Файл: Р. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.03.2024
Просмотров: 431
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Тексеріс кезінде ультрадыбыстық қалыңдық өлшеуіштер үшін жүргізіледі:
-
Сыртқы тексеріс; -
Сыннан өткізу; -
Амплитуда және қоздыру импульсінің бет жағының ұзақтығының тексерісі; -
өлшенетін қалыңдықтың аралығын анықтау; -
қалыңдықты өлшеу кезіндегі қалыңдық өлшеуіштің негіз- гі қателігін анықтау; -
УЗК-ның таралу жылдамдығына байланысты, қалыңдық өлшегіштің негізгі қателігін анықтау; -
өнімнің радиус қисықтығына және бетінің бұлдырлығы нәтижесіне байланысты қалыңдық өлшегіштің қосымша қателігін анықтау; -
Параллель келмейтін нұсқалардағы қалыңдық өлшегіштің қателігін анықтау.
Тексеріс кезінде стандартты КУСОТ-180 немесе КМТ-176- 1 аспаптар жиынтығы қолданылады. КУСОТ-180 аспабының құрамы:
-
ГСО-2217-81 қателігі 0,3-0,7 % жуандығына сәйкес; -
ГСО-2218-81 ± 20 % бұйым бетінің бұдырлығына
байланысты;
-
ГСО-2219-81 ± 0,1 мм қисықтық радиусына байланысты; -
ГСО-2220-81 ± 15-90 мкм параллельдікке байланысты; -
КМТ-176-1 комплект 0,3-0,7 % жуандыққа байланысты.
Импедантты дефектоскоптарды тексеру кезінде ескеріледі:
-
қозғаушы генератордың жиілігі; -
генератор амплитудасының қалыптылығы және көлемі; -
дефектоскоп күшейткішіне және генераторға қосқандағы пьезоэлементтердің арасындағы тоқ қуаты фазаларының әртүрлілігі; -
күшейткіштің сезгіштігі және талдағыштығы; -
эталон бойынша тексеріс.
Ерікті тербеліске негізделген дефектоскоптар АД-50У, АД- 60С-ты, тексеру:
-
импульстің амплитудасы мен ұзақтығы бойынша; -
импульстардың кезектілік жиілігі бойынша; -
қалыптылығы мен сезгіштігі бойынша жүргізіледі.
Құйынтоқты дефектоскоптарды тексеру мыналар бойынша
жүзеге асады: 100
-
Сыртқы тексеру; -
Стандартты үлгілердің орын алуы; -
Қолданып көру; -
Қойылған генератордың жиілігі мен қалыптылығына бай- ланысты; -
Генератордың шығаратын қуаты (қателік 10 % аспауы ке- рек); -
Қозғаушы қуат күшіне.
Құйынтоқты жиындар нормативті құжат бойынша тексеріледі және мынаны жүзеге асырады:
-
Сыртқы тексеріс; -
Қолданып көру; -
Шығатын қуатты анықтау; -
Жиілікті анықтау; -
Қалыптан тыс жағдайды анықтау; -
Күштің коэффициентін анықтау; -
Сезгіштікті анықтау; -
Өткізу жолақтарын; -
Кіріс қарсылығын және сыйымдылығын құралдарды жөндеп шығарғаннан кейін анықтайды.
1-ден 20000 мкм-ге дейін құйынтоқ және магниттік қалыңдық өлшегіштерді тексеру нормативті құжаттарға сәйкес орындалады.
-
Сыртқы тексеріс; -
Қолданып көру; -
Нормативті құжаттарға сәйкес қалыңдық өлшегіштің негізгі қателігін және өлшеу құралдарын анықтау.
Тыйым салынбаған бақылау құралдарын тексеру кезінде
қолданылатын өлшеу құралдары
ББҚ-ын тексеру кезінде өлшеудің әртүрлі құралдары пайдаланылады: амперметрлер, вольтметрлер, көпір, әртүрлі ге- нераторлар, осциллографтар, фаза айналдырғыш, фаза өлше- гіштер, жиілік өлшегіштер, сызықсыз қажалуларды және амплитуд алық-жиіліктік мінездеулерді өлшегіштер, спектр анализоторы, аттенюаторлар, веберметрлер, тесламетрлер, стандартты үлгілер, күшейткіштер.
Қуат пен қысымды өлшейтін құралдар.
Амперметрлер мен вольтметрлер магнитоэлектрикалық, электромагниттік, электродинамикалық, индукциялық және ло- гометрлік деп бөлінеді. Үздіксіз қуаттың қысымын электрондық құралдармен өлшейді, ал жоғары қысымды өлшеуді үздіксіз тоқ компенсаторы көмегімен өлшейді.
Әрекет ұстанымы электромагниттік құралдардың қызметі ферромагнитті жүрекшелі қуаты бар магнитті кеңістіктік кон- турының қарым-қатынасына байланысты. Электромагнитті құ- ралдар ауыспалы және орнықты қуат көздерін өлшеуде қолданылады. Дәлдік дәрежесі 0,5. Құрал кемшіліктері: шкаланың өзгермелілігі, өзіндік қуатын көп жұмсауы, сыртқы магнитті кеңістікке тәуелділігі. Жақсы жақтары: құрылысының тамашалығы, 15 кА-дан 450 кв-ға дейін қуатқа төзімділігі, жоғарғы сенімділігі.
Магнитоэлектрикалық құралдардың ұстанымы қуат өлшеу мен кысымы қуат өтетін магнитті кеңістік контурының қарым- катынасына негізделеді. Бұл құралдың жақсы жақтарына: өлшеудің жоғары нақтылығы (0,05 дәрежесіне дейін), шкаланың нақтылығы, жоғары сезгіштік, электр қуатын жұмсауы. Кемшіліктеріне: құрылысының қиындығы, орнықты қуатты ғана өлшеуі, жүк ауырлығына сезімталдық.
Электродинамикалық құрылғылардың негізгі ұстанымы қуат өтетін екі катушканың магнитті қарым-қатынасына не- гізделеді. Электродинамикалық құралдар қозғалмалы және қозғалмайтын катушкалардан тұрады. Қозғалмалы
катушка қозғалмайтын катушканың осінде орналасып, ішінде қозғалады. Бұл құралдармен қуатты, ауыспалы және орнықты қуат тізбегі 20-100 кГц болғандағы қысым мен күшті өлшейді. Олардың нақтылық дәрежені 0,1; 0,2; 0,5. Нақтылық дәрежесі 0,1 және 0,2 болатын құралдар тексеруде қолданылады. Құралдардың жақсы қасиеттеріне уақытты қалыпты көрсетуі жатады. Кемшіліктеріне төмен сезгіштік, көп энергия кетіріп, кіріспеге сезгізтігі.
Электронды вольтметрлер орнықты және ауыспалы кысымды жиіліктің кең диапозонында анықтайды. Олар кірісте ауыспалы және орнықты куат күшейткіштеріне ие.
Көпір тізбегі Кейбір ББҚ (құйынқуаттық) тексерісінде бел- сенді және толық қарсылықты, индуктивтікті, сыйымдылықты, катушкалардың мықтылығы мен контурлардың тербелісін толық тексеріледі. Бұл суреттеулер амперметр мен вольтметр, көпірлік және резонансты тәсілімен анықталады.
10-6 - ден 1016 Ом қазылумен ± 1,5%, қарсылық 10-6-10-5 Ом, қарсылық 10-2-1010 қазылуымен ± 0,05%-ды олардың тепе-теңдігін өлшеуде үздіксіз қуат көпірлері пайда болды. Қалыпты көпірде көрсететін құрылғы нөлді көрсетіп тұрғанда нәтиже анықталады, ал қалыпты емес көпірде нәтиже құрылғы шкаласына қарай шығады. Көпір сызбасы қарапайым (8-сурет).