Файл: Трбиелеу білім беру процесіні циклограммасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.10.2024

Просмотров: 46

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы

3-апта

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы

Жоспардың құрылу кезеңі: 19.09.2022-23.09.2022

4-апта

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы

Жоспардың құрылу кезеңі: 26.09.2022-30.09.2022

5-апта

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы

Жоспардың құрылу кезеңі: 3.10.2022-7.10.2022

1-апта

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы

Жоспардың құрылу кезеңі: 10.10.2022-14.10.2022

2-апта

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы

Жоспардың құрылу кезеңі: 17.10.2022-21.10.2022

3-апта

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы

Жоспардың құрылу кезеңі: 24.10.2022-28.10.2022

4-апта

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы

Жоспардың құрылу кезеңі: 31.10.2022-4.11.2022

1-апта

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы

Жоспардың құрылу кезеңі: 7.11.2022-.11.2022

2-апта

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы

Жоспардың құрылу кезеңі: 14.11.2022-18.11.2022

3-апта

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы

Жоспардың құрылу кезеңі: 21.11.2022-25.11.2022

4-апта

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы

Жоспардың құрылу кезеңі: 28.11.2022-2.12.2022

1-апта



Тәрбиеші: А.Б.Көшербай


Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы



Білім беру ұйымы: «MUBARAK NIET» балабақшасы

Топ: Ересек «Қарлығаш»тобы

Балалардың жасы: 4 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: 28.11.2022-2.12.2022

1-апта



Күн тәртібінің кезеңдері

Дүйсенбі

28.11.2022

Сейсенбі

29.11.2022

Сәрсенбі

30.11.2022

Бейсенбі

1.12.2022

Жұма

2.12.2022

Балаларды қабылдау

Қабылдау: балаларды тексеру, оларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу. Балалар үшін жайлы жағдай жасау. Баланың бүгінгі көңіл күйі, оны не қызықтыратыны туралы сұрау. Сәлемдесуді пысықтау, сүйікті ойыны туралы баланың жеке пікірін білу

Ата-аналармен әңгімелесу,

кеңес беру

Балаларды қабылдау үстінде ата-аналармен баланың мінезіндегі өзгерістер туралы әңгімелесу. Балаларды ауа райының өзгерісіне байланысты киіндіруін айту. Ата аналарға жеке кеңес беру. Ата-аналардың сұранысы бойынша балалардың жеке тәртібі бойынша ұсынымдар беру.

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Топта балалармен шағын ойын орталықтарында еркін ойындарды ұйымдастыру, үстел үсті ойындары.

Кітап бұрышынан суретті кітаптар қарау. Балалармен жеке жұмыс.

Табиғат бұрышындағы еңбек (бөлме өсімдіктеріне күтім жасау)

Өнер орталығында суреттер салу, суретті кітапшаларды бояу.

Құрастыру материалдарымен құрастыру ойындары, кітаптарды қарау,


Таңертеңгі жаттығу

КАРТОТЕКА № 7

I-Кіріспе

Бір сапқа тұрып,бір-бірінің артынан жүру,аяқтың ұшымен жүгіру,адымдап жүру,өкшемен жүру.Бір қатармен жүріп келіп,3 қатарға тұру.

II-Негізгі бөлім лентамен

1.Б.қ.к.аяқ бірге,қол төменде,қолды алға,жоғары,жанына,төмен түсіру.5-6 рет

2.Б.қ.к.аяқ бірге,қол төменде қолдарын екі жанынан жоғары көтеріп,айқастырып,төмен түсіру (5-6 рет)

3.Б.қк.аяқ алшақ,қол белде оң жаққа қозғалғанда оң қолды көтеру,сол жаққа қозғалғанда сол қолды көтеру,екі жаққа да 3 реттен

4.Б.қ.к аяқ алшақ,қол алда қолды кезек-кезек айқастыру ( 5-6 рет)

5.Б.қ.к аяқ бірге,қол төменде қолды созып отырып тұру.

6.Б.қ.к аяқ бірге,қол кеудеде екі аяқтап секіру (14-16 сек)

III-Қорытынды

3 қатардан 1-қатарға келу,жүру,жүгіру,тыныс алу жаттығуларын жасау.

(Жел уілдейді у-у-у,маса ызыңдайды з-з-з,әтеш шақырады ку-ка-ре-ку.)

Таңғы ас

Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін қалыптастыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілердің еңбек әрекеті)

Өз орнын тауып отыру. Ас болсын сөзін айтуды қалыптастыру. Таза және ұқыпты тамақтануды, қасықты дұрыс ұстауды, тамақтанған кезінде ауызын жауып отырып, асықпай әбден шайнауды үйрету. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айту, ас қайыру. (сөйлеуді дамыту)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Ойын: “Аңшылар мен қояндар ”
(сөйлеуді дамыту- коммуникативті іс-әрекет)


Ойын : «Қай жерде не тұр?»

Мақсаты: қарапайым тұжырымдар жасау қабілетін дамыту.

(танымдық ойын, коммуникативтік қызмет)


Қимылды ойын «Ұшты-ұшты» (ойын, танымдық және коммуникативтік қызмет)

Сөздік ойын

«Көпше және жекеше». Сөздерді чя (ойын, танымдық және коммуникативтік қызмет)

Саусақ жаттығуы:

Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Оларды атап шақырар,
Әрқайсысының аты бар.
Бас бармақ,
Балаң үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.

(сөйлеуді дамыту, математика негіздері-қарым-қатынас іс-әрекеті, танымдық іс-әрекет)

Ұйымдастырылған

іс-әрекеттер

Дене шынықтыру

Дене шынықтыру

Музыка

Музыка

Дене шынықтыру

Денсаулық – зор байлық. Балаларға денсаулық туралы ұғымды қалыптастыру. Дұрыс тамақтану ережелері. Пайдалы дәрумендер

Өтілген тақырыпты қайталау. Спорттық шаралар жүргізу. «Спорт- денсаулық кепілі» Дене жаттығуларын жасау. Топтық спорттық жарыс.

«Тазалық - денсаулық кепілі». Дене тазалығы туралы ұғым қалыптастыру. Тазалыққа қатысты мақал-мәтелдер үйрету.

Денсаулық – тақырыбында шығармашылық қабілеттерді дамыту. Балаларға денсаулық тақырыбында сурет салуға тапсырма беру, және оны дұрыс орындауын қадағалау.

Аптаны қорытындылау. Денсаулық туралы балалардың алған білімін кеңейту. Дидактикалық ойын.

Серуенге дайындық

Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау, серуенге алып шығатын кітаптар мен заттарды дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу. Табиғи материалдар туралы не білетіндерін сұрау.

Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты), дұрыс киінуді бақылау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинауды қалыптастыру

Серуен

«Қайда жасырылғанын тап».

Кеңістікте бағдарлай білуге үйрету.

Жеке жұмыс


Қозғалыстардың дамуы.

Жаяу жүру, жүгіру техникасын жақсарту.

Ойын «Жол саламыз» - бөлшектерді бекіту тәсілдерін қолдану

Гүлзарлардағы гүлдердің түстерін атау. Бірдей гүлдерді топтастыру.

Еркін ойын.,

«Жүгіріс-бір күн емес".

Жүгіру техникасын, жақсы қалып, қолдың табиғи жұмысын жақсарту.

Жеке жұмыс


«Қар (ұлпаларының) ұшқындарына бақылау жүргізу.»

Жеке жұмыс.

Серуеннен оралу

Топқа оралу кезінде жылдам қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай бір-бірін итермей жүруді үйрету. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін қалыптастыру. Жұмбақтар шешу, өлеңдер, әндер жаңылтпаштар, санамақтар және т.б. жаттау (көркем әрекет, дербес ойын әрекеті).


Түскі ас

Түскі ас алдында гигеналық шараларды орындау : қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту.

Кезекшілердің жұмысы ( асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою)

Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану , сөйлеспеу, алғыс айту) (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)

Күндізгі ұйқы

Тамақтан соң ауыздарын сумен шаюды қалыптастыру.

Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағыту. Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйрету. Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдау. Қазақ халық ертегілерін оқып беру (көркем әрекет)


Біртіндеп ұйқыдан ояту,

сауықтыру шаралары

КАРТОТЕКА №5

1. Төсекте жатып жасайтын жаттығулар ( 2-3 минут)

С озылу. Б.қ. арқада жатып қолымызды денеміздің бойымен қойып иегімізді кеудемізге тигіземіз , аяқтын ұшын өзімізге қарай тартамыз ( 2- 4 рет)

Ішімізде жатып басымызды аяғымызды жоғары көтеру ( 2- 4 рет)

Ойын «Жаз бен күз» оң жаққа қарап жатып күз дегенде тіземізді құшақтап алу, күзде суық тонамыз , жаз дегенде керілеміз

( 3- 4 рет)

2. Майтабанның алдын алу. ( 2 минут)

Жалаңаяқ бір бірінің артынан жүру, аяқтын ұшымен жүру, өкшемен жүру, табанның ішкі жағымен жүру, сыртымен жүру.

Орындықта отырып аяғымызды оңға солға тербету. ( 3- 4 рет)

3. Арқанын қалпын сақтауға арналған жаттығулар. ( 2 минут)

Қолымызды жоғары көтеріп оңға қарай , солға қарай жоғары созыламыз еденге тигіземіз ( 3- 4 рет)

Жіпке байланған күзгі жапырақтарды үрлеу ( 4-5 рет)

Бесін ас

Кезекшілердің жұмысы ( асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою, соңынан жинау)

Таза және ұқыпты тамақтану. Тамақтану мәденетін қалыптастыру. Асты тауысып жеуге үйрету.

(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Ойын жағдайы «Қуыршақтың туған күні».

Қуыршақтарды ширмада жылжыту қабілетіне үйрету.(қорш орта таныст, сөйлеуді дамыту)

Ойын жағдайы «Кітапханаға барамыз»


Ойын жағдайы «Дәрігердің қабылдауында»

Танымдық-зерттеу қызметі.Дымқыл параққа сурет салу


Театр қызметі «Бауырсақ» Достық қарым-қатынасты тәрбиелеу, көмекке келе білу; бүктеу әдісін қолдана отырып, қағаз парақтарын көлемді формаларға айналдыруға үйрету

Ойын-саяхат

"Смешарик анасымен бірге балабақшаға қалай барды?» -

Балалармен жеке жұмыс

Рысқұл Арманға математикалық фигураларды ажыратуды үйрету

Мағауия Асылыммен пластилинмен жұмыс жасауға көмектесу

Өнербай Ұлпанмен тіл ұстарту жаттығуларын жасау

Шамил Айлинмен тіл ұстарту жаттығуларын жасау

Жалғасұлы Мұхаммедке сурет салу бойынша кеңес беру.

Серуенге дайындық

Киімдерін реттілік сақтап дұрыс киінуге үйрету. Достарына көмектесу.

Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. Таза ауада қандай ойындар ойнайтынын балалармен жоспарлау. (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).

Балалардың үйге қайтуы

Ата-аналармен өткен күн, балалардың жетістіктері туралы әңгіме

Ата аналарға жеке кеңес

Ата-аналармен балалардың дербестігін тәрбиелеу туралы әңгіме.

Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау туралы ата-аналармен әңгіме.

Ата-аналармен «Бір апта ішінде біз не білдік» әңгімесі


Тәрбиеші: А.Б.Көшербай