Файл: Хромопротеиндер Крделі ауызды ауыз емес компоненті Простетикалы топ.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 188

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Пируваттың тотыға декарбоксилденуі, Кребс циклі.

305. Науқас жалпы әлсіздікке, көру қабілетінің төмендеуіне, тәбетінің жоғарылауына (полифагия), шөлдеу (полидипсия), жиі зәр шығаруға (полиурия) шағымданады. Аш қарынға қандағы глюкозаның концентрациясы 10 ммоль / л құрайды. Бұл құбылыстар қандай патологияға тән екенін көрсетіңдер: Қант диабеті

306. Бактериялық инфекцияны емдеу үшін ұзақ мерзім сульфаниламидтік препарат қабылдаған науқаста қан талдауы мегалобласттық анемияның көріністерін анықтады. Бұл қандай витамин жетіспеушілігімен байланысты болуы мүмкін. Осы витаминнің белсенді түрін атаңдар: В12 или В9 фолий қышқылы, тетрагидрофолат

307. Бактериялық инфекцияны емдеу үшін сульфаниламидтік препарат қабылдаған емделушілерде бұл витаминді бір мезгілде қабылдау осы антибиотикке төзімді қоздырғыштар штаммдарының пайда болуына әкелуі мүмкін. Айқын антисульфаниламидтік әсерге ие витаминді атаңдар: Фолий қышқылы немесе В9

308. Гемоглобиннің β-тізбегінде 6-орында бір амин қышқылының екіншісімен ауыстырылуына әкелетін мутация ауыр тұқым қуалайтын ауруды - орақ жасушалы анемияны тудырады, бұл жағдайда қарқынды дене еңбегімен айналысу қиындайды. Бұл аурумен ауыратын адамдардың қызыл қан жасушалары орақ тәрізді. Осы аминқышқылдарды көрсетіңдер: Глутаминің валинге ауысуы Валин(Гидрофобты амин қышқылы)

309. Ақуыздардың арнайы қызметтерінің жойылу себептерінің бірі ақуыз құрылымының бұзылуы болып табылады. Ақуыз молекуласының құрылымдық ұйымдастырылуының қандай деңгейлері өзгеретінін түсіндіріңдер және бұл процесс қалай аталады: денатурация 1-ші құрылымынан басқасын

310. 43 жастағы науқастың дене қызуы 380С дейін көтерілгеннен кейін 2 күннен кейін тері мен шырышты қабаттарының сарғаюы, зәрдің қоңыраюы, нәжістің түссізденуі пайда болды. Қанда тура конъюгацияланған және тура емес конъюгацияланбаған билирубин деңгейі жоғарылаған. Науқаста сары аурудың қандай түрі барын анықтаңдар: Паренхиматозды(бауырда)

311. Клиникалық тәжірибеде барбитураттар ұйықтататын дәрі ретінде қолданылады. Барбитураттардың ЭТТ-ге әсер етуінің биохимиялық механизмін түсіндіріңіз.Тынысалу тізбегі (тежеуші механизмі)

312. Науқас ауыр физикалық жұмыс кезінде бұлшықетінің ауырсынуынан зардап шегеді, бірақ басқа жағдайда өзін сау сезінеді. Бұлшықет ұлпасының биопсиясы бұл науқастың бұлшықетінде гликоген концентрациясының қалыпты жағдайдан әлдеқайда жоғары екендігін анықтады. Бұлшықетте гликогеннің жиналу себебін түсіндіріңіз. Науқаста гликоген алмасуының қандай процесс бұзылғанын атаңдар: 
Гликоген алмасуының ыдырауы

313. Гемоглобин мен метгемоглобиннің агрегациясының нәтижесінде Хайнц денешіктерінің пайда болу себебін көрсетіңдер: Оттектің белсенді түрлерінің артуы,SH-тотығуы күшейеді.