Файл: Р. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.03.2024
Просмотров: 435
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
8-сурет. а) тұрақты тоқ көпірі; б) айнымалы тоқ көпірі
Ауыспалы қуат көпірі сыйымдылық пен индуктивтілікті анықтауда қолданылады. Өлшеу құралы ретінде лампалық неме- се түзеу құралдар қолданылады. Бұл көпірде көпірдің сабасына түсуі белсенді қарсылык пен фаза бойынша жүзеге асады. Ауыспалы қуат көпірінің нақты дәрежесі: 0,1; 0,2; 0,5; 1,2; 1,5. Бұл көпірлер сонымен қоса tg8 өлшеуде қолданылады.
Өлшеу генераторлары. Өлшеу генераторының қызметі әртүрлі пішіндегі амплитуданың, жиіліктің белгілерін жасау. Зерттеу уақыты пайдаланудың аналогиялық уақытына сай болуы керек. Белгі өлшемдері анық болуы тиіс.
Жиілік диапазонына қатысты генератор төмен жиілікті (20гц- 200кГц), жоғары жиілікті (30кГц-300мГц), аса жоғары жиілікті (30мГц-10ГГц) және импульсты деп бөлінеді.
Үйлесімділік тербеліс генераторлары синусоидалы форма белгісін шығарады. Импульс генераторлары ұзақтығы аздаған наносекундтан ондаған миллисекунд импульстарды шығарады.
Сонымен қоса шуыл дабылының генераторлары, арнайы форма генераторы және радиотехникалық құралдардың мі- нездемесін зерттейтін. Тербелген жиілік генераторлары (свип- генераторлар) болады.
Төмен жиілікті генератордың сұлбасы 9-суретте берілген. Синусоидальды тербелістің қайнар көзі - RC генератор. Келісілген құралдар мен аттенюатор шығатын қарсылықтың орын алуын реттейді 600, 50 немесе 5 Ом генератордың толқындық қарсылықтармен өрбуіне қосылатын кабель. Қысым аттенюатормен реттеледі. Келесі генераторлар қолданылады: ГЗ- 33; ГЗ-109; ГЗ-7А; ГЗ-118.
9-сурет. Төмен жиілікті генератор сұлбасы
10-сурет. Сыртқы модулятор ретіндегі төмен жиілікті тербеліс геператорыпыц сызбасы
Жогары жиілікті тербеліс генераторы берілген LC генераторынан, резонансты күшейткіштен, жоғары жиілікті аттенюатордан, сыртқы және ішкі модулятордан тұрады. Сыртқы модулятор ретінде төмен жиілікті тербеліс генераторы пайдаланылады. Сызбасы 5-суретте берілген.
Ультрадыбыстық дефектоскоптың электронды жүйесін тексеруде Г4-102 және Г4-158 генераторы қолданылады.
Тік бұрышты импульстар генераторы әртүрлі радиотехникалық құрылғыларды тексеруге және мінездемесін жөндеуде қолданылады. Олар сытқы, ішкі қосылу тәртібінде жұмыс жасайды. Олар ультрадыбыстық дефектоскопты
тексеруде қолданылады. Г5-54; Г5-26 генераторлар қолданылады.
Электронды-сәулелі осциллографтар көріп-бақылауға немесе электрлік үдерістің өлшемдерін анықтауда пайдаланылады. Олармен қысым, импульс ұзақтығы, жиілік, фаза, уақыт аралығы, т.б. тексеріледі. Осциллографтар әмбебап, жылдам, стробоскикалық және еске сақтаушы деп бөлінеді. Олар бір, екі және көпсәулелі болуы мүмкін. Осциллограф УЗ-дефектоскопты (С1-65А, С1-70, С1-114) тексеруде қолданылады.
Акустикалық дефектоскопты тексергенде, кіші жиілікті осциллографтар С1-76 қолданылады.
Магнитті ұнтақтық дефектоскопты тексеруде амплитуда импульсын өлшеу С8-9А, С8-12 осциллографымен жүзеге асады.
Электронды-есепті жиілік өлшегіштер жиілікті анықтауға, кезең, импульстің және уақыт аралығының ұзақтығын, импульстардың санын анықтауға мүмкіндік береді. Олар УЗ құралдарды (43-34А) тексеруге арналған.
Фазометрлер фазаның қозғалысын өлшеуге арналған. Олар құйынқуаттық және ультрадыбыстық құралдарды тексеруде қолданылады. Ф2-13, Ф2-16 фаза өлшегіштер пайдаланылады.
Магниттік шамаларды өлшеуші құралдар. СНК-ны сынау кезінде
магнит өрісінің магнит ағынын, манит индукциясын және кернеулікті өлшеу талап етіледі. Магнит ағынын өлшеуге 3,5*10-5 0,35* 10-5 Вб/ бөл. баға бөлігіндегі баллистикалық гальванометрлер М197/1, М197/2 қолданылады. Сонымен қатар, М119, М1119 веберметрлері және Ф-190 фотокомпенсационды микровеберметрлер пайданылады. Магниттік және электромагниттік өрістің индукциясы мен кернеулігін өлшеуге тесламетрлер қолданылады.
-
Бұзбайтын бақылаудың әдістері мен тәсілдерін сертификаттау
Еркін сипаттамаға ие және метрологиялық нормалар мен ережелерге куәландырылған өлшеу құралдарын сертификаттау жүйесі құрылған. Жүйені ұйымдастыруда ИСО, МЭК, ИЛАК сияқты халықаралық ұйымдардың нормативтік құжаттары, сертификаттау жүйесі мен МОЗМ сертификаттар жүйесі есепке алынды.
Жүйеге кіреді:
-
ҚР-ның метрологиясын басқару - жүйенің орталық органы; -
Үйлестіру кеңесі; -
Апелляциялық кеңес; -
ВНИИМС оқу әдістемелік орталығы; -
Сертификаттау органдары; -
Өлшеу құралдарының сынау зертханалары (орталықтары);
Жүйенің орталық органдары
келесі қызметтерді орындайды:
-
Жүйені сертификаттау бойынша әдістемелік басшылықты жоспарлайды, үйлестіреді, жүзеге асырады;
Жүйеде сертификаттау ережелері мен негізгі ұстанымдарын бекітеді;
-
Сертификаттауға жататын өлшеу құралдарының номен- клатурасын анықтайды; -
Сертификаттау бойынша органдарды және сынау зерт- ханаларын аккредиттейді; -
Сертификаттау органдарының қызметін орындайды; -
тіркелген сертификаттау жөніндегі органдар оның және сынақ зертханаларының қызметіне инспекциялық бақылауды ұйымдастырады; -
сертификаттау сұрақтары бойынша халықаралық және ше- тел ұйымдарымен өзара әрекет етеді; -
басқа елдер, шетел сертификаттары және сәйкестік белгілері мен сынақ зертханалары, сонымен қатар өлшем құралдарын сынаудың нәтижелері туралы құжаттардың мойындалуы туралы сұрақты шешеді.
Жүйенің оқу-әдістемелік орталығы:
-
қағидаларды, ережелер мен құрылымдарды өндейді; -
сертификаттау жөніндегі органдар және сынақ зертханалары бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; -
сертификатталған өлшеу құралдарын, сертификаттау жө- ніндегі органдар, сынақ зертханасы және нормативтік құжаттарды тіркейді; -
жүйенің тізімін жүргізеді; -
мәліметтер банкін қалыптастырады және жүйені ақпаратпен қамтамасыз етумен шұғылданады.