Файл: Алтын ауыл орта мектебі коммуналды мемлекеттік мекемесі 20222023 оу жылы 14. 1118. 11 кндері аралыында Бастауыш сыныптарды математика пніні оытылуын тексеру туралы анытама.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 14
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Алтын ауыл орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2022-2023 оқу жылы 14.11-18.11 күндері аралығында
Бастауыш сыныптардың математика пәнінің оқытылуын тексеру туралы анықтама
2-сынып оқушыларының дәптерін тексеру туралы анықтама
Тексеру объектісі: 2-сыныптар
Тексеру уақыты: 14-18.11.2022 ж.
Тексеру мақсаты: 2-сынып оқушыларының математика пәнінің оқытылуын бақылау
Бақылау нысаны: математика
Тексеру түрі: тақырыптық
Негізі: Мектепішілік жоспары
Тексеру комиссиясы: Д.Бусакан – ДОІЖО, Керимкулова Ж.
Тексеру қорытындысы: Мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес 8 желтоқсан күні эксперттік комиссия тобы құрылып, оқушылардың математика дәптерлерінің жүргізілу жағдайы тексерілді. Тапсырмаларды уақытылы жазып, үй тапсырмасын орындап; дәптер сыртын қаптап, каллиграфия ережесін сақтап жүрген иоқушыларды анықталды. Мұғалім тарапынан уақытылы тексерілуі, баға қойылуы, ескертулердің жазылуы тексерілді.
Тексеру мақсаты: Бастауыш сыныптардың математика пәніне қызығушылығын байқау, білім деңгейін анықтау, білім олқылықтарының орнын толтырудағы жүргізілген жұмыс нәтижесін және жұмыс дәптерлерінің ұсталу деңгейлерін тексеру.
Тексеру жоспары: І. Пәннің оқытылуы
ІІ. Жұмыс дәптерлерін тексеру
ІІІ. Білім сапасы бойынша мониторинг
Математика пәнінен алынған сын жұмыстарының қорытындысы
№ | сыныбы | Оқушы саны/ жазғаны | 5 | 4 | 3 | 2 | Сапа | Үлгерім | Сынып жетекшісі |
1 | 2А | 29/28 | 16 | 9 | 3 | - | 89 | 100 | Жансеркеева Г. |
2 | 2Ә | 27/27 | 17 | 7 | 3 | - | 89 | 100 | Бекишева А. |
3 | 2Б | 25/22 | 15 | 5 | 2 | - | 90 | 100 | Қойайдарова Ү. |
4 | 3А | 26/25 | 19 | 6 | - | - | 100 | 100 | Рустемова Ж. |
5 | 3Ә | 17/14 | 6 | 6 | 2 | - | 65 | 100 | Серикова Б. |
6 | 3Б | 21/20 | 5 | 8 | 7 | - | 65 | 100 | Белгібаева Д. |
Бақылау жұмысын жазуда қателіктер көп жіберетін және лас жазатын оқушылар туралы мұғалімге ұсыныс:
-
Есеп шығару кезінде оқушыларға реттілікті сақтап жазуын ескерту. -
Сандарды дұрыс жазуын қадағалау. -
Әр есептің техникаларын үйрету, жазылуын қалыптастыру.
ІІ. Жұмыс дәптерлерін тексер.
Математика пәні бойынша жұмыс дәптерлерін тексеру қорытындысы
Тексерген күні 17.11.2022ж.
№ | Аты – жөні | Сыныбы | Барлы ғы | Тапсыр ғаны | Тексеріс түрі | |||
Бірыңғай талаптың орындалуы | Баға қоюдағы талап | Дәптер тексеру сапасы | Қатемен жұмыс құрылымы | |||||
1 | Жансеркеева Г. | 2А | 29 | 29 | 9 | 9 | 9 | 8 |
2 | Бекишева А. | 2Ә | 27 | 27 | 9 | 9 | 9 | 8 |
3 | Қойайдарова Ү. | 2Б | 25 | 24 | 8 | 8 | 9 | 7 |
4 | Рустемова Ж. | 3А | 26 | 25 | 10 | 9 | 10 | 8 |
5 | Серикова Б. | 3Ә | 17 | 14 | 8 | 8 | 8 | 7 |
6 | Белгібаева Д. | 3Б | 21 | 20 | 8 | 8 | 9 | 7 |
Ұсыныс:
Барлық пән мұғалімдеріне оқушылардың дәптерлері толықтырылып, жұмыстарды жүйелі жазу, КТЖ бойынша жоспарлы жұмыстарды орындау барысында бағалау дескрипторлары талапқа сай қолданылу ұсынылды. Көркем жазуға шақыру. Күнделікті тексеруді қолға алу. Қатемен жұмыс жасату. Есептерді дәптерге жазу үлгілерімен көбірек жұмыс жасау.
Мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес 14.11-18.11 аралығында 2,3 сыныптардағы математика пәнінің оқытылуы мен білім сапасын зерделеу мақсатында төмендегі сыныптардың сабақтарына қатыстым.
№ | Сыныбы | Тақырыбы | Күні | Пән мұғалімі |
1 | 2а | Есептеудің тиімді тәсілдері | 17.11.2022 | Жансеркеева Г. |
2 | 2ә | Есептеудің тиімді тәсілдері | 17.11.2022 | Бекишева А. |
3 | 2б | Есептеудің тиімді тәсілдері | 17.11.2022 | Қойайдарова Ү. |
4 | 3ә | 6 санына көбейту және бөлу | 14.11.2022 | Серикова Б. |
5 | 3б | Санның квадраты | 15.11.2022 | Белгібаева Д. |
І.Пәндердің жүргізілуі бойынша:
17.11.22ж. күні 2а сынып математика пәніне қатыстым. Пән мүғалімі Жансеркеева Г.Т. Сабақтың тақырыбы: “Есептеудің тиімді тәсілдері” әңгімесі. Сабақ жоспары бекітілген күнтізбелік жоспармен және күнделік.кз журналына сәйкес. Мұғалім жаңа сабақ түсіндіріп, үй тапсырмаларын сұрауды ұтымды жүргізді. Сабақтарда оқушылардың белсенділігін арттыратын түрлі жұмыс әдістері мен формаларын пайдаланды. Балалардың сабаққа қатысу қызығушылығы жоғары болды. Тәртіптері, өздерін ұстауы өте жақсы болды. Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы, сөйлеу мәдениеті өте жақсы. Танымдық қызығушылықты дамытуға байланысты елеулі жұмыстар жүргізілген: сабақта эмоционалдық жағдай жасалған, мұғалім оқушылардың интеллектуалдық белсенділігін ояту, ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту бағытында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген. Сабақ өз мақсатына жетті.
17.11.22ж. күні 2ә сынып математика пәніне қатыстым. Пән мүғалімі Бекишева А.С. Сабақтың тақырыбы: “Есептеудің тиімді тәсілдері”. Сабақ жоспары бекітілген күнтізбелік жоспармен және күнделік.кз журналына сәйкес. Мұғалімнің 2ә сыныптағы сабақтарына қатысу барысында Бекишева Асем сабақты құру әдістемесін жақсы меңгергендігі анықталды. Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы, сөйлеу мәдениеті өте жақсы. Сынып оқушылары түгелімен математика пәніне бейінді пән ретінде қызығатыны байқалады.Оқушылардың сабаққа жауапкершілікпен келгендіктері көрінді. Сабақтың әр кезеңінде білім олқылықтарын толтыру мақсатында алдыңғы тараумен байланыстырылған сұрақтарға жауап алды. Сабаққа қатыспай отырған оқушыларды ескеру, тақтаға шығару. Белсенді оқушылар арқасында қалдырмау.
17.11.22ж. күні 2б сынып математика пәніне қатыстым. Пән мүғалімі Қойайдарова Ү. Сабақтың тақырыбы: “Есептеудің тиімді тәсілдері”. Сабақ жоспары бекітілмеген, тақырып күнтізбелік жоспармен және күнделік.кз журналына сәйкес. Сабақ ресурстары: тақтамен, жекелей оқушылармен жұмыс жасалды. Оқушылар сабақта белсенділік танытпады. Сабаққа түрлі ойындар мен әдіс -тәсілдер түрлерін жаңартып, пайдалану. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары мен бағалау критерийлері тиімді қолданылды. Сабақта оқушылардың өзін-өзі бағалау әдісі өте орынды қолданылды. Сабақ өз мақсатына жетті, уақыт ұтымды пайдаланылды. Оқушылардың тәртібі сабаққа қатысуы қанағаттанарлық, алдағы уақытта пән мұғалімінен нәтиже күтеміз. Теориялық білімі жоғары.
14.11.22ж. күні 2б сынып математика пәніне қатыстым. Пән мүғалімі Серикова Б.С. Сабақтың тақырыбы: “6 санын көбейту және бөлу”. Мұғалімнің сабақ жоспары бекітілмеген, тақырып күнделік кз журналымен сәйкес. Үй тапсырмасын сұрап, жаңа сабақ түсіндірді. Бірінші тапсырманы бірге талдап, екінші тапсырманы өздері орындады. Көптеген оқушылар белсенділік танытты. Сабақтың құрылымы, кезеңдерінің өзара байланысы өз үйлесімді, этаптардың шашыраңқылығы көрінді. Тексеру кезінде әдістемелік біліктілігін арттыру керек екені байқалды, тәлімгер ұстаздардың сабағына қатысу арқылы өз тәжірибесін жинақтау керек екені ұсынылды. Сабақты түсіндіру кезінде көрнекілік қолданбады. Сыныптағы оқушылар сабаққа қызығушылық танытпады. Оқушылардың жазуларын түзету, әртүрлі сын тұрғысынан ойлау тапсырмалар мен әдістерді күшейту.
15.11.22ж. күні 2б сынып математика пәніне қатыстым. Пән мүғалімі Белгібаева Д. Сабақтың тақырыбы: “Санның квадраты”. Сабақ жоспары бекітілген, күнтізбелік жоспармен және күнделік.кз журналына сәйкес. Мұғалім сабақ өткізудің түрлі әдістері мен тәсілдерін қолдануға, балалардың интеллектуалдық белсенділігін оятуға арналған тапсырмалар даярламаған. Оқушылар сұраққа қысқа жауап береді. Сабақта мұғалім өзі көп түсіндірулер жүргізеді. Үлгерімі төмен, дарынды оқушылармен жеке жұмыстар ұйымдастыру, тәлімгер ұстаздың сабағына жиі қатысу арқылы тәжірибесін дамыту, ұйымдастыру кезеңіне мән беру , оқушылардың белсенділігін арттыру үшін жаңартылған білім мазмұны негізінде топтық жұмыстар жүргізу, постер құрау арқылы жаңа сабақты түсінуге қызықтыру, ҚБ қалыптастырушы бағалау жұмыстары арқылы нақты бағалау.
Ұсыныс:
-Оқушылардың математикалық тілде сөйлеуін, есептерді өз бетінше талдауын қамтамасыз ету.
-Дидактикалық материалдар арқылы оқушының біліміндегі олқылықтарды толтыру тапсырмаларын беру;
- Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін жаңартылған білім мазмұны негізінде топтық жұмыстар жүргізу;
- Постер құрау арқылы жаңа сабақты түсінуге қызықтыру;
- ҚБ қалыптастырушы бағалау жұмыстары арқылы нақты бағалау;
- Тәлімгер ұстаздың сабағына жиі қатысу, әдістемелік көмек алу;
-Үлгерімі төмен оқушыларды назарда ұстап мүмкіндігінше білімдерін арттыру.