Файл: Орта білім беру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 475

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
негізінде әзірленген, бірақ пәннің мазмұнына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін, тақырыптарды зерттеу дәйектілігі, сағат саны, оқытудың ұйымдық нысандарын пайдалану және т.б. бағдарламалар жатады.

Авторлық бағдарламалар – аналогтары жоқ оқыту бағдарламалары. Олар осы пән бойынша оқу курсының мазмұнын құрастырудың авторлық тұжырымдамасына негізделген.

Мақсаты бойынша элективті курстардың бірнеше түрін бөліп көрсетуге болады:

  1. Олардың бірі бейінді курстардың «үстеме» ретінде неғұрлым қабілетті оқушылар үшін қандай да бір оқу пәнін меңгерудің жоғары деңгейін қамтамасыз етуі мүмкін. Бұл жағдайда мұндай қосымша бейіндік курс толық көлемде тереңдетілген болып, ал курс оқытылатын мектеп (сынып) жекелеген оқу пәндерін (пәндік)тереңдетіп оқытатын дәстүрлі арнайы мектепке айналады. Мысалы,

«Объектілі-бағытталған бағдарламалау жүйесін және электрондық кестелерді

пайдалана отырып ақпараттық модельдерді зерттеу».

  1. Басқа элективтер пәнаралық байланысты қамтамасыз етуге және бейінді деңгейде аралас оқу пәндерін бейіндік деңгейде оқуға мүмкіндік береді, мектепте (сыныпта) ең төменгі жалпы білім беру деңгейінде (пәнаралық) жүзеге асырылатын базистік курстардың бірінің мазмұнын дамытуы тиіс. Бұл қызығушылық танытқан оқушыларға өздерінің танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға және бейіндік деңгейде осы пән бойынша қосымша дайындық алуға мүмкіндік береді. Мұндай элективті курстар қатарына мысал ретінде төмендегі курстар ұсынылады:

  • экономикалық бейінді таңдаған оқушылар үшін «Математикалық статистика»;

  • индустрия-технологиялық бейін үшін «Компьютерлік графика»;

  • гуманитарлық бейіндегі «Өнер тарихы»;

  • «Сайт құру технологиясы» - әмбебап.


  1. (Бағдарлы) курстар жеке оқушылардың адам іс-әрекеті саласындағы танымдық қызығушылықтарын олардың таңдаған бейінінің шеңберінен шығатындай қанағаттандыруға бағытталған. Мысалы, технологиялық бейін

«XX ғасырдағы шетел әдебиеті». Элективті курстардың тағы бір түрі еңбек нарығында табысты алға жылжу үшін оқушылардың білім беру нәтижелеріне қол жеткізуіне бағдарлануы мүмкін. Осындай курстарға «Компьютерлік графика», «Іс қағаздарын жүргізу» немесе «Іскерлік ағылшын тілі» курстары, «Рационалды тамақтану негіздері» немесе «Автоәуесқойларды дайындау» және т.б. қызмет көрсету саласындағы жұмысқа дайындау курстары мысал бола алады.


  1. 1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   90

АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды арнайы мектептерде оқыту
Білім берудің бастапқы деңгейі

Арнайы мектептерде / сыныптарда оқушыларды оқыту дамудың бұзылу түрлері бойынша ұйымдастырылады: есту қабілеті бұзылған балалар; көру қабілеті бұзылған балалар үшін; сөйлеу қабілеті бұзылған балалар үшін; тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар; психикалық дамуы тежелген балалар үшін (бұдан әрі – ПДТ); ақыл-ой кемістігі бар балалар үшін (жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі).

Арнайы мектептер жалпы білім беретін мектептермен білім алушыларды оқытудың, тәрбиелеудің, дамытудың жалпы міндеттерін, сондай-ақ оқытудың арнайы жағдайларын жасай отырып, бұзылған функциялардың орнын толықтыру міндеттерін шешеді, оларға мыналар жатады:

    1. оқудың ұзартылған мерзімдері;

    2. оқытудың арнайы әдістері, тәсілдері және құралдары;

    3. техникалық және компенсаторлық құралдар;

    4. тіршілік ету ортасы;

    5. арнайы дайындалған педагогтер;

    6. психологиялық-педагогикалық көмек (логопедтер, арнайы педагогтер: сурдопедагогтер, тифлопедагогтер, олигофренопедагогтер, психологтер, әлеуметтік педагогтер, ЕДШ нұсқаушылары);

    7. дамудың кемшіліктерін өтеуді, әлеуметтік, коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз ететін оқу жоспарының арнайы пәндері;

    8. медициналық, әлеуметтік және өзге де қызметтер.

Арнайы жағдай жасау үшін мектеп педагогтері мен мамандары оқушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады.

Арнайы мектептердегі/ сыныптардағы бастауыш білім
беру деңгейіндегі оқу-тәрбие процесі мынадай нормативтік-құқықтық құжаттармен реттеледі:

  • «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы 595 бұйрығы»;

  • «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы 500 бұйрығы»;

  • Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған үлгілік оқу бағдарламаларымен (ҚР БҒМ 05.02.2020 ж. № 51 бұйрығы, ҚР БҒМ 27.07.2017 ж. № 352 бұйрығы.).

Оқу жылының ұзақтығы 0-сыныпта – 32 оқу аптасы, 1-сыныпта – 33 оқу аптасы, 2-4-сыныптарда – 34 оқу аптасы. Нөлдік сыныптағы білім беру процесі бұзушылықтардың түрлері бойынша арнайы мектептердің білім алушыларына арналған үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Есту, көру, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеу қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген оқушыларға арналған үлгілік оқу жоспарларының инварианттық бөлігінің жалпы білім беретін пәндер тізбесі және олардың негізгі мазмұны мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі МЖМБС) талаптарына сәйкес келеді (ҚР БҒМ 31.10.2018 ж. № 604 бұйрығы). Арнайы оқытудың оқу бағдарламалары (www.nao.kz) білім алушылардың психофизикалық ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін, сондай-ақ жалпы білім беретін оқу бағдарламалары ескеріле отырып, бастауыш орта білім берудің оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады. Оқу процесінде арнайы ОӘК, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептерге арналған ОӘК пайдаланылады.

Көзі көрмейтін балаларды оқыту жалпы білім беретін мектептерге арналған
Брайль қарпімен басылған, ал нашар көретіндер үшін – ірілендірілген қаріппен жүзеге асырылады.

Ақыл-ойы бұзылған білім алушыларға арналған үлгілік оқу жоспарының бөлімдері мен оқу пәндерінің тізбесі, сондай-ақ оқу бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұны МЖМБС талаптарына бағдарланбаған. Оқу процесі арнайы оқулықтар мен оқыту әдістемелерін пайдалана отырып, арнайы оқу бағдарламалары бойынша жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылар үшін Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады. Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды оқыту жекелеген сыныптарда немесе педагогикалық кеңестің шешімі бойынша жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім

алушылармен бірлесіп ұйымдастырылады.

Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды оқыту орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған Үлгілік оқу бағдарламалары негізінде және сынып педагогі мен психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мамандарының оқушыны кешенді психологиялық-педагогикалық зерделеуі негізінде жасалған үлгілік оқу жоспарына және жеке оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Жеке оқу бағдарламасы жартыжылдыққа жасалады, жеке оқу бағдарламасын іске асыру уақыты аяқталғаннан кейін әр оқушының жетістіктеріне талдау жасалады және келесі жартыжылдыққа жеке оқу бағдарламасы жасалады. Мұғалім әр оқушының жеке мүмкіндіктерін, білім беру және жеке жетістіктерін бақылау нәтижелерін ескере отырып, оқытудың мазмұнын, әдістерін, формаларын, дидактикалық құралдарын өз бетінше таңдайды.

Сыныптардағы оқыту мазмұны: өзі туралы түсініктерді; өзіне-өзі қызмет көрсету және тіршілікті қамтамасыз ету дағдыларын; қоршаған орта туралы