Файл: Адатпа. Маалада халыны есінде адамгершілікті биік станан, тлалы асиеттері жоары, оам айраткері, Социалистік Ебек Ері Еркін Нржанлы уелбековты адал парасаттылы адамдары жйеленіп, талданады. Тйінді сздер.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.03.2024
Просмотров: 14
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ХАЛЫҚ СҮЙГЕН ТАУ ТҰЛҒА
Аңдатпа. Мақалада халқының есінде адамгершілікті биік ұстанған, тұлғалық қасиеттері жоғары, қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Еркін Нұржанұлы Әуелбековтың адал парасаттылық қадамдары жүйеленіп, талданады.
Түйінді сөздер: қоғам қайраткері, парасатты, адал қызметкер, адамгершілігі биік тұлға
Қазақстанның ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихында орны бар ерекше тұлғалар аз емес. Қазақ халқы еліне еңбегі сіңген, адал қызметімен танылған тұлғаларды, «Алтынның сынығы» деп атаған. Осындай атқа ие болған, халық арасында аты аңызға айналған еңсесі биік талант иесі Еркін Нұржанұлы Әуелбеков. Өзінің өн бойына дарыған табиғи талынтымен Қазақстанның үш облысы: Көкшетау, Торғай, Қызылорда халқының әлеуметтік-экономикалық дамуына, өндіруші күштердің игерілуіне, елмен жердің гүлденуіне қомақты үлесін қосып, сәулетті өмірдің бейнесін нақтылап берген.
Еркін Нұржанұлы Әуелбеков 1930 жылдың 22 маусымында Солтүстік Қазақстанның Рузаевка ауданының Жанасу ауылында өмірге келген. Арғын тайпасының Атығай руынан шыққан. Балалық және жастық шағы туған жерінде өтеді. Орта мектепті үздік бітіріп, комсомол қатарына қабылданады.
1948 жылы Тимирязов атындағы Мәскеу ауылшаруашылығы академиясына түсіп, оны 1953 жылы үздік бітіріп шығады.Алған білімін іс жүзіне асыруға, өз халқына пайдасын тигізуді көздеп елге оралды. Алғаш еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Октябрь ауданының Солтүстік Қазақстандағы ең ірі Николаев МТС-не бас агроном болдан бастады. Ол кезде небәрі 23 жаста еді. 26 жасында МТС пен жаңадан құрылған кеңшардың директоры болды. 31 жасында Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитеті төрағасынының бірініші орынбасары, 33 жасында облыстық партия комитетінің екінші хатшысы, 34 жасында облыстық атқару комитетінің төрағасы, небәрі 35 жасында Қазақ ССР-і ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, ал содан кейін Республикалық астық өнімдері және мал азығы өнеркәсібі министрі қызметтерін атқарды. Ал 43 жасында Отанымыздың жоғары наградасы Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. Е.Н. Әуелбеков Қызылорда облысының партия комитетінің бірініші хатшысы қызметін 1985-1989 жылдар аралығында атқарып, облысымыздың экономикасының өркендеуіне, халықтың әл-ауқатын көтеруге ерен еңбек етті. Атап айтар болсақ:
– Қызылорда облысының экономикасы мен әлеуметтік жағдайын жақсату жөніндегі одақтық, республикалық деңгейде бес бірдей қаулы қабылданды. Нәтижесінде Қызылорда облысы ІІІ категориялық облыстан ІІ категориялы облыстың қатарына қосылды. Шөлейттік коэффицент енгізілді.
– КСРО министрлер кеңесінде Қызылорда облысының әлеуметтік – экономикалық дамуын жеделдету жөніндегі шаралар туралы және арал теңізі ауданындағы экологиялық және санитарлық ахуалды түпкілікті жақсарту жөніндегі шаралар туралы арнайы қабылданған қаулылары өңіріміздің қарыштап дамуына даңғыл жол салды.
– 1988 жылы кыркүйекте «арал теңізінің аймағындағы экологиялық және санитарлық жағдайды түбегейлі жақсарту шаралары туралы» КСРО министрлер кеңесінің қаулысын қабылдатты.
– «Арал экологиялық апат аймағы» деген статусты әлемге мойындатып, Қызылордалықтардың денсаулығына Арал апатынан келіп отырған зардаптары үшін жалақысына 30-50 пайыздық үстеме төлеуге тұрақты қаржы бөлдірді.
– «Шалқия» кеніші салынып, пайдалануға берілді.
– Қызылорда ауданаралық энерго орталығы ашылды
– Арал-Сарыбұлақ топтық су таратудың бірінші кезегі іске қосылды.
– Сексеуіл – Түркістан екінші темір жолы салынды
– «Белкөл» мөлтек ауданына баратын жолдағы аспалы көпір салынды.
– Қызылорда қаласында «Батыс» мөлтек ауданы тұрғызылды.
– «Саратс-1», «Саратс-2» әлемдік жоба-жоспарлар дайындалды нәтижесінде «кіші Арал» дүниеге келді.
– Дала академигі Ы.Жахаевтың есімі дараланды. «Жахаевшылар» деген атпен Республика, Одақ тарихына алтын сиямен жазылған ізбасарлары Сыр бойын ақ күріштің фабрикасына айналдырды.
– Қызылорда облысындағы Шиелі ауданынан уран, Жаңақорған ауданына полиметал, кеніштері ашылды.
– Қиыршық тас, құм, тұз өндіру күшті қарқынмен дамыды.
– «Құмкөл» мұнай кенішінде жайлы мұнайшылар қалашығы салынды. Облыстың кейіннен Қазақстанда мұнай өндіруден үшінші орынға шығуына алғышарт жасалды.
– Қызылорда облысының тарихында бірінші рет жаңа әуежай салынып, Алматы, Мәскеу, Минеральные воды қалаларына үлкен лайнерлер ұшатын болды.
– Үлкен және ауыр ұшақтарды қабылдауға арналған жазғы жолақтары бар жаңа әуежай салынды.
– Облыстық медицина орталығы және диагностикалық орталықтары салынды. Қазақстанның ХХ ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы тарихында ерекше орны бар тарихи тұлғалар аз емес, соның бірі-де бірегейі Еркін Нұржан ұлы Әуелбеков, ұлттық құндылықтарымыз бен мемлекетшілдік дәстүрлерімізді дамытуда үлгі-өнеге боларлық ірі тұлға, елінің, халқының мүддесіне қалтықсыз қызмет етудің жарқын үлгісі. Еркін Нұржанұлының туған жерінің өзінде Көкшетау өңірінде, оның орталығы Көкшетау қаласында да жастардың осынау тұлға туралы білгені шамалы деуге болады. Ол кісі туралы көбінесе, аға буын өкілдері ғана жарқын естеліктер сақтап отыр десек те болады. Дегенмен, Қазақстандағы кеңестік дәуір қайраткерлері ішінен дараланып тұратын, кезінде ел тұтқасын халқының адал перзенті ретінде ұстаған асыл азамат, жігерлі басшы Еркін Нұржанұлы болғандығын тұстастары мен замандастары, көз көрген қызметтестері бір ауыздан мойындайды. 1986 жылы желтоқсан оқиғасы кезінде белгілі қоғам мемлекет қайраткері Серікболсын Әбдилдин: Қазақстанды басқаруға лайықты азаматтар қатарында оның да есімі халық аузымен айтылды деген болатын. Азаматты өсіп — өндіретін оның туған топырағы, өскен ортасы. Көкшетау өңірінің даңқы Абылай Ордасы осы өлкеге ауысқан ХҮІІІ ғасырдың бірінші ширегіне бастап ерекше шығып, қазақ елінің саяси орталығының біріне айналғаны белгілі. Осы бір кең байтаққа жоңғар — қалмақтарының жаугершілігі кезінде Сыр мен Сарысудан қоныс аударып келген Арғынның Атығай — Қарауыл атасы кейіннен Абылай ханға тірек болған іргелі жұртқа айналып, ХҮІІІ — ХІХ ғғ — дағы қазақ хандығындағы саяси өмірге белсене араласқаны тарихи деректерден кеңінен мәлім. Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысы Октябрь ауданында Коновалов МТС-нің бас агрономы болып бастаған Еркін Нұржанұлы Марьевка совхозы директоры, солтүстік Қазақстан облысы атқару комитетінің бірінші орынбасары, облысының екінші хатшысы, кейінен: Көкшетау, Торғай, Қызылорда облыстарының бірінші хатшысы, астық өнімдерін өндіру, дайындау министрі қызметтерін атқарды . Кеңестер одағының ыдырау кезінде Мәскеуде одақтық парламентте қызмет атқарып, шаруашылық пен ел басқарудың үлкен мектебінен өтіп, Қазақстанның таяу тарихында өнегелі ісімен жарқын із қалдырды. Ол туралы қызылордалық Мұрат Мұхамедов былай деп еске алады: «Өткен ғасырдың 70–80 жылдарында Көкшетау, Торғай Қызылорда облыстарының шаруашылығының мәдениетінің ілгерлеу уақыты осы кісімен, Еркін Нұржанұлы есімімен тығыз байланысты. Бүгінгі күнге дейін Еркін Нұржанұлының өмірі мен қызметі жеке зерттеу нысанасына айнала қойған жоқ. Қызылорда облысы құрылғаннан бері өңірді партиялық билік бойынша (1938–1991 жылдары) 17 адам басқарыпты. Олардың қай-қайсысы болса да өз заманында әрқилы биліктік талаптарға сәйкес облыстың өркендеуі мен дамуына өзіндік үлестерін қоса алды. Ешқайсының да өлкеге сіңірген еңбегін жоққа шығаруға болмайды. Бірақ солар¬дың ішінде елдің ерекше ықыласына бөленген, шоқтығы биік басшылар да болды. Солардың бірі басшылық қызметі КСРО-дағы қайта құру және жария¬лылықпен тұспа-тұс келген Еркін Әуелбеков еді». . 1985–1989 жылдары облысты басқарған Е.Әуелбеков әртүрлі әлеуметтік топтың да, жеке адамның да, төменгі басшылықтың да мүдделері мен мінез-құлқын әрдайым зерт¬теп, қадағалап отырды, мәселелерді жұмыс барысына қарай, халықтың, аймақтың ерекшелігіне қарай шешті. Қызылорда облысына келген күннен бастап-ақ ұзақ жылдардан бері қордаланалып қалған мәселелерді, күрмеуі қиын түйіндерді шешу үшін өзінің «жаңа тәртібін» орнатты. Бұл тәртіптің негізі өздерін жергілікті князь¬дар¬дай сезінетін басшыларды «артықшы¬лықтарынан» айырудан, жұмыс істеудің «кабинеттік стилінен» бас тартқызудан, зәулім үйлерінің «қоршауын» бұзудан, қо¬ғамдық көліктермен жүруді міндеттеу¬ден және тағы басқалардан тұрды. 1985 жылдың он айы ішінде Е. Әуелбеков Қызылдорда облысың барлық аудандарын және Ленинск қаласы мен, Ақай Төретам сияқты кентерді аралап халықтың тұрмыс- тіршілігмен етене танысты, 3800 ден астам арыз- шағымдарды қарап, 1300 азаматты қабылдады.. Еркін Нұржанұлының қызметін туған халқы мен еліне деген қызметін уақыт өте келе қызылордалықтар, қала берді республика ғана емес, жергілікті халыққа астамшылықпен қарауды әдетке айналдырған «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы Мәскеулік генералдар да қатты сезінді. Еркін Әуелбеков Байқоңыр іргесіндегі негізінен қазақтар мекендеген Төретам, Ақай кенттерінің экологиялық жағдайы жөнінде Кеңестер Одағының № 2 космоновы Титовтың төрағалығымен КСРО орталық партия комтетінің көшпелі кеңесін ұйымдастырып, комодром басшылығын жергілікті халықпен санасуға мәжбүр еткенін әлі күнге дейін қызылдорда жұртшылығы, аңызға бергісіз қылып айтып жүргені шындық. Еркін Нұржанұлы турасындағы бүгінгі күнге дейін бар деректер публистикалық мәндегі жинақтар: естеліктер, мерзімдік жарияланымдар, мұрағат құжаттарына жіктеуге болады. Олардың қатарында өлкетанушы журналист В. Терещуктің Омбы қаласында жарық көрген «Туған жердің перзенті» атты шығармасын, «Азамат» атты естеліктер жинағын және жуырда жарық көрген «Дара тұлға» атты қызылордалық авторлардың естелік кітабында 1999 және 2011 жылдары аралығында орталық және жергілікті баспасөзде жарияланған мақалаларды жатқызуға болады. Дара тұлға» деген кітапта облыс әкімі Болатбек Қуандықов: «Ол біздің облысымыздың әлеуметтік экономикалық өркендеуіне іскерлік, ұйымдастырушылық қабілеті мен жігері арқылы ерекше үлес қосты. Сыр өңірінің тарихында Е.Н.Әуелбековтің нағыз мемлекет қайраткері, өресі биік білікті басшы азамат екені қашалып жазылып қалды. Аймақта қызмет еткен жылдары өткенге талдау жасап, батыл шешім қабылдап, өзінің қолға алған істерін жүзеге асыру бағытында жасқа-нуды, жалтақтауды білмей, түбегейлі мақсатына жетті. Арал өңірін дамытуға байланысты идеяларын іске асырды. Облысты үшінші категориядан екінші-категорияға көтерді. Жалақыға 30–50 пайыз үстеме төлеуге тұрақты қаржы бөлгізіп халықтың қамы үшін аян-бай тер төкті. Қызылорда облысы бойынша ерекше маңызды одақтық дәрежеде 5 мемле-кеттік құжаттар қабылдатты. Әсіресе, КСРО Министрлер кеңесінде Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету жөніндегі шаралар туралы және Арал теңізі ауданындағы экологиялық және санитарлық ахуалды түпкілікті жақсарту жөніндегі шаралар туралы арнайы қабылданған қаулылары өңіріміздің қарыштап дамуына даңғыл жол салды.«Уақытқа бәрі тәуелді, алайда ол халқына шексіз берілген адамдар бейнесін санамыздан өшіре алмайды. Еркін Нұржанұлы сондай жан еді-ау, замандастарын былай қойып. Кейінгі жастардың өзі-де оны мемлекет әрі қоғам қайраткері, ірі ұйымдастырушы, жаны жайсан қамқор, аға ретінде мақтан тұтады»- деп еске алады Қазақстан Республикасы парламенті мәжіліс депутаты Косарев В.Г. Кеңес дәуірінде тарихқа идиологиялық қысым жасау салтанат құрса, посткеңестік кеңістікте үстүртін сипаттағы экстерналистік көзқарастар жүйесі белең алды. Біздің мақсатымыз ұлттың бетке ұстар таяу тарихымызда өзінің мемлекетшіл, елшіл қасиеттерімен дараланған азаматтарымыздың нақты азаматтық, қайраткерлік бейнесін тарихи шындық тұрғысынан өз жұртына көрсетуге талпыну, бүгінгі ұрпаққа өнегелі тұлға ретінде табыстыру.
Адамдардың еңбегін бағамдау мен бағалауға келгенде кеңпейіл де жалпақшешейлігімізге басып, бүгінгі күні республиканы, облысты, тіпті ауданды немесе сол деңгейлердегі мекемені басқарған кісілерді мемлекет және қоғам қайраткері деп бағалап жүрміз. Мәселе сол адамның жоғарғы не төменгі лауазымда болғаны емес, оның қай қызметте болмасын бойындағы күрескерлік қасиетінің болуы не болмауында. Қайраткер адам қоғамның даму жолын терең зерттеп түйсінген және сол қоғам үшін не ол қоғам адамзатқа, елге залал келтіретін болса, оны не жақтап, не қарсы жатпай-тұрмай жанкештілікпен ерекше еңбек ететін, жолында кездескен қиындықтардың жеке басына, карьерасына тигізуі мүмкін залалдарынан тайсақтамайтын, сол мақсатқа айналасындағыларды жұмылдыра білетін, қызмет бабын жеке мүддесіне пайдалану деген ұғым бойында болмайтын, нәтижесінде саясатқа, экономикаға, әлеуметтік салаға орасан өзгеріс жасап, адамдардың ойлау жүйесіне түбегейлі серпіліс әкелетін күрескер-тұлға. Біздің қайраткер атап жүрген адамдарымыздың көбі осы биіктен көріне алды ма? Әрине, ол кісілер кезінде хал-қадірінше қызмет жасады, өз қатарластарының алды болды. Дегенмен, біліктілігі жетсе, батылы жетпей немесе жеке мүддесін күйттеу, пендешілікке баруы көп адамның сол деңгейден шығуына кедергі болды. Оны көбіміз көре тұра, біле тұра қайраткер деп қолпаштай берсек, шындап келгенде бұл теңгермешілігіміз қайраткер деген саф алтындай бағасы бөлек атаққа қиянат болар еді. Ал, Еркін Нұржанұлы Әуелбеков болса, шын мәнінде мемлекет және қоғам қайраткері болып туғандай, бала кезінен сабаққа зерек болып, Мәскеудегі жоғарғы оқу орнын қызыл дипломмен бітіріп, біліммен сусындап алғаннан кейінгі басталған еңбек жолының қай сатысында жүрмесін, қай қызметте болмасын мәселені мемлекеттік деңгейде ойлады, сол деңгейде шеше білді. Осы жолда кедергі де аз болған жоқ, өмірі қақтығысқа, күреске толы болды. Көп ретте жеңді, өзінің қойған мәселесінің елдік іс екеніне қарсыластарының да, жоғарыдағылардың да көзін жеткізе білді.
Қолданылған әдебиеттер
1. «Егемен Қазақстан» 16 маусым 2010 жыл.
2. «Алтын Арқа» фотокнига состов. Г. Дилдаев. Көкшетау 2002 ж б.102.
3. Қазақ совет инцеклопедиясы. Том 2, 657. Алматы 1976 ж.
4. Көкшетау қаласының мемлекеттік архиві. Әуелбековтың жеке қоры.№ 2376 іс п1, 63–4
5. ҚҚМА. № 2376 с п1, 63–4
6. «Егемен Қазақстан» 16 маусым 2010 жыл.