Файл: аза тілі пнінен (оыту аза тілінде) тосанды жиынты баалауды спецификациясы 5сынып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 120
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут
(уақыт оқылым мен жазылым жұмысына арналған. Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі)
Оқылым – 15 минут
Жазылым – 25 минут
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: біріншісі -тыңдалым, айтылым, екіншісі - оқылым, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма | Қамтылатын мақсаттар | Тапсырмалар түрлері | *Тапсырмалар сипаттамасы | *Орындау уақыты, мин | Балл |
1 | 5.1.2.1 әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, жарнама) көтерілген мәселені түсіндіру | Толық жауапты қажет ететін сұрақтар | Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар ән мәтінін тыңдайды. Оқушылар мәтінді тыңдау барысында тақырыпқа қатысты көтерілген мәселені түсіндіруге дайындалып, өздеріне қажетті тұстарды түртіп ала алады. Оқушы өз сөзімен әннің шумақтарындағы сөз оралымдардан мысалдар келтіре отырып, әннің негізгі ойын дәлелді түрде түсіндіреді. Мұғалім қажеттілікке қарай қосымша сұрақ қоя алады. | Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі) | 5 |
5 | |||||
1 | 5.2.3.1 жарнама құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату 5.2.4.1 ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру; | Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар | Оқушылар берілген мәтіндерді оқып, оларды өзара салыстырады. Сонан соң кестеге сүйене отырып, мәтіндердің тақырыбы, қысқаша мазмұны, жанры мен тілдік қолданыстарына талдау жасайды. | 15 | 10 |
1 | 5.3.2.1 жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, жарнама құрастырып жазу 5.4.1.1 қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу | Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар | Оқушылар ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, жарнама жазады. Жарнама жазуда олардың жанрлық, стильдік ерекшеліктерді ескерулері мен сауаттылық нормаларын сақтаулары бағалауда басты назарға алынады. | 25 | 10 |
Барлығы | 40 минут | 30 |
«Қазақ тілі » пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика
Киіну. Сән.Талғам. Фонетика
Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер. Лексика
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
Әлия Әбікеннің орындауындағы «Салт-дәстүрім» әнін тыңдап, онда көтерілген мәселені өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.
Сілтеме: http://www.saz-alemi.kz/load/3-1-0-9923
[10]
Салт-дәстүрім
Қазағым менің дәстүр мен салтқа бай халық,
Бабамның жолын өтпеген халық айналып.
Шілдеханасын, тойлаған тұсаукесерін,
Бес жасар бала бестіге міні бәйге алып.
Қайырмасы
Дәстүрім бар, салтым бар, қандай тамаша!
Қастерлейік қаймағын бұзбай.
Арайланып ататын таңмен таласа,
Жағамдағы жайна құндыздай.
Текті халқым-ай,
Дәстүр салтым-ай,
Жарсатын айға жұлдыздай.
Дәстүр мен салтым жаңғыртып тұрар даламды,
Береке-бірлік, бақыт пен байлық бар онда.
Он үште отау иесі болып ұлдарың,
Отауға кірген он екі қанат ақ орда.
Қайырмасы
Қайтарылмаған қол жайса бата тілегі,
Қариясына жасының жұмсақ жүрегі.
Қазақтың салтын, әдебиетке құрметін,
Қадірлей білу борышымызға кіреді.
Қайырмасы
Оқылым
Тапсырма
Берілген мәтіндерді оқып, оларды өзара тақырыбы, жалпы мазмұнын тұрғысынан салыстырыңыз. Олардың жанры мен стилін анықтаңыз.
А мәтіні
Балаңызға қолайлы, сәнді, ең бастысы сапалы киім іздеп жүрсіз бе? Балалар киіміне арналған қалаңыздағы дүкендер туралы ақпарат жинаудың қажет жоқ! Себебі Сіздер үшін «Балақай» дүкені кез келген талғамға сай балалар киімінің сан алуан түрін ұсынады. Сәнді костюмдер мен шалбарлар, түрлі маусымға арналған көйлектер мен жейделер! Қанық түсті, танымал брендтердің өнімі Сіздерді асыға күтеді! Біздің киімдер тек табиғи маталардан тігіледі. Сондықтан аллергия тудырмайды. Киімдер балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп пішілген, өте қолайлы. Біздің дүкенде әр күн сайын таңғы оннан кешкі жетіге дейін жаңа коллекцияларға жеңілдіктер бар. Ата-аналарға қолайлы болу үшін біздің есігіміз демалыс күндері де ашық. «Балақай» дүкені. Сіз үшін тек ең жақсысы! Біздің мекенжайымыз: Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, Орталық әмбебап дүкені, 2-қабат, 56-бутик.
Ә мәтіні
«YES» шет тілдер мектебі нарықта он алты жыл бойы сапалы қызмет ұсынып келеді. Осы уақыт ішінде отыз алты мыңнан астам студенттер бізбен бірге шет тілін үйренудегі мақсаттарына қол жеткізді. Біздің мектептің қабырғасында оқытушыларға арналған оқу-әдістемелік орталық жұмыс жасайды. Сондықтан Сізді тек мықты, кәсіпқой мамандар оқытатынына сенімдіміз.
Тілді жаттамайды, тілде сөйлейді! Біз флэш-ком әдісі арқылы өзіміздің тіл үйрету қағидамызды қалыптастырдық. Біздің сабақтар тек ағылшын тілінде ғана өтеді! Біздің сабақтар қарым қатынас тәжірибесіне бағдарланған!
«YES» шет тілдер мектебі - әлемдегі ең ірі білім беру компаниясы, шет тілін үйрету мен оқытуда ең үздік оқулықтар мен ресурстарды әзірлейтін көшбасшы ұйым PERSON компаниясының ресми серіктесі. Бізбен бірге шет тілін үйреніп, әлемнің шекарасын бұзыңыз! Біздің мекенжайымыз: Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 56-үй. «Қазақстан» бизнес орталығы. Байланыс нөмірі: 8 777 555 44 66.
А мәтіні | Ә мәтіні |
Тақырыбы | |
| |
Қысқаша мазмұны | |
| |
Қандай жанр? Неліктен? Себебін түсіндіріңіз. | |
| |
Жанрға тән қандай сөздер қолданылған? | |
| |
Жазылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жарнама жазыңыз. Жазу барысында сөздердің қатесіз, орфографиялық нормаға сай жазылуына назар аударыңыз.
[10]
-
Өзіңізді тіл үйрететін орталықтың басшысы ретінде елестетіңіз. Орталыққа тіл үйренушілердің көптеп келуі үлкен табыс көзі екенін жақсы білесіз. Осыны ескере отырып, орталығыңызды жарнамалаңыз. -
Сіз қазақстандық белгілі дизайнерсіз. Өзіңіздің сән үйіңіз бен бренд киімдеріңіздің дүкендер желісі бар. Тұтынушылардың қызығушылығын оятатындай жарнама мәтіні ойластырыңыз. -
Қазақ халқының дәстүрлерін насихаттайтын жарнамалық роликке жарнамалық мәтін жазыңыз.
Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым
Балл | Коммуникативтік құзыреттілік | Грамматикалық құзыреттілік |
5 | Мәтінде көтерілген мәселені терең түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, ұтымды жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде өте дәл, нақты. | Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны өте жақсы қолданады. Сөздік қоры мол. Паразит сөздер мен қайталаулары жоқ. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді өте орынды, тиімді пайдаланады. |
4 | Мәтінде көтерілген мәселені жақсы түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде орынды. | Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны жақсы қолданады. Сөздік қоры жеткілікті. Паразит сөздер мен қайталаулар аздап кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды пайдаланады. |
3 | Мәтінде көтерілген мәселені қанағаттанарлық деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттармен байланыстырып жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде үнемі орынды бола бермейді, кейде негізгі мәселеге қатыссыз пайымдаулар кездеседі. | Ойын кейде аяқталған, аракідік синтаксистік құрылымы сақталмаған сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері кездеседі. Сөздік қоры қанағаттанарлық. Паразит сөздер мен қайталаулары кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды, орынсыз пайдаланады. |
2 | Мәтінде көтерілген мәселені шектеулі деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттармен байланыстыра жеткізуде қолдауды қажет етеді. Көзқарасын дәлелдейтін дәйектемелері сирек, көбіне жалпылыққа ұрынады. | Ойын көп жағдайда аяқтамайды, жай сөйлемдерді, қарапайым синтаксистік құрылымдарды қолданады. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері жиі кездеседі. Сөздік қоры күнделікті ауызекі лексикадан тұрады. Паразит сөздер мен қайталаулары жиі кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынсыз пайдалануы жиі кездеседі. |
1 | Мәтінде көтерілген мәселені түсінуі өте шектеулі. Ақпаратқа қатысты жеке көзқарасы мен пікірі жоқ, көбінесе, дайын ақпаратты қайталап беру деңгейінде. Себебін түсіндіруі аз. | Ойын аяқтамайды, қарапайым синтаксистік құрылымдармен шектеледі. Грамматикалық дағдылары жетіспегендіктен, ой мен ойы байланыспайды, жүйе жоқ. Паразит сөздер мен қайталаулары негізгі лексикадан басым. |
Оқылым
Балл | Мәтінді талдау |
9-10 | Мәтіннің жалпы мазмұнын, көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін өте жақсы түсініп талдайды. |
7-8 | Мәтіннің жалпы мазмұнын, көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін жақсы түсініп талдайды. |
5-6 | Мәтіннің жалпы мазмұнын, көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін қанағаттанарлық деңгейде түсініп талдайды. |
3-4 | Мәтіннің жалпы мазмұнын, көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін шектеулі түсінеді, талдауға талпыныс жасайды. |
1-2 | Мәтіннің жалпы мазмұнын, көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін өте шектеулі деңгейде түсінеді. |
0 | Мәтіннің жалпы мазмұнын, көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін түсінбейді. |
Жазылым
Балл | Сипаттамасы |
9-10 | Тақырыптың мазмұнын толық ашады. Тілдік бірліктер мен лексикалық құрылымдарды ауызекі-публицистикалық стильге сәйкес орынды қолданады. Жанрлық ерекшеліктерді (риторикалық сұрақ, назарды аударатын слоган немесе лозунгтың болуы, байланысу деректері т.б.), жазылу сипатына қарай бірізділікті бастан-аяқ сақтайды. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан өте сауатты. Қателері жоқ. |
7-8 | Тақырыптың мазмұнын ашады. Тілдік бірліктер мен лексикалық құрылымдарды ауызекі-публицистикалық стильге сәйкес қолданады. Жанрдың ерекшеліктерді (риторикалық сұрақ, назарды аударатын слоган немесе лозунгтың болуы, байланысу деректері т.б.), жазылу сипатына қарай бірізділікті сақтайды. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан сауатты, бірақ 1-2 ұсақ қате кездеседі. |
5-6 | Тақырыптың мазмұнын ашуы жеткіліксіз. Тілдік бірліктер мен лексикалық құрылымдарды ауызекі-публицистикалық стильге сәйкес қолданауға тырысатыны байқалады. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктері (риторикалық сұрақ, назарды аударатын слоган немесе лозунгтың болуы, байланысу деректері т.б.), жазылу сипатына қарай бірізділіктен ауытқу бар. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 2-3 ұсақ және ірі қателер кездеседі. |
3-4 | Тақырыптың мазмұнын ашуы шектеулі. Қолданған тілдік бірліктер мен лексикалық құрылымдары ауызекі-публицистикалық стиль талаптарына сәйкес келе бермейді. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктері (риторикалық сұрақ, назарды аударатын слоган немесе лозунгтың болуы, байланысу деректері т.б.) үнемі сақтай бермейді, жазылу сипатында бірізділік жоқ. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 4-5 ұсақ және ірі қателер кездеседі. |
1-2 | Тақырыптың мазмұнын ашпайды. Ауызекі-публицистикалық стильге сәйкес тілдік құралдарды қолданбайды. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін (риторикалық сұрақ, назарды аударатын слоган немесе лозунгтың болуы, байланысу деректері т.б.), жаудағы бірізділікті сақтамайды. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан алтыдан көп ұсақ және ірі қателер кездеседі. |