликтеріне, суреттерінде табиғи сұлулықты көрсетуге ұмтылады. Осылайша халыққа жасандылық емес, табиғи келбетті көретуге шақырады.