ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 16
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бекітемін:
Күні:
Сыныбы:
Тақырыбы: Есірткісіз өмір ғажайып!
Мақсаты: Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту.
Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Нашақорлықтың алдын алу.
3.Оқушылардың бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, плакаттар, суреттер, нұсқаулық-кітапшалар, нақыл сөздер.
Дайындық барысы: Оқушыларға тақырыпқа сай материалдарды оқып, жинастыру және «Темекінің», «Ішімдіктің», «Нашақорлықтың», адам өміріне зиянды әсері тақырыптарына шығарма жаздыру, қабырға газеттерін шығару, сурет салу, сыныпты безендіру.
Өту барысы:
Психологиялық тренинг: «Мен өзіме сенемін!»
(Оқушылардың арасында жағымды орта, көңіл- күй қалыптастыру)
Еңбек етсем ертеңгі бақытыма сенемін!
Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін!
Достық пенен қасты да жеңеріме сенемін!
Ақыл сана білім мен өнеріме сенемін!
Арым таза ақкөңіл адалдыққа сенемін!
Абыройлы ақ ниет адамдыққа сенемін!
Мұғалім сөзі: Елбасымыздың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Яғни, мемлекетттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.
ХХІ ғасырда қоғам тек жалаң адамдар тобынан ғана емес, сонымен бірге денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні кіршіксіз таза , танымдық белсенділігі мен өздігінен білім алуға деген ынтасы мен шығармашылық қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы тиіс.
Олай болса, біз «Салауатты өмір салтын» насихаттау, келеңсіз жағдайлардың алдын алып «ХХІ ғасыр – салауатты қоғам ғасырын» құруымыз керек. Бүгінгі ұсынылып отырған «Есірткісіз өмір ғажайып» атты тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтауға шақырады.
І жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің «Есірткісіз өмір ғажайып» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз
ІІ жүргізуші: Қадірменді көрермендер,енді назарымызды бейнематериалға аударайық.
-Біздің болашағымыз неге байланысты? Бұл залалдан құтылатын ем, жолы бар ма?
І жүргізуші: ХХІ ғасырда адам баласының басына төнген қауіпті эпидемия – нашақорлық қанатын кең жайды. Оның ауқымды мөлшері әрлі – берлі Қазақстан арқылы өтеді. Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп, дүние салып, талай ауруларға ұшырады
ІІ жүргізуші: Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез- құлқын бұзатын қауіпті, тиым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық жиілігіне ұшыратады. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі.
Грек тілінде ұйқы мағынасын білдіретін «nаrke» сөзі, ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтау, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді.
І жүргізуші: Маскүнемдік – алкоголь ішімдіктерін үнемі қолданудан және шектен тыс үйір болудан қанға сіңіп кететін дерт. Ағзаның бірқатар қызметін бұзатын және тереңдей беретін кесел. Алкоголь ішімдіктеріне тым үйір адамдардың өмір ұзақтығы – халықтың орташа өмір ұзақтығымен салыстырғанда 15-20 жас кем.
ІІ жүргізуші: Шылым құрамында никотин және 4 мыңға жуық улы зат бар. Дүние жүзілік «Денсаулық сақтау» ұйымының мәліметі бойынша 2027 жылы темекінің зардабынан қайтыс болатындар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Темекі шоғының қызыуы 300 градусқа жеткенде, оны сорған адамның аузының температурасы 60 градусқа дейін барады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдарымен, асқазан қабығының нәзік жасушыларын күйдіреді.
І жүргізуші:
Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар
Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.
Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып
Жақсы үмітпен, сеніміңнен таймаңдар
Салауатты өмір салтын сақтаңдар
Болашаққа нық қадам бастаңдар!-деп ендігі кезекте жастарды салауатылыққа шақыратын үш топ мүшелерімен таныс болайық.
І кезең: «Таныс болайық!»
1.«Болашақ»тобы
Ұстанымы: «Шылымқорлыққа қарсы»
Ұраны: Денсаулықты қорғауға
Шықтық біз де топ құрап.
Кілең сайдың тасындай
Бес ұланнан тұрамыз.
Сөз сөйлейміз жасқанбай,
Осындай топ боламыз.
2.«Денсаулық»тобы. Ұстанымы: «Ішімдікке қарсы»
Ұраны: Денсаулықты сақтаймыз,
Спортты біз жақтаймыз.
Барша топ алдында,
Салауатты өмірді мақтаймыз!
3.«Салауат» тобы.
Ұстанымы: «Нашақорлыққа қарсы»
Ұраны: Салауатты мақсатымыз -өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Жауымыз-ішімдік пен нашақорлық
Ұстанамыз–бұл жолдан аулақ жүру
ІІ кезең: «Бәйге»
Әр топқа сұрақтар беріледі. Сұраққа жауап дайындауға 2 минут беріледі.
І топқа:
1-сұрақ: Жасөспірімдер арасында шылым шегушілік туралы не айтасыз?
Шылым шегуді қоюға бола ма?
Жауап: -Кей балалар темекі тартуды есею деп санайды. Еліктейді, бір-бірінен артық болып көрінгісі келеді, не біреу ықпал етеді. Бірақ, олар өз денсаулығына өздері зиян келтірушілер. Темекіні тастау үшін баланың қайраты мен қажырлығы керек. Бос уақытын қызықты өткізіп, спортпен шұғылданса, темекіні тастау оп-оңай. Сонда ғана өзіңді-өзің жаман ортаға итермейсің.
2-сұрақ: Адам денсаулығына ең қажетті зат не деп ойлайсыңдар?
ІІ топқа:
1.Алкаголь ем бе, әлдекімдер айтқандай жүрек ауруына пайдалы ма?
Жауап: —-Жоқ. Бұл пікірді тартушылар көбіне –көп арақ зауытының иелері. Олар өз өнімдерінің көбірек тарап , пайдаға батуды ғана көздейді. Ал шындығына келгенде, арақ ішушінің инфаркт алуы аз ұшыраспайды.Арақтың қай түрінің болса да сырқатқа дәрі ретінде қолданылмайтындығын Мұхаммед пайғамбарымыздың хадисіндегі : «Арақтың ем емес екендігі сөзсіз, керісінше дерт, яғни ауру әкелуші»- дегені шегелей түседі.
Денсаулықтың достарын атап шық.
ІІІ топқа:
1.Есірткіге әуестенген адамның өмірі қысқа болады дейді. Оның себебі неде?
Жауап: — Нашақорлықпен ауратындардың өмірі ұзаққа бармайды. Алғашқыда ляззат ал үшін, кейіннен ауырмау үшін ғана қолданатын болады. Сөйтіп, денелерін улап тастайды нәтижесінде мидың тыныс алу орталығы тоқтайды.
Денсаулықтың қастарын атап шық.
ІІІ кезең: «Көкпар тарту» Мақал-мәтел жарысы.
Жігерің бар, талабың бар, қайратың,
Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.
Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,
Өмірің бар алда әлі солмайтын, – дей отырып, жаман әдеттерден жирендіретін, зиянды әдеттер, денсаулыққа байланысты мақалдар мен ұлағатты сөздердің жалғасын табуға кезек берейік. (Үш топ кезек-кезекпен айтады).
1Ауырып ем іздегенше , (Ауырмайтын жол ізде )
2.Шылымқор өзін ғана емес, (Өзгелерді де улайды)
3.Темекінің көк түтіні (Екі өкпеңді ыстайды)
4.Ұзартқың келсе ғұмырды, (Таста арақ пен шылымды)
5.Ішпеген, шылым тартпаған – (Денсаулығын сақтаған)
6.Жасында темекісін будақтатқан – (Күркілдеп қартайғанда құлап жатқан)
7.Көзге түскен қауыз жаман, (Шылым шеккен ауыз жаман)
8.Шылымды жерге тастама, (Айналаңды ластама)
9.Түтіні тісіңді сарғайтады, (Уы ерте қартайтады)
10.Темекінің кермегі, (Еріккеннің ермегі)
11.Қайғы қартайтады. (Қуаныш марқайтады)
12.Тыста ұзақ жүргенің, (Ұзақ өмір сүргенің.)
ІҮ кезең: «Ситуациялық жағдаят» (Мамандар сауалы.)
Салауатты өмір салтын қолдайық!
Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!
Өз өмірің өз қолыңда, ей жастар,
Су ішпеген гүлдей болып солмайық!
— Келесі кезеңімізде,әр топқа, сайысымызға қатысты мамандарымыздың дайындаған сұрақтары бойынша жауап беріп, «Ситуациялық жағдаятты» талдау. Ойлануға 2 минут уақыт беріледі.
1. «Болашақ» тобына: (Мектеп психологы – А.Жарылғасова)
-Саған жоғарғы сынып оқушысы «Маған күніне бір қорап темекі алып бер.Екеуміз бірлесіп шегеміз.Мұны тек сен екеуіміз ғана білетін болайық. Әйтпесе…» деп жұдырығын көрсетіп шарт қойды.Өзіңді қандай жолмен құтқарасың?
«Денсаулық» тобына: (Мектеп медбикесі – Г.Нұртазаева)
— Сенің достарыңның бәрі темекі шегеді.Ал сенің темекі шеккің келмейді,сол үшін олар сені шеттете бастайды.Сен олардан бөлініп кете алмайсың.Не істер едің?
3.«Салауат» тобына: ( Дене шынықтыру мұғалімі – А.Джубаев)
-Сенің өте жақсы көретін досыңның аузынан ептеп арақтың иісі шығатынын бір-екі рет байқадың.Ол сені сезеді деп ойлаған жоқ.Ата-анасыны айтайын десең досыңның көңілін қимайсың.Сен досыңды қалай құтқарар едің?
V кезең «Уланбасын өмірің» көрініс қою.
-Бұл бөлімде әр топ өз көріністерін көрсетеді.
1- топ «Зиянды әдеттер » планетасы
2- топ «Есірткіден аулақ бол»
3- топ «Спортшы жігіт »
1 . «Болашақ» тобы: «Зиянды әдеттер » планетасы
Адам: Уһ, жаным –ай! Енді қайда барсам екен? Қай жерге барып жаным рақат табар екен! Не етсем екен!
Арақ: Мен мөлдірмін! Мені ішіп рақаттан. Көңіл — күйің көтеріліп, өмірің қызық болады. Кел менімен дос бол! Менімен дос болсаң қайғыруды ұмытасың, жеңілдейсің.
Темекі: Ал мен сымбатты да әдемімін, иісім қандай жағымды. Менің әсерімнен рахаттанасың. Менің досым бол, кел!
Наша: Бәрінен де мен күштімін. Ең рақаты, ең тиімдісі мен боламын. Мені шегіп, күш- жігерің артады, көңіл күйің көтеріледі. Мен сені еш уақытта тастамаймын, адал дос боламын. Кел, менімен дос бол!
Денсаулық планетасының тұрғыны:
— Тоқтатыңдар! Ей, жауыздар,сырты жылтыр, іші қотыр жауыздар! Кетіңдер, кетіңдер ары, босқа ерікпеңдер. Менің адамымның алда көрер қызығына сендер кедергі боласыңдар! Егер сендерге еріп, жеңіл жол іздеп, еріп кете берсе, өмірге қандай болашақ ұрпақ әкелмек! Жүр, одан да менімен жүрсең адам боласың! Адам деген асыл атыңды мұндай жауыз заттармен кірлетпе!
2- топ «Денсаулық» тобының көрінісін тамашалаңыздар!
Көрініс: «Есірткіден аулақ бол!»
Автор: Ерте, ерте , ертеде,
Дәл қазіргі заманда,
Арман деген баланы
Еркелетіп өсірді.
Сұрағанын әперді,
Оқу деген ойда жоқ,
Өсе келе ол бала,
Жамандыққа бойлайды.
Өз бойына жолатты
Есірткі деген пәлені.
Бала: (Рэп стиліндегі әуен қойылады)
Керек емес, үйретпе,
Оқымаймын ереже.
Еркесімін әкемнің,
Кенжесімін атамның,
Қалтам толы ақшаға,
Ауырмайды басым басқаға.
(«Аппақ гүлдер» әуені қойылады)
Тыныш еді өмірім,
Көріп сені өзгердім.
Сүйіп сені көңілім жұлдыздырға тең келдім.
Сөз таппаймын айтуға,
Сені бойға алғанда,
Түсімде де жүрсің ғой,
Темекі мен есірткіні ұсынып.
(Билеп жүріп құлайды. )
Дәрігер:
Тамырын у мен суарып,
Инемен таза денеңді
Тесуге неге келістің?
Көк түтінмен уланып,
Ащы суды неге іштің?
Төсекке асыл азамат
Аурумын деп құлапсың.
3-топ «Салауат» тобының көрінісін тамашалайық.
Спортшы жігіт жаттығу жасап, шынығып жүр. Оның жанына темекі тартып, қолдарына ішімдік бар достары келеді. Арада 5 жыл уақыт өткен соң, олар кездеседі.
Спортшы жігіт әлем чемпионы атанған, ал баяғы темекі ішкіш, ішімдік құмар достары азып –тозған, түрлері адам шошитындай халге түскен. Спортшы жігіт сөйлейді.
Спортшы жігіт:
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді,
Құр айтпаған ғұлама данамызда.
Сақта халқым, денсаулығын аналардың,
Болсын десең дені сау ұрпақтарың.
VI кезең: «Ғасыр тағдыры үшін, күресейік!». Сурет байқауы.
Әр топ суреттерін тақырып бойынша қорғайды.
«Болашақ»тобы: Суреттің тақырыбы: «Темекіден түтін сорсаң улайсың,өзіңді-өзің
жіпсіз байлап шырмайсың.»
2.«Денсаулық»тобы: Суреттің тақырыбы: « Болар бала кісілікке үйір, тозар бала
ішімдікке үйір.»
3. «Салауат» тобы. Суреттің тақырыбы: «Есірткіге жолама, жетелейді молаға.»
Қорытынды бөлім. «Достық ағашы»
Мұғалім: Балалар, енді, жылы жүректеріңнен шыққан тілектеріңді достық ағашына орналастырайық.
-Дені сау адам қандай болады?
-Денсаулығыңды сақтау үшін не істеу керек?
«Достық ағашы» қандай әдемі болды. Достық ағашы тамырын кең жайып өсе берсін, дендерің сау болсын. ( Жазған тілектерін оқиды).