Файл: Махишева Глжазира Тарих пніні малімі М. Жмабаев атындаы орта мектебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.03.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Lesson study: тарих пәні сабағында оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту жолдары

Махишева Гүлжазира

Тарих пәнінің мұғалімі

М.Жұмабаев атындағы орта мектебі

Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге байланысты өзгермелі еңбек жағдайларына тез бейімделе білетін, өз-өзін тәрбиелеуге, дамытуға, білімін толықтыруға қабілетті белсенді, жан-жақты тұлғаларға қажеттілік туындалды. Қазіргі адамның маңызды сапаларының ішінде белсенді ой-әрекеті, сыни ойлау, жаңашылды, өзбетімен білім алуға қабілеттілік ерекше орын алады. Сонымен білім беру жүйесіне тұлғаның жауапкершілігін және өзбеттілігін дамытуға жәрдемдесетін, оның өзбетінше дамуына, жүзеге асуына бағыттылған функция жүктеледі. Сондықтан орын алып отырған дәстүрлі репродуктивті оқытуға бағытталған дидактикалық парадигманы оқытудың әдістері және формалары, жаңа технологиялық құралдар жүйелері, оқытудың жаңа технология арқылы өзгерту қажет. Ал енді, оқыту үдерісінің тиімділігін зерттеп, талдау - әр ұжымның құзырында, оның шеберлігінде. 2015 жылдан бері Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебінің ұжымы өз тәжірибесіне Lesson Study тәсілін енгізіп келеді.

Lesson Study - мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста қолданылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілінен қолданыла бастаған.Lesson Study-гешараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Studyөткізу немесе жұмыс сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады.

Қазір уақытта Шығыс Азияда Lesson Study Жапониямен қоса, Сингапурде, Гонконг пен Қытайда қолданылады. Бұл тәсіл сонымен қатар батыс елдерде де, соның ішінде АҚШ-та, Ұлыбританияда, Швецияда және Канадада қолданылуда.

Lesson Study бастауыш және орта мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты қолданылады. Lesson Study өткізу барысында топта (немесе жұппен) жұмыс істейтін мұғалімдер:


• Өздері күнделікті жинаған материалдары мен жүйелі бағалау деректерін оқушылардың оқу мен даму басымдықтарын белгілеу үшін қолданады.

• Алдағы уақытта әзірленетін немесе жетілдірілетін, белгіленген міндеттерге жауап беретін оқыту әдістемесін бірлесіп анықтайды.

• Үш «бақылаудағы оқушыны» анықтайды, олар әрқайсысы сыныптағы белгілі бір топтың өкілі болуы қажет, мысалы, оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, орта, төмен оқушылардан.

• Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият зерттейді.

• Бақылаудағы оқушылардың дамуы мен оқуына басты назар аудара отырып, Lesson Study өткізеді және оны қадағалайды. Аталған үдерістер бірнеше сабақ бойы қайталанып, жетілдірілуі мүмкін. Бақылауды барлық Lesson Studyкезінде жүргізу міндетті емес.

• Бақылаудағы оқушылардың Lesson Study туралы ойларын білу үшін олармен сұхбаттасады.

• Lesson Study-ді талқылайды.

• Қолданылатын әдіске бақылаудағы оқушылардың қалай қарайтынын, олардың жеткен жетістіктерін, оқуда көрсететін нәтижелері мен кездесетін қиындықтарын білу, сонымен қатар алынған тәжірибені келешекте оқыту мен оқу әдістемесін әзірлеу үшін пайдалану мақсатында Lesson Study-ге талдау жүргізеді.

Мектебіміздің өндірістік жоспарына сай 2.10.2022ж - 26.10.2022 ж аралығында тарих пән бойынша Lesson Study зерттеу жұмыстарын жүргізді. Lesson Study тақырыбы: «Тарих пәні сабақтарында тілдік дағдыларды қолдану ерекшеліктері». Фокус-сынып: жаңартылған білім беру мазмұнындағы 7 сынып. Пән мұғалімі: Махишева .Г. Бұл сыныпты алғандағы көздеген мақсатымыз - оқушылардың бастауыш сатыдан орта буынға бейімделуін сабаққа деген өзіндік көзқарасы ме қызығуы, оқушы бойынан жеке тұлға ретінде қалыптасқан қасиеттерін, мінез-құлықтарын сабақ барысында бақылап, зерттеу соңында нәтижесін шығару. Биыл сыныпты қабылдаған жас сынып жетекшісіне көмек көрсету, тәжірибе жетілдіруде менторлық қолдау көрсету.

Lesson Study тобының 1-отырысында бақылау фокусына алынатын топты анықтадық. Бақылау фокусына 3 деңгейлі оқушы таңдалды:

  • А деңгейі – оқу үлгерімі жоғары деңгейдегі оқушы –барлық пәндерден үздік нәтиже көрсетіп жүрген, дарынды оқушы – .Дулат Қаршыға

  • В деңгейі – оқу үлгерімі жақсы оқушы - бастауыштан «үздік» болып келген оқушы, бірақ 5-сыныпта түсіп қалған оқушы – Қалиқұл Диана.

  • С деңгейі – оқу үлгерімі ортадан төмен оқушы –Абдрахман Ақниет.


Зерттеу болжамдары:

  • Тәртіпті реттілікті сақтай отырып, әңгімеге өз бетімен кірісуі;

  • Жоспарланған тапсырма туралы өз ойын айту қабілеті;

  • Топта жұмыс істеу дағдысы;

  • Бағалау үдерісіне қатысу дәрежесі.

Осы аталған критерийлер бойынша сабақ барысында бақылау фокусындағы оқушыларды бірлескен топ мүшелері зерттеп, әрбір іс-әрекетін қадағалап, қорытынды шығарып отырды.

Lesson Study тобы 3 топқа бөлініп, сабақты зерттеу 3 бағытта жүргізілді:

№1-топ - «Жаңартылған білім беру жағдайындағы сабақ үдерісін зерттеушілер» - Г.Махишева

№2-топ - «Оқушы іс-әрекетін бақылаушылар» - Г.Камысбаева,С.Бекберген

№3-топ - «Сабақ кезіндегі мұғалімнің іс-әрекетін бақылаушылар» - О.Мұхалаева,С.Мұсатай

Lesson Study-ді өткізу алгоритмі 3 циклдан тұрады.

1 цикл:02.10.2022ж. Пән мұғалімі: Г.Махишева. Сабақ тақырыбы: “ Феодалдық экономика ерекшеліктері неде ?”

Сабақ аяқталғаннан кейін оқушылардан сұхбат алынды. Сұхбатта А,В,С оқушыларға не білгендері, не үйренгендері туралы сұрақтар қойылды. Сабақ кезінде қиналған жерлерін сипаттап, қиындықтан қалай шыққандары және сабақта ұнамаған сәттері туралы әңгіме қозғалды.

А оқушы сабақта сыныптың оқушылары білмеген жерлерін қайта-қайта сұрап, мазалауы кедергі болып, ойы бөлініп, сабақта 100% өзін көрсете алмағанын ортаға салды.

В оқушы сабақта тақырыпты түсінгенін, мәтінмен жұмыс жасау жалықтыратынын айтты. Келесі сабақта жарыстыратын тапсырмалар болса деп ұсыныс жасады.

С оқушы сабақта сыртқы және ішкі тапсырмаларды ажыратуда үйренгенін, өзбетінше түсінік айтудан қиналғанын айтып өтті.

Сұхбаттан кейін Lesson Study тобының отырысы өтті. Отырыста әр топ өз зерттеу проформасы бойынша жасалған зерттеулерін ұсынды.

№1-топ - «Жаңартылған білім беру жағдайындағы сабақ үдерісін зерттеушілер» тобының зерттеуі бойынша:

  • Сабақтың оқу мақсатына сай тапсырмалар таңдалған;

  • Бірақ сабақ барысында мұғалім әр оқушы деңгейін нақты анықтай алмады;

  • Келесі сабақта тапсырмаларды оқушылардың деңгейіне қарай жоспарлау ұсынылды.

№2-топ - «Оқушы іс-әрекетін бақылаушылар» тобының зерттеу қорытындысы:

  • А оқушының логикалық ойлау қабілеті өте жоғары деңгейде (мұғалімге тақырыпты ашуға, диалогты ұйымдастыруға көмектесіп отырды). Сабақта көбірек білсем, көбірек үйренсем деген ұстанымда отыратыны байқалды. Барлық тапсырмаларды тез арада орындап, бос уақытында отырады. Келесі сабақта А оқушыға жоғары деңгейдегі тапсырмаларды дайындап келуді ұсынды.

  • В оқушы қате айтамын деп қорықпай, еркін диалогқа түсті. Сөйлем құрауда грамматикалық, фонетикалық қателер сипаты болғандықтан, келесі сабақта грамматикалық құрылымды нақты пысықталсын деген ұсыныс болды.

  • С оқушы тапсырмаларды орындауға көп уақыт талап ететіні байқалды. Тапсырмаларды орындау барысында мұғалімнің көмегін қажет етті. Келесі сабақта бұл оқушыға жеке тапсырма беруді ұсынды.


3-топ - «Сабақ кезіндегі мұғалімнің іс-әрекетін бақылаушылар» тобы «Қозғалыс картасын» толтырып, мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасын байқады. Назардан тыс қалып қойған оқушылар болғандықтан, келесі сабақта әр оқушымен байланыс орнатуға ұсыныс білдірді.

Барлық талдау жүргізіліп болғаннан кейін, пән мұғалімі Г.Махишева өткізген сабағы бойынша рефлексивті есеп жазды.

Отырыстан кейін 1-циклді аяқтау жөніндегі №2 хаттама (1-қосымша) және талдау жазбалары толтырылды. (2-қосымша). Талдау жазбаларында көрсетілген ұсыныстар:

  1. Келесі сабақта топтық жұмысты ұйымдастыру;

  2. Тыңдалым тапсырмасын ұйымдастыру;

  3. Уақыт үнемдеу.

Lesson Study – бұл тәжірибе алаңы болғандықтан, тәжірибе алмастыру және менторлық қолдау мақсатында топтың ұйғаруымен №2-циклде пән тарауын ауыстыруға шешім жасадық. Келесі циклды 10.10.2022 күнге жоспарладық.

2 цикл:10.10.20 ж. Пән мұғалімі: Г. Махишева. Сабақ тақырыбы: “«Қара індет» не себепті жылдам таралды ?”.Алдыңғы циклда айтылған ұсыныстарды ескеріп, сабақ топтық жұмыстарға негізделді. Оқушылар рольдік ойындарға белсене қатысып, топтық тапсырмаларды жарыса орындады.

№1-топ - «Жаңартылған білім беру жағдайындағы сабақ үдерісін зерттеушілер» тобының зерттеуі бойынша:

  • Сабақтың оқу мақсаттары SMART-мақсатына негізделген. Таңдалған әдістер оқушылардың қызығушылығын оятып, сабаққа жақсы қатысуына әсер етті;

  • Саралаудың түрлі әдістері қамтылған;

  • Бағалау критерийлері жақсы құрастырылған;

  • Келесі сабаққа сыни тұрғыдан ойлау технологиясын ұтымды тәсілдерін қолдану арқылы кері байланыс орнатуға ұсыныс берілді.

№2-топ - «Оқушы іс-әрекетін бақылаушылар» тобының зерттеу қорытындысы:

  • А оқушы өздігінен ізденіп, қосымша ақпарат дайындап келді. Жаңа тақырып кезінде бейнересурстағы ақпаратты түсінгені көрінді. Келесі сабақта А оқушыныңтоптық жұмысқа бейімделуіне жағдай жасау ұсынылды.

  • В оқушы жалпы оқу мазмұнын түсінді, бірақ өз ойын жеткізуде қателер жіберді. Көбінесе ойланбай қол көтеріп, қателерді шапшаңдығынан жіберетіні байқалды. Электрондық оқулықпен жұмыс жасау дағдысы өте жақсы.

  • С оқушы ауызекі сөйлесуде қиналады. Уақытын тиімді пайдалана алмайтыны көрінді. Болашақта сөйлеу дағдысын дамыту бағытында жұмыстану ұсынылды (4-қосымша).

Сабақ аяқталғаннан кейін оқушылардан сұхбат алынды.

А оқушы сабақта бәрін түсінгені байқалды. Келесі сабақта жеке тапсырма болғанын қалады.

В оқушы сұрақтарға жауап беру алгоритмін түсінгенін айтты. Топтық жұмыста құрбыларына көмектескенді және электрондық оқулықпен жұмыстанғанды ұнатқаны анықталды.


С оқушы Топтық тапсырмаларды орындау көңілінен шыққанын айтты. Келесі сабақта топтық тапсырмалар көбірек болса екен деген ұсыныс жасады.

№3-топ - «Сабақ кезіндегі мұғалімнің іс-әрекетін бақылаушылар» тобы «Қозғалыс картасын» толтырып, мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасын байқады. Мұғалімнің көбінесе «қауіпті аймақта» тұратыны анықталды. Келесі сабақта әр оқушымен байланыс орнатуға ұсыныс білдірді.

Барлық талдау жүргізіліп болғаннан кейін, пән мұғалімі Г.Махишева өткізген сабағы бойынша рефлексивті есеп жазды.

Отырыстан кейін 2-циклді аяқтау жөніндегі №3 хаттама және талдау жазбалары толтырылды . Талдау жазбаларында көрсетілген ұсыныстар:

  1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімді тәсілдерін қолдана отырып, сабақты түрлендіру;

  2. Әр оқушыға кері байланыс жасатуды үйрету;

  3. Тілдік дағдыларды дамыту бағытында рольдік ойындарды жандандыру.

3цикл:17.10.2022 ж. Пән мұғалімі:Г.Махишева. Сабақ тақырыбы:

“ Неліктен Жанна д̓ Арк бүгінгі күнге дейін француз халқының есінде ”. Сабақ оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты Team Teаching (командалық сабақ беру) тәсілі бойынша өткізілді. Ментор сабақты өткізді, ал жас маман қонаққа кейіпкер ретінде келіп, сабақта әр оқушыға формативті баға беріп, оқушы уәжін көтеріп отыруға атсалысты.

Сабақ барысын 3 топ бақылап отырды.

№1-топ - «Жаңартылған білім беру жағдайындағы сабақ үдерісін зерттеушілер» тобының зерттеуі бойынша:

  • Сабақта алынған әдіс-тәсілдер оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріліп, таңдалған;

  • Team Teаching өте жақсы жүзеге асып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырды;

  • Оқушылар тілдік дағдыларды еркін қолданып, өз ойларын жеткізе алды.

№2-топ - «Оқушы іс-әрекетін бақылаушылар» тобының зерттеу қорытындысы:

  • А оқушы топ басшысы болып тағайындалып, сабақ бойына өз тобының әр мүшесіне көмегін беріп, топтың ілгерлеуіне септігін тигізді. Күтпеген жерден мұғалімге сұрақ қойып, жаңа тақырып бойынша диалогқа түсті. Мұғалімнің көмекшісі ретінде топтан кері байланыс ала алды.

  • В оқушы өз тобына жаны ашып, уақытпен жұмыс жасап білетіндігін көрсете алды. Өз тобының көшбасшысы бола алды. Өзі барлығын түсініп, басқаларға түсіндіріп отырды.

  • С оқушы мұғалімнің алдын-ала берген тапсырмасы бойынша жақсы ізденіп келген, сынып алдында қорғауы, өзін-өзі ұстауы өте жақсы болды. Және қосымша тапсырма дайындап келген. Бұның өзі оқушының пәнге деген қызығушылығы артты деп түсінуге болады.