Файл: аза тілі пнінен (оыту аза тілінде) тосанды жиынты баалауды спецификациясы 5сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 114

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Оқылым

1-2-тапсырмалардың жалпы балл қою кестесі

Балл

Мәтінді талдау

Ақпараттарды ажырату

5

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін өте жақсы түсініп талдайды.

Мәтіннің мамзұны мен негізгі, қосымша ақпараттарды көрсетіп, себебін өте жақсы түсіндіреді.

4

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін жақсы түсініп талдайды.

Мәтіннің мамзұны мен негізгі, қосымша ақпараттарды көрсетіп, себебін жақсы түсіндіреді.

3

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін қанағаттанарлық деңгейде түсініп талдайды.

Мәтіннің мамзұны мен кейбір негізгі, қосымша ақпараттарды көрсетеді, себебін түсіндіруі қанағаттанарлық.

2

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін шектеулі түсінеді, талдауға талпыныс жасайды.

Мәтіннің жалпы мамзұнын көрсетеді, негізгі, қосымша ақпараттарды анықтауда қателеседі, себебін түсіндіруі шектеулі.

1

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін өте шектеулі деңгейде түсінеді.

Мәтіннің мамзұнын көрсетуде қателеседі, себебін түсіндірмейді.

0

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін түсінбейді.

Жалпы мазмұн мен нақты ақпараттарды ажырата алмайды.


Жазылым

Балл

Сипаттамасы

9-10

Тақырыптың мазмұнын толық ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдарын барынша (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) жанрға сәйкес орынды қолданады. Ойын еркін, логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры мол. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, жазылу сипатына қарай бірізділікті бастан-аяқ сақтайды.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан өте сауатты. Қателері жоқ.

7-8

Тақырыптың мазмұнын ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдарын (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) жанрға сәйкес қолданауға тырысатыны байқалады. Ойын логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры жеткілікті. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, жазылу сипатына қарай бірізділікті сақтайды.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан сауатты, бірақ 1-2 ұсақ қате кездеседі.

5-6

Тақырыптың мазмұнын ашуы жеткіліксіз. Жанрға сәйкес тіл құралдарын (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) сирек болғанымен, орынды қолданады. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі аракідік байланыспайды. Сөздік қоры қанағаттанарлық деңгейде. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін сақтайды, бірақ жазылу сипатында бірізділіктен ауытқу бар.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 2-3 ұсақ және ірі қателер кездеседі.

3-4

Тақырыптың мазмұнын ашуы шектеулі. Жанрға сәйкес тіл құралдарын (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) сирек қолданады, орынсыздық байқалады. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі байланыспайды. Сөздік қоры шектеулі. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін сақтайды, бірақ жазылу сипатында бірізділік жоқ.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 4-5 ұсақ және ірі қателер кездеседі.

1-2

Тақырыптың мазмұнын ашпайды. Жанрға сәйкес тіл құралдарын қолданбайды. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі жоқ. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін сақтамайды.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан алтыдан көп ұсақ және ірі қателер кездеседі.





3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ



Жиынтық бағалауға шолу

Ұзақтығы: 40 минут

(уақыт оқылым мен жазылым жұмысына арналған. Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі)

Оқылым – 15 минут

Жазылым – 25 минут

Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі -тыңдалым, айтылым, екіншісі - оқылым, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмалар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, мин

Балл

1-2


5.1.1.1 тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау
5.1.4.1 тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау

Толық жауап

ты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 80-100 сөзден тұратын тоқсанда өткен тақырыптарға сәйкес мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады). Оқушылар мәтінді тыңдау немесе оқу барысында мәтіннің негізгі ойын білдіретін кем дегенде 5 тірек сөзді анықтайды.

1-оқушы өзінің түртіп алған тірек сөздерін жұбына айтады. 2-оқушы естіген тірек сөздеріне сүйене отырып, мәтін мазмұны не туралы болуы мүмкіндігіне өз болжамын айтады (2 минут). 1-оқушы болжамды тыңдап, оның қаншалықты түпнұқсаға сәйкестігіне пікірін білдіреді (1 минут). Сонан соң рөлдерімен ауысады. Келесі кезекте 2-оқушы өз тірек сөзін жұбына айтады. Әрекеттер жоғарыда айтылғандай жалғасын табады.

Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі)


5

5

1-2


5.2.3.1 нұсқаулық құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату

5.2.5.1 мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Мәтінді оқып, 1-тапсырмада нұсқаулықтың құрылымы, ресімделуі мен жанрлық ереркшеліктерін анықтайды. 2-тапсырмада мәтіндегі негізгі ақпараттарға қатысты сұрақтар құрастырады.

15

5

5

1

5.3.3.1 сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру



Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Берілген суреттер топтамасының бірін таңдап, ұсынылған тақырыпта суреттер желісімен әңгіме құрастырады. Жазба жұмысында оқушылардың әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін сақтауы мен жалпы сауаттылықтары басты назарға алынады.

25

10

Барлығы

40 минут

30


«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Қиял әлемі.

Көлік және жол белгілері.

Адамның сырт келбеті мен мінезі. Морфология
Тыңдалым мен айтылым

Тапсырма

  1. Мәтінді оқып шығып, негізгі ойды білдіретін кем дегенде 5 тірек сөзді анықтаңыз. Анықтаған тірек сөздерді жұбыңызға оқып немесе айтып беріңіз.

  2. Тірек сөздер негізінде жұбыңыздың мәтін мазмұнына жасаған болжамын мұқият тыңдаңыз және ақпараттың түпнұсқаға қаншалықты жақын болғандығы туралы кері байланыс беріңіз.

[10]
1-мәтін

Қиял құдіреті

Қиял дегеніміз – өте ғажайып дүние. Алланың адамға беретін негізгі байлығының бірі осы қиялдай білу қасиеті. Ғалымдардың пікірінше, қиялдай білу қасиеті басқа жан-жануарларға дарытылмаған.

Қазіргі біз бастан кешіріп отырған заман – адамзаттың қиялы мен бүгінгі өмір шындығы әбден астасқан заман. Кезінде ұшқыш кілемді арман еткен адам баласы қазір дыбыс жылдамдығымен бірдей жүйтки алатын ұшақтарға мініп алып, Жердің бір шетінен екінші шетіне санаулы сағаттарда жете алатындай мүмкіндікке ие болды.

Адамның қиял әлемі соншалықты кең болса, оның ойы да қыран құстай неғұрлым алыстарға самғап ұша алады. Демек бүгінгідей бәсекелестік өріс алып отырған заманда, жаңа туған жас нәрестенің бойына қиялдай білу қасиетін молынан дарытуға ұмтылу – әрбір ата-ананың парызы. Оның ең басты шарттарының бірі – оған ертегі айту деп түсінеміз. Әрине сәби қиялын дамытуда қазіргі мультфильмдердің де маңызы зор екендігі анық. Бірақ бұл дайын өнім. Кейіпкерлерінің түр-келбетін, барлық заттарды бейнелі түрде көз алдыңа алып келеді. Сондықтан оның балаларды қызықтырушылық рөлі зор. Бірақ бәрібір ертегіге жетпейді. Себебі ертегі тыңдаған сәбилер ондағы кейіпкерлердің бейнелі образдарын қиялдау арқылы өздері сомдауға мәжбүр болады. Демек сәби үшін мультфильмге қарағанда ертегінің пайдасы молырақ. Бұл сәби қиялын кеңейтумен қатар ойлануға, ми жасушаларының барынша жұмыс істеуіне әсер етеді. Басқалай айтқанда, дүниедегі ең кереметтің бәрі қиял туындысы болып табылады.
2-мәтін

Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті

Бұл өмірде адамдардың жандүниесін танып-білудің, әрқайсысының сана-сезімімен санаса келіп, олардың жеке-дара өзгешеліктерін түсіне білудің маңызы айрықша. Ол әрине, өзара қарым-қатынас жасау, сыйласу барысында анықталатын қасиеттер. Тек есте болатын бір жағдай, жеке адамның әртүрлі ерекшеліктерінің дамып, қалыптасуы оның өзі өмір сүріп отырған ортасына, ондағы қоғамдық қатынастарға (экономикалық, саяси) тәуелді. Өмірдің бір орында тұрмайтыны белгілі. Адамның айналасындағы жағдайлар үнемі өзгеріп отыратындықтан, оның әртүрлі психикалық өзгешеліктері де біртіндеп өзгеріске түседі. Соған қарамастан, адам тану бойынша зерттеу жүргізушілер адамның сыртқы кескін-келбеті, жүріс-тұрысы, сөйлесу, сәлемдесу әдебі, ұйықтау, отыру мәнері арқылы-ақ оның қандай мінезді, ақыл-парасатының, ерік күшінің, белсенділігінің қаншалықты екенін аңғаруға болады деп есептейді. 
Оқылым

Тапсырма

1. Мәтінді оқып, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін көрсетіп, кестені толтырыңыз.

[5]
Жаяу жүргіншіге арналған нұсқаулық

1. Жаяу жүргінші жаяу жол (тротуар) немесе жаяу жүргіншіге арналған жолмен жүруі тиіс. Егер олар болмаса, жол жағалауымен немесе велосипед жолымен (велосипедшілер қозғалысына кедергі келтірсе) жүру керек.

2. Елді мекеннен тыс жерлерде жаяу жүргінші көлік құралдары қозғалысына қарама-қарсы бағытта жүруге тиіс;

3. Жаяу жүргінші жолды жер асты өтпесі, аспалы көпірлер, жол таңбалары салынған немесе «жаяу жүргінші өтпесі» белгісі қойылған жерлер арқылы кесіп өтеді. Жаяу жүргінші өтпесі белгіленбеген жол учаскесінде жолды қиылыстардан жаяу жол жиегі бойымен, ал олардың аралағында – жол жақсы көрінетін жерде тікелей кесіп өтуге рұқсат етіледі;

4. Қозғалыс реттелетін жерлерде жаяу жүргінші реттеуші немесе бағдаршам сигналдарын басшылыққа алуы тиіс;

5. Қозғалыс реттелмейтін жерлерде жаяу жүргінші жақындап қалған көлік құралымен арақашықтықты, сондай-ақ олардың жылдамдығын болжап алып, жолдан өту қауіпсіздігіне анық көз жеткізген соң ғана жолды кесіп өте алады;

6. Жаяу жүргінші жолдан өтіп бара жатып аялдауға немесе қажетсіз тоқтауға тиіс емес. Жолдан өтуді аяқтап үлгермеген жаяу жүргінші ары қарайғы қозғалысты қауіпсіздік аралында күтуге тиіс. Егер ондай болмаса, қарама-қарсы бағыттардағы көлік ағынын бөліп тұратын сызық бойында күтуі керек;