Файл: 1 орта мектебі кммні 20202021 оу жылына арналан оутрбие жмысыны жылды жоспары Бекітілді.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 99
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«№ 1 орта мектебі» КММ-нің 2020-2021 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының жылдық жоспары
Бекітілді:
№1педагогикалық кеңесте қаралды
Хаттама №1 28.08.2020 ж.
Мектеп директоры
_______ Б.А.Валиев
«№ 1 орта мектебі» КММ-нің 2020-2021 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының жылдық жоспары
Іс № 02-03
Аса ауылы, 2020 ж.
Тақырыбы:
«Білім беру мен тәрбие үрдісінде инновациялық қызметті енгізу арқылы білім сапасын арттыру»
Мақсаты:
-
Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті, білімді және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Міндеттері:
-
Жеке тұлғаның негізгі және қосымша бағдарлы білім беретін бағдарламаларды игеруіне және білім алуды жалғастыруына қажетті жағдай жасау. -
Білім сапасын диагностикалау мен мониторинглеудің сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету. -
Жаңа технологияларды мұғалімдердің жүйелі меңгеруіне, білім сапасының көтерілуіне бағытталған кәсіби жетілдірудің бағдарламасы арқылы әдістемелік жұмысты жақсы жолға қою. -
Оқыту мен оқуды басқаруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану; -
«Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәжірибесіне сүйеніп білім беру мазмұнын жаңарту; -
Мектеп пен отбасының өзара ынтымақтастығын қамтамасыз ету; -
Оқушының сапалы білім алуына және мұғалімнің сабақ мақсатына жетуіне мүмкіндік беретін материалдық – техникалық базаны үздіксіз жетілдіру. -
Қамқоршылық кеңес жұмыстарын тиісті деңгейге көтеру; -
Оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында домбыра, шахмат үйірмелерінің санын арттыру; -
Оқушылардың ғылыми жоба, пәндік олимпиада мен түрлі деңгейдегі зияткерлік сайыстарға қатысу нәтижелерінің артуын қамтамасыз ету;
Оқу-тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны
І-тарау 1.1. Мектептің оқу-тәрбие жұмысының тақырыбы, мақсаты.
1.2. Мектептің 2019-2020 оқу жылында істелген жұмыстарына талдау.
1.3 Тұжырымдама.
1.4 Мектеп әкімшілігінде қызметтік міндеттерді бөлу.
1.5 Мектепті басқару циклограммасы.
ІІ-тарау. Педагогикалық ұйымдастыру іс-шаралары.
2.1. Жалпыға бірдей міндетті білім беру іс-шараларын ұйымдастыру.
2.2. Педагогикалық кеңесте қаралатын мәселелер.
2.3. Директор жанындағы мәжілісте қаралатын мәселелер.
2.4. Орынбасарлар жанындағы жиналыста қаралатын мәселелер
2.5. Мектепішілік бақылау.
2.6.Ата-аналар жиналысы.
2.7.Мектептің оқу материалдық базасын дамыту жұмыстары.
ІІІ-тарау. Оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру.
3.1. Әдістемелік кеңес қызметі.
3.2. Мектепішілік іс-шаралар ұйымдастыру.
3.3. Мұғалімдердің біліктілігін көтеру семинарлары, коучингтер
3.4. Шығармашылық топ жұмысы.
3.5. Озық тәжірибені зерттеу және тарату жұмыстары
3.6. Жас мамандар жұмысы.
3.7. Мұғалімдерді аттестаттау жұмыстарын ұйымдастыру.
ІV-тарау. Мектептің тәрбие жұмысының іс-жоспары.
4.1. Мектептің тәрбие жұмысының жылдық жоспары.
4.2. Ұлдар клубының жұмысы.
4.3. Қыздар клубының жұмысы
4.4. «Мирас» ұйымының жылдық жұмыс жоспары.
4.5. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстары.
4.6.Сынып жетекшілерімен атқарылатын жұмыс жоспары.
4.7. Дәстүрлі мерекелер мен атаулы күндер.
4.8. Жастардың танымдық және шығармашылық әрекетке бейімдеу жұмысының жоспары.
4.9. Жасөспірімдер арасында заң бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізілетін жұмыс жоспары.
V - тарау. 5.1. Кітапхана жұмысының жылдық жоспары.
5.2. Психологиялық қызметтің жылдық жоспары.
5.3. Мектеп мед. бикесінің жылдық жоспары.
5.4. А.Ә.Д. жетекшісінің жылдық жоспары.
№1 орта мектебі» кмм
2019-2020 оқу жылында атқарған жұмыстары жайлы
Талдау
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 8-ші бабында
«Білім беру»жүйесінің басты міндеті- оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен техниканы практика негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту, қазіргі кезде әрбір мұғалімнің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі-оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педогогикалық технологияны меңгеру аясында жұмыс істеу көзделген.
2019-2020 оқу жылына арналған мектепішілік жоспарын белгілеп, мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтамасыз етуде, оқушылардың бос уақыттарын есепке алып, пәндік және басқа да үйірме, секцияларға тартуда, сабақта және сабақтан тыс уақытта оқу-тәрбие жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, оқушыларды мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының барлық түрлерімен қамтуда нысаналы жұмыстар атқарды.
Мектептің жылдық жоспарында «Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті, білімді және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру» мақсатын қоя отырып, «Білім беру мен тәрбие үрдісінде инновациялық қызметті енгізу арқылы білім сапасын арттыру»,-деген тақырыбы бойынша келесі міндеттерді жүзеге асырды:
1.Жеке тұлғаның негізгі және қосымша бағдарлы білім беретін бағдарламаларды игеруіне және білім алуды жалғастыруына қажетті жағдай жасау.
2.Білім сапасын диагностикалау мен мониторинглеудің сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету.
3.Жаңа технологияларды мұғалімдердің жүйелі меңгеруіне, білім сапасының көтерілуіне бағытталған кәсіби жетілдірудің бағдарламасы арқылы әдістемелік жұмысты жақсы жолға қою.
4.Оқушының сапалы білім алуына және мұғалімнің сабақ мақсатына жетуіне мүмкіндік беретін материалдық – техникалық базаны үздіксіз жетілдіру.
5.Білімді жетілдіруге жағдай туғызу.
6.Оқушының өз бетімен ізденуіне көңіл бөлу.
7.Шығармашыл тұлға қалыптастыру.
2019-2020 оқу жылының қыркүйегінің 5-не дейін 886 оқушы қамтылып,
42 сыныптан құралды. Бастауыш сатыда -401, негізгі сатыда - 403, жоғарғы сатыда 82 оқушы. Мектепте 2019-2020 оқу жылында барлығы 42/5 сынып комплектісінен құралды . Оның 22-і І – ауысымда, 20-ы ІІ – ауысымда оқыды.
2019-2020 оқу жылыныңжұмыстық оқу жоспары төмендегі нормативтік құқықтық құжаттар негізінде жасалынды:
1) мектепалды даярлық сыныптары/топтарында және 1-4-сыныптарда білім беру процесі:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
ҚР БҒМ 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары (2018 жылғы 10 қазандағы № 556 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламалары;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары («Өзін-өзі тану» пәні бойынша 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 266 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары («Ақпараттық-коммуникациялық технология» пәні бойынша 2018 жылғы 17 қазандағы № 576 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары;
«ҚР Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы негізінде жүзеге асырылды;
2) 5-10-сыныптарда білім беру процесі:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2019 жылғы 15 мамырдағы № 205 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 3 сәуірдегі № 352 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрықпен «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары;