Файл: 3 жалпы білім беретін орта мектебі кмм оу трбие жмысыны сараптамасы (ш жылы крсеткішті салыстыра отырып).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 44

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Күшті жақ:

  • сыныптан тыс шара өткізуде мұғалімдер мен «Жас ұлан» ұйымы мүшелерінің потенциалы жеткілікті.

  • Шешу жолдары: «Мектеп. Оқушы. Ата-ана» жобасы шеңберінде және «Жас ұлан» ұйымдарының және «Сиқырлы саусақ» шығармашылық көрмесі жұмысын ұйымдастыру.

  1. Ұлттық тәрбие:

Міндеттер: ұлттық және адамзаттық құндылықтарға бағытталған тұлғаға қажетті жағдайлар жасау, қазақ халқының, ҚР этностары мен этникалық топтарының тілі мен мәдениетін құрметтеу.

Мектепте рәміздер бұрышы бар, тарих, бастауыш сынып, қазақ тілі кабинеттерінде ҚР рәміздеріне арналған стендтер ілінген. Кітапханада ҚР мемлекеттік рәміздері бойынша әдістемелік көрме, сыныптан тыс шаралардың әзірлемелері ұйымдастырылған. Жалпы мектептік саптық жиындар, әскери-спорттық бұқаралық шаралар өткізгенде ҚР мемлекеттік рәміздері қолданылады. Пән мұғалімдері, сынып жетекшілері сабақтарда, сынып сағаттарында ҚР мемлекеттік рәміздерінің маңызын түсіндіреді. «Мәңгілік ел» идеясын насихаттау мақсатында Тәуелсіз Қазақстанның әр жас жеткіншегінің жүрегінде еліне, отанына деген сүйіспеншілігін ояту тәрбие жұмысының негізгі міндеті болып саналады.

Әлді жағы: тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлау, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу жұмыстарының нәтижелілігі.

Әлсіз жағы: ұлттық құндылықтар кіріктірілген сабақтан тыс шараларды тиімді ұйымдастырылмауы.

Шешу жолдары: «Мектеп. Оқушы. Ата-ана» жобасы жұмыстары арқылы шешу.


  1. Отбасылық тәрбие.

Міндеттер: ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.

Әр тоқсан сайын бір рет жалпы мектептік, соңынан сыныптық ата-аналар жиналысы өтеді. Жалпы мектептік жиналыстарда кезекті мәселелерден басқа, жалпы құқықтық оқу бойынша лекториялар өткізіледі. Ата-аналар ҚР әкімшілік және құқықтық кодекстерімен танысып, жыл сайын «Отбасы қүні» шарасына шақырылады. Осы орайда ата-аналарымыз шақырылған уақытта үнемі келіп қатысады. «Сиқырлы саусақ» қолөнершілер тобы арқылы оқушы-мұғалім-ата-ана бірлігі қамтамасыз етіледі. Мектепке кейбір келмейтін ата-аналармен жекелей әңгіме жүргізіліп оң нәтиже береді. Ата-аналар қоғамдастығы үнемі бұқаралық спорттық, сондай–ақ ғылыми-танымдық шараларға да белсене қатысады.


Әлді жағы: ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыруға ықпалының болуы.

Әлсіз жақтары:

мектепішілік шараларды ұйымдастыруда ата-аналар қоғамының аз қатысуы;

Шешу жолдары: Келешекте бұл бағыттағы жұмыстарды «Мектеп. Оқушы. Ата-ана» жобасының жұмысы арқылы шешу.

  1. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.

Міндеттер: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.

Мектепте оқушыларды еңбек дағдыландыруда белсенді жұмыс жүргізіледі, пед.ұжыммен бірлесе мектеп аумағын көгалдандырумен абаттандыру айлықтарына ат салыса қатысады. Апта сайын «Таза бейсенбі» күнін өткізіп отырады. Жыл сайын 5-8,10 сынып оқушылары жазғы еңбек тәжірибесін (көгалдандыру бригадасы) өтеді, балалар мамыр, маусым айларында белсенді түрде қатысады. Биология және география пәнінің мұғалімдері аталған тәжірибеге жетекшілік ете отырып, жүйелі жұмыс атқарады. Осы жетістіктер арқасында «Жасыл ел» жобасы аясында жүргізілетін жұмыстар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениеті дамытылады. Кәсіби бағдарлы жұмыс 5-сыныптан бастап жүргізіледі. Мектепте жеке кәсіби бағдарлы кабинет бар. Жылына екі рет жоғары және орта-арнаулы оқу орындарының өкілдері шақырылады. Мектеп оқушылары кәсіби сынамаларға қатысады, экскурсия түрінде жоғары және орта-арнаулы оқу орындарына барады.

Әлді жағы: тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамытады.

Әлсіз жағы: оқушылардың мамандық таңдауына ақпараттың аздығы.

Шешу жолдары: «Жасыл ел» жобасы аясында шешу.

  1. Көпмәдениетті және көркем –эстетикалық тәрбие.

Міндеттер: білім беру ұйымдарының білім беру кеңістігін тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.

Әр сыныптың оқушылардың өзі сайлаған белсенділері бар, оқушылар мектептің қоғамдық өміріне белсене қатысады. Мектепте өзін өзі басқару органы, «Жас Ұлан» ұйымы жұмыс істейді. Жыл бойы ұйым белсенді жұмыс атқарады. Оқушылар мектеп әкімшілігінің және сынып жетекшілерінің қолдауымен зияткерлік, тақырыптық байқаулар мен викториналар, сондай-ақ спорттық шаралар мен мәдени іс-шараларға ат салыса қатысады. «Сырлы қалам» үйірмесінің мұғалімі ай сайын тақырыптық сурет пен плакаттар байқауларын өткізеді. Мектеп оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық суреттер байқауына қатысып жүлделі орындарды иеленеді.



Әлді жағы: әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістіктің құрылуы.

Әлсіз жағы: бұқаралық ақпарат құралдарына мақалалардың аздығы.

Шешу жолдары: «Жасыл ел» жобасы жұмыстары арқылы шешу.

  1. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі.

Міндеттер: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік құру.

Осы мақсатта мектепте дәстүрлі «ХХІ ғасыр Көшбасшысы», байқаулары өтеді. Сондай-ақ мектепте оқушылардың ғылыми «Зерде» қоғамы жұмыс істейді, мұғалімдер пән бойынша факультативтер жүргізеді. Оқушылар мектептен тыс (аудандық, облыстық) шығармашылық байқауларға, ғылыми жобаларға, зияткерлік марафондарға, олимпиадаларға үзбей қатысады.

Әлді жағы: тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау

Әлсіз жағы: аудан көлемінде көпқырлы байқау-фестивальдің аздығы.

Шешу жолдары: «Зерде» оқушылардың ғылыми қоғамы жұмысы арқылы шешу.


  1. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.

Міндеттер: Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

Оқу жылының басында спорттық-бұқаралық жұмыс жоспары негізінде жұмыс жүргізіледі. Мектепте денсаулық күні, спорт күні өткізіледі, ата-аналар қоғамдастығын шараларға шақыру кеңінен қолданылады. Мектеп құрама командасы баскетбол, волейбол, футбол, теннис және шахмат-дойбыдан аудандық жарыстардың тұрақты жүлдегерлері. «Салауатты өмір салты» бағдарламасы аясында денсаулық, нашақорлық, маскүнемдік, темекі тарту және АҚТҚ алдын алу және салауатты өмір салты негіздері бойынша ақпараттық-ағарту курстар, семинар-тренингтер, денсаулық фестивальдерін, спартакиадалар, қауіпсіздік бағдарларын өткізу; ақпараттық-диагностикалық материалдар дайындау және тарату; «сенім қызметтерін» ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. Негізінде шаралар өткізуде бейнематериалдар мен үлестірмелі материалдар қолданылады. Мектепке тұрақтылық негізінде бұйрыққа сай жұмыс істейді, жоспарға сай сауалнама жүргізіліп, алдын алу жұмыстары атқарылады. Өкінішке орай, мұғалімдердің сабақ жоспарларында сергіту сәті мен релаксация түрлері аз орын алады, дегенмен аталған мәселе директордың ТІ орынбасарының ерекше бақылауына алынған, мұғалімдермен осы әдістің қажеттілігі бойынша түсіндірме жұмыс жүргізілуде. Жыл сайын жазғы уақытта мектеп жанында сауықтыру шаралары жоспарланған тамақтанатын лагерь ұйымдастырылады.


Әлді жағы: салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнатылады. Спорт үйірмелеріне оқушылардың тартылуы.

Әлсіз жағы: оқушылар арасында спорттық секциялар мен үйірме бағыттан сәйкес жоғары жетістіктердің болмауы.

Шешу жолдары: «Салауатты өмір салты» жобасы жұмыстары арқылы шешу.

Ұсыныстар мен тұжырымдамалар:

1. Сынып жетекшілердің біліктілігін арттыру курстарына жіберу;

2.Кәсіби шығармашылық тәрбие бағытындағы жұмыстарды жандандыру;

3.Ата-ана, мектеп, білім алушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту;

Тәрбие жұмысында құқық бұзушылықтың алдын алуда жүргізілген жұмыстар жандандыруды қажет етіп отыр. Осыған орай оқушылар арасында «Заң» клубы жұмыстарын жүргізу көзделуде.

.

Психологиялық жұмыстардың қорытындысы
Мектептегі психологиялық қызметтің мақсаты:

Оқушылардың өзара қарым-қатынасын нығайтуда психоаймақты жетілдіре отырып, олардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеп білу мен дамыту, сонымен қатар, олардың жеке тұлғалық дамуына қолдау көрсету жолдарын және оқушының псхологиялық саулығын қарастыруды, ой-өрісін, шығармашылық мүмкіндіктерін анықтауды және де мектеп ұжымы мен ата-аналарға психологиялық ағарту, кеңес беру жұмыстарын жүргізуді көздейді.

Міндеттері:

  1. Оқушыларға педагогикалық- психологиялық зерттеулер жүргізу.

  2. Оқушылардың ортаға бейімделуі мен қарым-қатынастарын реттеу мақсатында тренингтар жүргізу

  3. Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесін, жеке тұлғалық қабілетін, пәнге бейімділігін, өзін-өзі бағалау дәрежесін анықтау әрі қалыптастыру.

  4. Жеке оқушылармен жұмыс негіздерін жүзеге асыра отырып олардың жеке тұлғалық бағыттағы кемшіліктерін жою.

  5. Мінезі ауыр оқушылармен жұмыс жүргізу сабақ барысында оқушыларға жеке бақылау жасау.

  6. Ата-аналармен жұмыс: ата-аналармен арнайы кеңес өткізу, лектория мен тақырыптық баяндамалар, сауалнама-тест жұмыстарын ұйымдастыру.

  7. Мұғалімдердің кәсіптік деңгейлерін, жеке ерекшеліктерін, қабілеттерін анықтау мақсатында психологиялық жұмыстар жүргізу.

Бүгінгі таңдағы білім беру саласының жұмыстарының жүйелі әрі сапалы деңгейде өтуі үшін, әрине, психологиялық білім, қызмет қажет.


Психологиялық қызмет «Мен өмірде қандай болуым керек, ол үшін неден арылып, неге ұмтылуым, не істеуім керек?» деген мәселені қамтитын, баланы өзі белгілеген межеге жетелейтін, құштарлығын арттырып, ішкі сезімін оятатын, өзін танып біліп, өзін-өзі тәрбиелеуге, кез-келген әрекетке жауапкершілікпен, шығармашылықпен қарауға бағыттайтын сала. Олай болса, бүгінгі таңда психологиялық қызмет саласы оқу-тәрбие барысында мынадай жұмыстарды жүйелі атқарып келеді:

  • Оқу іс-әрекетіндегі оқушы қызығушылығын, белсенділігін дамыту;

  • Оқушының интеллектуалдық, танымдық, қабілеттерін және мінездік ерекшеліктерін анықтау;

  • Әр оқушы, әр сынып бойынша зерттеулер негізінде карта толтыру;

  • Оқушының мақсатын айқындау мақсатында кәсіби сипатта көмек көрсету;

  • Ата-ана-мұғалім-оқушы арасындағы жұмысты нығайту мақсатында жұмыстар жүргізу;

  • Мектеп ұжымының психологиялық ахуалын зерделеу, сынып жетекшілерге психологиялық қолдау көрсету;

  • Диогностикалық бағытта дамытушылық тренингтерін тиімді өткізуді жоспарлау;

Осы аталғандармен бірге оқу процесінде тәрбиелік, салауатты өмір салтын насихаттау үшін де жұмыстар атқарылуда.

Мәселе:Ата-аналар және оқушылардан сауалнама алған кезде мектеп психологына сенімсіздік білдіруі; кейбір сұрақтарға шыңайы жауап бермеуі;

Шешу жолдары: Мектепте үштік одақты жандандыру арқылы мектеп психологына ата-аналардың сенімділігін арттыру

Әлеуметтік педагогтың жұмысы

Мақсаты: Өмір сүру жағдайларын, өмірге қызығушылығын, жеке әлеуметтік жағдайларын зерттеу, анықтау және оқушының тәртібіндегі кездесетін қиыншылықтарын қадағалай отырып, өз уақытысында әлеуметті көмек көрсет, мүддесін қолдау, құқығын қорғау.

Әлеуметті педагог жұмысының негізгі міндеттері:

  • Мектепте, отбасында, өмір сүру ортасында, жастар мен балалар қоғамдарында және ұйымдарында баланың тұлғалану үдірісінің дамуына тікелей әсер ету.

  • Бала тәрбиесінде отбасында әлеуметтік –педагогикалық көмек көрсету. Тұлғалану үдірісіне кері әсерін тигізетін әлеуметтік қатерлі отбасыларын анықтау.

  • Салауатты өмір салтын ұйымдастыру мәселелерімен айналысу, оқушылардың ақыл - ой және дене дамуына байланысты түзету-реабилитациялық әрекетін ұйымдастыру.

  • Мінез-құлқында ауытқу байқалатын балалар мен жастарды дер кезінде анықтау, ассоциалдық мінез – құлықтың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру (қылмыстың, құқық бұзушылықтың, маскүнемдіктің, нашақорлықтың және т.б. алдын алу.)