Файл: Р. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.03.2024
Просмотров: 425
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Сонымен қатар мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері де бар:
-
Мемлекеттік басқару органдары, жеке және заңды тұлғалар қажет болған жағдайларда өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау, сондай-ақ метрологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін метрологиялық қызметтер құрады. -
Мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің жұмысы техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органмен келісілген нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
-
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау
Метрологиялық бақылау - мемлекеттік басқару органда- рының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызмет- терін метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тек- серу мақсатында жүзеге асырылатын қызмет.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау - техникалық рет- теу және метрология жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің өлшем құралдары шығарылуын, олардың жай-күйін және қолданылуын, өлшемдерді орын- дау әдістемелері қолданылуын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын, сату кезінде тауарлардың санын, сондай-ақ бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезінде кез келген түрдегі бума тауарлардың санын қадағалау жөніндегі қызмет болып табылады.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды осы Заңның, өл- шем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республи- касының басқа да норматив™ құқықтық актiлерiнiң, халықара- лық шарттардың және нормативтік құжаттардың талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын тексеру мақсатында техникалық реттеу және
метрология жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау нысандарына:
-
шама бірліктерінің эталондары; -
өлшем құралдары; -
өлшемдерді орындау әдістемелері; -
жеке және заңды тұлғалардың өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметі; -
өлшеп орау, сату және импорттау кезіндегі оралған тауарлардың саны. -
сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын тауарлар саны жатады.
1-сурет. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау нысандары
Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың нысандарына қойылатын талаптар.
-
Шамалардың бірлік эталондары бастапқы немесе жұмыс ретінде нығайтылуы керек. Бастапқы эталондар МӨЖ тізіміне енгізілу тиіс. -
Өлшеу құралы:
-
сынаудан өту керек, нығайтылып МӨЖ тізіміне енгізілуі тиіс немесе метрологиялық іскерлік сараптаудан, өтіп сонымен бірге МӨЖ тізіміне енгізілу қажет; -
олардың тексерілгені және қолданылуы туралы растама алынуы керек.
-
Өлшеулерді орындау әдістемесі аттестациялануы және МӨЖ тізіміне тіркелуі керек.
4. Метрологиялық қызметті орындайтын физикалық және заңды тұлгалар:
-
өлшеу құралдарының тексерілуі мен калибрлеуін жүзеге асыратын заңды тұлғаның анықталған ретте аккредиттелген; -
өлшеу құралдардың өндірісін және жөндеуін жүзеге асыру- да физикалық және заңды тұлға осы қызметтің түрлеріне лицен- зиясы;
- өлшеулерді орындау әдістемелерінің іскерлік сараптау- ларды өткізуде заңды тұлға анықталған ретте аккредиттелген болуы керек.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау аясы
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау өлшем нәтижелері:
-
азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтама- сыз ету жөніндегі жұмыстарға; -
өнімнің және көрсетілетін қызметтер сапасының нор- мативтік құжаттардың міндетті талаптарына сәйкестігін сынау мен бақылауға; -
қоршаған ортаның жай-күйін бақылауға; -
еңбек жағдайларының қауіпсіздігін бақылауға; -
сатып алушы (тұтынушы) және сатушы (өнім беруші, өндіруші, орындаушы) арасындағы, соның ішінде тұрмыстық және коммуналдық қызметтер көрсету мен байланыс қызметте- рін көрсету салаларындағы сауда-коммерциялық операциялар мен есеп айырысуларға; -
мемлекеттік есеп операцияларына; -
бұйымдардағы, құймалардағы, жартылай фабрикаттарда- ғы, дәнекерлемелер мен қалдықтардағы бағалы металдардың мөлшерін анықтауға байланысты операцияларға; -
қару-жарақ, әскери және арнайы техника, арнайы өнімнің басқа да түрлерін өндіруге; -
геодезиялық, геологиялық және гидрометеорологиялық жұмыстарға; -
салық, банк, кеден және пошта операцияларына; -
энергетикалық қорлардың барлық түрлерін шығару, өндіру, ұқсату, тасымалдау, сақтау және тұтынуға; -
құрылыс салуға; -
мемлекеттік басқару органдарының, соттың және құқық қорғау органдарының тапсырмасы бойынша орындалатын жұ- мыстарға; -
ұлттық және халықаралық спорт рекордтарын тіркеуге; -
өлшем құралдарын сынау, метрологиялық аттестаттау, са- лыстырып тексеру, калибрлеуге; -
ғылыми-зерттеулер жүргізуге; -
қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге; -
ойын автоматтарын шығару және қолдану кезінде пайда- ланылатын өлшемдерге қолданылады.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау түрлері
-
Мемлекеттік метрологиялық қадағалауға:
-
өлшем құралдарының шығарылуын, олардың жай-күйін және қолданылуын, өлшемдерді орындау әдістемелерінің қол- данылуын, шамалар бірліктерінің эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қадағалау; -
сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарыла- тын тауарлардың санын қадағалау; -
бума тауарларды ашқан, сатқан және импорттан алған кезде олардың санын қадағалау жатады.
-
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бақылау:
-
жылына бір реттен жиі болмайтын жоспарлы тексеру; -
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіз- дер бойынша, сондай-ақ бұрын анықталған бұзушылықтарды жою нысанасындағы жоспардан тыс тексеру түрінде жүзеге асы- рылады.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды қойылған реттегі іскерлік сараптауға жататын, Қазақстан Республикасының заңымен орындалатын, атқаратын қызметімен және олардың кәсіби бағасын анықтау мақсатында тексеруді мемлекеттік ин- спекторлар жүзеге асырады.
Мемлекеттік инспектор қойылған форманың тексеруіне тап- сырманы әзірлейді және оның прокуратура органдарында тір- кеуге алады.
Тексеріс нәтижелері актпен әзірленеді, тексеруге қатысушы барлық комиссия мүшелері қол қояды.
Мемлекеттік инспектор метрологиялық ережелер
және нормалардың бұзушылықтарын анықтағанда қойылған форман- ың ұйғарымын құрайды.
Жеке тұлға немесе заңды тұлғалардың жетекшісі айқындал- ған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолданады.
Мемлекеттік инспекторлар:
-
мемлекеттік метрологиялық қадағалау үшін нақтылы ны- сандарды тексеруді және қызметтік куәліктегі тапсырмаларды кедергісіз рұқсат алуға; -
физикалық және заңды тұлғалардан құжаттар мен мә- ліметтерді сұрауға (олар метрологиялық қадағалауды өткізуі үшін қажетті); -
техникалық құралдарды қолдану және тексерілетін ны- сандардың мамандарынан мәліметтер алуға; -
өндіріс және өлшеу кұралдарының сәйкес келмейтін түр- лерін, метрологиялық іскерлік сараптаудан өтпегендерінің шығарылуын тыюға; -
дәлдеу таңбасын өшіру немесе өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификаттарды жоюға (егер өлшеу құралы жарамсыз болса); -
метрологиялық ережелер және нормалардың бұзылуы кезіндегі ұйғарымды орындауға толықтай құқылы.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік ба- қылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексерулер түрінде жүзеге асырылады.
Өлшем құралдарының шығарылуын, жай-күйін және қолда- нылуын, өлшемдерді орындау әдістемелерінің қолданылуын, шама бірліктерінің эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын мемлекеттік метрологиялық қадағалау қарастырады.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыра- тын лауазымды адамдардың құқықтары
Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды техникалық рет- теу және метрология жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз