Файл: аза тілі пнінен (оыту аза тілінде) тосанды жиынты баалауды спецификациясы 5сынып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 113
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
Аспан барлық жерде де көкшіл түсті. Солтүстікте бозғылт, оңтүстікте қою көк, бізде ашық көк түс. Аспанның алуан түрлі ғажайып түсі қалай пайда болады?
Аспан ауаға түскен күн сәулесі әсерінен сан түрлі түске енеді екен. Күн Жерге шуақ шашады, ол Жер қабатын қоршап тұратын қалың ауа қабатына түседі екен.
Ал күннің шапағы қызыл, сары, жасыл, көк, қою көк секілді түрлі түсті болады. Осындай алуан түсті сәуле қалың әуе қабаты арқылы таралғанда ауа сәулені ыдыратып, шашыратады. Бірақ көк түс барлығынан көбірек бөлінеді. Себебі, ауа қысқа толқынды сәулелерді жақсырақ шашыратады. Ал көзге көрінетін сәулелердің ішіндегі толқыны ең қысқасы – көк түс.
Міне, аспан түсінің бар құпиясы осында жатыр.
Оқылым
Тапсырма
Мәтіндерді оқып, олардың жалпы қысқаша мазмұны мен нақты ақпараттарды ажыратып көрсетіңіз.
А мәтіні
Жетіқарақшы
Қазақ атаулы түгел білетін шоқ жұлдыздың бірі – Жетіқарақшы . Жетіқарақшы Темірқазықты (дәлірек айтқанда дүние полюсін) тәулігіне бір рет айналып өтеді. Оның іңірдегі, түн ортасындағы, таң алдындағы орны жыл мезгілдеріне қарай әрқилы өзгеріп отырады. Мал шаруашылығымен шұғылданған ата-бабаларымыз Жетіқарақшының қозғалысын бақылай отырып, оны түн мезгілдерін анықтайтын аспан сағаты есебінде пайдалаған.
«Жетіқарақшы бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін ұрлаған баукеспе ұры болыпты. Халық болып соңына түскен соң қылмысы басынан асқан жеті ұры жеткізбей аспанға қашып шығып кеткен. Бастаған – алдыңғы төртеуі, ана артындағы үшеуі ерер-ермес болып жүрген олардың құйыршығы. Екі бүйірдегі жарық жұлдыз – екі батыр. Сонау қатар тұрған екі жұлдыз Ақбозат пен Көкбозат батырлардың аттары. Олар Темірқазыққа арқандаулы. Шұбатылған арқаны да көрініп тұрады. Аттар Темірқазықты айнала оттайды. Оларды аңдыған жеті ұры да түнімен төңіректеп, айналып жүреді.
Ә мәтіні
Саяхат бізге не үйретеді?
1. Саяхаттаудың ең қиын кезеңі – үйден шығу. Шынымен де, үйде отырғаныңызда түзде өміріңізге қауіп келтіретін түрлі жағдайлар күтіп тұрғандай сезінуіңіз мүмкін. Қайда тамақтанып, қайда ұйықтайтыныңызды білмей дал боласыз. Сізді тіл білмеу немесе қаржылық жағдай тоқтатуы да ғажап емес.
2. Адамдар әрқашан да жылы шырайлы келеді Дамыған мемлекеттерге саяхаттайтын болсаңыз ондағы адамдар сізге барынша құрметпен қарайтынына таңғалмаңыз. Тек кейбір елдердің мәдениеті төмендеу аймақтарында ғана қауіп төнуі мүмкін. Бірақ қай елді алсаңыз да, ондағы адамдар өзге елден келген саяхаттаушыларға аса зор құрметпен қарайды, әрқашан көмек беруге дайын тұрады. Олар сізге жол көрсетеді, құдайы қонақ етеді, өз елінің ең жақсы деген жерлерімен таныстырады, сіздің саяхатыңызға қызығып, емен-жарқын әңгіме-дүкен құруға дайын болады.
3. Саяхат сіз ойлағандай қауіпті емес. Өзге елдің, қаланың адамдары да өзіңіздің туып өскен жеріңіздің адамдары іспеттес, сондықтан да сіздің Отаныңыздағы жақсылық пен жамандық атаулары сапарлап барған жеріңізде де бар екенін ұмытпаңыз. Тіпті кейбір елдерде қылмыс саны бойынша адам шошытарлық статистика болуы мүмкін. Бірақ мұның барлығы да біржақты пікірден жиналған ақпарат. Сондықтан да қайбір ел туралы, ондағы адамдар туралы жаман ойлауға кеңес бермейміз. Тіпті кейбір ақпараттар қаңқу сөзден құрылған болуы да мүмкін. Сондықтан саяхаттау кезіндегі түрлі қауіп-қатерлер мөлшері сіздің Отаныңыздағы жағдайлармен бірдей, немесе тіпті аз болуы ықтимал.
| А мәтіні | Ә мәтіні |
Қысқаша мазмұны | | |
Нақты ақпараттар | | |
Жазылым
Сіз шетелде ұзақ мерзімді саяхатта жүрсіз. Досыңызға саяхатыңыздың қызықтарымен бөлісе отырып, хат жазыңыз. Хаттың жанрлық, құрылымдық, ресімделуіндегі ерекшеліктерді ескеріңіз.
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым
Балл | Коммуникативтік құзыреттілік | Грамматикалық құзыреттілік |
5 | Мәтінде көтерілген мәселені терең түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, ұтымды жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде өте дәл, нақты. Талқылау кезінде жоғары ойлау деңгейін көрсететін ашық сұрақтар қояды. | Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны өте жақсы қолданады. Сөздік қоры мол. Паразит сөздер мен қайталаулары жоқ. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді өте орынды, тиімді пайдаланады. |
4 | Мәтінде көтерілген мәселені жақсы түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде орынды. Талқылау кезінде мәтін аясында ашық сұрақтар қояды. | Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны жақсы қолданады. Сөздік қоры жеткілікті. Паразит сөздер мен қайталаулар аздап кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды пайдаланады. |
3 | Мәтінде көтерілген мәселені қанағаттанарлық деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттармен байланыстырып жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде үнемі орынды бола бермейді, кейде негізгі мәселеге қатыссыз пайымдаулар кездеседі. Талқылау кезінде мәтін аясында ашық, жабық сұрақтар қояды. | Ойын кейде аяқталған, аракідік синтаксистік құрылымы сақталмаған сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері кездеседі. Сөздік қоры қанағаттанарлық. Паразит сөздер мен қайталаулары кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды, орынсыз пайдаланады. |
2 | Мәтінде көтерілген мәселені шектеулі деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттармен байланыстыра жеткізуде қолдауды қажет етеді. Көзқарасын дәлелдейтін дәйектемелері сирек, көбіне жалпылыққа ұрынады. Талқылау кезінде қойған сұрақтары жабық сұрақтар шеңберінде болып келеді. | Ойын көп жағдайда аяқтамайды, жай сөйлемдерді, қарапайым синтаксистік құрылымдарды қолданады. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері жиі кездеседі. Сөздік қоры күнделікті ауызекі лексикадан тұрады. Паразит сөздер мен қайталаулары жиі кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынсыз пайдалануы жиі кездеседі. |
1 | Мәтінде көтерілген мәселені түсінуі өте шектеулі. Ақпаратқа қатысты жеке көзқарасы мен пікірі жоқ, көбінесе, дайын ақпаратты қайталап беру деңгейінде. Себебін түсіндіруі аз. Жабық сұрақтармен шектеледі. | Ойын аяқтамайды, қарапайым синтаксистік құрылымдармен шектеледі. Грамматикалық дағдылары жетіспегендіктен, ой мен ойы байланыспайды, жүйе жоқ. Паразит сөздер мен қайталаулары негізгі лексикадан басым. |
Оқылым
Балл | Мәтінді талдау | Ақпараттарды ажырату |
5 | Мәтінде көтерілген мәселені терең түсінгендігін көрсетіп, мәтіннің негізгі ойын өте дәл көрсетеді. | Мәтіндегі нақты ақпараттарды көрсетіп, себебін өте жақсы түсіндіреді. |
4 | Мәтінде көтерілген мәселені жақсы түсінгенін көрсетіп, мәтін мазмұнына қысқаша сипаттайды. | Мәтіндегі нақты ақпараттарын көрсетіп, себебін жақсы түсіндіреді. |
3 | Мәтін мазмұнын қанағаттанарлық деңгейде түсінгенін көрсетіп, жалпы мазмұнға жуық сипаттама береді. | Мәтіндегі кейбір нақты ақпараттарды көрсетеді, себебін түсіндіруі қанағаттанарлық. |
2 | Мәтін мазмұнын шектеулі деңгейде түсінгенін көрсетіп, мәтіннің негізгі ойы мен мазмұнын ашпайтын түсіндірме береді. | Мәтіндегі нақты ақпараттарды анықтауда қателеседі, себебін түсіндіруі шектеулі. |
1 | Мәтін мазмұнын түсінуі өте шектеулі. Сипаттама мен мәтіннің өзара байланысы жоқ. | Нақты ақпараттарды көрсетуде қателеседі, себебін түсіндірмейді. |
0 | Мәтінде көтерілген мәселені мүлде түсінбейді. | Нақты ақпараттарды ажырата алмайды. |
Жазылым
Балл | Сипаттамасы |
9-10 | Тақырыптың мазмұнын толық ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тілдік құралдарды барынша (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) жанрға сәйкес орынды қолданады. Ойын еркін, логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры мол. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, жазылу сипатына қарай бірізділікті бастан-аяқ сақтайды. Жанрға сай ресімдейді (адресат, адресант, мерзімі, қолы т.б. құрамдас бөлшектердің болуы). Грамматикалық, стильдік тұрғыдан өте сауатты. Қателері жоқ. |
7-8 | Тақырыптың мазмұнын ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тілдік құралдарды (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) жанрға сәйкес қолданауға тырысатыны байқалады. Ойын логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры жеткілікті. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, жазылу сипатына қарай бірізділікті сақтайды. Жанрға сай ресімдейді (адресат, адресант, мерзімі, қолы т.б. құрамдас бөлшектердің болуы). Грамматикалық, стильдік тұрғыдан сауатты, бірақ 1-2 ұсақ қате кездеседі. |
5-6 | Тақырыптың мазмұнын ашуы жеткіліксіз. Жанрға сәйкес тілдік құралдарды (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) сирек болғанымен, орынды қолданады. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі аракідік байланыспайды. Сөздік қоры қанағаттанарлық деңгейде. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, ресімделуін (адресат, адресант, мерзімі, қолы т.б. құрамдас бөлшектердің болуы) сақтайды, бірақ жазылу сипатында бірізділіктен ауытқу бар. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 2-3 ұсақ және ірі қателер кездеседі. |
3-4 | Тақырыптың мазмұнын ашуы шектеулі. Жанрға сәйкес тілдік құралдарды (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) сирек қолданады, орынсыздық байқалады. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі байланыспайды. Сөздік қоры шектеулі. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, ресімделуін (адресат, адресант, мерзімі, қолы т.б. құрамдас бөлшектердің болуы) толық сақтай бермейді, жазылу сипатында бірізділік жоқ. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 4-5 ұсақ және ірі қателер кездеседі. |
1-2 | Тақырыптың мазмұнын ашпайды. Жанрға сәйкес тілдік құралдарды қолданбайды. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі жоқ. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, ресімделуін (адресат, адресант, мерзімі, қолы т.б. құрамдас бөлшектердің болуы) сақтамайды. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан алтыдан көп ұсақ және ірі қателер кездеседі. |