Файл: айта жанартылатын энергия кздерін пайдалану Пні бойынша есж 1.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 28

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Биогаздың егін шаруашылығы, мал шаруашылығы, басқа да ауыл шаруашылық өндірістерінің қалдықтарынан биогаздың шығуын есептеу.

Қазақстан мемлекетінде ауыл шаруашылығы кеңінен дамыған. Соның дамыған бөлігінің бірі біздің Солтүстік Қазақстан төңірегі. Бірақ ауыл шаруашылығында көптеген қалдықтар- бұл жануарлардың экскременттері және өсімдіктердің қалдықтары қолданусыз қалып отыр. Үй жануарарларының қалдықтары қалыпты жағдайда ыдырау кезінде қоршаған ортаға зиянды заттарды бөледі. Соның бірі - аммиак. Сонымен қатар бізідің облысымыздың орталағында электр энергиясымен барлығын қамтып отырған ЖЭС жұмыс істеуде. Оның негізгі қолданылатын отыны көмір. Көмір жанған кезде қоршаған ортаны ластайды. Бұл экологиялық жағдайды нашарлатады. Сондықтан осындай проблемадан шығу үшін ауыл шаруашылығында биогаздық технологияларды электр энергиясын өндіру үшін қолайлы дейміз.

БҚ құрылысын жоспарлаудан бұрын қолданыстағы шикізат базасын анықтау қажет, ферманың қаншалықты көң керектігін және қанша болашақтақажет болады.

• Бұдан басқа, сіздің үй шаруашылығыңыздың энергияға қажеттілігін бағалау қажет, яғни, үйіңізді және басқа бөлмелерді жылыту, тамақ дайындау,

жарықтандыру және тұрмыстық техниканы пайдалану үшін қанша энергия

қажет.

• Қазақстанда өндірілген биогаздың 10% -дан 25% -на дейінгі

реактордағы шикізатты қыздыру үшін энергияны тұтыну есептеулеріне қосу.БҚ көлемін анықтау үшін ферманың биогаздағы қажеттіліктерін есептеу және шикізат көлемін бағалау қажет болды. Бастапқыда биогаздың көпшілігі мал блоктарын және тұрғын үй-жайларды жылытуға, мал шаруашылығына арналған азық-түлік пен жемшөптеуге арналған. Биогаздың бір бөлігі электр жарығы мен электр құрылғыларына қажетті электр энергиясына өңделеді.Шаруа қожалығы жалпы алаңы 2250 ш.метр болатын екі мал блоктарынан тұрады.Тұрғын үй кварталдары бірінші (шамамен 100 ш.метр) және екінші блокта (20 ш.м.) орналасқан. Бірінші блокта ірі қара малдың (сүт сиыры мен жас қорының) есігі үшін 2 бөлме (шамамен 500 ш.метр) бар. Екінші блокта (700 ш.метр) бір бөлмеде шошқалар, сиыр мен бұзаудың екі бөлімі бар. Сондай-ақ, малға арналған жемшөп дайындайды.Суық мезгілде жылытылатын жалпы алаңы 1320 шаршы метрді құрайды. Бөлмелер бөлімдерге бөлінеді. Терезелердің көпшілігі кірпіш.Бөлме өзі ескі, кірпіш, қабырғасының қалыңдығы 50 см.Ферма талап ететін биогаздың мөлшері бұрын пайдаланылған энергия көлемі бойынша анықталуы мүмкін.


Қорытынды

Қазіргі кездегі болжамдарды есепке ала отырып осы ғасырдың орта кезінде немесе аяғында мұнайдың, табиғи газдың және басқа да традициялды энергия көздерінің азйып бітуіне тура келеді. Бұған қоса көмірдің қолдануын экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты азайтып тастады. Цивилизацияның әрі қарай дамуында энергияның ролі бар екендігіне ешкім күмән келтірмейді. Қазіргі қоғамда тура немесе жанама адамның іс-әрекеттерінің кез келген аймағында бұлшық еттердің энергиясынан көп энергияны қолданусыз өмірді елестетуге қиын. Энергияны қолдану - өмір сүру деңгейінің негізігі көрсеткіші. Адам өзінің өміріне қажет энергияны жинау немсе аң аулау әдісімен жинаған кезде, оған күніне 8 МДж энергия қажет болды. Отты қолданғаннан кейін оның мөлшері16 МДж-ге дейін артты. Қарапайым ауылшаруашылығында ол 50МДж –ге дейін жетті, ал дамыған -100 МДж болды. Біздің цивилизацияның өмір сүру жолында традициалды энергия көздері жаңа энергия түрлеріне көп рет ауысты. Және бұл ескі энергия көзі біткендіктен болған емес. Күн әрқашан адамды жылытып оған жарық берді, бірақта адамдар оны отты қолдануға ауыстырды да ағаштарды жаға бастады. Ағаштардың орнына көмір келді. Ағаштардың қоры аз болмаса да бу машиналарына калориясы жоғары отын қажет болды. Бірақ көмірде өзінің орынын мұнайға берді. Енді мұнай мен табиғи газдың азаю салдарынан әлем рынкінде олардың бағасы жоғарлай бастады. Бұл жағдай әлем саясатында да тұрақсыздықты тудырып отыр. Осыған байланысты жаңа энергия көздері ізделіп биогаз технологиялары дамып келе жатыр. Осы жұмыста жуық шамада болсада биогаз технологиялардың ауыл шаруашылығында пайдалы жақтарын қарастырып, оның біздің тұрған төңіректе қолайлығын көрсеттік. Бұл эненргия көздерінің қуаттары көп болмағанымен олардын ПӘК-і жоғары. Энегетиканың осындай түрде дамуын экстенсивті деп атайды. Биогаздық құрылғылар мемлекеттің әр аймағында орналаса алады да тәуелсіз өз бетімен жұмыс істей алады. Биогаздық технологиялардың кеңінен қолдануы малшаруашылғының дамуына әкеліп соғады. Бұл экономикалық жағдайды жақсартады. Сонымен біздің мемлекетімізде бигаздық технологияларды дамыту керек. Өйткені мал асырау бізге таңысық емес. Ата-бабаларымыз көп жылдар бойы мал асырап өмір сүрген. Сол істі жоғалтпай, дамытып еліміздегі экологиялық жағдайды да дұрстауға болады.

Қолданылған әдебиет

  1. Агуста Голдин. Океаны энергии.- Пер. с англ.- М.:Знание,1983.-144с

2)Баланчевадзе В.И., Барановский А.И. и др.; Под ред. А.Ф. Дьякова. Энергетика сегодня и завтра М.: Энергоатмиздат, 1990.-344с



3) Более чем достаточно. Оптимистический взгляд на будущее энергии мира/ Под ред. Р.Кларка: Пер с англ М.: Энергоатмиздат, 1994.-215с

4)Источники энергии. Факты, проблемы, решения.-М.: Наука и техника. 1997.-110с

Кириллин В.А. Энергетика. Главные проблемы: В вопросах и ответах. М.: Знание , 1997-128с

5)Мировая энергетика: прогноз развития до 2020г./Перс англ. Под ред. Ю.Н. Старшикова.-М.: Энергия,1980.-256с.

6)Нетрадиционные источники энергии. М.: Знание,1982.-120с.

7)Соснов А.Я. Энергия Земли.- Л.: Лениниздат, 1986.-104с.

8)Энергетические ресурсы мира/ под ред. П.С. Непорожнего, В.И. Попкова.-М..энергоатомиздат. 1995.-232с.