Файл: Химия пнінен алыптастырушы баалауа арналан тапсырмалар жинаы Химия.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 81

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлім




9.4В Көмірсутектер. Отын

Оқу мақсаты




9.4.3.11 Полиэтилен мысалында полимерлену реакциясының механизмі мен полимерлердің құрылымының ерекшеліктерін түсіндіру

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Полимерленуді ұғады

  • Полимерлену типіне анализ жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма







  1. а) Полимерлену реакциясына анықтама беріңіз.




    1. Реакцияның жүру жағдайларын келтіріңіз.




  1. а) Этиленнің үш мономерінен қос байланыстың үзілуі нәтижесінде алкен молекулаларының бір- бірімен тізбектеліп қосылуы, яғни полиэтиленнің түзілуінің реакциясын жазыңыз:




    1. Полиэтиленнің шар өзектік моделін құрастырыңдар және суретін салып, жеке-жеке мономерлерді анықтап көрсетіңіз:


3. Жоғары молекулалық қосылыстарды алудың негізгі әдістері – полимерлену және поликонденсациялану реакциялары.

Екі реакцияның негізгі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңдар:
Полимерлену реакциясы Поликонденсациялану

реакциясы

Ұқсастықтары
Айырмашылықтары



Дескриптор



Білімалушы




- этиленнің полимерленуін жазады және полимерлену жағдайларын көрсетеді;




- полимерленуді модельдей отыра полимерлену типін салыстырады.





Бөлім




9.4В Көмірсутектер. Отын

Оқу мақсаты




9.4.3.13 Этин мысалында алкиндердің химиялық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдеу

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Алкиндердің гомологтық қатарын және этин мысалында химиялық қасиеттерін түсіндіреді

  • Реакция теңдеулерімен қатар сапалық анықтауды түсіндіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма







  1. Алкиндер гомологтық қатарының алғашқы 4 мүшесін кестеге толтырыңыз:


№ Молекулалық формуласы Атауы


  1. Төмендегі реакцияларды жүзеге асырыңыз:

    1. Этин + сутегі

    2. Этин + су молекуласы→

    3. Этин + бром суы→

    4. Этин + хлорсутек қышқылы→




  1. Жоғарыдағы реакциялардың қайсысы алкиндерге сапалық реакция болып саналады және қандай өзгеріс байқалады?

Дескриптор

Білімалушы




- этиннің гомологтық қатарын және реакция теңдеулерін жазады;




- алкиндерге сапалық талдауды біледі және байқалатын өзгерістерді

жазады.





Бөлім




9.4В Көмірсутектер. Отын

Оқу мақсаты




9.4.3.14 Бензолдың алынуы, қасиеттері және қолданылуын сипаттау

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Бензолдың құрылымын, ерекшеліктерін анықтайды

  • Бензолдың қасиетін реакция теңдеулерімен жазады және реакция механизміне сілтеме жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма







Төменде этен және бензолдың орбитальдық құрылымы берілген:



  1. Екі молекула да броммен реакцияға түседі. Неліктен бензол этен сияқты қосылу реакцияларына түспейді?




  1. Төмендегі реакцияларды жүзеге асырыңыз:

Br

SO3H


NO2


R


с) Бензол және бензол туындыларының қолдану салаларына үш мысал келтіріңіз.


Дескриптор


Білімалушы




- бензолдың құрылымын этен молекуласымен салыстыра сипаттайды;




- қолдануын келтіреді және реакция теңдеулерін жазады.





Бөлім




9.4В Көмірсутектер. Отын

Оқу мақсаты




9.4.3.17 Мұнай фракцияларын және шикі мұнайды айдау өнімдерінің қолдану аймақтарын атау

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Фракциялық дистелдену өнімдерін атайды

  • Фракциялық дистелдену өнімдерінің қолданылуына мысал келтіреді

  • Крекинг түрлерін ажыратады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма







  1. Мұнай өнеркәсіпте әр түрлі заттарды өндіруге қолданылатын ең маңызды шикізаттардың бірі болып табылады. Төменде берілген суретте шикі мұнайды бөлуге арналған қондырғының суреті көрсетілген.

Бағдаршамен берілген жерде түзілуі мүмкін өнімдердің атауларын жазып шығыңыз:


  1. Шикі мұнай дегеніміз не? Мұнайды фракциялау дегеніміз не?

    1. Бензиннің құрамындағы көміртек саны қанша? Қолданылуы:

    2. Лигроиннің құрамындағы көміртек саны қанша? Қолданылуы:

    3. Керосиннің құрамындағы көміртек саны қанша? Қолданылуы:

    4. Газойлдың құрамындағы көміртек саны қанша? Қолданылуы:




  1. Крекинг дегеніміз не?

  2. Термиялық крекинг дегеніміз не? Қажетті жағдайлары мен түзілуі мүмкін өнімдерді қоса жазыңыз.

  3. Катализдік крекинг дегеніміз не? Қажетті жағдайлары мен түзілуі мүмкін өнімдерді қоса жазыңыз.

  4. Риформинг дегеніміз не? Бір реакция теңдеуін мысал ретінде көрсетіңіз.

  5. Бензиннің октан саны дегеніміз не? Ол қалай анықталады?

Дескриптор

Білімалушы




- фракциялық дистелдену өнімдерінің құрамын зерттейді;




- қолдану саларына жеке тоқталумен қатар крекинг жағдайларын келтіреді.


Бөлім 9.4С Оттекті және азотты органикалық қосылыстар

Оқу мақсаты




9.4.3.18 Оттекті органикалық заттардың жіктелуін білу

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Оттекті органикалық қосылыстарды жіктейді.

  • Оттекті органикалық заттарға мысал келтіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма







  1. Оттекті органикалық қосылыстарды жіктеңіз.




  1. Оттекті органикалық қосылыстардың құрылымдық формуласын сызыңыз.


пропаналь бутанол 2 бутан қышқылы 2 хлор этан

қышқылы


пентан-2-он пропилэтаноат 2 аминопропан глюкоза

қышқылы






Дескриптор



Білімалушы




- оттекті органикалық заттарды жіктейді;




- берілген қосылыстардың құрылымдық формулаларын жазып кестені толтырады.




Бөлім




9.4С Оттекті және азотты органикалық қосылыстар

Оқу мақсаты:




9.4.3.22 Карбон қышқылдарының құрамын білу және сірке қышқылының химиялық қасиеттері мен қолданылуын сипаттау

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Карбон қышқылдарының құрамына қандай функционалдық топтарын атайды

  • Типтік карбон қышқылы сірке қышқылының мысалында карбон қышқылдарының химиялық қасиеттері мен қолданылуын сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма







1. Карбон қышқылдарындағы функционалдық топтардың формуласын жазыңыз:
(а) Этан қышқылы типтік карбон қышқылы болып табылады. Ол этаноаттар түзеді. (і) Карбон қышқылына мысал келтіріңіз.

(іі) Келесі теңдеулерді толтырыңыз:
Mg +CH3COOH →+
Натрий + Этан → + гидроксиді қышқылы
(iіi) Этан қышқылы этанолмен әрекеттесуі нәтижесінде күрделі эфир түзіледі. Түзілген күрделі эфирдің құрылымдық формуласын сызып, атаңыз.
Атауы

Құрылымдық формуласы:
(b) (і) Сірке қышқылының ең жақын екі гомологының құрылымдық формуласын салыңыз.
(іі) Күрделі эфир алуда қолданылатын этан қышқылының күнделікті өмірде және өнеркәсіпте қолданылуына екі мысалдан келтіріңіз.

Дескриптор

Білімалушы




- карбон қышқылдарының функционалдық тобының формуласын

жазады;




- карбон қышқылдарының химиялық қасиеттерін сірке қышқылының мысалында түсіндіреді;




- карбон қышқылдарының химиялық қасиеттері нәтижесінде түзілген қосылыстардың қай класқа жататының түсіндіреді және олардың құрылымдық формулаларын салады;




- сірке қышқылының қолданылу салаларын атайды.