Файл: Орта білім беру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 274

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ



Цифрлық білім беру ресурстары бұл цифрлық формада ұсынылған фотосуреттер, бейнефрагменттер, статикалық және динамикалық үлгілер, виртуалды шынайы және интерактивті үлгілеу объектілері, картографиялық материалдар, дыбыс жазбалары, символдық объектілер және іскерлік графика, мәтіндік құжаттар және оқу процесіндегі ресурстар болып табылатын өзге де оқу материалдары.

Цифрлық білім беру ресурстары (ЦБР) – цифрлық технологиялар базасында құрылған және жұмыс істейтін білім беру ресурстары.

Оқыту процесінде пайдалану үшін цифрлық ресурстардың келесі тізімі ұсынылады:

«Duolingo».Duolingo-да оқыту ойын түрінде өтеді: сөздерді дұрыс табу, сөйлем құрастыру және тапсырмаларды таймермен орындау қажет. Сервис ақпаратты қалай игергеніңізді қадағалайды және осы деректердің көмегімен жеке бағдарламаңызды құрайды. Сайт тегін, бірақ ақылы жағдайда жарнаманы алып тастауға болады.

«Memrise».Ондаған тілді үйренуге мүмкіндік беретін, интерактивті тапсырмалар мен әртүрлі тақырыптарға (өнер, ғылым, мансап, ойын-сауық және т.б.) арналған жүздеген курстарды қамтитын портал. Сонымен қатар, Memrise дұрыс жауап нұсқаларын таңдау қажет бейнедиалогтарды пайдаланады. Қаласаңыз, басқалар пайдалану үшін оқыту курсын өзіңіз де жасай аласыз.

«Udemy».Пайдаланушылар ұсынған он мыңдаған курс бар сайт. Курстардың басым көпшілігі ағылшын тілінде берілген. Музыка мен дизайннан бастап робототехника мен бухгалтерлік есепке дейінгі
салалар қамтылған. Курстардың ұзақтығы екіден сегіз сағатқа дейін.

«edX».Сайтта әлемнің барлық университеттерінен мыңдаған онлайн- курстар табуға болады. Гарвард немесе Массачусетс технологиялық институтының оқушысы ретінде сезінудің тамаша тәсілі. Философия, логистика, программалау, саясаттану, өнертану және т.б. ғылым саласы бойынша мәліметтер табуға болады.

«Coursera».Әртүрлі тақырыпқа арналған курстар бар ірі порталдардың бірі. Мұнда кез келген тақырып бойынша зерттеу жүргізе аласыз. Қаласаңыз, үйден шықпай-ақ, қандай да бір шетелдік университеттің сертификатын алуға болады.

«Skillshare». Әр түрлі тақырыптар бойынша ондаған мың бейнесабақтар (фотосурет, SEO-оңтайландыру, маркетинг, идеялар генерациясы және т.б.) берілген. Бұл сайт контент құрушылар үшін өте пайдалы.

«FutureLearn».Тегін онлайн курстар ұсынатын 40-тан астам университетті біріктіретін Британдық ресурс.

«Лекториум».Оқушылар, студенттер және мамандар үшін көптеген курстар жүктелген.

«Универсариум». Еркін қол жетімді жалпы білім беретін дәрістер мен курстар.

Электрондық оқулықтар (ЭО). Білім беруді ақпараттандырудың педагогикалық технологиялар орталығы модульдік оқыту технологиясы бойынша жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес әзірленген компьютерлік оқыту бағдарламалары болып табылатын электрондық оқулықтарды әзірледі. Қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық оқулықтар мектеп кітапханаларында қолжетімді.

1-сыныпқа арналған -14 ЭО; 2-сыныпқа арналған – 7 ЭО; 3- сыныпқа
арналған – 7 ЭО;

  1. сыныпқа арналған – 6 ЭО;

  2. сыныпқа арналған –8 ЭО;

  3. сыныпқа арналған – 8 ЭО;

  4. сыныпқа арналған – 13 ЭО;

  5. сыныпқа арналған –12 ЭО;

  6. сыныпқа арналған – 15 ЭО;

  7. сыныпқа арналған 11 ЭО;

  8. сыныпқа арналған 16 ЭО;

www.BilimLand.kz - электрондық оқулықтар мен қосымша цифрлық білім беру ресурстары орналасқан білім беру порталы.

www.imektep.kz- қазақ тілінде оқытатын мектептерге арналған электрондық оқулықтары бар бастауыш мектептің мультимедиалық курсы (қазақ тілі, әдебиеттік оқу, дүниетану, математика, өзін-өзі тану, еңбекке баулу, музыка, бейнелеу өнері).

Бастауыш сыныптар үшін әлеуметтік ортада баланың жеке басының қалыптасуына және ақыл-ойының дамуына ықпал ететін «Интеллектум-бастауышмектеп»интеллектуалды-дамытушылық ойындар кешенін пайдалану ұсынылады. Сілтеме:https://youtu.be/DA6xyYRnZO0

«Домбыра» курсын жүргізетін педагогке этнограф, өнертанушы, әдебиетші, журналист, қоғам қайраткері, профессор Ақселеу Сейдімбектің

«Қазақтың күй өнері» кітабы мен Ы. Алтынсарина атындағы ҰБА-ның

www.nao.kz. сайтында орналастырылған басқа да ресурстар ұсынылады.

www.twig-bilim.kz- BBC Motion Gallery студиясының бейнесабақтары негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған электронды оқыту кешені. Баланы дамыту мен PISA тестілеріне дайындауға арналған ресурс.

«MEKTEПOnLine»- орта мектептің оқу пәндері бойынша бейне- сабақтар.

IоTBOARD- заттар интернетін зерттеуге арналған модульдері мен датчиктері бар
бір тақталы жиынтық.

Жаратылыстану-математика бағыты бойынша 11-сыныптағы заттар интернетін үйрену үшін IoT Board жиынтығын пайдалану ұсынылады. Жиынтық өлшеуге қажет барлық датчиктерден, Bluetooth және Wi-Fi желісіне қосылуға арналған кіріктірілген модульдерден тұрады. IoT Board -заттар интернетін тиімді әрі ыңғайлы оқытуға арналған аппараттық-бағдарламалық құрал.

Ерекшеліктері:

  • барлық датчиктер мен компоненттер жиынтықтың ажырамас бөлігі, бір тақтада дәнекерленген;

  • заттар интернеті модулі кіріктірілген;

  • панельдегі дайын электр сызбасы бөлшектерді байланыстыруға ыңғайлы;

  • электр желісімен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік;

  • тақта электр және перифериялық қосылымдарға арналған қорғаныс элементтерімен жабдықталған;

  • қуат блогынан электр қуатын тұтынатын негізгі нүктелерге мыс өзектер жүргізілген;

  • модульдерді компьютердегі USB кабелі арқылы программалауға болады;

  • тақтадағы әр компонент үшін шелкографияда дайындалған пиктограммалар түрінде нұсқаулар көрсетілген.

МАЗМҰНЫ


1. ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ НЕГІЗГІ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРІ 5

2 ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 23

  1. ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 38

    1. Мектепалды даярлық сыныптары 38

    2. Бастауыш білім беру деңгейі 43

    3. Негізгі орта білім беру деңгейі 85

    4. Жалпы орта білім беру деңгейі 206

    5. Қашықтан оқыту 316

    6. Жазғы мектеп 320

4 ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 322

5. КЕШКІ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 326

  1. АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 338

  2. ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 351

  1. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІГІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ 358

  2. БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ 370

ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ


ҚР БҒМ


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

ӘНХ

Әдістемелік-нұсқау-хат

МЖМББС

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты

ҮОЖ

Үлгілік оқу жоспары

ЖМБ

Жаратылыстану-математика бағыты

ҚГБ

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт

БЖБ

Бөлім бойынша жиынтық бағалау

ТЖБ

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау

ФБ

Формативті бағалау

ЦББР

Цифрлық білім беру ресурстары

ББЖМ

Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу

ҰБТ

Ұлттық біліктілік тест

TIMSS

Математикалық және жаратылыстану-ғылыми білім беру

сапасын халықаралық зерттеу

АКТ

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

ЕБҚБ

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар

ШЖМ

Шағын жинақты мектеп

«НЗМ ДББҰ»

АҚ

«Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымы» акционерлік қоғамы

РМҚК

Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

ҰБА

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

«Дарын» орталығы

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы»

РМҚК

ҰТО

«Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК

ЭЫДҰ

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы