Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі маыстау облысыны білім басармасы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 21
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сөз жоқ, ерлермен қатар халқының азаттығын аңсағандар, арғы – бергі тарихты таразыласақ, Желтоқсан қарлығаштары – қазақ қыздары. Ең бастысы - қазақ қыздары мұз жастанған ызғарлы Желтоқсандағы ақ пен қара күресіндегі сұлулық символы іспетті. Сондықтан да олардың қайсарлығы мен ерлігін айрықша атап өтуге тұрарлық деп білеміз. Себебі, бұл тағылым – мәңгілікке тағзым етер бүгінгі ұрпаққа үлгі, болашаққа бағдар. Әр алаңдағы арпалыста қаймығып қайтып кетпей, қайта қасарыса, жігіттердің жігерін жаныған, намысын қайраған, рухын көтерген және қозғалыс үшін пайдаланатын заттарды жігіттерге жеткізіп беріп, жаралыны таңған да – арулар болатын. Иә, қазақ қыздарының әншейінде бұғып жатқан бұлқынысы жігіттер қауымына күш берді, арқаландырды, атқа қондырды. Тілек біреу – бейбіт шешім. Бірақ айтқанға көніп, айдағанға жүрмей тірескен жастар аяусыз басып – жаншуға тап болды. Батырға да жан керек. Қарулы жігіттер қыздарды қаумалай қашқанымен, дүрмектің соңында қалып қойған қауқарсыз аруларды «аяқтан шалып құлатып, шаштан сүйреп апарып, көлікке тоғытуға» үйреніп алған қызыл жағалылар көмекке келген жігіттерді де шамасы жетсе ұстап алуға тырысты. Дегенмен, жүректі де, білекті Қайрат Рысқұлбеков сынды қазақтың біртуар ұлдары әлімжеттік пен әділетсіздікке қарсы күресте ұарсы келгенді қақыратып, қарындастарын арашалап алды. Оны Қайрат өзінің түрмеде отырып жазған мына хатында мақтанышпен айтады:
«Өздеріңізге әбден белгілі, яғни мен сорлының жазықсыздан – жазықсыз, адам тұрмақ тышқан мұрнында қанатпай сорлағанымды, темір торға торланғанымды, одан қала берді, түйенің көзіндей тесікке түйедей жала жабумен ақыры ату жазасын алғанымды. Иә, мен сіздерден еш жасырмаймын, мен 18 желтоқсан, 1986 жылы алаңға бардым, көпшілікпен бірге. Барғанда да, Қонаевтың күйін күйттеп барған жоқпын. Тек қана, ол жерге барған себебім, бар мақсатым, біріншіден, ол жерде не болып, не істеп, не қойып жатқанын өз көзіммен көру болды. Екіншіден, алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып – соғып, өлтіріп жатыр дегенді елден естіген соң, өз басым қолымды жайып «күл болмасаң, бүл бол» деп отыруға еркектік ар – намысым еш жетпеді. Ер қатарында ер қара болып, саны бар сапы жоқ болып, ербеңдеп жүрген намыссыз еркек – мен емеспін, құдайға шүкіршілік, менің де көркейген кеудемде нағыз ерге лайық намыс баршылық. Оның үстіне «қыздың жолы жіңішке» деген. Менің түсінігімше, әйел адамға ер адамдар тұрмақ, аң екеш аңдардың, хайуандардың еркегі де ұрғашысына мүйіз я болмаса тұяғын көтермейді. Ал, біз бәріміз де аң емес, адамзаттың ұлы – адамбыз, сондықтан, ер адам адам затына қол көтеріп, қол жұмсауға тиіс емес, әуелі еш провасы жоқ. Міне, қысқаша айтқанда, осындай түсінікпен, әйел затына ер болып өз қол ұшымды беріп, көмектесуге, оларды арашалап – қорғау үшін барғаным рас. Сол жерде қолымнан келгенше бар көмегімді бергенім де рас. Ол үшін әлі күнге дейін еш өкінбеймін, керісінше, үлкен мақтаныш тұтамын. Бірақ та, бір құдай өзі куә, адам баласын еш өлтіргенім жоқ. Мұндай айуандық жасаудың өзі, сормаңдай менің қолымнан келмейді. Еш уақытта. Ешқандайда...
Ал әйел затына айуандықпен қол көтеріп, шашынан тартып, көкпарша сүйрегені үшін бір милицияны ұрып – соққаным рас. Ол адам күні бүгінге дейін аман – сау зыр жүгіріп жүр. Өз қолыммен жасалған бар теріс қылық, бар қылмысым – осы ғана» дейді.
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков 1966 жылдың 13 наурызында Жамбыл облысының, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келген. Қайрат Шу қаласына таяу жердегі Новотроицк селосындағы шопан балаларына арналған мектеп – интернатта оқыған. 1983 жылы Киров атындағы орта мектепті бітіріп, ауылында жұмысшы болып істейді. Ал 1984 – 1986 жылдары әскерге барып, азаматтық борышын өтеп қайтады. 1986 жылы №33635 әскери бөлімшенің кепілдігімен Алматы сәулет – құрылыс институтына оқуға түседі. Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін жазықсыз жаза жабылып, өлім жазасына кесіледі. Кейіннен бұл жаза 20 жылдық кесімге ауыстырылды. 1988 жылы Қайраттың камерасынан оның өлі денесі табылғанымен, құпия қазаның сыры ашылмады. 1996 жылы Қайрат Рысқұлбеков еліміздің ең жоғарғы наградасы «Халық қаһарманы» атағы берілді.
Желтоқсан көтерілісі кезінде алаңда алған соққыдан көз жұмған жас – Ербол Сыпатаев болатын. Ол туралы деректер өте аз. Білетініміз, сол кездегі Талдықорған облысының Көктал ауылында 1964 жылы дүниеге келген Ербол Желтоқсан көтерілісі тұсында Алматының энергетикалық институтының 2 курсында оқып жүр еді. Одан әрі «Қазақ КСР Жоғарғы Советі президумының Алматы және Қазақстанның өзге облыстарындағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларына тиісті баға беру жөніндегі комиссия қорытындысы» деректерге көз жүгіртсек. Тағы бір қайғылы жағдай – алаңда басынан жарақаттанып, кейін қаза болған Алматы энергетика институтының студенті Е.М.Сыпатаевтың ісі. Оның әке – шешесі жоқ, тек туысқандары бар. Бірақ олар Алматыға шақырылмаған. Қаза туралы анықтаманы ауруханадан МҚК қызметкері алады. Сосын милиция қызметкерлері мүрде салынған табытты туысқандары тұратын жерге алып барады. Түн ішінде алдын ала хабардар етілген туысқандары жас жігіттің мүрдесін күтіп алады. Туыстарына Ерболды жаралы күйінде тауып алғандығын, ауруханада өлгендігін, өлтірген адамның белгісіздігін, оның ісімен прокуратура айналысып жатқандығын айтады. Прокуратура шындығында іс қозғады, бірақ, ол Ерболдың өлімі туралы емес, оқиғаларға қатысы жөнінде болатын.
Ербол Сыпатаев туралы ресми құжаттарда деректердің бары осы. Ал оның алаңдағы іс – әрекеті жайында білетіндер болса әлі естелік айтылар деген ойдамыз. Е.Сыпатаев туралы Шаяхмет Оразымбекұлы(«Заң» газеті, 14 желтоқсан, 1997 жыл) есімді азамат өз мақаласында бұрын соңды кездеспеген тың дерек жазды. «Сырт киімдері жыртылып, иықтарына төгілген шаштары қопыраған қос бойжеткенді ығына алып қорғаштай шегінген Ербол бұларға құтырған итше ақырып жетіп келіп, оңды – солды келтегін сермеген сауыттына аяқтан шалып құлатты да, қасындағыларға «тез қоршаудан шығалық» деп қолдарынан жетелеп, қарсыдағы көпқабатты үйлердің қалқасына қарай жүгірді. Бұлар қарулылар қоршауынан жүгіріп өтіп, тар көшенің бойымен төмен қарай түсе бергенде, арт жақтан естілген зілді дауысқа жалт қараса, қолдарында сапер күрегі бар екі формалы қуып келеді екен. Ербол қыздарға: «Ештеңеге қайырылмай тез жүгіріп, үлкен көшеге шығып кетіңдер» дегенше, өкшелеп келіп, көздеріне қан толған қарулы екеу бас салып, Ерболмен айқаса кетті. Қолына, иығына тиген соққыларға қарамастан арпалысқан Ербол оларға біразға дейін алдырмады. Ұзынтұрасын жамбасқа салып, алып ұрды. Тұра бергені сол еді, басына сарт ете түскен соққыдан әп – сәтте көзі қарауытып кетті. Бар күшін жиып, төніп келген екінші соққыға қолын төсеп үлгерді. Бірақ, аяғы тайғанап, сүрініп құлады. Осы сәтте орынынан әрең тұрып үлгерген ұзынтұра жүгіріп келіп, Ерболдың басынынан ауыр затпен салып қалды. Қапыда қалған албырт жас гүрс етіп құлады. Аяушылық пен мейірімділік атаулыны ұмытқан әлгі екеуі былапыт сөздерді қарша боратып, құлап түскен Ерболды аяусыз тепкінің астына алды. Ауыр соққылардан Ербол есін жоғалтты. Одан әрі не болғанын білмейді. Есін жиып, кірпігін көтеруге ғана шамасы келгенде, байқағаны – маңында тұрған ақ халатты дәрігерлер еді. Алдында тұрған ақ халаттыларға жалыны сөніп бара жатқан көздерін қадап жатып, ол «Қыздар құтылды ма екен?» деп ойлады. Оларға қарап жатып, ол «Мен алаңға өлім іздеп барған жоқ едім ғой», «Елім – ай, ертеңің не болар екен?» деп қиналды. 1986 жылдың 23 желтоқсан күні Ербол Сыпатаев небәрі 22 жасында ауруханада жатып дүниемен қоштасты.
Иә, олар алаңға өлім іздеп барған жоқ еді. Желтоқсанның батырлары туралы жүрек жарды естеліктерге қарап, олар алаңға қарындастарын арашалауға, оларды қызыл жағалылардың соққысынан құтқаруға барғандығы, сол жолда соққы жеп, таяққа жығылғандығын көре аламыз.
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі кезіндегі ерекше есте қалған оқиғаларды саралар болсақ, ең алдымен ерлермен қатар, қазақ қыздарының қайсарлығы көзге түседі. Көтерілісті көзбен көрген жандар да, желтоқсандықтардың өздері де қаракөз қыздарымыздың ақ қарға, көк мұз құрсауындағы қызыл жағалылардың өрескел өктемдігіне қаймықпай қарсы тұрып, қайрат көрсеткенін айтады. Қайрат, Ерболдар араша түскенімен, тағдыр талаймен жендеттердің талауына тап келген қыздардың барлығын құтқару мүмкін болмады. Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова және Кенжегүл Молданазарова сынды бірқатар қазақтың қайсар қыздары қапияда, түрлі жағдайларда көз жұмды.
Асанова Ләззат Оразханқызы 1970 жылы шілде айының 27 жұлдызында Алматы облысы Панфилов ауданы Ақжазық ауылында дүниеге келген. Желтоқсан көтерілісінің құрбандарының бірі. 1985 жылы Алматыда П.Чайковский атындағы музыкалық училищеге оқуға түскен. Алматыда 1986 жылы 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп - төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа Алаңға (қазіргі Республика алаңы) алғашқы ереуілшілер қатарында «Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!» деген ұранмен шықты. Көтеріліс қатыгездікпен жанышталғаннан кейін басқа да ұсталған 87 адам қатарында Алматыға Қазақ КСР ҚК-нің 65-бабымен айып тағылып, (Көтеріліске қатысып ұсталғандар жөніндегі Қазақ КСР ІІМ-нің құжаты, (1211-177, 23.02.1990) қамауға алынды. 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы қаласында болған оқиғаларға түпкілікті баға беру жөнінде республика Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы құрған комиссия мүшесі Ф.Игнатовтың мәліметтеріне қарағанда, Ләззаттың мәйіті бірнеше күннен кейін музыкалық училище жатақханасынан табылған да, ол туралы жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлген деген қауесет таратылған. Осыған қарамастан мәйітті Алматы облысы Панфилов ауданындағы Ақжазық кентіне Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған. Ләззатты жерлеудің алдында денесін ақ жуып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қолынан қаза тапқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң ғана ақтау жөніндегі шындық қалпына келтіріле бастады.
Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызы 1970 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақмектеп ауылында дүинеге келген. Ол 1985 жылы сегіз жылдық мектепті үздік бітірісімен Өскемен қаласындағы педучилищенің бастауыш кластарға мұғалімдер даярлайтын қазақ бөліміне оқуға түскен.
1986 жылғы желтоксан толқыны Өскемен қаласында жастардың қозғалысына әсер еткені шындық. Өскемендегі толқу 22 желтоқсан күні сағат 19:00-21:00 аралығында болған. Сабира Мұхамеджанова Алматы қаласында болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісін қуаттап 22 желтоқсанда Өскемен қаласында бірге оқитын студент жастармен бірге наразылыққа шығады. Студент қыздардың бұл әрекеттері ұлтшылдық деп бағаланып, сол күні кештен бастап партия, кеңес, комсомол, мемлекеттік қауіпсіздік, құқық қорғау орындары тарапынан тергеу, олардан жауап алу басталады. Сөйтіп орынсыз қорлау мен жала жабу мен тергеуге шыдай алмаған Сәбира Мұхамеджанова барлығын ұйымдастырған «мен» деп мәлімдеп, жатақхананың бесінші қабатынан секіріп, мерт болады. Сәбира - тәуелсіздік жолындағы алғашқы құрбандардың бірі еді. Желтоқсан құрбаны Сәбира Мұхамеджановаға 2001 жылы “Тарбағатай ауданынының құрметті азаматшасы” деген атағы берілді.
Гүлнар Кеңесқызы Байбосынова – Желтоқсан көтерілісіне қатысқан қазақ жастарының бірі. 1967 жылы 10 қаңтарда Қызылордада дүниеге келген. 1984 жылы Қызылорда қаласындағы №198 орта мектепті бітірген соң, Алматыдағы Театр және көркемсурет институтының актёр және драма факультетіне оқуға түсу үшін құжатын тапсырады. Алайда Гүлнардың орыс мектебін бітіргені оқуға түсуіне кедергі жасайды. Содан кейін ол бір жыл қазақ тілін үйреніп, 1985 жылы жүрегі қалаған оқуына түседі. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысып, көптеген қиыншылықты бастан өткізген. Қыстың қақаған суығы өтіп, бір жарым ай ауруханада жатып шыққан. 5 ай бойы тергеуде жүрген.
Ғаниз Құтысқызы Чукаева – 1986 жылы 16 желтоқсан көтерілісіне қатысқан қазақ жастарының бірі. 1950 жылы 3 наурызда Алматы облысы, Гвардия ауданында, Калмагоровка ауылында дүниеге келген.
1968 жылы орта мектепті бітіріп шыққан. Талдықорған облысы, «Қарашоқы» ауылында комсомол комитетінің хатшысы болып, одан кейін аудандық партия комитетінің санақ бөлімінде қызмет атқарған. 1970 жылы мал дәрігерлік техникумға сырттай оқуға түскен. 1974 жылы Свердловск орман комбинатында хатшы болып істейді, сол жылы тұрмысқа шығады. Қазіргі таңда Талдықорған аймағы бойынша мүгедек балалар қоғамының президенті қызметін атқарады.
Ғалия Нұрсалқанқызы Нұғыманова 1962 жылы 2 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Қатон-қарағай ауданы, Қатон-қарағай ауылында дүниеге келген. 1980 жылы Алматы қаласына жоғары білім алуға келіп, оқуға түсе алмаған. Бұдан кейін Алматы подшивник жөндеу зауытына жұмысқа орналасып, қаладағы индустриалды техникумның кешкі бөліміне түсіп, техник-механик мамандығын меңгереді. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысып, қиын күндерді басынан өткізген.
Ырыскүл Бектемірқызы Шақаман 1964 жылы 6 қазанда Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Арбаиген ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінде оқыған. Желтоқсан көтерілісінің қанды алаңында болған тікелей куәгер. Қазір Еуразиялық Университеттің «Тіл білімі» кафедрасында профессор болып қызмет атқарады.
Сәуле Қасымхан қызы Сатыбалдиева 1965 жылы Алматы облысы, Талғар ауданы, Нұра ауылында дүниеге келген. Орта білім алған соң Абай атындағы педагогикалық институттың Бастауыш сыныбын оқыту және методикасы факультетіне оқуға түседі. Үшінші курс оқып жүргенде Желтоқсан көтерілісіне қатысып, оқудан шығарылған, қудалауға ұшыраған. Қазір Алматы қаласындағы №136 қазақ орта мектебінде мұғалім болып қызмет атқарады.
Мархаба Данабекқызы Ыбырайымова 1965 жылы Семей облысы, Мақаншы ауданында дүниеге келген. 1982 жылы Алматы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында білім алған. 1986 жылы аталмыш ЖОО-ның 4 курс студенті болған. Желтоқсан көтерілісі салдарынан оқудан шығарылып, қуғын-сүргінге ұшыраған. 2003 жылы ақталып шыққан.
Бұл апаларымыздың ерлігін көре отырып, қылышынан қан тамған кеңестік жүйеге қарсы шыққан қазақ қыздарының шын мәніндегі қайсарлығын сезе аламыз. Бұл – сөз жоқ, қазақ қыздарының ерлермен қатар ерлік тарихымызды жасауға қосқан қомақты үлесі. Дәл осындай және жадымызда мақтанышпен сақталатын, әрі бүгінгі жас ұрпақ үлгі тұтатын өнегелі іс – тауқыметті жеңген тағылымға мәңгілік тағзым ету.
Алаң қанға бөкті, бұл нағыз қырғын еді..(куәгерлердің көзімен)
Енді осы оқиғаның бел ортасында жүргендері де бар, өзіміздің Сарға ауылымыздан Желтоқсан оқиғасынының бір қатар куәгерлері де шыққан. Оларға: Халиманова Қамажай, Жетпісова Айсұлу сынды игі жақсылар жатады.
Солардың ішінде куәгер ретінде – Халиманова Қамажай Шандиевнадан сұқбат алдық. Халиманова Қамажай – 1969 жылы Узбекстан республикасы