Файл: Малім зіні білімін здіксіз ктеріп отыранда ана малім, оуды, ізденуді тотасымен.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 78
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Алдағы мерзімде нені жасау қажет?Оны қалай жүзеге асыру керек? екендігін пайымдап,бір түйіндеме жасадым.Алдағы мезетте:
1.Тақырып аясында жұмысты үздіксіз жалғастыру 2.Оқушының қажеттілігін жиі саралап, талдау 3.Жүйелі жоспар түзу; 4. Екінші деңгей бағдарламасының аясында біліктілігін арттырған ұстаздармен әріптестік қарым-қатынас орнату; 5.Өз ұжымымда жаңалықтар енгізуге ықпал ету;
6. Оқушылардың бойындағы белсенділік пен ұшқыр ойлылық дағдысын жандандыру; 7. Топтық жұмыс жасау арқылы ынтымақтастық оқуды шыңдау;
8. Берілген білімді жан-жақты саралап, өмірде қолдана алуға үйрету; 9. Әріптестеріммен бірлесе отырып жұмыс жасау, өз тарапымнан жеті модуль туралы көмек беру;
Кедергілер:
1.Топтық жұмыс жүргізудегі дағдының болмауы;
2.Өз ойларын сыни тұрғыда таразылау деңгейінің төмендігі; 3.Тапсырманы орындауда уақытты ұтымды қолдана алмауы; 4.Бағалау кезіндегі теңсіздікпен, оның дұрыс жүргізілмеуі;
5. Өзгенің пікіріне мән бермеуі; 6. Тапсырманы орындауда селқостық танытуы;
Шығу жолдары:
1. Топтық жұмысты үздіксіз жүргізе отырып, олардың сыныптастарымен етене қарым-қатынаста болып, оқу үдерісінің нәтижелілігіне қол жеткізу; 2.Оқушы бойындағы қабілеттер мен дағдыларды ашудың тиімді жолдарын ұйымдастыру;3.Тапсырманы орындауда уақытты үнемді пайдалану, жұмыс нәтижесін бағалауды дұрыс қою дағдыларын жетілдіру; 4.Сабақты ұйымдастыруда оқушы қызығушылығы мен қажеттілігін үйлестіріп, тапсырмаларды дұрыс құру;Осы тәжірбиені алдағы уақытта сабағымда қолдана отырып дамытсам, жеті модульді үйлестіре, тереңірек пайдаланып, жаңа заманауи әдіс-тәсілдерді жүзеге асырсам деген ойдамын.Танымдық қабілеттілігімді жетілдіре отырып болашаққа жоспар жасауды үйрендім.
Сындарлы оқыту теориясының басты назарындағы оқушының білгенін өмірде қолдана алу дағдысын қалыптастыру үшін бізге ұсынылып отырған жеті модулді өз ұлтымыздың құндылықтарымен ұштастырып қолдансақ, алдымыздағы әрбір шәкірттің бойына отанға деген сүйіспеншілік пен адамгершілік қағидаларын сіңіре аламыз.былады. Қорытындылай келе, топтық, жеке жұмыстар орындаудың біз үшін маңызы өте зор екенін білдім, себебі, мен мұнда оқушылар бойына білім реформасының жаңа бағдарламасындағы талаптар нәрін «жеңілден – ауырға, белгіліден - белгісізге» қарай қағидасымен сіңіре білдім. Біз оқушыларға сапалы білім беру арқылы, қоғамымыздың ертеңін ойлайтын саналы азамат етіп тәрбиелеуіміз керек.Саналы да салауатты өмір қағидасын ұстанатын әрбір адам біздің қоғамымыздың қол жетпес құнды қазынасы. Ендеше, сол адамды білім нәрімен сусындататын, тәрбиелейтін мұғалімдер қауымы немесе білім беру қоғамдастығының бір бөлігі біздер болып табылатыны айқын. Жүрегім барда - сезіп,
басым барда -ойлап, қолым барда – әрекет ету менің адами әрі кәсіби парызым. Осылайша, ой – әрекетімен іс-әрекетін ұштастырып, өз ойымды түйіндегенде мына жолдарды айта кеткенді жөн көрдім. «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін – тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын» - деген екен, ұлы химик Альберт Эйнштейн. Мектептегі іс-әрекет кезеңінен кейін мектептегі оқу үрдісі «оқушы – мұғалім» емес «оқушы – оқушы» жүйесімен жүргенде табысты білім сатысына жететінін ұқтым. Ендігі таңда «мұғалім – жетектеуші» емес, «мұғалім – бағыттаушы» болып, әрекет етемін. Алдағы кезеңдерде, біздер білім берген ұландар білімі мен біліктілігін, әлемдік білім көшінде еркін әрі табысты көрсете берсін...
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым;
«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ. 2014 -138 бет
2.Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар.
(Үлестірмелі материалдар) Екінші (негізгі) деңгей.
3.Құдайбергенова К.С. (2013) Мектептегі іс-әрекетті зерттеу
4.Орақова А.Ш, Жартынова Ж. А, Қойлық Н.О, Ким В. Н,
Корнилова Т. Б. «Интерактивті оқыту әдісін қолданып
Сабақты жоспарлау және басқару» (2013)
5.Жақсылықова К.З. «Тренингтік ойындар мен жаттығулар» Әдістемелік құрал
Алматы 2014
6.Б. И. Иманбекова, А.Т.Мәдиева «Әдебиеттік оқу» 2 сынып
«Алматыкітап» баспасы
7.Мектептегі психологиялық диагностика
Созақ аудандық әкімдігінің
Білім бөлімінің әдістемелік кабинет
меңгерушісі С. Маликайдаровқа,
«Қарағұр» жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Зәбира Жылқыбаевадан
Өтініш
Менің өтініш беру себебім, мұғалімдердің педагогикалық оқуына
«Бастауыш сынып оқушыларының білім алудағы белсенділігі мен қызығушылығын арттыруда топтық жұмысты қолданудың тиімділігі» тақырыбында жазылған баяндамамды қабылдауыңызды өтінемін.
Өтініш иесі: Бастауыш сынып мұғалімі З. Жылқыбаева
Аннотация
Баяндаманың негізгі мақсаты мен міндеттері:
Бастауыш сынып сабақтарын топтық жұмыс сипатында өткізу арқылы бүгінгі күннің басты талабы болып табылатын сындарлы оқыту теориясының мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік аламыз. Топтық жұмыстың нәтижесінде оқушы бойынан өз біліміне деген сенімділігін, оны қолдана алуын қалыптастырамыз. Және де өзгелердің де ойларымен санасып, олардың ойларынан өзіне қажетті деректі ала алады. Құрбыларына деген сенімді қарым-қатынас орнайды. Өзіне сенімді оқушы кез-келген ортада қажетті жағдайда алған білімін қолдануға машықтанады. Топта жұмыс жасау барысында оқушының эмоционалдық, әлеуметтік, танымдық дағдылары артып, білім алуға деген құштарлығы артады. Бұл үш дағдының оқушы бойынан көрініс табу үлкен жетістіктерге бастау болмақ.
Рецензия
Бастауыш сынып мұғалімі Жылқыбаева Зәбира Сәдуахасқызы «Бастауыш сынып оқушыларының білім алудағы белсенділігі мен қызығушылығын арттыруда топтық жұмысты қолданудың тиімділігі» тақырыбындағы баяндамасында оқушылардың алған білімдерін қолдана алу дағдысын арттыру жолдарын қарастырады.
Зәбира Сәдуақасқызы екінші деңгей бағдарламасында білім жетілдіре отырып, 7 модул тұрғысынан алған білімін бала бойына сіңіру жолындағы тиімді тәсіл топтық жұмыс екенін тілге тиек ете отырып, оны дәйектеген.
Оқушы білімін арттыруға ықпал етуде жаңа технология тәсілдерін қолдану керек болса, оны дұрыс ұйымдастырып, қарастыру мұғалімнің шеберлігін қажет етеді. Ендеше, сол тәсілдерді тиімді етіп, оң нәтижеге жету үшін сабақ барысын топтық жұмыс түрінде өткізген ең тиімді жол екенін, өзі жүргізген сабақ барысында айғақтап, оны әріптестерімен бөлісе білді.
Сабақтың топтық формада өтуі оқушы бойындағы сенімділіктің қалыптасуына, танымдық қабілетінің артуына, ортада пікір айтып, оны дәлелдей алуға, өзгелердің ойымен санасуға, өз әрекетіне баға беріп, әділ сараптама жасауға қалыптасуына ықпал ететінін баяндайды.
Әрбір жұмыс соңында жасаған рефлексияға қарап отырып, оқушының өзіне және сыныптастарына деген көзқарасын, білім алуға деген құлшынысын анықтап, оқушының нені қажет ететінін білуге болатыны осы баяндамада сипатталады.
Сындарлы оқу теориясының қарастырып отырған басты мақсаты баланың алған білімді керекті жерде қолдана алу болса, оған топпен жұмыс жасап отырып, қол жеткізе алатынымызды әр сабақ барысында жасаған сараптамасымен, рефлексиясымен, түсірімдемелермен жинақтап, жүйелеп, алдағы жұмыстарды толық бағдарлауға болатынын дәйектейді.
Баяндама желісінде көтеріліп отырған мәселе өз мазмұнының құндылығымен, өзектілігімен, тиімділігімен дәлелденіп отыр. Осы тұрғыдан оқушы бойында білім алуға деген құштарлықты оята алады деген сеніммен мұғалімнің жазған баяндамасын аудандық педагогикалық оқуға ұсындық.
Бастауыш сынып пән әдіс
бірлестігінің жетекшісі: Теңізбекова Шәрипа Келерқызы
«Қарағұр» жалпы орта мектебі
Тақырыбы:Бастауыш сынып оқушыларының білім алудағы белсенділігі мен қызығушылығын арттыруда топтық жұмысты қолданудың тиімділігі
Орындаған: Бастауыш сынып мұғалімі
Жылқыбаева Зәбира Сәдуақасқызы
Қарақұр – 2015 жыл
«Қарағұр» жалпы орта мектебі
Тақырыбы: Жұмыс. Уақыт. Өнімділік
Орындаған: Бастауыш сынып мұғалімі
Жылқыбаева Зәбира Сәдуақасқызы
Қарақұр – 2016 жыл