Файл: Р. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 239

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Өлшейтін курал Өлшеу түрлендіргіші Өлшеу түрлендіргіші Өлшеунэтижесінысын көрсете отырып, бұл үдерісті өлшеу түрленуі деп атайды. Өлшенетін ФШ-ның басқа шамаға бір рет түрленуін немесе түрлену тізбегін көрсетуге болады, бірақ түрленудің негізгі мақсаты - сан алу (4-сурет) болып табылады. Өлшеу түрленуі әрдайым қандай да бір физикалық заң немесе эффектіге сүйене отырып жүзеге асырылады да, ол өлшеу түрленуінің негізіне алынатын қағида ретінде қарастырылады. Өлшеу қағидасы дегеніміз өлшеу негізіне салынған физикалық құбылыс немесе эффект. 4-сурет. Өлшеу - өлшенетін физикалық шаманың санға түрленуіМысал ретінде температураны термопара (термоэлектрия- лық эффект қолдану) арқылы өлшеуді, массаны серіппелі таразыда өлшеуді (ізделіп отырған масса тепе-теңдік серпiмдi деформация қағидасына негізделген ауырлық күшіне тепе-тең болады) қарастыруға болады.Физикалық шама өлшеммен, мәнімен, сандық мәнімен, шын және нақты мәндермен сипатталады.Физикалық шаманың нақты материалдық нысанға, жүйеге, құбылысқа немесе үдеріске тән сандық айқындығы физикалық шаманың өлшемі деп аталады.Мысалдар: Ең оңай жағдайда, сызғышты алып өлшейді, оның мәнін сызғыштың белгіленген бірлігі (ұзындық, биіктік, жуандық және тағы басқа бөлшектің өлшемдері) бойынша салыстыра отырып есептейді. Өлшегіш аспаптың көмегімен нұсқағышта сақталатын бірлік шамалардың орын ауыстыруымен теңестіреді және есептеулер жүргізеді. Өлшеу мүмкін емес кезде (физикалық шама ретінде көр-сетілмеген жағдайда, осы шаманың өлшем бірлігі көрсетіл- меген жағдайда), ондай шамалардың мәнін шкала бойынша өлшейді.Өлшеу әдісі - өлшеніп отырған физикалық шаманы оның бірлігімен өлшеу ұстанымына сәйкес салыстыру әдісі немесе әдістер жиынтығы.Өлшеулер әдістерінің стандартты терминдер шегіндегі айырмашылығы олардың метрологияда кеңінен қолданылуына байланысты: тікелей бағалау әдісі; шамамен салыстыру әдісі болып екі түрге бөлінеді. Бұл әдістердің бір-бірінен айырмашылығы - тікелей бағалау әдісінде құралмен өлшеу қосымша шама қолдануды қажет етпейді, ал шамамен салыстыру әдісінде бір өлшемді басқа бекітілген шамамен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.Тікелей бағалау әдісі - өлшем мәні тікелей көрсетіліп отырған өлшеу құралы арқылы анықталған өлшеу әдісі. Бұл әдістің мәні басқа әдістердегідей өлшеуді бірлік ретінде алын- ған шамамен салыстырудан тұрады. Бірақ бұл әдісте бірлік ретінде алынған шама құрылғының ішінде орналасқан.Құрылғы өлшеу ақпаратын кіру белгісі арқылы алып, оның мәнін барлық өлшеу шамасы бойынша бағалайды. Мұны біз келесі түрде сипаттай аламыз:Q=x, (10)мұндағы Q - өлшеніп отырған шама, ал х - өлшеу құралының көрсеткіші.Шамамен салыстыру әдісі - өлшенетін шаманы өлшеммен жаңғыртылатын шамамен (мысалы, иінтірек таразыда массаны салыстыру) салыстыру әдісі.Әдіс өлшенетін шама мен өлшеммен жаңғыртылатын бел- гілі шаманың айырымын анықтаумен сипатталады. Бұл әдісті жүзеге асыру үшін диапазоны кіші құралдар жарамды. Бұл әдіс- тің мысалдарына иінтірек таразыда массаны өлшеу, белгілі қалыпты элементтің ЭҚК-мен салыстыру арқылы тұрақты токтағы кернеуді құрал-компенсатормен өлшеу жатады.Формалды түрде әдіс келесідей көрініс табады:Q — х + Х ,м ’мұнда Q - өлшенетін шама; х - өлшеу құралының көрсеткіші;Хм - өлшеммен жаңғыртылатын шама.Шамамен салыстыру әдісінің бірнеше түрлері бар: дифференциалды және нөлдік өлшеу әдісі; сәйкестіктер әдісі; орын алмастыру әдісі және қарсы қойып салыстыру әдісі; қосымшамен өлшеу әдісі. Дифференциалды өлшеу әдісі - өлшенетін шама белгілі мәні бар, өлшенетін шама мәнінен айырмашылығы болмашы біртекті шамамен салыстырылатын және осы екі шама арасындағы айырмашылық өлшенетін өлшеу әдісі.Мына өрнекте х Ф 0 сәйкес келеді: (12)Q — х + Х, мНөлдік өлшеу әдісі - шамамен салыстыру әдісі, онда өлшенетін шаманың салыстырылатын құралға эсер ету эффектісін нөлге дейін жеткізеді.Егер формалды түрде мұны х 0 десек, онда теңдікті осылай жазуға болады: (13)Q Х. мСәйкестіктер әдісі - бұл өлшенетін шаманың мәнін өлшеммен жаңғыртылатын шамамен сәйкестіктерін ескере отырып бағалайтын шамамен салыстыру әдісі. Сәйкестіктерді бағалау үшін салыстыру құралдарын немесе органолептиканы қолдануға болады.Құралға эсер етуінің бірмезгілдігі мен бірмезгілсіздігіне қарай орын ауыстыру арқылы өлшеу әдісі және қарсы қойып салыстыру әдісі деп ажыратылады.Орын ауыстыру өлшеу әдісі (орын ауыстыру әдісі) - шамамен салыстыру әдісі болып табылады, мұнда өлшенетін шама шамамәні белгілі өлшеммен орнын ауыстырады. Мысал ретінде, бір ыдысты кірге қосып салу бола алады.Қарсы қойып салыстыру әдісі - шамамен, салыстыру әдісі, мұнда өлшенетін шама мен өлшеммен жаңғыртылатын шама бір мезгілде құралға эсер етеді және осы арқылы екеуінің арасындағы арақатынас белгіленеді.Қосымшамен өлшеу әдісі (толықтыру әдісі) - шамамен салыстыру әдісі, мұнда құралға алдын ала белгіленген екеуінің қосындысы эсер ететіндей өлшенетін шама мәні қосымша шамамен толықтырылады. Әдіс орын ауыстыруда да, қарсылық әдісінде де қолданыла алады.Өлшеудің жанасу әдісі - өлшенетін нысанның сезгіш элементімен түйісуіне негізделген өлшеу әдісі.Өлшеудің жанасу емес әдісі - өлшенетін нысанның құралдың сезгіш элементімен түйіспеуіне негізделген өлшеу әдісі. Пирометрмен домна пешіндегі температураны өлшеуді және оптикалық құралдармен арақашықтықты өлшеуді мысал ретінде қарастыруға болады.Өлшеу құралы сезгіш элементінің объектімен механикалық түйісу кезінде олардың элементтерінің қаттылығының жет- кіліксіздігін, жанасу деформацияны және тағы басқаларды ескеру керек. Механикалық түйісудің болмауы кезінде өлшеу ақпаратын жанасусыз алу ерекшеліктерін ескеру керек: ауадағы оптикалық бұрмалану, белгінің арақашықтықтағы баяулауы, нысан бетіндегі шаң мен майлы қабаттардың болуы және тағы да басқа.Өлшеу түрі дегеніміз өлшенетін шамалардың біртектілігімен ерекшеленетін және өзіндік ерекшеліктері бар өлшеу саласының бөлігі.Өлшеу түрлерін келесі жіктеу белгілері бойынша жүйелеуге болады: тура және жанама өлшеулер; жиынтық және бірлестірілген өлшеулер; абсолютті және салыстырмалы өлшеулер; бір ретті және көп ретті өлшеулер; статикалық және динамикалық өлшеулер; дәлме-дәл және дәлме-дәл емес өлшеулер. Өлшеулер қайталануына қарай бір ретті және көп ретті болып бөлінеді.Бір ретті өлшеулер - бір рет орындалатын өлшеулер. Іс жүзінде көп жағдайларда бір ретті өлшеулер орындалады. Мысалы, нақты уақыт өлшемі сағатпен әдетте, бір рет өлшенеді.Көп ретті өлшеулер - физикалық шаманың өлшемін бірінен кейін бірі жүргізілген бірнеше өлшеулер нәтижесінен алатын бір ретті өлшеулер қатарынан тұратын өлшеулер.Қойылған мақсатқа байланысты қайталама өлшеулер саны әртүрлі болады (2-ден бастап жүздеген, мыңдаған). Көп ретті өлшеулер дөрекі қателіктерді жібермеу үшін (бұл жағдайда 3-5 өлшеу жеткілікті) немесе нәтижелерді математикалық өңдеу үшін қажет.Абсолютті өлшеу - бір немесе бірнеше негізгі шамаларды тікелей өлшеуге және (немесе) физикалық тұрақтылар мәндерін қолдануға негізделген өлшеу.Мысалы, F = mg күшті өлшеу негізгі шама - массаны m өлшеуге және физикалық тұрақтыны g қолдануға негізделген.Салыстырмалы өлшеулер - шаманың бірлік ретінде қолданып отырған аттас шамаға қатынасын өлшеу немесе шаманың бастапқы ретінде алынған аттас шамаға қатысты өзгеруін өлшеу. Мұндай өлшеулерге мысал ретінде салыстырмалы ылғалдылық, салыстырмалы ұзындық өлшемдерін жатқызуға болады.Өлшеу нәтижесін алу тәсіліне байланысты тура және жанама өлшеулерге ажыратылады.Тура өлшеу - ізделініп отырған ФШ мәні тікелей анықталады. Қателіктерді ескермеген жағдайда тура өлшеуді былай өрнектеуге болады:Q = х, (14)мұндағы Q - өлшенетін шама; х - өлшеу нәтижесі.Мысалдар: Бөлшектің ұзындығын микрометрмен өлшеу; Ток күшін амперметрмен өлшеу; Массаны таразыда өлшеу. Жанама өлшеу - ізделініп отырған шамамен байланысты басқа ФШ-ларды тура өлшеу нәтижелерінің негізінде ізделіп отырған ФШ-ны анықтау.Жанама өлшеулер мына жағдайларда жүргізіледі: өлшелетін шаманың мәнін тікелей өлшеуге қарағанда жана­ма өлшеу арқылы табу жеңілірек болғанда; шаманы тура өлшеуге арналған құралдар жоқ болған жағдайда; жанама өлшеудің қателігі тікелей өлшеуге қарағанда азырақ болған жағдайда. Жанама өлшеу кезінде шама мәні ізделіп отырған шама мен тура өлшеуге ұшырайтын шамалар арасындағы тәуелділік негізінде анықталады. Мұндай өлшеуді былайша жазуға болады:Q = F (X, Y, (15)мұндағы, X, Y, Z,... - тура өлшеулердің нәтижелері.Жанама өлшеулердің маңызды ерекшелігі - нәтижелерді құралдан тыс (калькулятор немесе компьютер көмегімен, қағазда) өңдеуге болатындығы. Жанама өлшеулердің классикалық мысалдары ретінде өлшенген қабырға ұзындықтары бойынша үшбұрыш бұрышының мәнін табу, үшбұрыштың немесе басқа геометриялық пішіндердің ауданын анықтау және т.б. қарасты- руға болады. Жанама өлшеулерді қолданудың жиі кездесетін жағдайларының бірі - қатты дене материалының тығыздығын анықтау.Мысалы, цилиндрлі дененің тығыздығы р цилиндр массасы- ның m, биіктігінің h және диаметрінің d тура өлшеу арқылы алынған нәтижелерінің көмегімен анықталады:p=m/0,25ndh (16)Тура және жанама өлшеулерде дара физикалық шамалардың өлшемдері алынады. Көптеген физикалық шамаларды өлшегенде, өлшеніп отырған шамалардың біртектілігі және әртүрлілігі бойынша жіктейміз. Сондықтан жиынтықты және бірлескен өлшеулерді ажыратамыз.Жиынтықты өлшеу - бұл шамалардың ізделіп отырған мәндері теңдеулер жүйесін шешу арқылы анықталатын, бірнеше аттас шамаларды бір уақытта өлшеу. Жиынтық өлшеулерге бірнеше біртекті шамаларды өлшеуді жатқызуға болды. Мысалы, ұзындықтарды өлшеу Lp L2, L3 және т.б. Мұндай өлшеулер бірнеше геометриялық өлшемдерді қатарынан бір уақытта өлшеуге арналған арнайы құрылғыларда орындалады.Бірлескен өлшеу - арасындағы тәуелділікті анықтау үшін екі немесе бірнеше аттас емес шамаларды бір уақытта өлшеу. Бұл өлшеу екі немесе одан да көп шамалардың арасындағы өзара тәуелділікті анықтауға арналған өлшеулер. Бірлескен өлшеулер, әдетте, өзара тәуелділігін анықтауды қажет етпейтін бірнеше әртекті (X,Y,Z және т.б.) шамаларды өлшеу болып табылады. Мысалы, электроқозғалтқыштың электрлі, күш және термодинамикалық өлшемдерінің кешенді өлшемдерін, көлік құралының жағдайы және қозғалыс өлшемдерінің (қозғалыс, жанармай қоры, қозғалтқыш температурасы, т.с.с) өлшемдерін жатқызуға болады.Статикалық өлшеу - өлшеу уақыты мерзімінде өзгермейтін нақты өлшеу тапсырмасына сәйкес жүргізілетін физикалық шамаларды өлшеу.Динамикалық өлшеу - физикалық шаманың өлшемі бо- йынша өзгеретін өлшеулер.Бір шаманың бірнеше қайталап өлшеу кезіндегі нәтижелердің дәлдігіне және таралу дәрежесіне байланысты дәлме-дәл және дәлме-дәл емес, тең таралған және тең емес таралған өлшеулер болып бөлінеді.Дәлме-дәл өлшеулер - қандай да бір шаманы бірдей жағдайларда және дәлдігі бірдей өлшеу құралдарымен өлшеулер қатары.Дәлме-дәл емес өлшеулер - қандай да бір шаманы әртүрлі жағдайларда және дәлдігі әртүрлі өлшеу құралдарымен өлшеу- лер қатары.Дәлме-дәл деп 1 және 2 өлшеулерде қателіктерді Д1 және Д2 бірдей деп санауға болады:(ДгД), (17)ал дәлме-дәл емес өлшеулерде қателіктер әр түрлі болады:Салыстырып отырған 1 және 2 серияларының өлшеу қателіктерінің сәйкестігі мен әртүрлілігі бойынша өлшеу сериялары тең шашыраңқы немесе әртүрлі шашыраңқы болыпбөлінеді. Формалды түрде былай көрсетуге болады: Аі

Салыстырып тексеру бойынша нормативтік құжаттарСИ салыстырып тексеру әдісі бойынша физикалық шаманың бірлігінің өлшемін беру түсінігі жоғары тұрған өлшеу құралдарын салыстырып тексеру стандарттарға сәйкес келуі керек.ББҚ салыстырып тексеру кезінде келесі әдістер қолданылуы мүмкін: Тікелей бірігу әдісі (салыстыру құралдарын қолданусыз) салыстырып тексеріліп жатқан үлгілік ББҚ сол түрден (яғни, шара мен шараның немесе өлшеу құралымен) Тікелей бірігу әдісі салыстырып тексеріліп жатқан үлгілік ББҚ сол түрден компаратордың көмегімен (яғни салыстыру құралдары көмегімен) Үлгілік шамамен ұдайы өндірілетін салыстырып тексеріліп жатқан ББҚ өлшеуін тікелей әдісі; Шаманы салыстырып тексеруге түсетін ұдайы өңделетін шаманы үлгілік өлшеу құралымен тура өлшеу әдісі; Тура өлшеуге түсетін шама мен осы ізделіп отырған шама негізінде белгілі тәуелділік кезінегі жанама өлшеу әдісі; Тәуелсіз салыстырып тексеру әдісі, яғни өлшеу шамалары бірліктерінде градуирленген эталон немесе үлгілік өлшеу құралдарымен өлшеу бірліктерін талап етпейтін қатысты ша- маларды өлшеу құралын салыстырып тексеру ББҚ салыстырып тексерген кезде біртұтас ретінде қарас- тырылады және қателік те тұтас бағаланады. Кей кезде ББҚ- ның қолдану жарамдылығына эсер ететін элементтік салыс- тырып тексеруді жекелеген бөліктердің өлшемдерін анықтап жүргізеді.Стандарт бойынша нормативті құжаттарда ББҚ салыстырып тексеру әдістерінде мынадай бөлімдер бар: Кіру бөлімі; Салыстырып тексеру үдерісі; Салыстырып тексеру құралдары; Қауіпсіздік талаптары; Салыстырып тексеру шарттары; Салыстырып тексеруге дайындалу; Салыстырып тексеруді өткізу; Тексеру нәтижелерін рәсімдеу. Салыстырып тексеру бойынша нормативтік құжаттарға салыстырып тексерудің әдістері мен құралдары енуі тиіс. Соған сәйкес, ерекше назар барынша қолдануға НҚ-дың салыстырып тексерілетін құралдардың жарамдылығы туралы сұрақты шешу үшін метрологиялық мінездемеге аударылуы тиіс.«Салыстырып тексеру үдерісі» бөлімінде барынша жүзеге асырылатын нәрсе мақсатты түрде кезекпен тізімде болады.Салыстырып тексеру құралдары. Нормативтік құжаттарда салыстырып тексеруге қажет үлгілік және көмекші салыстырып тексеру құралдарының тізімі болады. Үлгілік және көмекші салыстырып тексеру құралдары үшін осы құралдардың негізгі техникалық және метрологиялық немесе мемлекеттік салыстырып тексеру схемаларының разряды техникалық талаптарды регламенттейтін нормативтік кұжаттарының нөмірі көрсетіледі.Салыстырып тексеруді өткізу шарттары. ББҚ-ны салыстырып тексеру өткізген кезінде салыстырып тексеру әдістерінің нормативтік құжаттарында айтылатын барлық қалыпты шарттар орындалуы тиіс: 293 К-да салыстырып тексеру жүретін қоршаған ортаның температурасы (200С); Ауаның ылғалдылығы 60%; 760 мм/сын.бағ. атмосфералық қысым (101,3 кПа); 50 Гц кернеуді қамтамасыз ететін жиілік, 220 В кернеу. Егер осы шарттар орындалмаса, онда басқа түзетулер алукерек. Тексерісті дайындау және жүргізуТексерісті жүргізудің алдында әдетте дайындық жұмыстарын жүргізеді: Тексерілетін ББҚ және тексеріс құралдарын орнатады және дайындайды; әсері бар өлшемдер әрекет ететін жағдайда тексерілетін ББҚ-ын ұстайды; стандартты үлгілерден майлауды алып тастайды; экрандауды жүргізеді (қажет болған жағдайда); түйісетін байланыстарды тексереді; температура, ылғалдылық және т.б. мәндерін тексереді; ББҚ және тексеріс құралдарын жерге қосады; Түйістіретін кұрылғыларды іске қосады; ББҚ-ын кернеу астында қыздырады; ҚТ бойынша керекті іс-шараларды жүргізеді. ББҚ тексерісі сыртқы тексеруден, сыннан өткізуден және олардың метрологиялық сипаттамаларын анықтаудан тұрады.Сыртқы тексеріс кезінде келесілер тексеріледі: Кешенді тізім сәйкестігі; әрбір ауыстырып қосқыштың тағайындалуы туралы жазбалардың болуы; дәлдік сапасын және физикалық өлшемді құрал шкаласында белгілеу; есеп беру құрылғыларының бөліну бағасы; техникалық шарттар бойынша олардың бар болуы қол- данысқа жіберілмейтін ББҚ элементтерінің ақауларын және олардың жабындысын белгілейді; тауарлық белгі немесе өндіруші-кәсіпорын атауы; түрі; реттік нөмері; шығарылған жылы. ББҚ сынауын сыртқы тексерістен кейін жүргізеді. Бұл жұмыс НҚ-ға сәйкес жүргізіледі. Сынау кезінде әдетте стандартты үлгілер пайдаланылады. Сонымен қоса, үлгілі өлшеу құралдары мен қосымша тексеріс құралдары пайдаланылуы мүмкін.ББҚ сынауы мынадай тексеріске негізделеді: басқару, реттеу және жөнге келтіру органдарының іс- әрекеттері; тоқ көзін қосу және өшіру кезіндегі құрал көрсеткіштерінің нөлге орнатылуы; жеке элементтердің еркін орын ауыстырулары және бел- гіленулері немесе өзара әрекеттесулері; Басқару органдарының іс-әрекеттеріне құралдардың әсер- лері; Жеке элементтердің жансыз жүрісі мен люфты; Олардың жұмысқа қабілеттілігі. ББҚ-ның метрологиялық сипаттамасын анықтау рұқсат етіл- ген шектердегі олардың атаулы мәндерінің сәйкестігін орнату үшін жүргізіледі. Стандарттарда немесе НҚ-да тексеріске әр- дайым ББҚ-ның метрологиялық сипаттамасын анықтау тәсілдерін және тексеріс операцияларын жүргізу әдістерін орнатады. Тексерістің әрбір операциясы үшін төмендегілер анықталады: Тексеріс әдістерінің сипаттамасы; Тексеріс құралдары туралы нұсқаулық; Қосылу сұлбалары мен сызбалар; Операцияны орындау реті туралы нұсқаулықтар; Метрологиялық сипаттамаларды анықтау нәтижелерін өңдеу тәсілдері. Тексеріс нәтижелерін өңдеу және рәсімдеу НҚ бойынша тексеріске кейіннен ББҚ-на таңба орнатуына, тексеріс туралы куәлік берілуіне, ББҚ-ын тексеріліп жатқанның төлқұжаттарын- дағы жазбаларға және тексеріс мерзімін белгілеуге негізделеді. Егер тексеріс нәтижесі теріс болса, онда таңба өшіріледі, куәлік күшін жояды, ал төлқұжатқа ББҚ-ның жарамсыздығы туралы жазба жасалады. Ведомствалық метрологиялық қызметтің тексеріс бөлімдерін құру және ұйымдастыру Метрологиялық тексеріс бөлімшелері кәсіпорындардың, ірі бірлестіктердің метрологиялық қызметінің құрамында құрылады. Соның барысында осындай қызметті құрудың немесе керекті тексеріске құқығы бар баска ұйымдар тексеріс қызметін пайдалануының егжей-тегжейлі техника-экономикалық мақсатқа лайықтылық бағасы жүргізіледі. Кәсіпорында метрологиялық қызметті ұйымдастыру білікті мамандар штатын ғана емес, сонымен қатар арнайы орындарды, тексеріс құралдарына қоса үлгілі өлшеу құралдарының болуын талап етеді. Бұның қомақты қаржы шығындарын талап ететін сөзсіз, алайда ББҚ-ның тексеріс орнына жеткізілуі болмайтыны есебінен тексеріс жылдамдығы пен сенімділігін тездетіледі.Тексеріс бөлімшелері құрғақ, таза бөлмелерде орналасқан орындарда немесе арнайы ғимаратта, басқа өндірістік аймақ- тардан оқшауланып, 90 Дб-ден жоғары шу көздерінен, электро және радиокедергілерден, күшті электрлік, жоғарыжиілікті және магниттік өрістерден, шаңнан, зиянды газдар мен булар- дан алыстатылып орналасуы қажет. Бұл орындар арқылы бу- газ өткізгіштері өтпеуі тиіс. Бөлме терезелерінің солтүстікке қарай орналасуы және перделер арқылы күннің тікелей түсуінен қорғануы жақсырақ болар еді. Күн көзі шашыраңқы және көлең- ке түсірмеуі қажет. Тексерушінің жұмыс үстелі бетіндегі табиғи жарықтанудың коэффициенті 1.00-1.500 шегінде болуы керек. Жасанды жарықтану люминесцентті, шашыраңқы болуы керек. Жұмыс деңгейіндегі жарықтану 300 лк-тан кем болмауы шарт.Бөлме қабырғасы биіктігінің % бөлігі ашық майлы бояумен, ал қалған бөлігі, үстел және төбесі шаңнан тазартуға шыдай алатын тығыз ақ бояумен сырлану қажет. Еденді линолеуммен немесе пластикпен жабу керек.Бөлме жерлендірумен жабдықталуы шарт. Бөлмеде қалыпты жағдайлар қамтамасыз етілуі қажет: 293±3 К температурасы; Ылғалдылық 60±15%. ББҚ-ның тексеріске сақтаумен, тазалаумен және т.б. байланысты дайындығын жеке оқшауланған орындарда жүргізу ұсынылады.Қызметкерлердің саны тексеріліп жатқан ББҚ санына, тексерістің аралық кезеңіне және әртүрлі типті ББҚ-ның тексерісіне керекті уақыт нормаларына сәйкес анықталады. ББҚ тексерісінің кейбір ерекшеліктеріҚылтүтік дефектоскоптар үшін тексеріс барысында мыналар бақыланады: Техникалық шарттары бойынша пайдаланылатын пене_ транттардың сапасы; Штативтердің рұқсат етілген ауытқуларының тексерілуі; Жарықтанудың анықталуы; УФ сәулеленудің анықталуы. Тексеріс кезінде жасанды ақаулары бар стандартты үлгілер қолданылады.Магнит ұнтақты ақаулардың тексерісі. Бұл дефектоскоптың тексерісі кезінде жинақтылық тексерісінен, сыртқы тексерусынауынан басқа, бақылаудың нәтижелері тәуелді болып келетін дефектоскоптардың өлшемдерін анықтау қажет: Суспензиядағы ферромагнитті ұнтақтың концентрациясын; Ферромагнитті ұнтақтың сапасын (бытыраңқылық және магнитті қасиетін); Соленоидтағы немесе магнит полюстары арасындағы магнит өрісі кернеуінің анықталуын; Айналмалы магниттеу кезіндегі токтың максималды мәнін; Бұйым бетінің жарықтылығын. Коэрцитиметрлердің тексерісі. Тексеріс жалпыоперациялардан басқа келесілерді анықтайтын нормативті құжат бойынша жүргізіледі: Тоқтың магнитсізденуінің өзгеруіне феррозондтың сезімталдығы; Магнитсіздену тоғының абцисса осіне қарай түзудің иілу бұрышының тангенсі; Миллиамперметрлердің қателігі; Магниттеу тоғы. Магнитті калыңдык өлшеуіштердің тексерісі қарастырады: Сыртқы бақылауды; Жинақылық тексерісін; Сынауды; Ультрадыбыстық бақылау құралдарының тексерісі. Сонымен қатар, дефектоскоптың жұмыс істеп тұрған жиілігін, тереңдік және фронт бойынша қабілеттілігін шешетін бақылаудың максималды және минималды тереңдігін, дефектоскоптың се- зімталдығын тексеру қажет. Жұмыс істеп тұрған жиілік 10%-дан аспайтын қателік бойынша нормаланады.Бақылаудың минималды тереңдігі - эхоимпульстық әдіске тән өлі аймақ (бұйымның бақыланбайтын аймақтары). Ол да нормаланады. Өлі аймақ көлемі дефектоскоптың электронды блогы пъезотүрлендіргіштік құрылғы жүйесімен анықталады.Тереңдік бойынша рұқсат етілген қабілеттілік бір тік сызық бойында орналасқан, УЗК-ның таралу бағытымен сәйкес келетін екі бөлек анықталған ақаулар арасындағы минималды арақашықтықпен анықталады. Ол зондтайтын импулсьтің ұзақтығына және дефектоскоп жазудың жылдамдығына тәуелді болып келеді. (25)Дг

Дәлдік - өлшеу нәтижесінің қателігі нөлге жақын өлшем сапасының сипаттамасы. ИСО 5725 дәлдік халықаралық стандартта қабылданған тірек шама мәніне өлшеу нәтижені жақындықтың дәрежесі ретінде түсіндіреді. Екінші анықтау (нақты) шын мән эталондардың көмегімен емес бекітілгенде жағдайлар үшін салыстырулардың нәтижесінде немесе зертхана аралық салғастырулармен жақындайды.Өлшеу әдісінің дәлдік класы нақтылыққа қатысты құрамды сипаттайды, осы әдістердің көмегімен орындалатын,өлшеудің нақтылығының тікелей көрсеткіші болып табылмайды.Нақтылық класын санмен көрсету ұсынылған, негізгі қателіктен ауған жанама жіберілген қателіктер өзінше көрсетілді. Мысалы, 1,5 класы; жіберілген қателік ±1,5%-ға тең. Бұл әдістің көрсетілуі тепе-теңдік шкаласының өлшеу әдістерінде қолданылады (егер қателік мынадай формуламен анықталатын болса):ү = — = ± P немесе 100%XN Nмұнда Р қатардан таңдалынады: 1*10n; 1,5^ 10n; 2*10n; 2,5* 10n; 4*10n; 5*10n; 6*10n (n=1,0; -1; -2 және т.с.с.), циферблатта мынадай құрылғыларға 1,5 саны енгізіледі.Егер кұрылгы шкаласы тепе-тең болмаса, қателік (63) формуласы бойынша анықталады, бірақ нормаланған мән ретінде ұзындықтың шкаласы алынады, нақтылық класы 1,5 деп белгіленеді, циферблатта 1,5 саны енгізіледі.Кейбір жағдайларда нормалау үшін жіберілген жанама негізгі қателігі қолданылады, ол мынадай формуламен анықталады: AХә S = ± • 100% (63)(8 = ± 1,5%) Құрылғының циферблатында нақтылық класы санмен белгіленеді, 1,5 дөңгелектің ішінде орналасады. / S = ± c + d V X kX (64)Қателіктің жанама жіберілген шектері формула бойынша бекітіледі: мұндағы Хк - өлшеу шектерінің үлкені; X - өлшеу әдісінің шығудағы өлшенетін шаманың мәні; с және d - қатардан алатын дұрыс сандар M0n; 1,5^10n; 2^10n; 2,5*10n; 4^10n; 5^10n (n = 1,0; -1; -2 и т.д және т.с.с.), құжаттамада «Нақтылық класы с/d» ал құрылғының циферблатында - c/d белгіленеді.Жүйелі түрде құрайтын қателіктерді де, кездейсоқ та ол (сынаулар) өлшеу нәтижелерді топтамасына жататын дәлдік термин өзіне орналастырады.ИСО 5725-те өлшемдер әдісінің дәлдігінің сипаттамалары үшін екі терминдерді қолданылады: дұрыстық және өте дәлдік.Дұрыстық - өлшенетін шаманың (нақты) шын мәніне өлшеу нәтижесінің жақындықтың дәрежесі немесе өлшенетін шаманың эталонның жоқтығының жағдайында - қабылданған тірек мәнге (немесе сынау нәтижелері) өлшеу нәтижелер үлкен топтама негізінде алған орташа мәннің жақындығының дәрежесі.Дұрыстықтар әдетте көрсеткіш жүйелі қателікті мәні болып табылады.Өлшемдерінің ретінде құрайтын жүйелі қателіктері тағы басқалар қабылданған өлшеу қағидатының іске асыруының мерзімді кемеліне жетпегені, қолданылатын өлшеу құралыныңбөліктеуін қателік шығарып тасталмаған өлшемдердің жүйелі қателік құрайтын (ЖҚҚ) жүйелі қателіктерді ерекшелейді.Егер жүйелі қателікті математикалық күтім белгілі және үнемі болса, онда тиісті түзетулерді өлшемдердің нәтижесінде кіргізеді. Түзетуді таңба қателіктің таңбасына қарсы қойып салыстырған.Өте дәлдік - нақты регламент белгіленген шарт алған бір- біріне тәуелсіз өлшеу нәтижелерді жақындықтың дәрежесі.Өте дәлдік тек қана кездейсоқ қателіктерге тәуелді болады және өлшенетін шаманың шындығын немесе қойылған мәніне қатысы жоқ.Өте дәлдіктер шараны дәлсіздік терминдеріндегін әдетте білдіреді және өлшеу нәтижелерін үйреншікті ауытқулар сияқты есептейді. Кіші өте дәлдік үлген үйреншікті ауытқуға сәйкес келеді.Қайталанғыштықпен қайталанғыштық шарттарындағы өте дәлдік деп аталады.Кейде қайталанғыштық терминімен қатар жинақтылық термин сонымен бірге қолданады.Қайталанғыштықтың шарттары - уақыттың қысқа аралығы шектеріндегі ылғи бір оператормен, ылғи бір жабдықтың қолдануымен (немесе сынаулар) тәуелсіз өлшеу нәтижелердің жанында сынаулардың ұқсас объектілері, сол зертханаларға ылғи бір әдістермен пайда болатын шарт.Қайта өндірінгіштік - қайта өндірінгіштік шарттарындағы өте дәлдік.Қайта өндірігіштіктің шарттары - сынаулардың ұқсас объек- тілеріне әртүрлі зертханаларда, әртүрлі операторлар, әр түрлі жабдықтың қолдануымен (немесе сынаулар) өлшеу нәтижелер- дің жанында ылғи бір әдістермен алатын шарт.Өлшеу құралдарының дәлдік класы - өлшеу құралының қорытылған оны шектерімен негізгі және қосымша қателік жіберілетін білдірілетін мінездемесі, сонымен бірге басқа мінездемелермен өлшеу құралдарының мәні жеке түрлеріне стандарттармен бекітілген дәлдік ықпал ететін өлшеу.Дәлдік сыныбы өлшегіш аспапты иемденулер үшін негізге немесе абсолютті, салыстырмалы немесе келтірілген шамалардағы оның өрнегінің олардың негізгі қателігі және әдісі болып табылады. Абсолюттік бірліктерді негізгі қателіктің өрнектері, құралдардың дәлдік сыныптары жағдайында латынша әліпбидің бас әріптері немесе римдік цифрлармен құжаттамада және өлшеу құралдарында белгі қоюға қабылдаған.Дәлдік сыныптары негізгі қателіктің өрнектері салыстырмалы бірліктермен, пайызбен бейнеленген жіберілетін негізгі қателікті тең шекті сандармен белгі қою арқылы қабылданған. Дәлдік сыныптары негізгі қателіктің өрнектері келтірілген бірліктермен жағдайда пайызбен бейнеленген жіберілетін негізгі қателікті тең шекті сандармен белгі қою арқылы қабылданған.Дәлдік кластары латынша әліпбидің әріптерімен керекті жағдайда белгіге араб цифрының түріндегі индекстеріне то- лықсытуға рұқсат етіледі.Жіберілетін әліпби басқа жақын болатын әріптер немесе кішісі сан білдінетін сандар сәйкес келу тиісті қателіктердің кішісі шектеріне сәйкес келу тиісті дәлдік сыныптары. Мысалдар. Шеткі ұзындық өлшемдерінің дәлдік класы жақындық, олардың номиналдыға өлшемі, жазық параллелдіктен жіберілетін ауытқу, сонымен бірге ысқыланатындық және тұрақтылықты мінездейді; дәлдік класы жіберілетін негізгі қателіктің шектері және температура, айнымалы тоқтың жиілігінің нормалы мәндері және кейбір басқа ықпал ететін шамалардан сыртқы магниттік өріспен және ауытқу шақырылатын көрсетулердің жіберілетін вольтметрмен мінездеу өзгерістері. Өлшеу құралдары үшін дәлдіктің сыныптарын белгісі - 0,5, құжаттама үшін - (мөлшерлейтін мән егер тең межелік ұзындығы немесе оның бөлігі қабылданған) 0,5-ші дәлдік класы. Өлшеу құралдары үшін белгісі - 1,5, құжаттама үшін - (мөлшерлейтін мән егер шама бірліктеріндегі (шығу) өлшеу құралдары) кіруге бейнеленген) 1,5-ші дәлдік класы. Мөлшерлейтін мәндерге қабылдайды: егер нөлдік белгі өлкеде болса немесе өлшеу құралдарының (ауқым) шкаласынан тыс болса өлшеу құралының (ауқым) шкаласының жоғарғы шегінің мәні; егер нөлдік белгіде (ауқым) шкаласының іші болса өлшеу құралының (диапазон) шкаласы шекті мәндердің сомасын таңбалардың есепке алуынсыз; айтарлықтай бірқалыпты шкаласы (логарифмдік немесе гиперболалық) бар өлшеу құралдары үшін барлық (ауқым) санмен көрсетілген белгілер; қойылған атаулы мәні бар өлшеу құралдары үшін атаулы мәнге. Мөлшерлейтін мәннің таңдауы бойынша жөн-жоба нақты түрдің өлшеу құралында стандарттар немесе техникалық шарттарындағы келтіруі керек.Өлшеу құралдарының белгінің техникалық құжаттамасында көрсетілген осы құжат кестелеріндегі сәйкес келуі керек.Құралдың түрі және оның нормативтік құжаттарын көр- сетпеуін, тек қана оның аты және техникалық мінездемесін көрсетуге рұқсат етіледі. Мысалы:1.ОБВ1-100 көрсететін серіппелі түрдің вакуум өлшеуішінің құжаттамасындағы белгісі 1,5-ші класты кгс/см2дің (-1...0) 1,5: вакуум өлшеуіштің дәлдік класының кгс/см2 (-1...0) өлшеу шектерімен.2. Өлшеу шектерімен толық батуды лабораториялық тер- мометрдің құжаттамасындағы белгісі 0... 100) бөлулер бағамен 0, 5 және 1: термометрдің дәлдік класы сұйық 0... 100) б.б. өйткені 0, 5 класспен 1.Жіберілетін ауытқулардың шектері бар дәлдігінің кластарын байланыс кірлерде көрсетуге болады. 7328-2001 МЕМСТ-қа сәйкес «Кірлер. Ортақ техникалық шарттар» метрологиялық мінездемелердің мөлшерленетін мәндерінің кірлеріне байланысты дәлдіктің жеті кластарына ұсақтайды: El, E2, F1, F2, M1, M2, M3. Массаның атаулы мәніне байланысты кірлер әрбір дәлдік кластары жіберілетін ауытқулардың шегінің белгілі бір мәніне сәйкес келеді: 5-кесте. Кір және жіберілетін ауытқулар шектерінің дәлдік кластары Кірлер атаулы мәні Жіберілетін ауытқулардың шегі, ±мг, дәлдік класының кірі үшін: Е1 Е2 F1 F2 M1 M2 1 мг 0,002 0,006 0,020 0,06 0,20 - 20 кг 10 30 100 300 1000 3000 Өлшеулерді орындау әдістемесін таңдауӨлшеуді орындау әдістемесіне қойылатын талаптар: өлшеудің дәлдігін қамтамасыз ету; өлшеудің үнемділігін қамтамасыз ету; өлшеулер нәтижелерінің келістілігін (валидтілігін) қам- тамасыз ету; өлшемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өлшемдердің дәлдігі олардың нәтижелерін қолдану үшін қажетті шарт болып табылады. Бұл шартты сақтамаса, өлшенетін физикалық шаманың нақты мәнін алу мүмкін емес және өлшемді жүргізу негізсіз болады. Өлшеу кезінде физикалық шаманың нақты мәнін алу керек, яғни алынған мән шын мәнді алмастыра алатындай шын мәнге соншалықты жақын болуы керек. Осыған орай, физикалық шаманың нақты мәні - тек есепті құрастырғаннан кейін ғана нақты мағынаға ие болатын түсінік. Ол өлшеу нысанының бір өлшемі параметрі үшін қойылған есепке байланысты аса өзгеруі мүмкін, мысалы, бірмағыналы өлшем- нің аттестация дәлдігі талап етіп тұрған бақылау дәлдігінен жоғары болуы керек.Техникалық өлшемдердің дәлдігін қамтамасыз ету өлшеудің жіберілетін қателігі [Д] мен өлшеу кезіндегі шекті қателікке Д қатынасы арқылы көрсетіледі:Д < [Д].Өлшемдердің үнемділігі - абсолютті талап емес, сол себепті, бұл шарт бойынша тек өлшеудің дәлділігін қамтамасыз етуге кепілдік беретін бәсекелес ӨОӘ салыстыруға болады.Өлшемдердің үнемділігін бағалау кезінде өлшеу операциясы- ның шығарылуын, өзіндік құнын есептейді, операторға қажетті мамандықты, ӨҚ бәсекелестерінің барын, әмбебап ӨҚ бағала- рын, стандартталмаған ӨҚ жобалау және жасау бағасын, берілген ӨҚ көп мақсатта қолдану мүмкіндігін және т.б. ескереді.Өлшеу нәтижелерінің келістілігін (валидтігін) қамтамасыз етуді екі аспектіде қарастыруға болады: өлшеу нысанының анықталған физикалық шамасының нәтижелерінің келістілігін қамтамасыз ету; өлшеу бақылауы кезінде бір нысан құрамын немесе бір типтес нысандар тобының өлшеу нәтижелерінің келістілігін қамтамасыз ету. Нәтиженің дұрыстығы өлшеу кезіндегі бақылаулар санына байланысты - серияда неғұрлым бақылаулар көп болса, жүйелі қателіктер соғұрлым анық көрінеді және осыған орай, кездей- соқ қателіктердің шектері мен орташа мәндерінің статистика- лық бағалары нақтырақ бола түседі.Номиналды бірдей ФШ өлшегенде, зерттелетін нысанды толығымен сипаттайтын нәтижелерді келісті (представитель­ный) деп есептейді. Мұндай жағдайда нәтижелердің келістілігі өлшеу санының жеткіліктілігімен және бақылау нүктелерін (бақылау қималарын) дұрыс таңдаумен қамтамасыз етіледі.Өлшемдердің қауіпсіздігін қарастырған кезде өлшенетін нысанмен байланысты қауіптерді талдау керек, сонымен қатар, өлшеу құралында болатын қауіптерді ескеру қажет.Физикалық шаманы (ФШ) кез келген өлшеудің мақсаты - оның нақты мәнін табу болып табылады. Өлшеу нәтижесінде шынайы мәнге жақын (қателігі аз) мән алынуы керек.Мүмкін өлшеу тапсырмаларын құру ең алдымен өлшеуден талап етілетін дәлдікті нормалауға мүмкіндік беретін позициядан басталады. Осы позициядан зерттелетін өлшемдер өлшеуінің нәтижелеріне сәйкес тапсырмалар қарастыруға болады, мысалы, мынадай: нысанның нақты өлшемдерінің өлшеу бақылауы; нақты өлшем бойынша нысандарды топтарға сұрыптаптау; нысанның нақты өлшемдері бақылауының нәтижелерін төрелік сот арқылы қайта тексеру; өлшеу құралдарын тексеру; ғылыми зерттеу кезінде нақты өлшемдерді өлшеу; нақты өлшемін бағыттық бағасы кезіндегі өлшеу. Кез келген қойылған тапсырманы шешу кезінде міндетті түрде керек: өлшеудің қажетті дәлдігін бекіту; өлшеу үдері кезіндегі дәлдік бекітілген дәлдікке сәйкес келетіндігіне көз жеткізу. Өлшеу нәтижесінің физикалық шамасының нақты мәніне жақындығы өлшеу қателігімен Д сипатталады, аз қателік деп өлшеу ақпаратын бұрмалауға әкелмейтін қателікті айтады.Өлшеудің қажетті дәлдігін ережедегідей, өлшеу кезіндегі жіберілетін қателік мәнімен [Д] нормалайды. [Д] мәнін өлшеуге қойылған тапсырманы құрылымына қарай таңдайды. Егер өлшенетін физикалық шамаға оның белгісіздігін шектейтін норма қойылса, мысалы, Т - өлшем шегі, берілген өлшем бойынша өлшем шегімен салыстырағанда аз болатын және де нормамен салыстырғанда оның кеңеюіне әкелмейтін өлшеу қателігін [Д] қоюға болады:Т = Т * [Д]

Сынақ зертханаларының белгісіздік бюджеті Шығыс шамасының қосынды стандартты белгісіздігін есептеуY (шығыс) өлшеу шамасы хр хр ... хп кіріс шамалары қатарына функционалды тәуелді:7 = f(X, X, .... X) (82)Қосынды стандартты белгісіздік болып табылатын өлшеу нәтижесімен у байланысты бағаланған стандартты ауытқу әр кіріс шамасының х. стандартты белгісіздігінен u(x ) тұрады.у мәнінің және сәйкесінше өлшеу нәтижесінің стандартты белгісіздігі корреляцияланбаған кіріс шамаларының жағдайында хр хр ... хп кіріс шамалараның белгісіздіктерін қосумен алынады. y бағасының қосынды стандартты белгісіздігі келесідей белгіленедіис(У). uc (У) i=l л 2 Эх,. и2( x.) (83)u(y) қосынды стандартты белгісіздігін қосынды дисперсиядан оң квадраттық түбірді алып табады: мұндағы f - өлшеу теңдеуінде келтірілген функция, u(x) - эр кіріс шамасының стандартты белгісіздігі. Бұл теңдеу бірінші ретті Тейлор қатарымен өлшеу теңдеуін аппроксимациялау нәтижесінде алынады және белгісіздіктің таралу заңын көрсетеді.fдх жеке түбірлері с. сезімталдық коэффициенті деп аталады және у шығыс бағасы х1, х1, . хп кіріс бағаларына тәуелді өзгері- сін көрсетеді. Сонымен (83) теңдеуі келесідей болады: t ci2 u 2( x) uc (У)df (84)i=1 Кей жағдайда ci = сезімталдық коэффициенттері f функ- циясынан есептелмейді, бірақ басқа кіріс шамалары өзгеріссіз деп, таңдалынған Х. өзгеріс негізіндегі Y өзгерісті өлшеумен тәжірибелік жолмен анықталады.Кей өлшеудің математикалық моделінің жеке жағдайларында (84) теңдеу қарапайым түрде көрсетілуі мүмкін.1-ереже. Егер өлшеу моделінің функциясы кіріс шамаларының қосындысынан тұрса, яғни (85)Y = X, ± Х2 ± ...± X, 12 n’Мұндағы қосынды стандартты белгісіздік u(y) келесі тең- деумен анықталады:uc (У) = ^t u 2( xi ) = Vu 2( Xl) + u 2( Х2 ) + ••• + u 2( xn ) (86) Y = Х-Х2 ■ ...• X немесе Y = Х,/Х2/- .../X1 2 n 1 2 nмұндағы (4) теңдеуді келесідей көрсетуге болады: uc(У) (87) У V

ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚСЕНТМДТЛТГТ Метрологиялық сенімділік теориясының негізгі ұғымдарыМетрологиялық сенімділік - өлшеу құрылғысының анықталған тұтыну режимінде белгілі бір уақыт аралығында бекітілген метрологиялық сипаттамаларды сақтау қасиеті.Сенімділік көрсеткіші тоқтаусыздық, ұзақтылық, жөндеуге жарамдылық және сақтау қасиеттерімен сипатталады.Сенімділік теориясының негізгі ұғымы тоқтау болып табылады. Өлшем құралының тоқтауы метрологиялық және метрологиялық емес болып екіге бөлінеді.Метрологиялық емес тоқтау өлшеу құралының метрология- лық сипаттамаларының өзгерісімен байланыссыз себептерден туындайды. Оларды салыстырып тексерусіз анықтауға болады және олар кенеттен пайда болады.Метрологиялық тоқтау өлшеу құралының метрологиялық сипаттамаларының бекітілген шектерден асып кетуімен байланысты. Жүргізілген зерттеулер негізінде метрологиялық тоқтаулар метрологиялық емес тоқтауларға қарағанда жиі кездеседі. Сондықтан да оларды анықтау және болжау әдістерін тағайындау қажет. Метрологиялық тоқтау біртіндеп және кенеттен болып екіге бөлінеді.Кенеттен тоқтау дегеніміз - бір немесе бірнеше метро- логиялық сипаттаманың секіріп өзгеруі. Бұл тоқтауларды олардың кездейсоқтығынан болжау мүмкін емес. Олардың нәтижесі құрылғыны тұтыну барысында оңай анықталады (көрсетуді тоқтату, сезімталдықты жоғалту және т.б.). Кенеттен пайда бо- латын тоқтаудың ерекшелігі - уақыт интенсивтілігіне тұрақты болуы. Бұл тоқтауларды талдау үшін сенімділіктің классика- лық теориясын қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан да бұдан әрі мұндай тоқтаулар қарастырылмайды.Біртіндеп тоқтау бір немесе бірнеше метрологиялық сипаттамалардың монотонды өзгеруімен суреттеледі. Пайда болу сипатына қарай олар жасырын болады және өлшем құралын кезеңінде тексеру кезінде анықталады. Бұдан әрі тек осындай тоқтаулар қаралады.Метрологиялық тоқтаумен өлшем құралының метрология- лық жөнділігімен байланысты. Бұл дегеніміз - өлшем құралы- ның нормаланған барлық метрологиялық сипаттамаларының бекітілген талаптарға сәйкес келуі.Метрологиялық сенімділік мәселесінің ерекшелігі тоқтаулар интенсивтілігінің уақыт тұрақтылығына байланысты сенімді- ліктің классикалық теориясы сәйкес келмейді. Қазіргі кездегі сенімділік теориясы екі қасиетке ие өнімге бағытталған: жұмыс- қа жарамды және жарамсыз.Өлшем құралы қателігінің біртіндеп өзгерісі жіберілетін шектік мәндерге қателіктің жақындау деңгейін анықтайтын жұмыс істеудің түрлі тиімділік деңгейі қанша қажет болса сонша жұмысқа жарамды шарттар енгізуге мүмкіндік береді.Метрологиялық тоқтау ұғымы нақты бір шарттарға байланысты өзгеруі мүмкін метрологиялық сипаттамалар шектеріне байланысты анықталатаын болғандықтан шартты болып табылады. Сонымен бірге метрологиялық тоқтаудың туу уақытын оның жасырын сипатына байланысты анықталынбайды, бірақ та метрологиялық емес тоқтауларды, бұлармен сенімділік- тің классикалық теориясы байланысты, олардың туындау уа- қытында анықталынады. Осының барлығы өлшем құралы метро- логиялық сенімділігіне талдау әдістерін тағайындауды қажет етті.ӨҚ сенімділігі оның уақытқа байланысты өзгерісін суреттейді және жалпылама ұғым болып табылады, ол тұрақтылық, тоқтаусыздық, ұзақтылық, жөндеуге жарамдылық (қалпына келетін ӨҚ үшін) және сақтау қасиеттерімен сипатталадыӨҚ түрацтылыгы - оның метрологиялық сипаттамалараның уақытқа қатысты өзгермеуін суреттейтін сапалық көрсеткіш. Қателіктің таралу заңы өлшемдерінің уақыттық тәуелділіктерімен суреттеледі. Метрологиялық сенімділік және тұрақтылық ӨҚ көнеру үдерісінің сипаттары болып табылады. Тұрақтылық ӨҚ метрологиялық сипаттамаларының тұрақтылығы туралы көбірек мәліметті береді. Бұл - оның «ішкі» сипаты. Сенімділік қолданылатын шектер мәніне, өлшеу дәлдігіне және тұрақты- лыққа тәуелді болғандықтан оның «сыртқы» сипаты.Тоқтаусыздық - шамалы уақыт аралығында ӨҚ-ның үзіліссіз жұмысқа жарамдылығын сақтау сипаты. Ол жұмысқа жарамды және жарамсыз екі күймен сипатталады. Алайда күрделі өлшеу жүйелері үшін олардың толықтай жұмыс істемей қалуы тоқ- таудан болып қана қоймауы мүмкін болғандықтан күй саны да көп болуы мүмкін. Тоқтау ӨҚ жұмысқа жарамдылығын жою немесе бұзылуымен байланысты кездейсоқ жағдай. Бұл тоқ- таусыздық көрсеткіштерінің кездейсоқ табиғатын түсіндіреді, соның ішінде ең маңыздысы ӨҚ тоқтаусыз жұмыс істеу уақытын белгілеуҰзақтылық ӨҚ белгіленген уақытқа дейін жұмысқа жа- рамдылығын сақтау сипаты.Жұмысқа жарамдылық күйі - ӨҚ барлық метрологиялық сипаттамалары нормаланған мәндерге сәйкес келу жағдайы. Шектік күйі дегеніміз - ӨҚ қолдануға болмайтын жағдайы.Метрологиялық тоқтаудан кейін сәйкесінше жасалған реттеулерден кейін ӨҚ сипаттамалары жіберілетін ауқымқа қайта келуі мүмкін.Реттеуді жүргізу үрдісі метрологиялық тоқтау сипатына, ӨҚ құрылымына және басқа да себептерге байланысты ұзақ болуы мүмкін. Сондықтан да сенімділікке «жөндеуге жарамдылық» ұғымы енгізіледі. Жөндеуге жарамдылық - техникалық қызмет көрсету және жөндеу жолымен жұмысқа жарамды күйін сақтау, қалпына келтіру және тоқтаулардың пайда болу себебін анықтау және алдына алуға негізделетін ӨҚ қасиеті. Ол метрологиялық тоқтаудан кейін ӨҚ қалпына келтіруге кететін құралдар мен уақыт шығыны және оны жұмыс қалпында сақтаумен сипатталады.Бұдан әрі көрсетілгендей МС өзгеру үрдісі ӨҚ қолданыла ма немесе қоймада сақтала ма оған тәуелсіз. ӨҚ тасымалдау және сақтаудан кейін және сол мезетте жұмысқа жарамдылығын, ұзақтылығын, тоқтаусыздығын сақтау қасиеті сақтау сипаты деп аталады.ӨҚ сенімділігін сипаттайтын көрсеткіштерге көшпес бұрын оның МС уақытқа байланысты өзгеру сипатын анықтау керек. Өлшеу құралының қателік уақытында өзгеруін математикалық моделі 1. Қателік өзгеруінің сызыцтыц моделіЖалпылама қателік моделі A (t) келесідей көрсетілуі мүмкін Д0 95(t) = А0 + F(t), мұндағы А0 - ӨҚ бастапқы қателігі; F(t) - блоктар мен элементтердің біртіндеп көнеру физико-химиялық үрдісімен байланысты берілген ӨҚ түрінің жиынтығына кездейсоқ уақыт функциясы. Көнеру үдерісінің физикалық модельдерінен F(t) функциясының нақты теңдеуін алу мүмкін емес. Сондықтан да тәжірибелік зерттеулер негізінде қателіктің уақытқа байланысты өзгеру функциясын F(t) математикалық тәуелділікпен болжайды.Қателіктің өзгеруінің ең қарапайым моделі сызықтық болып табылады:A0;g (t)


- стандартты үлгілер.

Өлшеу құралдары - өлшеуге арналған және нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құралдар.








12-сурет. Өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамалары, түрлері және классификациясы

Электрлік

Оптикалық

Дәлдігі бойынша

І
Ең қарапайым ӨҚ өлшем болып табылады. Өлшемнің негізгі ерекшелігі ӨҚ-ның өлшеу ақпаратына ешқандай түрлендірулер жасамауы. Физикалық шама өлшемі (шама өлшемі; өлшем) - мәндері бекітілген бірліктермен өрнектелген және қажетті дәлдікпен белгілі бір немесе бірнеше берілген өлшемдердің физикалық шамасын жаңғырту және (немесе) сақтауға арналған ӨҚ. Өлшемдер бір өлшемнің физикалық шамасын көрсететін бір мәнді және әртүрлі өлшемдердің физикалық шамасын көрсететін көп мәнді деп бөлінеді. Бір мәнді өлшемдердің мысалы ретінде ұзындықтың жазық параллельдік ұштық өлшемін, бұрыштықты (тік бұрыш өлшемі), ал геометриялық шамаларға жатпайтындарға гірді (масса өлшемі) жатқызуға болады. Көп мәнді өлшемдерге өлшеу сызғышын, бірнеше жұмыс бұрыштары бар бұрыштық ұштық өлшемді, транспортирді жатқызуға болады. Өлшемдер жинақталып берілуі немесе «дүкендерге» топтастырылуы мүмкін.

Өлшем - бұл мәндері бекітілген бірліктермен өрнектелген және қажетті дәлдікпен берілген белгілі бір немесе бірнеше өлшемдердің физикалық шамасын жаңғырту және (немесе) сақтауға арналған ӨҚ.

Өлшемдер жинағы
- жеке немесе әртүрлі үйлесімде тә- жірибеде қолдануға арналған (мысалы, ұштық ұзындық өлшем- дерінің жинағы, бұрыштық ұштық өлшемдер, түрлі салмақтар жинағы) физикалық шаманың әртүрлі мөлшердегі өлшемдер кешені.

Өлшемдер дүкені - құрылымында өлшемдерді әртүрлі ком- бинацияда (мысалы, электрлік кедергі дүкені) қосуға арналған құралдары бар бір құрылғыға конструктивті түрде біріктіріл- ген өлшемдер жинағы.

Өлшегіш құрылғы деп өлшенетін физикалық щаманың мәндерін белгілі бір диапазонда алуға арналған өлшеу құралын айтады.

Өлшегіш құрылғылар индикация деңгейі бойынша көрсе- тетін және тіркейтін, әрекеті бойынша интеграциялаушы және қосушы (сомалаушы) деп бөлінеді. Бұған қоса өлшегіш құрылғылары тікелей әрекет ету құрылғылары, салыстыру құрылғылары, аналогтік құрылғылары, сандық құрылғылары, өздігінен жазатын және баспа құрылғылары деп бөлінеді. Өлшегіш қондырғы бір жерде жұмыс істеу түрінде біріктірілген өлшемдер, өлшегіш құрылғылар, өлшеу түрлендіргіштері және басқа да құрылғылардың жиынтығы болып табылады және бір немесе бірнеше физикалық шамаларды өлшеуге арналған. Өлшегіш машина - бұйым сипатталатын физикалық шамалар­ды дәл өлшеуге арналған үлкен көлемдегі өлшеу қондырғысы (күш өлшегіш машина, бөлгіш машина, үлкен ұзындықтарды өлшеуге арналған машина).

Өлшеу жүйесі
бақыланатын нысанның әртүрлі нүктелерінде орналастырылған, осы кеңістікке тән бір немесе бірнеше физикалық шамаларды өлшеу және әртүрлі мақсатта өлшеу белгілерін алу мақсатында жұмыс істеуге біріктірілген өлшемдер, өлшеу құрылғылары, ЭЕМ және басқа да техникалық құралдар болып табылады. Өлшеу жүйелері арналған мақсатына қарай өлшегіш-ақпараттық, өлшегіш-бақылаушы, өлшегіш-басқарушы жүйелер және басқалар болып бөлінеді. Өлшеу мақсатына қарай реттелетін өлшеу жүйелері икемді өлшеу жүйелері деп аталады.

Өлшеу түрлендіргіші - нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар, өлшенетін шаманы басқа шамаға немесе өлшеу белгісіне түрлендіруге, өңдеуге, сақтауға, одан арғы түрлендірулерге, индикация немесе беруге арналған ыңғайлы техникалық құрал. Өлшеу түрлендіргіштерінің мысалы - винт

Кіріс және шығыс белгілерінің сипаты бойынша аналогтік және сандық түрлендіргіштер, өлшеу тізбегінде алатын орнына байланысты біріншілік және аралық деп бөлінеді. Өлшеу аппаратының белгісін тепе-тең түрлендіретін түрлендіргіштерді масштабтық деп атайды.

Біріншілік өлшеу түрлендіргіші - өлшенетін шама тікелей эсер ететін өлшеу түрлендіргіші. Бір ӨҚ-да бірнеше біріншілік түрлендіргіш болуы мүмкін, мысалы, тоңазытқыш ыдыстың әр- түрлі нүктелеріндегі температураны өлшеуге арналған өлшеу қондырғысының термопарлары.

Датчик - өлшеу белгілерін шығаратын контруктивті түрде жекешеленген біріншілік түрлендіргіш.


Өлшеу құрылғысы (құрылғы) - өлшенетін физикалық шаманың мәнін берілген диапазонда алуға арналған өлшеу құралы. Өлшеу құралы өлшенетін физикалық шамадан өлшеу ақпаратын алуға, оны түрлендіруге және оператор тікелей қабылдай алатындай пішінде беруге арналған. Құрылғының құрылымына бір немесе бірнеше өлшеу түрлендіргіштері және оларға қосылған нұсқаушы шкала, нұсқаушы диаграммалық қағаз, сандық табло типіндегі өлшеу ақпаратын көрсететін құрылғы кіреді. Ақпаратты беру жүйесіне байланысты көрсетуші немесе тіркеуші кұрылғылар деп ажыратылады. Тіркеуші құрылғылар жазба немесе баспа құрылғылары деп бөлінеді. Шығыс белгісінің пішініне қарай аналогтік немесе дискреттік шығысы бар құрылғыларды ажыратады («дискретті» қүрылғыларды «сандық» деп жиі атайды).

Құрылғыларды тікелей әрекет ететін және салыстыру құрылғылары деп бөледі. Салыстыру құрылғыларын компаратор деп те атайды.

Компаратор - біртекті шамалардың өлшемдерін салыстыруға арналған салыстыру құрылғысы. Компаратордың мысалы - иінтірек таразы.

Индикатор - белгілі бір физикалық шаманың бар екендігін анықтау немесе оның мәнінің шегінен шығуын анықтауға арналған техникалық құрал немесе зат (химиялық). Химиялық реакциялар кезінде индикатор ретінде
лакмус қағазын қолданады. Иондаушы сәулеленулерді өлшеу саласында индикатор радиация деңгейінің шегінен асып кеткендігі туралы жарық және (немесе) дыбыс белгісін береді. Кей жағдайларда индикатор ретінде өлшеу құрылғылары ппйдаланылуы мүмкін (көретін және дыбыстық белгілері бар шекті электрконтактілі өлшеу түрлендіргіші электр тізбегіндегі үзіліс омметр кезінде қолданылады).

Өлшеулердің күрделі құралын сызба ретінде көрсетуге бола- ды. Ол үшін сызбаның негізі ретінде өлшеу тізбегін алады. Тізбектің құрылымына біріншілік және аралық өлшеу түрлен- діргіштері, сонымен қатар өлшеу ақпаратын көрсетуші құрылғы кіреді. Өлшеу құрылғысының құрылымдық сызбасының мысалы 13-суретте көрсетілген.


Біріншілік

өлшеу




Аралық

өлшеу




Аралық

өлшеу




Өлшеуіш

ақпаратты

түрлендіргіші




түрлендіргіші




түрлендіргіші




бейнелейтін

қүрылғы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58