Файл: Адатпа азаты зіні жыл айыру, айкн санау жйесі бар. Халымызды айды тоысы мен амалын есептеп, ауарайын алдын ала болжай білген дстріні біз жете білмейтін, таныспаан жатары кп екендігі белгілі..doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 36

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Аңдатпа

Қазақтың өзінің жыл қайыру, ай-күн санау жүйесі бар. Халқымыздың айдың тоғысы мен амалын есептеп, ауа-райын алдын ала болжай білген дәстүрінің біз жете білмейтін, таныспаған жақтары көп екендігі белгілі. Соған байланысты жобаның тақырыбы ай санау қағидасының қыр-сырын зерттеп білуге деген құлшыныстан бастау алды.

Аннотация

У казахов издревле был свой календарь (восточный), своя система летосчисления. Недостаточно изучены многие моменты того, как казахи по рождению луны прогнозировали погоду. В своем проекте учащийся постарался исследовать определенные закономерности счисления месяцев и их особенности, изучая и используя наблюдения наших предков.

Мазмұны

Кіріспе________________________________________________ 3

1. Теориялық бөлімі

1.1. Ай санау_______________________________________________ 4

2. Ай есебі ___________________________________________ 4-7

2.1. Табиғат теңеуі __________________________________________ 7-9

3 Зерттеу бөлімі

3.1. Ай амалдары. Әдебиет оқулығындағы ай мезгілдері______ 9-11

3.2. Айың тусын оңынан_____________________________________ 12

3.3. Ай аттары. Арабша ай аттары____________________________ 12-13

4. Қорытынды____________________________________________ 13

5 Ұсыныс_________________________________________________ 14

6. Глоссарий _______________________________________________ 15

7. Пайдаланған әдебиеттер___________________________________ 16

Кіріспе



Халық уақытты анықтауда өзіндік бай тәжірибе жинақтап, оны қолданудың сәті мен жолдарын, соған лайықты сөз өрнектерін де таба білді.Жылды, тоқсанды, айды, аптаны, тәулікті бөлудің шаруашылыққа сай реті мен ыңғайын да ойластыра келтіре білді. [4]

Қазақтың өзінің жыл қайыру, ай-күн санау жүйесі бар. Қазіргі қолданыстағы күнтізбелердің талайынан артық. Сан ғасырдың тезінен өтіп, бек жетілген һәм қазақтың тұрмысы мен жер ыңғайына бейімделген ғажап жүйе! Осыны айдың-күннің аманында ұмыта бастадық. Ұлттық күнтізбенің бертін заманда – 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін халқымыздың күнделікті тұрмысында қолданылып келгені туралы деректер жеткілікті. Қазіргі кезде Айдың тоғысы мен амалын есептеп, ауа райын күнілгері білген былай тұрсын, «ұзын сары» мен «бес қонақтың» қашан келетінін біле бермейтін, білгеніміз елең қылмайтын болдық. Сөз реті келіп тұрғанда айта кетелік, ай тоғысын қазақтың шаруашылық күнтізбесі десек, қателеспейміз.
[1]
Жұмыстың мақсаты:
Далалық білімді адамдар айлардың шаруашылыққа, тұрмыс қажеттілігіне жұлдызнамалық маңызы бар деп есептеген. Айдың туу, тоғысуы, аралық шағын байқап, бағамдап отыратын қазақ халқының көріпкелдері, жұлдызшылары қай кезде ауа-райының қандай болатынын дәл тауып, айтып берген. Сол дәстүрді ұмытпай, қайта жалғастыру – біздің мақсатымыз.



Жұмыстың міндеттері:

  1. Ай санау тарихына зер салу

  2. Ай амалдарын бір-бірінен ажырата білу

  3. Әдебиет оқулығынан ай есебі туралы тақырыптарды тауып, талқылау

  4. Ай санаудың пайдасын білу

  5. Халықтың ұғымы мен салт санасына сай дәстүрді насихаттау


Зерттеу жұмысының өзектілігі :
Жылдың он екі айындағы табиғат құбылысына байланысты халықтық қағидаларға сәйкес болжамдар мен атаулар жөнінде ізденіп, талдау жасау, үйрену.
Зерттелетін зат:
Қазақ халқының ай санау (ай есебі) дәстүрінің қазіргі өмірімізге, шаруашылығымызға пайдасын зерттеу.


Теориялық бөлімі

Ай санау

«Көшпенді өмір сүретін, мұсылман болмаған түркілер жылды төрт маусымға бөліп, әр үш айды бір атпен атайды. Жылдың өтеуін сол тәсілмен белгілейді... Ай – отыз күннен тұратын уақыт өлшемі.» (Махмұт Қашқари). [4]

«Жылым – қой, жұлдызым – июль» (Шәкәрім). Халық жылды он екі айға бөледі де оны «ай санау» - деп атайды. Бұл тым ертеде қалыптасқан дәстүр. Әр айдың атаулары жыл мезгіліне, табиғат құбылыстарына, халықтың ұғымы мен салт-санасына сай белгіленген. Мұның шаруашылық, экономикалық, астрологиялық жағынан да маңызы бар екенін дала ғұламалары тағы ескерген. Ежелгі астрономиялық бағдарда әр айға сәйкес жұлдыз аттары да бар. Ол «Жұлдыз, ай» деп аталады. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында қазіргі айларды жұлдыз, ай атымен де атай береді. Әр айда табиғат құбылыстары мен өзгерістері де жиі болады. Халық оны «ай амалдары» немесе «амал» деп атап, желді, суық айларда қауіптеніп, оған қарсы күтініп отырады. Оны білетін халық есепшілері болған. Олар ауа райын дәл болжап, біліп, хабарлап отырған. Елімізде ай да, жыл да наурыз айынан басталады. Қазақтар қыркүйек, тамыз, желтоқсан, мамыр тағы басқа ай аттары сол мезгілдердің өзіндік қасиеттеріне сай келеді. Халық әр айға сәйкес ұлттық ұғымдар, наным-сенімдер, мақал-мәтелдер қалдырған. Мысалы « сәуір болмай – тәуір болмас», «қараша-қауыс, кәрі құртаңды тауыс», «күн қаңтарда қарға адым, ақпанда ат адым ұзарады», « сүмбіле туса – су суыр»,

[5]
Сәуір болса, күн күркірер,

Күн күркіресе, көк дүркірер.
Кешкі күн құлақтанса,

Қатының ұл тапқандай сүйін

Ертеңгі күн құлақтанса,

Еліңді жау шапқандай күйін. [6]
Ай есебі
Ай есебі (Ай санау) – дәстүрлі ортада таралған күн қайырудағы, уақыт санаудағы халықтық астрономияға негізделген бірлік атауы. Қазақ есепшілерінің үш түрлі төлтума күнқайыруы болған: оның екеуі – ай есебіне негізделген күнқайыру – Қамбар тоғысы мен Үркер тоғысы. Ал, үшіншісін жұлдыз есебіне негізделген күнқайыру немесе Үркер есебі деп аталады.

Үркер есебіне негізделген күнқайыру күллі қазақ жұртшылығына ортақ ай есебі қалыптастырды. «Ай-айдың оты басқа» деген қазақ әр айдағы табиғат құбылыстары мен шаруашылық қарекетіне қарай туындайтын сипатына байланысты және уақыт өлшеудегі басты объект Ай мен Күннің шығуы, батуы, Күн аясындағы уақыттың (жарықтың) ұзынды-қыскалы болуына қарай атаулар қалыптасты. Бір жылдағы ай есебі отамалы, сарша, тамыз, қыркүйек, желді (қазан), қараша, тоқсан (желтоқсан), қаңтар, ақпан, тоқпан (екі ағайынды), көкек, мамыр (құралай) деп аталды.

Жылдың бас айы - отамалы болып саналған. Мерзімі жағынан қазіргі мамыр айына сәйкес келеді. Бұл атаудың төркіні түркі тілдерінің барлығында дерлік кездесетін «от», яғни шөп деген мағынаны білдіреді. Әдетте, отамалы айында көк қаулай шығып, әжептәуір көтеріліп қалады. Ал, одан кейінгі ай - саршада көкорай шалғын өсіп, толады да, айдың аяғына қарай шөп басы сарғыш тартып пice бастайды. Ал, тамыз сөзі «күйдіру» деген мағынаны аңғартады. Б.А.Куфтиннің тамыз сөзін «жағу», «тұтату» мағынасындағы етістік, одан тамызық сөзі туындаған дейді. Бұл айда күн аптап болып, шөптің басы қурай бастайды. Тамыздан кейінгі ай қыркүйек, әуелде қошқарға, текеге күйек байлана бастайтын кез дегенді білдірген. Желді немесе қазан - алғаш өсік жүріп, күннің суыта бастайтын шағы (қазан парсы тілінде күз дегенді білдіреді). Қарашада жердің оты кетіп, бет-бедері коңыркай тарта бастайды, атауы да соны меңзейді. Желтоқсан, кейде тоқсан деп те аталады. О баста күз айлары желдіден басталып, тоқсанмен аяқталған. Кейінірек осы екі сөз біріге келіп, күздің соңғы айының атауы болып қалыптасты.

Қаңтар - «күннің қаңтарылып байланатын, одан әрі тұқырып, қысқара алмайтын айы» болғандықтан айдың аты да осылай аталған. Татар тілінде тат. күзе кантар («күзгі қаңтар») орыс. октябрь-ноябрь, тат. язғы кантар («жазғы қаңтар») орыс. март-апрель, башқұрт тілінде башқ. буре кантары (бөрі қаңтары) «наурыз айының басқы кезі», ал қырғыз тілінде қыр. аю кантары «қыстың бір мезгілі» дегенді білдіреді. Осындай салыстыруға қарағанда, аңшылық күнқайыруда қаңтар сөзі «аңшылықтың тоқтайтын шағы, яғни аңдардың көй ойнаққа төсетін кезі» дегенді білдірсе керек.


Мұндағы отамалы, сарша, тамыз, қазан, қараша және тағы басқа деген мерзімдеу - ай есебінің мән-мағынасы да көк атаулының өсіп, өнгенінен бастап, солып қурағанға дейінгі мерзімді білдіреді. Халқымыздың ұғымында көкек жағымсыз құс емес, керісінше, «Көкек - киелі құс. Май мол болады деп, көкек қонған бұтақты алып, сүт құйған сабаға салып қояды», - деп жазады Ш.Уәлиханов. Кей өлкеде көкек наурыз айына сәйкес келеді. Бұл кезде көкектің жылы жақтан келе қоймайтыны белгілі. Сондықтан болу керек, Б.А. Куфтин өзінің мақаласында бұл айдың атын көк-көк (орыс. едва зеленый) деген сөзбен ұштастыра қараған. Олай болса, көкек сөзі «көк әлі көк», «өсіп жетілмеген» деген мағынаны білдіретін сөз тіркесі болып шығады. Мұндай жорамалдың да негізі бар (Мәселен, алтайлықтар сәуірді көк ай, шұлым татарлары майды көк ай деп атайды. Бұл тілдерде ай есебі көктің қаулай шығатын мезгіліне орай айтылғаны айқын байқалып тұр.) Көкектен кейінгі айдың аты - мамыр. Бұл жыл құстарының мамығын төгіп, көл жағасына ұя сала бастайтын кезі. «Көл eт, көп eт, көлді мамыр eт; не тілегенін әзір ет» делінеді байырғы баталарда. Б.А. Куфтин: «Сәуірдің 20-на дейінгі (қазіргіше мамырдың 3-і) 27-28 күнді мамыр деп атайды, мал оңала бастайды, шүкіржапырақ жеп, қыстайғы жеген жемінің қалдыгынан іші-қарнын тазартады», — десе, Л.Будагов: мамыр ат «аяғы ауру ат», мамыр «семіздіктен немесе күзгі шыққан қауырсыны әлі қатаймағандықтан ұша алмайтын құс, сондықтан, айдың да аты осылай аталған», - дейді. Ай аттарын саралай келе қазақтардың дәстүрлі күнқайыруында ай аттары басқа халықтардағыдай бір қиялдағы бейнелердің немесе патшалардың есімімен аталмағаны байқалады.

Үркердің белгілі бір жылдағы батуынан келесі жылғы батуына дейін 365 астрономиялық күн бір астрономиялық жылды құрайды. Ал, шындығында, Үркердің батуынан келесі жылдағы батуына дейінгі уақыт 365 күнге және 6 сағатқа, яғни соңғы уақыт тәуліктің төрттен біріне тең келеді. Сөйтіп, осы алты сағат немесе тәуліктің төрттен бірі жинала келіп, төрт жылда 1 күн, қырық жылда 10 күн, сексен жылда 20 күн, жүз жиырма жылда 30 күн болады. Әуелде отамалы мамыр айына сәйкес болған, бірақ, әр жылдағы алты сағат айырма жинала келіп, жүз жиырма жыл өткен соң, отамалы сәуірге, екі жүз қырық жыл өткен сон наурызға, төрт жүз сексен жылдан соң ақпанға айына ауысып отырған. Сонымен, отамалының кейбір деректерде «мамыр», қайсыбір мағлұматтарда «ақпан» болып жүруінің осындай себебі бар. Көкек айының да бірде «мамыр», бірде «сәуір», бірде «наурызға» сәйкес болуы да осы тәрізді. Міне, ай есебінің осындай «қыдырысына» қарағанда есепшілердің Үркер күнқайыруын қолдана бастағанына бес-алты ғасыр шамасындай уақыт өткен деп жорамалдауға болады.


Наурыз күнқайыруын кезінде қазақ есепшілері де қолданып, айлардың өз «тұғырынан» жылжып кетуі тәрізді кемшілікті ендігі жерде кібісе жыл әдісімен ретке келтіре бастады. Наурыз күнқайыруы бойынша кібісе жыл есебін негізге ала отырып, есепшілер өз стилін жасауға тырысты. Мұндай әрекет, әлбетте, күнқайыруды халықтың тұрмыс-тіршілігіне, бұрыннан келе жатқан салт-дәстүріне бейімдеу ниетінен туса керек. Кейбір есепшілер, біздің байқауымызша, шілденің шығуы мен кіруін астрономиялық жылдың межесі етіп алған. Шіллә, шілде парсы тілінде қырық деген мағынаны білдіреді. Алайда, Наурыз күнқайыруының парсы стилі бойынша шілде жазғы және қысқы шілде болып екіге бөлінеді. Ал, жазғы шілденің өзі кіші шілде (5 шілде - 25 шілде) және үлкен шілде (25 шілде - 5 тамыз) болып тағы екіге жіктеледі. Қысқы шілде де тап осы тәрізді: кіші шілде (5 желтоқсан - 25 желтоқсан), үлкен иіілде (25 желтоқсан - 5 ақпан) деп аталады. Ал қазақ есепшілерінің шығарған шілдесінің парсы күнқайыруындағы шілдеден едәуір айырмасы бар.

«Қысқы шілде де қу сақта, жазғы шілдеде су сақта» дейді халық мәтелі. Жаз тоқсандағы шілде кіші шілде және ұлы шілде деп екіге бөлінеді. Кіші шілде мамырдың 24-25- інде кіріп, шілденің 7-8-інде шығады. Ал, ұлы шілде немесе кәдімгі шілде шілденің 8-9-ында кіріп, тамыздың 17-18-інде шығады. Қыс тоқсанындағы шілде де осы тәрізді: кіші шілде 24-25-інде кіріп, қаңтардың 6-7-інде шығады, ал, ұлы шілде қаңтардың 7-8-інде кіріп, ақпанның 17-18-інде шығады. Бұл кезді шілде тоқсан айы деп атайды. Шілде тоқсан айы деген тұрақты сөз орамы байырғы мұралар тілінде де кездеседі:

Ақ тайлаққа жүк арттым қатар-қатар, 

Шудасы шөгіп жатса, шаңға батар. 

Қауыста қарашамен қаймақшиды, 

Шілде тоқсан айында дария қатар.

                               («Ұлбике мен Кұдері қожаның айтысы»), 

Қысқы ұлы шілденің шығуымен қыстың соңғы зәрі кетеді де, табиғат көктемгі тіршілікке қарай бет бұрады. Осы кезде, ақпанның 17-18-інде, Жетісу өлкесінде наурыздама өткізіледі. Сөйтіп, есепшілер уақыт жағынан бұл мейрамның байырғы кездегі Қызыр Ата немесе Қарт Наурыз мейрамына сәйкес болуына ерекше көңіл бөлген тәрізді. Кейбір деректерде Наурыздың ақпан айына тура келуі күнқайырудың осы аталған шілде стиліне байланысты екенін байқатады. Мұндай өзгерістердің себебінен отамалы тәрізді дәстүрлі ай атының орнына наурыз сөзі қолданылды. Сөз мағынасындағы іргелестік пен қызметіндегі ұқсастық деп аталатын заңдылық бойынша наурыз, шілде сөздері өздерінің негізгі мағынасына қосымша ай есебі болып та жұмсалды. Сөйтіп, кейбір дәстүрлі ай есебі санаттан шығып қалса, қайсыбірі өз «тұғырынан» ығысып, басқа айдың атауына айналды. Шындығында, наурыз - айдың аты емес, жыл басы мейрамының атауы.