Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі маыстау облысыны білім басармасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 22

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
, Қарақалпақстан Автономиялы республикасының Хожелі ауданы, Саманкөл ауылында дүниеге келген. Қазіргі кезде Сарға ауылының тұрғыны, «Ә.Жанкелдин атындағы орта мектебі» КММ-нің орыс тілі пәні мұғалімі. Ол кісі 1986 жылы Алматы шетел тілдер институтының 1 курс студенті болған. Қамажай апай өз ортасының нағыз патриот қыздарының бірі болған. Сұхбаттасу барысында ол кісіге бірнеше сауалдар қойдым. - - - Құрметті Қамажай Шандиевна, осыдан 33 жылдай уақыт бұрын алаңға ағылғандардың ішінде сіз де барсыз. Үкімет басшылығының ауысып жатқандығы туралы хабарды қалай қабылдадыңыз, сол кез туралы әңгімелеп берсеңіз.

- 1986 жыл... 16,17,18 желтоқсан күндері... Осы күндерді еске алсам, жүрегім дір ете қалады. Ол кезде мен 1 курс студенті едім. Сол 16 – желтоқсан күні дос қызыммен дүкен аралауға шыққанбыз. Қайтарда автобусқа міндік. Автобустың іші гу – гу әңгіме. Ол әңгімеден түсінгеніміз, саяси бюроның бүгінгі шешіміне риза болмаған жастар алаңға жиналып жатыр екен. Содан жатаханаға келсек іште кезекші мұғалімдер, милиция қызметкерлері тұр. Біз шошып кеттік. Олар бізге: «Бөлмелеңе барыңдар, ешқайда шықпаңдар!» деді. Негізі таңертең радиодан Д.А.Қонаевтың орнына Қазақстанның бірінші хатшысы Кольбин тағайындалды деген хабарды естігенбіз. Әрине, бұл хабар бізге де ұнаған жоқ. «Сонда, Қазақстанда өз елін басқаратын бір зиялы қазақ табылмағаны ма?» деп намыстанып, күйініп сабаққа кеткенбіз. Бізді бірақ кім тыңдасын. Енді міне, өзіміз сияқты жастар қарсылықтарын білдіріп, алаңға шеруге шығып жатыр екен. Бізде шығайық, оларды алаңға барып қолдайық деп ойладықта төменге түстік. Бірақ бізді «Олардікі дұрыс емес, босқа таяқ жеп қайтып келесіңдер, не болып жатқанын сендер білмейсіңдер»-деп есіктен шығармады. Содан амалсыз бөлмемізге қайтып келдік, бірақ көңіліміз алаңдаулы. Кенет түнге жақын жатахананың сыртынан шулаған біреулердің дауысы естілді. Балкон болатын, соған жүгіріп шықтық. Қарасақ, бір топ жастар қоқыс жәшігін өртеп жатыр «АПИИЯ (Алматинский институт инастранных языков) тек сендер ғана жоқсыңдар, неге шықпай жатырсыңдар, әлде сендер қазақ емессіңдер ма?» деген дауыстар қатты шығып жатты. Біз қуанғаннан киініп, атып шықтық. Басқа қабаттарда есіктерін қағып манағы жігіттер ішке де кіріп кеткен екен, шығыңдар деп үгіттеп жүр екен. Олардың соңында милиция қызметкерлері де тәртіпке шақырып, шығара алмай жатыр. Біздер шығуын шығып едік, бірақ мұғалімдеріміз: «Қайда барасыңдар? Мыналарға ергелі тұрсыңдар ма? Түрлеріне қарасаңдаршы, мас, ішіп алған ғой бұлар» деген кезде, шыныменде түрлеріне қарап едік, есалаң адам сияқты күле береді. «Кіріңдер ішке, өле алмай жүрсіңдер ме, әлде?»-деп бізді сөзге келтірместен итеріп ішке кіргізді. Біздің қабаттағы орыс қыздар қорқып, қазақ қыздарының қасына қонып жүрді, бізге тығылды. Сол түні алаңға милиция қызметкерлерімен қатар әскер апарған, су шашқан, шоқпармен ұрып – соққан, жастар ғана емес алаңға шыққан адамдарды түрмеге алып кетіп жатқан. Үш күн бойы еститініміз осындай әңгімелер. Мұндай нәрселерді бұрын тек теледидардан, шет елдің хабарларынан көретінбіз. Оның үстіне көшеге шыққан қазақтар орыстарды, орыстар қазақтарды өлтіріп кетіп жатыр екен, адамдар түрмеге симай, оларды қақаған аязда Алматының шет жақтарына апарып тастап жатыр екен деген хабарды естігенде жанымыз түршікті. Күндіз – түні мына көтеріліс тезірек аяқталса екен, адамдар татуласса екен деп тіледік. Шыны керек, Алматыға ұайдан ғана оқуға түсіп едік деп ойладық. Ал радиодан 3 күн бойы «Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Внимание! Внимание!» деп жастардың бұл әрекеті дұрыс еместігін, алаңға шықпауға үндеген хабарлар қазақша, орысша қайта – қайта беріліп жатты. Бізді осылай 3 күнге дейін шығарған жоқ. Тек 19 - желтоқсан күні сабаққа баратын болдық. Бізді сабаққа сапқа тұрғызып, алды – артымызда кезекші ағайлар жаяу көшемен алып барды. Сонда жолда кетіп бара жатып көргеніміз: көше тып – тыныш, автобус, троллейбус, машиналар көрінбейді, дүкендер, ағаштар қирап жатыр, орталық комитетінің мүшелерінің суреттері жыртылған, тесілген. Сабақта да сол алаңдағы әңгіме, үгіттеу. Тек тарих пәнінен лекция оқыған ағайымыз ғана жастардың бұл әрекетінің дұрыс екендігін айтты. 2 сабақтан кейін қасымда Шымкент пен Талдықорғанның қыздары бар, ешкімге айтпай кетіп қалдық. Мақсатымыз алаңға бару, сол жерді көру, шеруге шыққандаға қосылу. Жолда келе жатып, машина жүретін жолмен «Менің Қазақсстаным» әнін шырқап келе жатқан бір топ жастарды көрдік. Қолдарында «Өзбек ССР – Өзбек, Тәжік ССР – Тәжік, Қазақ ССР - ?» деп жазылған транспаранттары бар. Соңғы жазуды оқығанда бір түрлі болдық. Біз оларға қосылған жоқпыз, себебі олар бері қарай, біз ары қарай кетіп бара жатқанбыз. Сонымен алаңға жақындадық, алаңға барар жол үлкен, кең, екі жағында көп қабатты үйлер, үйлердің астында дүкен, шаштараз сияқты бірдеңелер көп болатын. Сол жолдың бойында бірдей етіп кесілген ортанбай ағаштар жатты. Оны неге пайдаланғанын білмедік. Артынан ойлаймыз, мүмкін әдейі кесіп әкелген шығар деп. Мүмкін отын қылып жатқыма жылыну үшін, әйтеуір көп болды. Біздер сол жерде бір дүкеннің қасында келе жаттық. Алыста мінберде бір әйел адам мен ер адам сөйлеп тұр екен. Алаңда әскерлер жүрді. Бір кезде арт жақтағы жолмен біршама адам, оның ішінде үлкен адамдар да, жастар да, әйел – қыздар бәрі бар, қолдарында сөмке, папкалары бар екен. Біздер оларды көріп тұрып қалдық. Олар алаңға жақындай берген кезде манағы әскер кері қуа бастады. Олар кете қоймады, қолдарын сермеп, талаптарын айтып жатыр еді, манағы әскерлер қолдарындағы шоқпарларымен халықты соға бастады. Олардың киімдері мықты, алдарын қалқалап алған, беттері жабық, дым көрінбейді. Біздерді сол жердегі дүкеннің иесі тез – тез дүкеннің ішіне кіргізіп, есігін жауып алды. Не болғанын түсінбей қалдық. Ондайды бұрын көрмеген біздер сасып қалдық. Содан манағыыларды бірталай жерге дейін қуады, олар қайтадан келеді, арасында біреулерін ұрып – соғып алып кетіп жатыр. Бір кезде жолдың келесі бетіндегі дүкеннің жанынан біз қыз әуелі кетіп бара жатты да кенеттен қорқып кеткен болу керек, қаша жөнелді. Оны көріп қалған әскерлер қуып жетіп қолындағы шоқпармен ұрып құлатты. Сондағы әскерлердің жауыздығы сол жаңығы қызды 4 жігіт тепкілеп, артынша екі қолы мен аяғынан ұстап алып кетті. Біз тұрмыз: «Ойбайййй, ойба-й-й-й өлтірді-ау, жауыздар, оңбағандар,ол қыздың не жазығы бар еді» деп еңіреп жылап. Шыныменде ол тек кетіп бара жатқан қыз еді. Ол қыз сол сәтте өліп қалғанда болар, себебі бір қызды төрт жігіт дымын қалдырмай тепкінің астына алып, соғып жатты. Осы күні ойлаймын, сол жігіттердің көзіне не болып көрінді екен деп. Қатты аядық, қолымыздан ештеңе келмеді. Осылай неше сағат тұрғанымыз есімізде жоқ, есеңгіреп қалыппыз. Тек сол дүкендегі апай: «Көрдіңдер ме не болғанын, сендер болашақ анасыңдар, анадай соққыдан кейін қандай болар едіңдер? Жасыңдар ғой, әлі ештеңені білмейсіңдер, бүл жерден тез кетіп қалың» деп есігін ашып жатты. Біз шығып кете бердік. Дүкеннен шығып бұрыла бергенде артымыздан біреу жүгіріп қасымыздан өте шықты. Оның артынан әскери адам қиып келе жатыр екен. Зәреміз ұшып кетіп, бізде қаша жөнелдік. Бірақ ол, «Қыздар, қашыңдар, қашыңдар. Бұл жаққа енді келмеңдер. Олар ешкімді аяп жатқан жоқ» деді де, кейін қарай бұрылып кете барды. Қанша дегенменде қазақ жігіт екен, қаны тартқан шығар. Оларда бұйрықты орындайды ғой. Сол дүкендегі кісіге, балалық па екен, алғысымызды да айтпаппыз, түрі де есімізде қалмапты. Сау болсын, сол кісінің арқасында аман қалдық. Артынан түсіндік, мұғалімдеріміздің неге жібермегенін. Қаншама жас осы көтерілісте қыршын кетті, олардың қаншама арманы көкке ұшты. Сол үшінде Аллаға шүкіршілік етіп, Желтоқсан құрбандарына 16 – желтоқсан күні міндетті жеті нанымды пісіріп, дұға бағыштаймын. Бұндай күн енді қайтып келмесін» деп әңгімесін көңілсіз аяқтады кейіпкер.



- Сол көтерілісте сізге не әсер етті?

- Бұл жерде маған жастардың «Өзбек ССР – Өзбек, Тәжік ССР – Тәжік, Қазақ ССР - ?» деген сөзі қатты әсер етті. Себебі, барлық ұлтты өз көсемі басқарып отыр, неге қазақты орыс басқарады деген түпкі ойды ұрандатып алып шыққан. Бұл сөздер кез – келген патриоттық сезімі бар адамға әсер етпей қоймасы анық.

- Қамажай апай, сол кездегі сүреңсіз қоғам өмірінен сыр шертіп, сұқбат бергеніңізге көп рақмет. Қашанда деніңіз сау, отбасыңыз аман болсын! Тек елін сүйетін нағыз патриоттарды тәрбиелеп шығара беріңіз! [1 сурет]
Осы оқиғаның нағыз бел ортасында жүрген ауылымыздың тағы бір азаматшасы Жетпісова Айсұлу Бегейбаевна 1970 жылы қаңтар айының 13-ші жұлдызында Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Сарға ауылының тұрғыны, Бейнеу аудандық мектеп – интернатының ағылшын тілі мұғалімі. 1986 жылы мектеп бітіріп, Алматы қаласына Алматы шетел тілдер институтына оқуға түскен. Сол оқу орнының жатаханасында жатқан.

- Айсұлу апай, желтоқсан оқиғасы қалай басталды, сол кезге бір көз жүгіртейікші.

- 17 желтоқсан болатын, барлық жастар жатаханада өз бөлмелеріндегі кез. Біз кезде жатаханаға «Мақта – мата комбинатының» жас жұмысшылары келіп, алаңға шығуымызды сұрады. Терезе, есіктің бәрін сындырып ішке кірді. Соның күшімен қорыққаннан төмен түсіп едік, бірақ «ол жақта түнде бар,онда не бітіреміз?» деп қалып қойдық. Таңертең төмен түскенімізде мұғалімдер «Алаңға бармаңдар. Ол жерде сендерге қатысты ештеңе жоқ» деп білгендерін айтып жатты. Жатаханадан сабаққа барамыз деп, алаңға шығып кеттік. Алаңда жастар көп болды. Біздің бір байқағанымыз, алаңда жүрген жастарға қарсы қойған әскердің бірінші қатарында қазақтар, одан кейінгі қатарда орыс және басқа ұлттың өкілдері тұрды. Бұл да бір саясат екенін қазір ойлап отырып білеміз. Көтерілістегі жастар ұрандатып «Менің Қазақстаным» әнін айтып, қолдарына түрлі плакаттар ұстап алып алаңда әскерге қарсы шабуыл жасап жатты. Бізде солардың қатарында жүрдік. Дым түсінбесекте, үкіметтік істеп жатқандары дұрыс еместігін білеміз. Қызыл жағалылар қолына түскендерді аяусыз ұрғылап, құлап қалғандарды көтеріп машиналарға тиеп жатты. Сол кездегі алаңдағы сорақы жағдайларды айтып жеткізу мүмкін емес, өте қорқынышты болды. Барлық жастармен бірге алаңда сағат кешкі 5-ке дейін жүрдік. Ішке келген соң мұғалімдеріміз сұрақтың астына алды. Біздер алаңға барғанымызды мойындадық. Бірақ, өзіміздің кураторымыздың арқасында бұл бәледен аман қалдық. Өйткені куратор «Мен сендердің алаңға барғандарыңды ешкімге айтпаймын, сендер де ешкімге тіс жармаңдар деді». Содан кейін алаңға барған жоқпыз. Осы кезден кейін институттың алдын торуылдаған фотографтар көбейіп кетті. Сол жерде жүрген, алаңға барған жастарды суретке түсіріп алып жүрді. Кейіннен тексеріс кезінде алаңға шыққан жастарды сол суреттер алқылы тауып алып, жазаға тартқан. Біз оқып жүрген институттың бірнеше студенті оқудан шығарылды. Бас сүйегі жарылып ауыр жарақат алған француз тілдер факультетінің 4 курс студенті Гүлназ атты қыз болды, олда оқудан шығарылды. Біздер қазір теледидардан көрсетіп жатқан, әлеуметтік желілерде тарап жүрген желтоқсан оқиғасы туралы көріністерді сол кезде көзбен көргенбіз. Дәл сол кездегі өмір бейнесі өзгеріссіз суреттелген. Мен ешкімге ондай тағдырды тілемеймін. Себебі, қоғамдағы үрейлі оқиғадан қорқып өмір сүру, өте өкінішті жағдай.



- Айсұлу апай, бізге берген сұқбатыңыз үшін көп рақмет. Өздеріңіз сияқты елінің жағдайын ойлатын азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелей беріңіз! [2 сурет]

Желтоқсан оқиғасы туралы мәлімет жинау үшін Сарға ауылдық кітапханасына барып зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Сол жерде өтіп жатқан көрмеге дөп түстік. Бұл жерден 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқан боздақтар туралы тың деректер таба білдім. [3,4 сурет] Сонымен қатар «Желтоқсан – тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында 8 сыныптар арасында дөңгелек үстел өткізілді. [5,6 суреттер]
Қорытынды
Елінің тәуелсіздігін аңсап өткен ата - бабаларымыз басынан нені өткермеді? Қандай қиыншылықтар көрмеді? Оған бабаларым жүріп өткен тарих беттері куә... Сөзім дәйекті болу үшін елбасының сөзінен мысал келтіргім келеді: «Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынта - ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды».

Біз –бақытты ұрпақпыз... Себебі, ата-бабамыз көрген шапқыншылықты, табаны тілім-тілім болған босқыншылықты, бір түйір дәнге зәру болған аштықты, талай боздақтың жанын,  жақынын алған сұм соғысты, 1986 жылы 16 желтоқсанда елінің тәуелсіздігі үшін қыршын кеткен боздақтардың қиыншылығын мына біздер, жас ұрпақ көргеніміз жоқ. Бейбіт өмірмен қатар, аталарым армандаған, өз қолы жетпесе де келер ұрпағы үшін күрескен, қазып қалсаң асты қазынаға толы кең байтақ жерді, бай тілді, тәрбиеге тұнып тұрған салт-дәстүрді, ең бастысы тәуелсіздіктің тәтті дәмін татып жатқан жарқын ұрпақпыз.

Біз тәуелсіз, азат елміз, біз Мәңгілік елміз!  Тәуелсіздігіміздің осыншама жыл бойы басынан өткізген жетістіктеріне қуана отырып, біз қазақпыз, мен қазақпын! - дегім келеді. Қазақ болып туылғаныма әрқашан мақтанамын. Тілім - туым, жерім – жақұтым, дәстүрім байлығым, елім – бабамнан қалған асыл мұрам. Сол мұраны көзімнің қарашығындай қорғау менің және бүкіл қазақтың азаматтары мен азаматшаларының қасиетті борышы. «Бос жатқан жер жау шақырады» дейді қазақтың көреген мақалдарында. Ендігі біздің міндет - кең байтақ жерімізге көз тігіп, тартып алмаса да арамызға іріткі салып, дініміз бен тілімізден шатастырып, елімізге егелік еткісі келгендерге, семсерсіз соғыс заманында қарсы тұратын жалғыз қаруымыз бар, ол - отанымызға деген махаббат, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, тарихымызды, тіліміз бен дінімізді  ұмытпай қастерлеу мен бірлігімізді жоғалтпау болып табылады. Мәңгілік ел болуы үшін өткенімізді қастерлеп болашаққа жеткізуіміз керек. Ол - біздің парыз. Жаратқаннан басқа жер бетінде мәңгілік ештеңе жоқ. Жер шары барда, тәуелсіз қазақ елі мен қазақ тілі мәңгілікке жасай берсін!


Қазіргі кезде Қазақстан көл емес - мұхит, шыбық емес - бәйтерек, төбе емес - асқар шың, өзінен бұрын тәуелсіздігін алған мемлекеттермен терезесі-тең, зайырлы, кемелденген, ең бастысы Тәуелсіз мемлекет. Бұл дәрежеге жетуге бізді бір қадам жақсындатқан осы - 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі. Ендеше осы оқиғаның бел ортасында жүріп, азаттыққа, еркіндікке, егемендікке ұмтылған рухы биік, нағыз ұлтжанды азаматтардың ішінде біздің де жерлестеріміздің барын біз мақтан тұтамыз, ол кісілерді ардақтаймыз, ол кісілерге басымызды иеміз! Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды!

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.А Сындарлы он жыл. 2003 жыл, Алматы «Атамұра»

  2. «Желтоқсан құрбандарын жоқтау», 1992 жыл, Алматы «Жалын»

  3. «Қасиеттім желтоқсан» 2016жыл, Алматы «Керемет медиа»

  4. «Қайсар рухты қазақ» 1994 жыл, Алматы «Атамұра - Қазақстан»



ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. Массагет [әлеуметтік білімділер порталы.]

  2. Қазақстан тарихы [2015.-129бет.]


Қосымшалар.



[1 сурет]



[2 сурет]



[3 сурет]



[4 сурет]



[5 сурет]



[6 сурет]