Файл: аза тілі пнінен (оыту аза тілінде) тосанды жиынты баалауды спецификациясы 5сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 111

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


7. Автобус, троллейбус, трамвай, таксиді тек қана отырғызу алаңында күту қажет. Егер ондай болмаса, жаяу жол немесе жол жиегінде тосқан жөн.


Мәтін не туралы?



Құрылымы



Қалай ресімделген?



Жанры және жанрлық ерекшелігі неде?





2. Мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтауға бағытталаған сұрақ (3-5) құрастырыңыз.

[5]












Жазылым

Төменде берілген суреттердің бірін негізге ала отырып, әңгіме жазыңыз. Әңгімеңіздің белгілі бір сюжетке құрылуын, қызықты эпизодтың, шағын кейіпкерлер жүйесінің болуын ескеріп, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазыңыз. Сөз саны шамамен 120-150.

1) Жолда жүру ережесіне байланысты өмірде болатын оқиғалар желісі. Кейіпкерлері: Әжей, бала (есімерін ойластырыңыз).



2) Адамдардың мінез-құлықтарына қатысты туындайтын кикілжіңдерді негізге ала отырып, соңы татулықпен аяқталатын әңгіме құрастырыңыз. Кейіпкерлері кімдер болмақ? Ойланыңыз.



3) Кейіпкерлері әлемді жойғысы келген зұлым күш иесі және оған жол бермеген сәуегей қария болатын қиял- ғажайып әңгіме жазыңыз.





Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым

Балл

Коммуникативтік құзыреттілік

Грамматикалық құзыреттілік

5

Анықтаған тірек сөздерінің барлығы толықтай мәтіннің негізгі ойымен өте дәл сәйкеседі. Жұбының тірек сөздеріне сүйене отырып, мәтін мазмұнына болжамын білдіреді. Болжамының себебін тірек сөздермен байланыстырып, дәлелді жеткізеді.

Жұбының жасаған болжамының түпнұсқаға қаншалықты жақын болғандығына баға береді, себебін дәлелді түсіндіреді. Қолданған бейвербалды қарым-қатынас құралдары (мимика, ым-ишара, пантомимика) ақпаратты жеткізуіне өте жақсы көмектеседі.

Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны өте жақсы қолданады. Сөздік қоры мол. Паразит сөздер мен қайталаулары жоқ. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді өте орынды, тиімді пайдаланады.

4

Анықтаған тірек сөздерінің жартысынан көбі мәтіннің негізгі ойымен сәйкеседі. Жұбының тірек сөздеріне сүйене отырып, мәтін мазмұнына болжамын білдіреді. Болжамының себебін тірек сөздермен байланыстырады, дәлелдері жеткілікті.

Жұбының жасаған болжамының түпнұсқаға қаншалықты жақын болғандығына баға береді, себебін түсіндіреді. Қолданған бейвербалды қарым-қатынас құралдары (мимика, ым-ишара, пантомимика) ақпаратты жеткізуіне жақсы көмектеседі.

Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны жақсы қолданады. Сөздік қоры жеткілікті. Паразит сөздер мен қайталаулар аздап кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды пайдаланады.

3

Анықтаған тірек сөздерінің жартысы мәтіннің негізгі ойымен сәйкеседі. Жұбының тірек сөздерін аракідік негізге ала отырып, мәтін мазмұнына болжамын білдіреді. Болжамының себебін көп жағдайда тірек сөздермен байланыстырмайды, дәлелдері орынсыз, толықтыруды қажет етеді.

Жұбының жасаған болжамының түпнұсқаға қаншалықты жақын болғандығына баға береді, себебін түсіндіруі жеткіліксіз. Қолданған бейвербалды қарым-қатынас құралдары (мимика, ым-ишара, пантомимика) ақпаратты жеткізуіне көмектеседі.

Ойын кейде аяқталған, аракідік синтаксистік құрылымы сақталмаған сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері кездеседі. Сөздік қоры орта деңгейде. Паразит сөздер мен қайталаулары кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды, орынсыз пайдаланады.

2

Анықтаған тірек сөздерінің аз бөлігі мәтіннің негізгі ойымен сәйкеседі. Жұбының мәтін мазмұнына болжамын білдіреді, тірек сөздерді назарға алмайды. Болжамының себебін тірек сөздермен байланыстырмайды, дәлелдер келтіруге тырысады, бірақ негізсіз.

Жұбының жасаған болжамына сипаттама түрінде пікір білдіреді, себебін түсіндірмейді. Қолданған бейвербалды қарым-қатынас құралдары (мимика, ым-ишара, пантомимика) орынсыз.

Ойын көп жағдайда аяқтамайды, жай сөйлемдерді, қарапайым синтаксистік құрылымдарды қолданады. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері жиі кездеседі. Сөздік қоры күнделікті ауызекі лексикадан тұрады. Паразит сөздер мен қайталаулары жиі кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынсыз пайдалануы жиі кездеседі.

1

Анықтаған тірек сөздері мәтіннің негізгі ойымен сәйкесе бермейді.

Жұбының болжамына берген кері байланысы тірек сөздері қайта тізбектеу сипатында болады.

Ойын аяқтамайды, қарапайым синтаксистік құрылымдармен шектеледі. Грамматикалық дағдылары жетіспегендіктен, ой мен ойы байланыспайды, жүйе жоқ. Паразит сөздер мен қайталаулары негізгі лексикадан басым.



Оқылым

1-2-тапсырмалардың жалпы балл қою кестесі

Балл

Мәтінді талдау

Сұрақ құрастыру

5

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін өте жақсы түсініп талдайды.

Мәтіннің мамзұны мен негізгі ақпараттарға қатысты жоғары ойлау деңгейіндегі ашық сұрақтарды өте жақсы құрастырады.

4

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін жақсы түсініп талдайды.

Мәтіннің мамзұны мен негізгі ақпараттарға қатысты ашық сұрақтарды жақсы құрастырады.

3

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін қанағаттанарлық деңгейде түсініп талдайды.

Мәтіннің мамзұны мен кейбір негізгі ақпараттарға қатысты жабық сұрақтар құрастырады.

2

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін шектеулі түсінеді, талдауға талпыныс жасайды.

Мәтіннің жалпы мазмұнына қатысты, қатыссыз жабық сұрақтар құрастырады.

1

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін өте шектеулі деңгейде түсінеді.

Мәтіннің жалпы мазмұнына қатыссыз жабық сұрақтар құрастырады.

0

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін түсінбейді.

Сұрақтары жоқ.


Жазылым

Балл

Сипаттамасы

9-10

Тақырыптың, суреттер желісінің мазмұнын толық ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тілдік құралдарды (авторлық сөз оралымдары, тұрақты сөз тіркестері, көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) өте шебер қолданады. Сюжеті логикалық тұрғыдан өзара байланысты, жүйелі. Сөздік қоры мол. Жанрлық ерекшеліктерді (сюжеттің болуы, оқиғаға құрылған эпизод, кейіпкерлер жүйесі, кейіпкерлер арасындағы диалог және т.б.), жазу стиліне қарай бірізділікті бастан-аяқ сақтайды.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан өте сауатты. Қателері жоқ.

7-8

Тақырыптың, суреттер желісінің мазмұнын ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тілдік құралдарды (авторлық сөз оралымдары, тұрақты сөз тіркестері, көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) қолданауға тырысатыны байқалады. Сюжеті логикалық тұрғыдан өзара байланысты, жүйелі. Сөздік қоры жеткілікті. Жанрлық ерекшеліктерді (сюжеттің болуы, оқиғаға құрылған эпизод, кейіпкерлер жүйесі, кейіпкерлер арасындағы диалог және т.б.), жазу стиліне қарай бірізділікті сақтайды.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан сауатты, бірақ 1-2 ұсақ қате кездеседі.

5-6

Тақырыптың, суреттер желісінің мазмұнын ашуы жеткіліксіз. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тілдік құралдарды (авторлық сөз оралымдары, тұрақты сөз тіркестері, көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) сирек болғанымен, орынды қолданады. Сюжеті логикалық тұрғыдан аракідік байланыспайды. Сөздік қоры қанағаттанарлық деңгейде. Жанрлық ерекшеліктерді (сюжеттің болуы, оқиғаға құрылған эпизод, кейіпкерлер жүйесі, кейіпкерлер арасындағы диалог және т.б.) сақтайды. Жазу стиліне қарай бірізділіктен ауытқу бар.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 2-3 ұсақ және ірі қателер кездеседі.

3-4

Тақырыптың, суреттер желісінің мазмұнын ашуы шектеулі. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тілдік құралдарды (авторлық сөз оралымдары, тұрақты сөз тіркестері, көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) сирек қолданады, орынсыздық байқалады. Сюжеті логикалық тұрғыдан байланыспайды. Сөздік қоры шектеулі. Жанрлық ерекшеліктерді (сюжеттің болуы, оқиғаға құрылған эпизод, кейіпкерлер жүйесі, кейіпкерлер арасындағы диалог және т.б.) сақтайды, бірақ толық емес. Жазу стиліне қарай бірізділік жоқ.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 4-5 ұсақ және ірі қателер кездеседі.

1-2

Тақырыптың, суреттер желісінің мазмұнын ашпайды. Көркем тілдік құралдарды (авторлық сөз оралымдары, тұрақты сөз тіркестері, көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) қолданбайды. Сюжеттің логикалық тұрғыдан жүйесі жоқ. Жанрлық ерекшеліктерді (сюжеттің болуы, оқиғаға құрылған эпизод, кейіпкерлер жүйесі, кейіпкерлер арасындағы диалог және т.б.) сақтамайды.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан алтыдан көп ұсақ және ірі қателер кездеседі.





4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ



Жиынтық бағалауға шолу

Ұзақтығы: 40 минут

(уақыт оқылым мен жазылым жұмысына арналған. Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі)

Оқылым – 15 минут

Жазылым – 25 минут

Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: біріншісі -тыңдалым, айтылым, екіншісі - оқылым, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмалар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, мин

Балл

1-2


5.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру
5.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру



Толық жауап

ты қажет ететін сұрақ

тар

Тапсырма жұппен орындалады. Білім алушыларға 100-120 сөзден тұратын ортақ мәтін беріледі, оқушы жеке отырып оқиды (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады).

Мәтінді тыңдау барысында онда көтерілген мәселеге дәлел бола алатын тұстарды өзіне түртіп алып отырады. 1-оқушы мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз ойын қыстырма, қаратпа сөздерді қолданып, түсіндіреді. 2-оқушы тыңдайды, сонан соң жұбының айтқанына келісу немесе келсіпеу, толықтыру мақсатында өз пікірін білдіреді және мәтін мазмұнына қатысты бір сұрақ қояды. 1-оқушы сұраққа жауап береді, сондай-ақ жұбының кері байланысына да өз көзқарасын білдіре алады.

Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі)


5

5

1


5.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Оқушылар мәтінді оқып, әр мәтіннің қысқаша мазмұны мен нақты ақпараттарын тауып, кестені толтырады.



15

5

5

1

5.3.2.1 жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат құрастырып жазу

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Білім алушылар ұсынылған тақырыпта хат жазады. Жазылым жұмысында жанрлық, стильдік ерекшеліктерді ескеруі, көркемдегіш құралдарды орынды қолдануы, орфографиялық нормаға сай жазуы бағаланады.



25

10

Барлығы

40 минут

30


«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Аспан әлемінің құпиялары

Саяхат және демалыс. Синтаксис
Тыңдалым мен айтылым

Тапсырма

  1. Мәтінді тыңдап (оқып), көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызға тыңдаушыны сендіру үшін, дәлелді мәтін ақпаратын, қыстырма, қаратпа сөздерді қолданыңыз.

  2. Жұбыңызды мұқият тыңдап, мәтін бойынша сұрақ қойыңыз. Өз көзқарасыңызды білдіру не толықтыру мақсатында жұбыңыздың сұраққа жауап беруі кезінде келісу, келіспеуіңіз бойынша диалогке қатысыңыз.



1-мәтін

Саяхат қызықтары

Кей адамдардың саяхаттауға деген құмарлығын айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл адамдар саяхаттау үшін ғана жаралғандай. Ал кейбір адамдар саяхатты дүниетаным кеңейтудің жолы деп емес, тек демалыс деп қана ұғады. Сіздің қай топқа жататыныңызды білмейміз, алайда саяхаттаудың басты себептерін атап бере аламыз.

1. Демалыс және күш-қуатты қалпына келтіру Күнделікті күйбең тіршіліктен бір мезет өзге кеңістікке көңіл жүгіртіп көріңізші, қаланың шуы мен дабылынан даланың дархан желі артық емес пе?! Таза ауа мен жасыл табиғат сізге серпін беріп, күш-қуат сыйлайды. Күнделікті мезі етер, шешімі қиын мәселелерден арылып, тыныш табиғатта тыныққанға не жетсін. Бірнеше күн саяхаттап, демалып көріңізші, сергіп қаласыз.

2. Жаңа қабілеттерге ие боласыз Саяхаттау жаңа мәселелер мен міндеттерді алға қояды, бұл міндеттерді, мәселелерді шешу арқылы өзініңіздің қабілетіңіз бен мүмкіншілігіңізді арттырасыз.

3. Дүниетанымыңызды кеңейтесіз Сапар шегу арқылы сіз өзге мәдени әлемге, өзге адамдардың өміріне саяхаттайсыз. Жергілікті халықтың мәдениетіне, тұрмысына үңілесіз, мәнін іздейсіз. Сол арқылы әлемді тануда жаңа көзқарас қалыптастырасыз. Өз еліңізге келгенде санаңызда салыстыруға болатын дүниелер пайда болады. Бір ескерерлігі, салыстырып отырған ұғымдарыңыздың тарихы мен ауқымын назардан тыс қалдырмаңыз.

4. Табиғатпен оңаша қалу Біз көп уақытымызды жабық кеңістікте өткіземіз. Ал саяхат жасау сізді кең кеңістікке – табиғат ананың аялы алақанына алып шығады. Аймақтың кеңдігі кеудеңіз кеңеюіне де жол ашады. Табиғатпен оңаша қалу сізді терең ойларға жетелейді.
2-мәтін

Аспан түсінің көк болу себебі

Аспанның түсі неліктен көк? Аспан бізді қоршап тұратын ауадан тұрады. Бірақ басты шалқайтып, көкке көз тіксек, жүзін бұлт торламаған, ашық аспанның түсі көк екенін көреміз. Күнделікті жұтатын ауамыз көзге көрінбейтін, түссіз болғанымен аспанымыздың түсі көк. Оның сыры неде?