Файл: Малім зіні білімін здіксіз ктеріп отыранда ана малім, оуды, ізденуді тотасымен.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 76
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мұғалім өзінің білімін үздіксіз
көтеріп отырғанда ғана мұғалім,
оқуды, ізденуді тоқтасымен
оның мұғалімдігі де тоқталады.
К. Д. Ушинский
Менің зерттеу тақырыбым: « Бастауыш сынып оқушыларының білім алудағы белсенділігі мен қызығушылығын арттыруда топтық жұмысты қолданудың тиімділігі».
Менің зерттеу тақырыбымның мақсаты: Топтық жұмыс арқылы оқушыларға бірлескен оқу - тәсілін меңгерту. Топтық жұмысты жүргізу арқылы оқушының оқу үрдісіндегі белсенділік, қызығушылық, ойды еркін, толық жеткізу,өзгелермен қарым-қатынас жасай отырып, білімдерін шыңдауын ұйымдастыру.
Менің зерттеу жұмысымды ұйымдастырудағы міндетім:
-
Топтық жұмыстың мазмұндылығын қарастыру -
Өз ойын еркін, ашық жеткізуге ықпал ету -
Ынтымақтастық оқу дағдысының болуын ұйымдастыру -
Оқушыны жағдаяттардан шыға білуге дағдыландыру -
Сыныптастарының, өзінің іс-әрекетін дұрыс бағалауға дағдыландыру
Топтық жұмысты орындау нәтижесінде:
1. Топта жұмыс жасауға қалыптасады
2. Ынтымақтастық оқуға дағдыланады
3. Ойды білдіреді, бөліседі, түйіндейді
4. Жағдаяттардан шығуда көшбасшылыққа немесе ұжымдық негізге сүйенеді
5.Жұптарының пікірін тыңдауды, бағалауды үйренеді
6. Топтық жұмысты атқарудағы ережелерді түсінеді
Қазіргі таңда білім беру саласындағы мамандар үшін әлемдік білім көшінің деңгейінен көріну талабы күннен-күнге артып келеді. Мұғалімдер үшін «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деген мәселе туындады. Еліміздің ертеңі болатын ұландарымыздыбілім нәрімен сусындату кезеңінде мұғалімдер жан-жақты іздене отырып, еңбек етуде. Бүгінде, мұғалімдерді тың жаңалықтармен, өзгерістермен хабардар ету мақсатында құрылған білімді жетілдіру орталықтарында кезең-кезеңімен оқыту үрдісі үздіксіз жүргізілуде. Білім беру саласындағы мұғалімдердің пайдалануға енгізіп отырған бағдарламалары да өз кезегінде құнды дүниелер. Осы бағдарламаларды талаптарына орай оқушыларға меңгертуде мұғалімдер қауымы үздіксіз ізденуде. Бұл жолдарға ой жүгірте отырып, өз үлесімді қосу үшін екінші деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігімді арттырудамын.
Қоғамымыздағы әрбір
азамат пен азаматша, оның өсіп-өркендеуіне деген үлесін таңдаған мамандығына сай сапалы қызмет етумен сіңіреді. Сапалы қызмет ету барысында жаңалықтармен қаруланып, оны жүзеге асыру үшін екінші деңгей бағдарламасының мазмұнымен таныстым. 3 айлық курстан кейін алған білімімізді қолдану барысында, бастауыш пән бірлестігінің құрамымен кеңесе отырып жоспарымды хабарладым. Аталған пән бірлестік мүшелері өз ойларымен бөлісті. Өзім сабақ жүргізетін 2 сыныпта сабақты топтық жұмыс түрінде жүргізіп келем.
Алған білімімді іс жүзінде көрсете білуде, өз-өзіме біршама талаптар қойып, атқаратын жұмыстарымды жүйелі түрде жоспарлап, нақтылаудан бастадым. Әріптестерім мен оқушыларымның не айтасыз? не бере аласыз?не үйретесіз? деген көзқарастарына татымды да тұщымды жауаптар беру үшін оқушыларға түрлендірілген сабақтар өткізу мен сауалнамалар ұсыну арқылы қажеттіліктерді анықтауды қолға алдым. Атқарылған жұмыстардан кейін біршама нақтылық анықталып, іс-әрекетті зерттеуге ден қойдым.
Іс-әрекетті зерттеуге қарай жасалатын бес қадам:
1.Міндеттеме аламыз (зерттеуге шақыру)
2.Зерттеуді әзірлейміз (сұрақтар мен жауаптар)
3.Тәжірибенің мәнін түсінеміз ( деректер және талдау)
4.Жаңадан бастаймыз (жаңа жетілдірілген сұрақтар)
5.Тәжірибені жетілдіреміз (тәжірибе негізіндегісұрақтар) - бұл қадамдар мұғалімнің жол көрсетер картасы. Осы картасы болған мұғалім іс-тәжірибені сапалы атқарып шығады.
Іс-әрекетті зерттеу кезінде менің жадымда «мұғалім ұстанымы» тұрды. Өзіндік ұстанымы бар әрбір маманның бойынан 1992 жылы Пажарес қарастырған «оқыту сызбасын» көруге болады. Ұстанымың анық болса, атқаратын жұмысыңның жоспарын, орындау әдісін таңдауда дұрыс шешім қабылдай аласың. Өзіндік ұстаным арқылыадамгершілік, кәсибілік талаптар деңгейінен еркін көрінуге болады.
Бұл тақырып аясында: Не жасауым керек? Неліктен?Бағдарламаның көздеген межесінен көріну үшін бізге не қажет? деген сауал туындайды. Оған жауап мыналар:
Оқушылар бойында ынтымақтастық оқу дағдысы болу керек. Бірлескен оқу дағдысында жеке тұлғаның бойында эмоционалдық, танымдық, әлеуметтік мақсаттар үйлесім табады. Ендеше, мен көздеген мақсатыма жетуде, сыныпты білім алу үрдісінің жаңалықтарымен жарақтандырып, оны игеруі үшін топтық жұмыс жасауға қалыптастыруым қажет.
Себебі, алдымдағы мақсатым мен жауапкершілігімді жүзеге асыруда және екінші деңгей бағдарламасындағы жеті модульді сабағыма кіріктіруде де топтық жұмысты ұйымдастыру оңтайлы шешім, дұрыс жол болып көрінді. Тақырыптың өзектілігі ынтымақтастық оқу дағдысының бала бойынан көрініс таба алуында екендігі, екінші деңгей бағдарламасында ап-айқын айтылған.Оған дәлел ретінде нұсқаулықтың 99-бетіндегі Мерсердің «құрдастар» тобы туралы айтқан пікірін айтар едім. Топты құрар алдын белгілі бір мақсат пен нақты жұмыс жоспары болғаны дұрыс.Топтық жұмыстарды тиімді де ұтымды ұйымдастыруда «Топтық жұмыс туралы нұсқаулықты» басшылыққа алдым. Себебі,менің алдымда жұмыс жасайтын топты жас ерекшелігі жағынан «құрдастар» тобы, зейін деңгейі тұрғысынан «аралас» топ деп қарастыруға болады. Топтық жұмыс барысында дамитын
қарым-қатынас, өзін-өзі таныту, басқаларды қолдау, басқаларды бақылаудағдылары іс-әрекетті зерттеу жұмысыма бастаубола алады деп ой түйдім. Топтық жұмысты ұйымдастырғанда әлеуметтік, танымдық, эмоционалдық мақсаттар дамиды. Бұл мақсаттар жеті модуль кіріктірілген әрбір сабақтың немесе жұмыстың нәтижелі болуына ықпал жасайды.
Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:
1.Оқу - оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.
2.Оқу - тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді. 3. Қатысушылар әр адамның көзқарасымен танысудан пайда алады.
4. Оқу - оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі.Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады. 5. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің
ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады.(Смит және Макгрегор 1992 жыл, Нұсқаулық 78-бет)
Топтық жұмысты орындау арқылы бірлескен оқу сипатамаларының бала бойынан орын алатынын (Дереккөздер: Beckman, 1990; Chickering and Gamson, 1991; Collier, 1980; Goodsell, Maher, Tinto, and Associates, 1992; Johnson, and Smith, 1991; Slavin, 1980, 1983) нұсқаулықта келтіріп өткен. Оқушы «мұғалім – оқушы» емес «оқушы-оқушы» ортасында еркін жұмыс жасай алатыны дәлелденген. Өз қатарларының ортасында ойды еркін айту, тыңдау, дәлелдеу, қорғау, пікір айту, ойды таразылау дағдыларына қол жеткізе алады. Бағдарлама мазмұнының көздеген межесі оқушы оқығанын өз кезегінде қолдана алуға жаттықтыру. Жан-жақты сараланып білім беру жүйесіне енгізілген бұл бағдарламаның аясында көптеген елдердің оқыту әдіс-тәсілдерінен хабардар болдық.
Ынтымақтастықтық оқуды қалыптастырудың арқасында өз мақсатыма жету мен оқушыларды сындарлы оқу теориясына бағыттауда топтық жұмыстарды ұйымдастырдым. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру мен жүзеге асыру үшін әдебиеттік оқу пәнінің «Атадан қалған асыл мұра» тарауы бойынша орта мерзімді жоспар жасадым. Орта мерзімді жоспарға тізбектелген төрт қысқа мерзімді сабақ жоспарын енгізе отырып, Сабақты жүргізуде жеті модульдің тиімдісін кіріктіре отырып, пайдаландым. Олар:
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау, Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, Талантты және дарынды балаларды оқыту, Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту, Білім берудегі басқару және көшбасшылық. (Нұсқаулық-12бет). Жоғарыда аталған модульдерді саралап, үйлестіріп қолдануда да біршама ізденіс қажет болды. Әрбір сабақтың жоспарын түзуде таңдап алынған тәсіл оқушы қажеттілігіне сай жұмыс жасауы қажет.Әрбір сабақты сыныпты топқа бөлудің арнайы қарастырылған түрлерімен бөлетінімді, топта жұмыс жасауда арнайы ереже болатыны жөнінде алдын–ала түсінік бердім. Сондықтан «Өтірік өлең» тақырыбымдағы сабағымда көздеген мақсатыма жету үшін сабақты сын тұрғысынан ойлау технологиясының венн диаграммасы стратегисы арқылы ойды таразылау мен ашық сұрақтар қоюға дағдыландыруды көздедім. Алғашқы қадамда оқушылар топта бірлесе жұмыс жасауға қалыптаспағанын, уақытты үнемдеудің қажеттілігінің мәнін жете түсінбеді. Бұл тұста оқушылар эмоциялық, әлеуметтік, танымдықмақсаты қалыптасқан өзіндік «мен» тұжырымдамасы аясында емес, тек қана «мен» деген ұғымда жұмыс жасауға ұмтылды. Ал, өлең шумақтарын суреттеу, өтірік өлең немесе өтірік әңгіме жазу оқушылар арасында қызығушылық тудырғанын байқадым.
Екінші сабақ «Қожанасыр туралы әңгімелер» тақырыбында өткізілді.Сабақты өту кезінде біршама ілгерілеу байқалды. Оқушылар жаңа сабақ пен өтілген сабақ арасындағы байланысты анықтап, кейіпкерлерді бейнелегенде, Қожанасыр бейнесін сомдағанда рөлдерін тартымды орындады.Оқушылар бір-бірінің ойын тыңдап, бірлесе жұмыс жасауға дағдылана түсті әрі ашық сұрақтар қоюға жаттыға бастады. Осы сабақта оқушылар бір-біріне сұрақ қойып, жауап айтып жатқанда мынадай сауал туындады.
-Қожанасыр мен Тазша бала қашан, қайда туылды?
-Үнсіздік орнады... (ойланып қалдық)
- Ол барлығын ойландырып қойғанына мәз болып, олар 22 наурызда халықтың арасында туылған ғой, жылда сол кезде келеді деп жауап берді.
- Неге?- деп, өздері дауласа бастады.
- Әр жыл сайын Наурыз тойында Қызыр ата, Тазша бала, Қожанасыр есегіне мініп келеді- деп, өз ойын дәлелдеп, қорғап шықты.
- Оқушылар «иә» бұрында көргенбіз келген деп, оны мақұлдап жатты. Бұл әрекеттен кейін оқушының ой ұшқырлығына, қиялға берілуіндегі зейін ауқымына да зер салу керек деп ойладым.
Топтық жұмыс арқылы өздері де сыныптастары да білім ала алатынын пайымдады. Бұл кезеңде кері байланыс, рөлдік ойын, топтық және жеке жұмыс, ассосация қолданылды.
Үшінші сабақтың тақырыбы «Нағыз байлық». Аталған сабағымды БИС (биоинформатика және синергетика) технологиясының ауызша сабақ картасына сүйеніп, блум таксаномиясымен үйлестіріп жүргіздім.
Сабақтағы үйлесімділік | |
Блум таксаномиясы | БИС тех-ң ауызша сабақ картасы |
Білу | Тірек сөздер |
Түсіну | Мағынаны тану |
Қолдану | Мәтінмен жұмыс |
Талдау | Тест |
Жинақтау | Сауал алмасу |
Бағалау | Шығармашылық жұмыс (5 жолды өлең, рөлдік ойын) |
Тірек сөздермен жұмыс жасағанда оқушылар бір тапсырманы бірнеше нұсқадаорындайды. 1. Тірек сөздерді 1 минутта есте сақтауға ден қояды;
2. Есте сақтау арқылы жазады;
3. Кері байланыс бойынша тексеріп, толықтырады;
4. Мағынаны таниды;
5. Сөздерді мәтіннен іздеп табады
Мәтінмен жұмыс кезінде топ мәтіннің берілген бөліктері бойынша «Қарлы кесек» немесе «джиг-со 2» тәсіліндегі іспеттес мәтін мазмұнын алдымен өз тобында, сосын өзге топтарға әңгімелеп беруге дайындалады. Бұл тәсіл қысқа мерзім ішінде тапсырманы оқушылардың қаншалықты меңгере алатынын байқатты және олардың ойды тез шоғырландыруына әсер етті.
Тестті орындағанда кері байланыс орнатылды, рөлдік ойында олар жаттыққандарын көрсете білді. Сабақтағы жұмыстардан кейін мен өз мақсатыма жетуде оқушылардың ілгерілеуге икемделе бастағанын білдім.
Бұл тәсілде бағалау «Бағалау қағазы» арқылы жүргізіледі. Оқушылардың оқудағы қарқыны мен қызығушылығы ілгеріледі. Олар әрбір орындаған тапсырмасын саралап, бағалау парағындағы көрсеткіші мен ойындағы бағалауын «Конверттер» рефлексиясына салады. Бұл деген сыни тұрғыдан ойлауға, таразылауға, әділдікке қалыптастырады.