Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі маыстау облысыны білім басармасы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 20
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
«БЕЙНЕУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ
«Ә.ЖАНКЕЛДИН АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ» КММ
Авторы: Иманқали Айбала 9 – сынып оқушысы
Жоба атауы: «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды!»
Секциясы: Тарих
Жетекшісі: Бекхожина Нұрлыгүл
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
2019 жыл
«Бейнеу ауданының әкімдігінің
Ә.Жанкелдин атындағы орта мектебінің
9-сынып оқушысы Иманқали Айбаланың
«Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды!»
атты зерттеу жұмысына
Пікір
Иманқали Айбаланың «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» тақырыбына жазылған зерттеу жобасында желтоқсан оқиғасына қатысқан боздақтардың 1986 жылдардағы өмірінде болған өзгерістер, көрген қиындықтары жан – жақты сараланып қаралған.
Жоба арқылы бұрын айтылмаған, ешкім біле бермейтін, көзкөрген жандармен сұқбат жасалып, тарихи оқиғамен салыстыра білген.
Зерттеуші тақырыпқа байланысты әдебиеттермен және де бағдарламамен танысқан. Жұмыста Желтоқсан көтерілісінің шығуы толық айтылып, оны қазіргі уақытпен салыстыра білген. Жоба жұмыс ретін саралап, өзінше түйін жасап, ойын қорытындылаған.
Жобаның мақсаты зерттеу міндетіне сәйкес келеді. Жұмыс тиянақты, түсінікті, автор ойы тұщымды орындалған.
Жетекші: Бекхожина Нұрлыгүл
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Мектеп директоры: Избасаров Жомарт Шомакович
Аннотация
Зерттеу мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің біз үшін бергені мен
алғанын зерделеу, қазіргі ұрпақтардың көтеріліс туралы
білімін практикалық тұрғыдан терең зерттеу
жұмыстарын жүргізе отырып, нақты ой қорытындысын
шығару. Оқиғаның куәгерлері болған жерлестеріміз
жайлы мағлұмат іздестере отырып, ол кісілердің ерлік
істерін мақтан тұтып, мадақтау, дәріптеу.
Зерттеудің әдісі: Барлық алынған деректермен, материалдармен танысу
жұмыстарына бағытталған арнайы зерттеулерді талдау
және зерделеу.
Зерттеудің жаңалығы: Желтоқсан оқиғасын көзбен көріп, дәлелді пікір айтқан боздақтардың деректерін тарихи оқиғамен салтыру.
Зерттеу кезеңдері:
-
Тақырып таңдау -
Ғылыми жоба жетекшісінен жұмысты бастау туралы бағыт алу. -
Ғылыми жетекші ұсынған әдебиеттерді талдау. -
Кітапханамен белсенді жұмыс жасау.
Зерттеу болжамы: Желтоқсан боздақтары, желтоқсан куәгерлері
барда желтоқсан оқиғасы ешқашан маңызын жоймақ
емес.
Аннотация
Цель исследования: Декабрьское восстание для нас не выносимо. В
проделанной работе представляется четко получается
изучение, практическое изучение знаний о восстании
нынешного поколения. Мы должны хвалить и хвалить
их работы, люди, которые являются свидетелями
инцидента, являются нашими соседями, что они очень
храбрые, мужственные.
Методы исследования: Знакомство со всеми данными и материалами и анализ конкретных исследовании направленных на работу.
Новаторство исследования: Сравнить факты с историческим событием, которые видели декабрьских событии и декабристы, которые сказали мотивированные мнение.
Этапы исследований:
-
Выбор темы -
Направляйтесь от главы исследовательского проекта, чтобы начать работу. -
Анализ литературы, рекомендованной руководителем. -
Работа с библиотекой.
Предположение исследования:
Когда есть свидетели и участники декабрского восстания 1986 года в Алма – Ате, это декабрское событие никогда не будет забыто и остаётся навсегда в памяти нашего народа.
Annotation
Research objective: I am the December uprising for us
study of the received, about the uprising of the present
generation practical study of knowledge
with a clear idea of the work done
release. People who are witnesses of the incident are our
neighbors searching for comfortable information, he is a
man of courage. Praising and praising their works.
Research metod: Getting acquainted with all the data and materials
Analysis of specific research aimed at the work
and studying.
Research news: It is a historic event to see the facts of the December
events, which have a good look at the December events.
Research period: 1. Select a theme
2. Get directions from the supervisor of the project.
3. Analysis of the literature recommended by the supervisor.
4. Working with the library.
Research inference: December wolves, December witnesses
the December event will never end.
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім.
-
«Желтоқсан желі ызғарлы...» -
Желтоқсан – алауын жаққан жүректер -
Алаң қанға бөкті, бұл нағыз қырғын еді..(куәгерлердің көзімен)
ІІІ.Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
“1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ
жастарының сана-сезімінің қаншалықты
өскендігін көрсетті.”
Н.Ә.Назарбаев
Желтоқсан … Тағы да қаһармандарымызды бір еске алып қоятын сəт.
1986 жылдың желтоқсанында алаңға шығып, Кеңес билігіне наразылық көрсеткен жастарды да қаһарлы империядан сескендірмеген күш те осы Азаттыққа деген аңсау екені сөзсіз. Шынында да, Желтоқсан көтерілісі азаттық таңы ататын күннің жақындап қалғанын сездірген оқиға еді. Желтоқсаннан кейін барып Кеңес елінің түпкір-түпкірінде сан түрлі толқулардың болғаны, ақыры араға 5 жыл салып Қызыл империяның күйрегені баршаға белгілі. Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болғаны сөзсіз.
Желтоқсан көтерілісі ұлттық рухтың қуатын, елдік пен ерліктің мұратын танытқан көтеріліс болды. Желтоқсан оқиғасының шығу себебін еске түсіре кетсек артық болмас. 1986 жылы 16 желтоқсанда небәрі 18 минутта өткен Қазақстан Орталық Комитетінің бесінші Пленумы Діңмұхаммед Ахметұлы Қонаевты өз еркімен қызметінен босатып, Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына республика халқына мүлде таныс емес, қазақ халқы туралы еш хабары жоқ В.Колбиннің сайлануы болды. Ертеңіне 17 желтоқсан күні орталық алаңға лек-легімен ағылған жастар тобы бейбіт шеру арқылы Орталықтың кадр саясатын дұрыс жүргізбей отырғандығына наразылық білдірді. «Қазақстанға қазақ басшы!», «Әр халыққа-өз көсемі!», «Ешбір халыққа артықшылық берілмесін!» деген ұранмен, «Менің Қазақстаным» әнін айтып алаңға шықты. Ұлт саясатын дұрыс жүргізуді, ұлттық тіл мәдениеттің дамуына қамқорлық жасауды, ұлттық саяси қайраткерлердің басшылық орындарында лайықты лауазымға ие болуына назар аударуды талап етті. Жастар өздерін толғандырып жүрген мәселелерді айтып қалуға тырысты.
Бірақ 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Брежнев алаңындағы қазақ жастарының бейбіт шеруінің қанды оқиғаға айналды. Оларға «Ұлтшыл, маскүнем» деген кінә тағылды. Алаңдағы жастарды тоқтату үшін Алматы қызметкерлеріне көмекке милиция қызметкерлері: Фрунзеден 100, Ташкенттен 300, Челябіден 203, Новосибирскіден 203, Свердловскіден 225, Тбилисиден 450 адам тартылған. Жастарға қарсы «Бұрқасын-86» жоспары бойынша іс-шаралар жасалынған. Жастарға өрт сөндіру машиналарымен суық сумен атқылаумен тоқталмай, адамдарға қарсы арнайы дайындықтан өткен иттерді алдыртып қойған. Жалпы шеруде 8500 адам ұсталған. Көбісі студент жастар.
Манаш Қозыбаев 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісін «сырлы құбылыс» деп бағаласа, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде: «1986 жылғы желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетеді. Олар 100 жылға жуық уақыт бойы халықты казармалық тәртіпте ұстап келген тоталитарлық жүйенің алдында бірінші болып айылдарын жиған жоқ. Жастар бұдан әрі кез-келген ұлтқа тән ұлттық мақтаныш сезімін қорлауға жол бермейтінін өз халқының атынан ашық мәлімдеді» - деп бағалайды.
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда Қазақстан халқы руһани бірлік пен келісім аясында өмір сүріп жатыр. Осы бірлігіміз бен келісімді сақтай білуіміз қажет. Қазақстан ұрпағының басты міндеті - өз құқықтарын қорғай отыра,елінің нағыз патриоты болу. Еліне адал қызмет көрсету. Тәуелсіз елдің тыныштығын сақтауға өз үлесін қосу. Сол тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтардың ерлігін ұмытпай, ұлықтау.
Ғасырлар бойы отарлық езгі діңкелеткен қазақ халқы Мәскеудің кезекті өктемдігіне наразылық білдіріп, табанға тапталып бара жатқан тілі мен ділінің, ұлттық болмысының жүрек бұлқынысын сездірген 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына келесі жылы 33 жыл толады. Алаңға шығып, өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына мұздай құрсанған солдаттар мен милиция қызметкерлері қарсы қойылды. Қыз-жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Қайрат, Лаззат, Сәбира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан талшыбықтай жастарымыздың өмірін көктей үзді.
Жобаның мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің біз үшін бергені мен алғанын зерделеу,қазіргі ұрпақтардың көтеріліс туралы білімін практикалық тұрғыдан терең зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, нақты ой қорытындысын шығару. Оқиғаның куәгерлері болған жерлестеріміз жайлы мағлұмат іздестере отырып, ол кісілердің ерлік істерін мақтан тұтып, мадақтау, дәріптеу.
Міндеттері:
-
Көтерілістің шығу себебін анықтау. -
Қазақстанның қазіргі жағдайы мен көтеріліс арасындағы байланысты тұжырымдау. -
Көтерілісті көзбен көрген жандармен сұхбат жүргізу. -
Қазақ ұрпақтарының көтеріліс туралы білімін саралау.
Ғылыми болжау: «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды!» тақырыбы дербес ғылыми ізденіс негізіне алынып, зерттеліп зерделенді. Көтеріліс туралы терең зерттелді. Өңірдің осы оқиғаға қатысқан, осы оқиғаның бел ортасында болған куәгерлері туралы алғашқы ғылыми ізденіс қадамдары болып табылады.
Негізгі бөлім
«Желтоқсан желі ызғарлы...»
1986 жылдан бастап Мәскеуде республика басшылығының атына, Қазақстан КП ОК-нің 1-хатшысы Д.А.Қонаевтің жеке басына қарсы сындар айтыла бастады. Бәрі де билік басындағылардың ауыстыруының қажеттілігін түсінді, алайда бұл демократиялық жолмен іске асады деп күтілді.
1986 жылдың 16 – желтоқсанында Қазақстан Компариясының ОК пленуымында Д.А.Қонаев қызметінен босатылды. Қазақстанға жаңа басшылыққа, сол кезде Грузия Компариясы ОК-нің екінші хатшысы болып істеген Г.В.Колбин жіберіледі. Желтоқсандағы бас көтеруге тікелей себеп, бұрын республикаға беймәлім партия қызметкері Г.В.Колбиннің Қазақстан Компариясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы болып тағайындалуы ғана емес еді.
Қазақстанда ұлттық, саяси, әлеуметтік және экономикалық түйінді мәселелер қордаланып қалған болатын. Пленум ешқандай ақпаратсыз және жариялықсыз 20 минуттай ғана уақытқа созылады. Ел тағдырына осыншама астамшылықпен қарау қазақ халқының абыройына, оның ұлттық сана сезіміне нұқсан келтіріп, халықтың партия өкілдеріне сенімін азайтып, наразылығын тудырды. Аталған себептерге бұдан да терең мағынадағы факторлар: әлеуметтік және ұлттық саясаттағы теңсіздік, экономикадағы күйреу қосылды.
1986 жылы 17 желтоқсанда студент және жұмысшы қазақ жастары Алматының көшелеріне шықты. Олар әр бір ұлтты өз көсемі, өз басшысы басқару керек екенін айтып, пленумның шешімін өзгертуді талап етті. Бейбіт толқуды басуға тікелей Мәскеу басшылық жасады, ол шұғыл арада Алматыға тек өзінің өкілдерін ғана емес, сондай-ақ әскер мен полицияны, өрт сөндіру бөлімшелерін жіберді. Олар митингіге шыққандарды ұрып-соғып, суық су шашып, қуып таратты.
17-18 желтоқсандағы қайғылы оқиғалардың барысында бірнеше адам қаза тауып,көптеген адамдар жарақат алды. Бейбіт шеруді қуып тарату жөніндегі хабар бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірді, Республиканың көптеген қалаларында жастардың осындай бас көтеруі болды, оларда қатал басып жаншылды. Халықтық бас көтеруді қан жоса етіп, басып тастағаннан кейін елде қатаң жазалау шаралары жүргізілді.
Қылмыстық тәртіп бойынша 99 адам сотталды, солардың ішінде Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов ату жазасына кесілді. Тек Алматының өзінде 246 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомол қатарынан және 52 адам партиядан шығарылды. 1400-ге жуық адам комсомолдық және партиялық сөгіс алды. Ішкі істер органдарынан 1200 адам, транспорттық және медициналық мекемелерден 300-ден аса адам қызметтен шығарылды. 12 жоғары оқу орындарының ректорлары орнынан босатылды.
Осы толқында "Невада-Семей", "Азат", "Алаш", "Желтоқсан" қозғалыстары пайда болды. Бұл қозғалыстар мен партиялардың бәрі де белгілі дәрежеде 1986 жылдың Желтоқсан көтерілісіне қатысушылардың ұстанған ұрандары мен күресін жалғастырды. Қазақстанда 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда өткен көтеріліс социалистік жүйенің күйреуінде маңызды орын алды және Еуразия халықтарының тоталитарлық режимді жеңуінде басты халықаралық фактор болды.
«Желтоқсан – алауын жаққан жүректер»
Алғашында көзді ашып – жұмғанша темір шынжырмен таптай жөнелген биліктен мұндай жантүршігерлік қадамды күтпеген олар, «ұрыста тұрыс жоқтығын» ұғынған. Әсіресе, қазақтың қыздары халқының бұл бұлқынысында бұқпантайламады, қайта жігіттермен қатар тұрып, қайсар мінез көрсетті. Мұны аталған тақырыпқа қатысты материалдардың барлығы дерлік айғақтайды. Құжаттарда болсын, естеліктерде болсын, мақалаларда болсын, желтоқсан қозғалысында да, одан кейінгі қуғын – сүргінде де қаракөз қыздарымыздың намысты қолдан бермегендігі, сын сәттен сүрінбегендігі жиі – жиі кездеседі, еріксіз назар аудартады. Әлгінде айтқан отызыншы, тіпті ғасыр басындағы аға ұрпақтан айырмашылықтың бірі де бірегейі – сексенінші жылдары қазақтың ары мен ұяты қазақ қыздары ма деген ойға келесің.