Файл: Малім зіні білімін здіксіз ктеріп отыранда ана малім, оуды, ізденуді тотасымен.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 77
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бағалау қағазы
Сүйіспеншілік | ++ | +++ | +++++ | ++++ | ++++ | ++ | +++ |
Табыс | ++++ | ++ | ++++ | +++ | +++++ | ++ | ++++ |
Байлық | ++++ | ++ | +++++ | +++ | ++++ | ++++ | ++ |
Соңғы сабақ Ө. Тұрманжанов «Өс,ұлан!». Сабақтарды жүргізуде өзара байланыс болды. Оқушы әр сабақ соңында рефлексия жасаудың арқасында келесі сабаққа өзін-өзі іштей дайындауға, ізденуге дағдыланады. Әр жұмыстың бағалануы нәтижесінде келесі де сапалы көрсеткішке ұмтылып, топтың жақсы нәтижеге жетуіне үлес қосуғаталаптанады. Топтық жұмыс туралы нұсқаулықты басшылыққа алудың нәтижесінде жоспарлаған жұмыстарым оң көрсеткіш бере бастады.Себебі,оқушылар сабақ барысындағы әрбір тапсырманы тыңғылықты орындады. «Дені сау – ұлан», «Адам - табиғаттың құнды бөлшегі», «Денің сау болу үшін не істеу керек?» сұрақтарына терең мәнді жауаптар айта алды. Сабақтың талдау кезеңіндегі жұптық жұмыс: сауалдар алмасу сәтінде оқушылар бір-біріне төмендегідей сауалдар қойды.
– Аталар үйге кірмей, неліктен кідіріп қалды?
- Отбасы құндылығы неде?
- Өз отбасыңдағы жағдайды осы тұрғыда әңгімелей аласың ба?
- Отанасы аталарға қандай ізет көрсетті?
- Аталар қандай қонақ түріне жатады?
«Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» -дегенді Жүсіпбек Аймауытов бекер айтпаса керек, мен зерттеу барысында оқушыға бағыт – бағдар беруші мұғалімнің жан-жақты қарулануын, өз іс-әрекетіне сын көзбен қарауы керектігіне тағы да көз жеткіздім.Өз жұмысымды саралауда мынадай кестеге сүйеніп, әрекет еттім.
қ\с | Топпен жұмыс дағдысы | Ойды еркін жеткізуі | Өзгенің пікірін тыңдауы | Тапсырманы орындаудағы жауапкершілігі | Әрекетін бағалаудағы әділдігі |
1сабақ | 1 | 2 | 2 | 2 | 1 |
2 сабақ | 2 | 2 | 3 | 2 | 2 |
3сабақ | 3 | 3 | 2 | 3 | 2 |
4 сабақ | 3 | 3 | 3 | 3 | 3 |
1–төмен, 2 – орта, 3- жақсы
Кестені түзудегі мақсатым сабақ нәтижесінің оң болуы, мына талаптармен «Оқу пирамидасы» мен 16 – сурет Чиксентмихай «Өзіндік мақсат» сызбасы. 90 пайыз – өзгелерді оқыту, 75 пайыз – тәжірибеде жасату, 50 пайыз – талқылау, 30 пайыз – көрсетілім, 20 пайыз – аудио-визуалды қабылдау, 10 пайыз – оқу нәтижесін беретіні дәлелденген. «Талап пен қабілет» немесе «міндет пен дағды» тепе –теңдігі сақталмаса нәтиже оң болмайды.( нұсқаулық 73- бет) Ендеше, бұл талаптар сабақ үрдісінен тиімді түрде орын алуы керек.
Сабақ барысында мына жайыттарды аңғардым:
тиімділігі | кемшін тұсы |
Ынтымақтастық оқу қалыптасты | Кейбір оқушылар дайын жауаптарға еге болады |
Құрбысына қарай отырып, өзін-өзі реттеуге бағытталды | Кейде тапсырманы орындауда бір ғана шешімді мақұлдайды |
Ойды шоғырландыруда шапшаңдыққа төселе бастады | |
Ойды айтуда еркіндік деңгейіне көтерілді | |
Сабақта оқушыларды қалыптастырушы бағалау жүйесімен бағалап, оның ұпайын жинақтау кезінде бірінші сабақта қиындау болғанын түсіндім.Бағалау көп уақытты алды, үлгермей қалдым. Бұл кемшілікті жою үшін оқушыларды бір-бірлеріне бағалатып, топ басшысына топ мүшелерін бағалатып, содан соң қорытындылап отырдым. Біз дәстүрлі сабақ өткен кезде балаға жабық сұрақтар қоятынбыз. Оқушылар кітаптан оқып келіп тек жаттанды күйде айтатын. Олардың кемшіліктерін біз мұғалімдер толықтыратынбыз. Кейін басқа оқушыдан оны қайталауын талап ететінбіз.Осылай сабақ жалғасып оқушыларды бағалайтынбыз.Тәжірибе кезеңінде жеті модульді кіріктіре отырып қолдандым. Оқушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мақсатында ынтымақтастық атмосферасын құрдым. Топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде оқушының зерігіп немесе жалығып кетпеуі үшін, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін қарастырылған сергіту сәті мен психологиялық тренингтер де оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Әр түрлі ойындар, оқушылардың қызығушылығын және белсенділігін арттыру мақсатында түрлі тапсырмалар бердім. Мұндағы мақсатым сыныптағы психологиялық ақуалды жақсарту, оқушылардың бір-бірін сыйлауға үйрету.Оқушыларды топтастырып болған соң ой қозғауға, проблемалық ситуацияны шешуге арналған сұрақтарды ортаға тастадым. Оқушылар алғашқы кезде қиналды. Олардың шешу жолдарын іздеуге көп уақыттарын өткізді. Бірақ, қысқа болса да өз ойларын айтты. Олардың жауаптарын кері байланыстар орнату арқылы жандандыруға мүмкіндік алдым. Кейінгі сабақтарда мұндай проблемаларды шешуде өздері әрекеттене бастады. Бір-біріне көмектесті. Сабақ барысындағы жаңа әдіс-тәсілдерді түсіне бастады. Оқушылардың қызығушылықтары артты. Оқушылар топтық ережеге бағынуға, берілген тапсырманы ұйымшылдықпен орындауға, өзара пікір алмасуға, өз ойларын еркін жеткізуге үйренді. Сабақ соңында олар бір-бірлерін бағалауды үйренді. Сабаққа рефлексия жазуды меңгерді. Рефлексия жазған кезде олардың ішінде «сабақ өте ұнады, барлық мұғалімдер де осылай сабақ өтсе екен, мына тәсілде тапсырма көптеп берілсе...» дегендері де болды. Мектептегі тәжірибе кезеңіндегі сабақтарды өтуде алғашқыдағы қиыншылықтарды есепке алмағанда сабақ өту процессі өте ыңғайлы болған секілді. Мұнда бала көп ізденеді. Оқушылар өткен сабаққа да дайындалады, алдағы сабағына да дайындалады. Бір-бірімен пікірлесіп, көмектеседі. Мен тек бағыт-бағдар беруші ретінде тексеріп отырдым. Осылай мен өткен сабақтарымда біраз жетістіктерге жеттім деп ойлаймын. Білім берудегі екінші деңгей бағдарламасының бағыт-бағдары бойынша сабақтарыма жеті модульді кіріктіру арқылы өзгерістер енгіздім. Ол жеті модульдерді сабақта пайдаланған кезде бір-бірімен тығыз байланыста болатынын көрдім. Бұл модульдерді бұрынғы сабақтарда да азда болса қолданатынбыз. Тәжірибе кезіндегі сабақтарда көбірек және кеңірек қолдандым. Мен сабағымда АКТ-ны қолданған кезімде өзіме де, оқушыларға да ұтымды болды. Осы тәсілді кіріктіргенде,мен уақытты көп үнемдедім. Қалған модульдерді үйлестіріп, жұмыс жасауға уақыт жеткілікті болды.
Атқарылған жұмыстардан кейін қандай нәтижелерге жеткенімді, қандай қажеттіліктер туындағанын нақтылауда жүргізген сауалнамаларға талдау жасадым.
І. Бірлесе жұмыс жасағанда
қ\с | Айтылған пікірлер | Менің пікірлерім | ||
а | в | с | ||
1 | Бірлескен жұмыс мұғалім үшін қиын, бірақ неғұрлым қызғылықты болады | 2 | 4 | 3 |
2 | Бірлесе отырып жұмыс істеп біз басқа оқушылардың не ойлатындығы туралы білеміз | 2 | 2 | 2 |
3 | Бірлескен жұмыс оқушылардан асқан тәртіптілікті талап етеді | 4 | 3 | 3 |
4 | Бірлескен жұмыста әрбір айтылған пікірге құрметпен қарамаса қиын болады | 2 | 3 | 3 |
5 | Жұппен жұмыс істеп, біз дербес жұмыстағыдай жақсы жұмыс істеуіміз керек | 2 | 2 | 2 |
6 | Бірлескен жұмыс бірдей дәрежеде пікірталастыратындығымызды білдіреді | 5 | 4 | 3 |
7 | Бірлескен жұмыстың неғұрлым маңызды аспектілерінің бірі – бұл тыңдай білу дағдысы | 2 | 2 | 2 |
8 | Бірлесе жұмыс істей отырып, біз тезірек нәтижеге жетеміз, себебі келісіп пішкен тон келте болмайды | 2 | 2 | 2 |
| қорытынды | 21 | 20 | 15 |
1- Толықтай келісемін, 2- келісемін, 3 – білмеймін, 4 – келіспеймін, 5 - толықтай келіспеймін
Сауалнаманың көрсеткіші бойынша оқушының деңгейі мен шынайы, толық жауап бергенін, жауапкершілікті сезінгенін көрдім.(Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару, 36 – бет)
ІІ. Зейінді зерттеу
Мақсаты: оқушы зейінінің даму деңгейін, қабылдау түйсігінің ауқымдылығын, сенсомоторлық үйлестіру мен саусақтың жұқа бұлшық еттерінің жылдамдығын анықтауға бағытталған. «Үй» әдістемесінің нәтижесін шығаруда қателердің саны есептеледі. Қате ретінде:
А) дұрыс бейнеленбеген бөлшек – 1 ұпай
Ә) бір бөлшекті басқа бқлшекпен алмастыру – 1 ұпай
Б) бөлшектің мүлдем болмауы – 1ұпай
В) байланысып тұрған сызықтардың бөлініп көрсетілуі – 1 ұпай
Г) Суретті қатесіз бейнелесе – 0 ұпай
Сондықтан бала суретті қатесіз салса, 0 ұпай алып, зейінінің еркін жақсы дамығанын екендігін көрсетеді. Ал, қате жіберген сайын ұпай саны артып 1-2 ұпай болса, зейіннің орта деңгейі, 4 ұпайдан асса зейіннің төменгі деңгейін білдіреді.(Мектептегі психологиялық диагностика, 20-21 бет).
Нәтижеде:
қ\с | а | в | с |
ұпай | 0 | 1 | 3 |
ІІІ. Сіз тыңдай білесіз бе?
Жауап: «иә» немесе «жоқ» түрінде қабылданады.
1.Екінші бір адамныңсөзін аяқтап, сізге де сөйлеуге мүмкіндік бергенін асыға күтетін кездеріңіз көп болады ма?
2.Мәселенің анық-қанығына жетпестен шешім қабылдаған сәттеріңіз жиі болып тұрады ма?
3. «Сіз көбінесе өзіңізге ғана ұнайтын ақпараттарды ғана тыңдайсыз» деген қағидамен келісесіз бе?
4. Әңгіме айтушыны тыңдағанда эмоциялық жағдайыңыз кедергі келтірмей ме?
5. Жұбыңыз өз ой-пікірін айтып отырғанда сіз көп алаңдайсыз ба?
6. Әңгіме барысында мағыналы тұсына қарағанда, болмашы ұсақ-түйектерді есіңізде ұстап қалатын сәттеріңіз болады ма?
7. Өз көзқарасыныз, ұстанымдарыңыз басқа адамды тыңдауға кедергі келтірмей ме?
8.Егер жұбыңызды түсіну қиынға соқса, оны тыңдауды тоқтасасыз ба?
9. Сөйлешуге деген қарсы пікір жиі бола ма?
10. Сөйлеушінің сөзін жиі бөлесіз бе?
11. Әңгіме барысында сөйлеушінің көзіне тіке қараудан қашасыз ба?
12. Әңгіме айтушыны кенеттен тоқтатып, өз ойыңыз бен шешіміңізді айтқыңыз келетін сәттеріңіз болады ма?
Нәтижені өңдеу: 10-12 ұпай. Сіз жұбыңызды жақсы тыңдай білесіз.
8-10 ұпай. Көп жағдайда жұбыңызды тыңдауға тырысасыз.
8 ұпайдан төмен. Өкінішке орай, қарым-қатынасқа түсуде басқа адамдарды тыңдай білуге машықтанбаған.(Тренингтік ойындар мен жаттығулар, 48-бет)
Нәтижеде:
қ\с | а | в | с |
ұпай | 12 | 10 | 8 |
Үш сауалнама қортындысында
Жинақталған мәліметтерге көз жүгірте отырып, оқушыларды білім шыңына жеткізе алмасам да, олардың бойына өзгеруге деген ниет пен талап ұшқынын ұялата алғаныма қуанамын.
Білім теңізіндегі қарқыны мен адамға әсер етер күші бар «екінші деңгей бағдарламасы» атты асау толқынға сүңгу үшін, мектеп кемесіне мінген «мұғалім- оқушы - оқушы» жолаушысы ұзақ сапарға шығуғабел будық.Оқушылардың атқарылған жұмыстардан кейін қаншалықты ілгерілеп жылжығанын күнделікті атқарылған жұмысарқылы және бейне таспадағы жазба бойынша саралап отырдым.
«Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз үйренеміз» - деп, Сенека бекерге айтпаса керек. Адам баласы өмір бойы тәжірибе мен ілімді ұштастырумен келеді. Әрбір іс – әрекетте«тәжірибе» тұстарын тиімді\тиімсіз, жақсы \жаман, артық\ кем, дұрыс\ дұрыс емес депсаралаумен, жіктеумен түйіндеулер жасайды.
1. Мақсат пен міндет
2 .Ұстаным
3.Көзқарас
4. Шешім
5. Іс-әрекет (оқыту сызбасы 2- сурет, 10 бет, нұсқаулықтан) – табысты оқыту –Шульман «үш көмекші» (бас –кәсіби түсінік, қол – оқытудағы тәжірибелік дағды, жүрек – кәсіби –адамгершілік тұсатығы Shulman, 2007) ілімін назарымда ұстадым. Бұдан шығатын түйін: кәсіби түсінігім мен тәжірибелік дағдымды, жауапкершілігімді үйлестіре отырып, өз-өзімді реттеп, сапалы білім үдерісін атқара алдым деген тоқтамға келдім. Себебі, оған дәлел әрі айғақ ретінде жүргізілген жұмыстардың жазбаша нұсқалары мен орта мерзімді сабақ жоспарын, оны орындаудағы сабақтардың жазылған бейне таспаларын айта аламын.