Файл: алыптастырушы баалауа арналан тапсырмалар жинаы Алгебра 7сынып рметті малім!.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 66

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Бөлім: «Қысқаша көбейту формулалары»





Оқу мақсаты

7.2.1.11 қысқаша көбейту формулаларын білу және қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Көпмүшелермен амалдар орындау үшін формулаларды қолданады

  • Дәлелдеу үшін формулалар қолданады




Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

1-тапсырма

Көпмүшелерді көбейтіңіз:

а) 3х – 1 және 9х2+3х+1

b) 2х+3 және 4х2 – 6х+9
Дескриптор Білім алушы

- көбейткіштер түрінде жазады;

- сәйкес келетін формуланы қолданады;

- көбейтінді нәтижесін жазады.

2-тапсырма

Өрнектерді ықшамдаңыз:

а) (2х+1)3 – 6х2 – 3х – 2

б) (х – 3)3 +9х2 – 27х +20
Дескриптор Білім алушы

- тиісті формулаларды қолданады;

- өрнектерді түрлендіреді.
3-тапсырма

Дәлелдеңіз:

a) 973+933 өрнегі 19-ға бөлінеді;

b) 3963 – 1143 өрнегі 141- ге бөлінеді.
Дескриптор Білім алушы

- сәйкес формулаларды қолданады;

- бөлінгіштікті дәлелдейді.
4-тапсырма

  1. Бүтін санды 8-ге бөлгендегі қалдық 7-ге тең. Осы санның кубын 8-ге бөлгендегі қалдық та 7-ге тең екенін дәлелдеңіз.

  2. Бүтін санды 5-ке бөлгендегі қалдық 4-ке тең. Осы санның кубы мен квадратының қосындысы 5-ке бөлінетінін дәлелдеңіз.


Дескриптор Білім алушы

- өрнек құрады;

- сәйкес формулаларды қолданады;

- жақшаны ашады;

- бөлінгіштікті дәлелдейді.



Бөлім: «Қысқаша көбейту формулалары»





Оқу мақсаты

7.1.2.14 тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Есептеу барысында қысқаша көбейту формулаларын тиімді қолдана алады




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Тапсырма

Тиімді тәсілмен есептеңіз:

a)

b)

c)

d)
Дескриптор Білім алушы

- қажет формуланы қолданады;

- түрлендіруді орындайды;

- өрнектің мәнін табады.




Бөлім: «Қысқаша көбейту формулалары»





Оқу мақсаты

7.2.1.14 алгебралық өрнектерді қысқаша көбейту формулалары арқылы көбейткіштерге жіктеу

7.2.1.15 қысқаша көбейту формулалары арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындау


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктейді

  • Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді ықшамдайды




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

1-тапсырма

Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеңіз:

  1. 81х2 – 64

  2. (х+3)2 – 16

  3. х6 – 8

  4. 27х3 + 125

  5. 4 – у6

  6. (х – 2)2 – (x+3)2


Дескриптор Білім алушы

  • қай формуланы қолдану керектігін анықтайды;

  • қысқаша көбейту формулаларын қолданады;

  • өрнектерді көбейткіштерге жіктейді.


2-тапсырма

Тепе-теңдікті дәлелдеңіз

1.

2.
Дескриптор Білім алушы

  • қысқаша көбейту формулаларын қолданады;

  • түрлендірулер орындайды;

  • тепе-теңдікті дәлелдейді.





Бөлім: «Қысқаша көбейту формулалары»





Оқу мақсаты

7.4.3.1 есеп шарты бойынша математикалық модель құру

7.4.2.2 мәтін есептерді теңдеулер және теңсіздіктер құру арқылы шығару


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Есеп шарты бойынша теңдеу / өрнек құрады

  • Мәтінді есептерді шығарады




Ойлау дағдыларының деңгейі


Жоғары деңгей дағдылары

1-тапсырма

Есептерді теңдеу құру арқылы шығарыңыз.

i) Екі санның айырымы 34-ке, ал квадраттарының айырымы 408-ге тең.Осы екі санды табыңыз.
ii) Бір шаршының қабырғасы екінші бір шаршының қабырғасынан 1 см-ге, ал ауданы 31 см2 –ға үлкен. Кіші шаршының кабырғасын анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы

- есеп шарты бойынша теңдеулер жүйесін құрады;

- теңдеулер жүйесін шешу әдісін анықтайды;

- қысқаша көбейту формулаларын пайдаланады;

- теңдеудің түбірлерін табады;

- есептің жауабын жазады.
2-тапсырма

i) Қатар тұрған екі натурал санның қосындысы, олардың квадраттарының айырымына тең екенін дәлелдеңіз.
ii) Қатар тұрған екі натурал санның кубтарының айырымын 6 санына бөлгенде, қалдық әрдайым 1-ге тең болатынын дәлелдеңіз.
Дескриптор Білім алушы

- есеп шарты бойынша өрнекті құрастырады;

- қысқаша көбейту формулаларын қолданады;

- өрнекті түрлендіреді;

- дәлелдеуін жасайды.





4 тоқсан




Бөлім: «Алгебралық бөлшектер»





Оқу мақсаты

7.2.1.16 алгебралық бөлшектерді танып білу


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Алгебралық бөлшектерді таниды




Ойлау дағдыларының деңгейі


Білу және түсіну


Тапсырма

Көрсетілген өрнектердің қайсысы алгебралық бөлшекке жатады?


Өрнектер

+

-

































































.








ДескрипторБілім алушы

  • алгебралық бөлшектерді көрсетеді.



Бөлім: «Алгебралық бөлшектер»





Оқу мақсаты

7.2.1.17 алгебралық бөлшектегі айнымалылардың мүмкін мәндер жиынын табу


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Алгебралық бөлшектегі айнымалының мүмкін мәндер жиынын анықтайды




Ойлау дағдыларының деңгейі


Білу және түсіну

Қолдану

1-тапсырма

Мүмкін мәндер жиыны келесідей болатын екі өрнекті жазыңыз:

а) барлық нақты сандар;

б) бір саннан өзге нақты сандар жиыны;

в) екі немесе одан көп сандардан өзге нақты сандар жиыны;

г) аралықта шектелген нақты сандар жиыны;

д) бірнеше аралықта шектелген нақты сандар жиыны.
Дескриптор Білім алушы

- берілген шарттарға сәйкес өрнектерге мысалдар келтіреді.
2-тапсырма

x-тің қандай мәндерінде бөлшектің мағынасы болмайды?

а) b) с)

d) e) f) .
Дескриптор Білім алушы

- шектеу шартын анықтайды;

- мүмкін мәндер жиынын табады;

- жауабын аралық түрінде жазады.





Бөлім: «Алгебралық бөлшектер»





Оқу мақсаты

7.2.1.18 алгебралық бөлшектің негізгі қасиетін қолдану:


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Алгебралық бөлшектің негізгі қасиетін қолданып, өрнекті ықшамдайды

  • Алгебралық бөлшектің қасиетін пайдаланып, тепе-теңдікті дәлелдейді




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

1-тапсырма

Бөлшектерді қысқартыңыз:

a) b)

c) d)
Дескриптор Білім алушы

- ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарады;

- қысқаша көбейту формуларын қолданады;

- бөлшектің алымы мен бөлімін көбейткіштерге жіктейді;

- бөлшектерді қысқартады.

2-тапсырма

Тік төртбұрыштың ауданы келесі өрнекпен өрнектелген , ал оның ені - . Тік төртбұрыштың ұзындығын табыңыз.

Дескриптор Білім алушы

- ұзындығын табу үшін өрнек құрады;

- топтау тәсілін орындайды;

- ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарады;

- бөлшекті қысқартады;

- жауабын жазады.

Тапсырма 3

Тепе теңдікті дәлелдеңіз:

a) ; b) .
Дескриптор Білім алушы

- ортақ көбейткіштерді жақша сыртына отырып, көбейткіштерге жіктейді;

- қысқаша көбейту формуласын пайдаланып, көбейткіштерге жіктейді;

- бөлшекті қысқартады;

- тепе теңдікті дәлелдейді.
Тапсырма 4

бөлшегінің бөлімін келесідей бөлімге келтіріңіз:

a) b) ; c) .
Дескриптор Білім алушы

- толықтауыш көбейткішті анықтайды;

- бөлшекті көрсетілген бөлімге келтіреді.
http://www.mhhe.com