Файл: Химия пнінен алыптастырушы баалауа арналан тапсырмалар жинаы Химия.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 72

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



«Химия» пәнінен
қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
Химия 9-сынып

Нұр-Сұлтан, 2019

Аталған тапсырмалар жинағы мұғалімге 9-сынып білім алушыларына «Химия» пәні бойынша қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Тапсырмалар жинағы оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.

Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар мұғалімнің ұқсас тапсырмаларды құрастыруына, іріктеуіне, білім алушылардың оқу мақсаттарына жету бойынша сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруіне көмектесетін үлгілер болып табылады.

Жинақта ұсынылатын сипаттама білім алушылардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, тапсырмаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, бейімдеуге мүмкіндік береді.

Жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік, мектеп үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Жинақты дайындау барысында ресми интернет-сайттарынан алынған қолжетімді ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне-аудиоматериалдар және т.б.) қолданылды.

Қолданылғаншарттыбелгілер:

* әр тоқсан барысында 2 ортақ тақырып қамтылатынын ескеріп, оқу мақсаттарына қолжеткізу үшін берілетін тапсырмалар мазмұнына ортақ тақырыптарды (мүмкіндігінше)кіріктіруұсынылады.
**бағдарламадағыоқумақсаттарыныңбірбөлігіқолданылады.

Мазмұны


1-тоқсан 4

Бөлім 9.1А Электролиттік диссоциация 4

Бөлім 9.1В Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдауы 11

Бөлім 9.1С Химиялық реакциялар жылдамдығы 15

Бөлім 9.1D Қайтымды
реакциялар 18

  1. тоқсан 21

Бөлім 9.2А Тотығу-тотықсыздану реакциялары 21

Бөлім 9.2В Металдар мен құймалар 24

Бөлім 9.2С 1 (I), 2 (II) және 13 (III) топ элементтері және олардың қосылыстары 27

  1. тоқсан 28

Бөлім 9.3А 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) -топ элементтері және олардың қосылыстары

................................................................................................................................................... 28

Бөлім 9.3В Адам ағзасындағы химиялық элементтер 40

  1. тоқсан 42

Бөлім 9.4А Органикалық химияға кіріспе 42

Бөлім 9.4В Көмірсутектер. Отын 46

Бөлім 9.4С Оттекті және азотты органикалық қосылыстар 52

1-тоқсан




Бөлім 9.1А Электролиттік диссоциация



Оқу мақсаты 9.4.1.2 Заттардың ерітінділері немесе балқымаларының

электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін түсіндіру
Бағалау критерийі Білімалушы

  • Ионды және ковалентті полюсті заттарға мысал келтіреді

  • Заттардың электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді екенін түсіндіреді




Ойлау дағдыларының деңгейі


Білу және түсіну



Тапсырма





  1. Кестеге иондық және коваленттік полюсті байланысы бар заттарға мысал келтіріңіз және оларға тән байланыс типі мен және электрөткізгіштігін көрсетіңіз:




Заттар

Байланыс түрі

Электр тоғын өткізуі немесе өткізбеуі






















  1. Берілген заттардың химиялық байланыс түрін және электрөткізгіштігін сәйкестендіріңіз:



KCI (қатты)




HCI




коваленттік байланыс




СI2

иондық байланыс




электр тоғын өткізбейді

Al

металдық байланыс

электр тоғын өткізеді

КОН (балқыма)




С (графит)



Дескриптор Білімалушы

  • иондық немесе коваленттік байланыс тән заттарға нақты мысалдар келтіріп, олардың электр тогын өткізуін немесе өткізе алмауын анықтайды;

  • берілген заттардың химиялық байланыс түрін анықтап, олардың электрөткізгіштігін сәйкестендіреді.

Бөлім




9.1А Электролиттік диссоциация

Оқу мақсаты




9.4.1.4 Иондық және коваленттік полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациялану механизмін түсіндіру

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидаларын сипаттайды

  • Электролиттік диссоциация үдерісін түсіндіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма







  1. Электролиттік диссоциациялану процесіндегі бөлшектер мен қосылыстарды өздерінің сипаттамаларына сай етіп сәйкестендіріңіз:


иондар қышқылдардың сулы ерітіндісі

катиондар электр тогымен зарядталған бөлшектер

аниондар қант ерітіндісі және дистильденген су

электролиттер оң зарядталған бөлшектер

бейэлектролиттер теріс зарядталған бөлшектер


  1. Берілген терминдерді қолдана отырып, мәтіндегі бос ұяшықтарды толтырыңыз:


ерігенде,әлсіз,күшті,ыдырауын,қайтымды
Суда ........................... электролиттердің иондарға ........................... электролиттік диссоциация деп атайды. Электролиттік диссоциация бұл ........................... үдеріс. Егер заттың молекуласы

толық диссоциацияға ұшыраса оны ........................... электролит деп атайды. Егер де заттың

молекуласы жартылай диссоциацияға ұшыраса оны деп атайды.

Дескриптор

Білім алушы




  • электролитттік диссоциациялану процесіндегі бөлшектер мен заттарды сипаттамаларына қарай дұрыс сәйкестендіреді;

  • берілген тірек сөздерді дұрыс қолдана отырып электролиттік диссоциация теориясына дұрыс қорытынды шығарады.




Бөлім




9.1А Электролиттік диссоциация

Оқу мақсаты




9.4.1.6 Қышқыл, негіз, орта және қышқылдық тұздардың электролиттік диссоциациялану теңдеулерін құрастыру

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Қышқыл, негіз, орта және қышқылдық тұздардың электролиттік диссоциациялануын ажыратады

  • Қышқыл, негіз, орта және қышқылдық тұздардың электролиттік диссоциациялану теңдеулерін құрастырады

Ойлау деңгейі

дағдыларының

Қолдану

Тапсырма







  1. Төменде берілген қосылыстардың электролиттік диссоциациялану теңдеулерін жазыңыз:

Na2SO4, K2CO3, ZnCl2, Ba(NO3)2, HCl, HgCl2.


  1. Төрт стақанда келесі сұйықтықтар берілген: натрий гидроксиді, тұз қышқылы, натрий хлориді және натрий гидрокарбонаты ерітінділері.


натрий гидроксиді тұз қышқылы натрий хлориді натрий гидрокарбонаты Стақандарға электродтарды салғанда, қай стақанда жарық жанады?


Дескриптор


Білімалушы




- берілген заттардың диссоциациялану теңдеулерін дұрыс жазады;




- электролиттер арқылы электр тогы процестерге дұрыс қорытынды шығарады.

өткенде

оларда

жүретін




Бөлім




9.1А Электролиттік диссоциация

Оқу мақсаты




9.2.2.1 Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құру

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құрады

  • Реакция теңдеулерін сауатты теңестіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма







  1. Сізге барий нитраты мен алюминий сульфатының ерітінділері берілген. Осы қосылыстар өзара әрекеттескенде жүретін реакцияның молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңыздар:




  1. Берілген қысқартылған иондық теңдеу жүру үшін қандай қосылыстардың ерітінділері алынған? Реакцияның қысқартылған иондық теңдеуі:

Ca2++ CO32- = CaCO3

Реакцияның молекулалық және толық иондық түрде жазыңыз.

  1. Зертханалық жұмыс: «Иондар арасындағы қайтымды реакциялар»


Реактивтерменжабдықтар: KNO3 және NaCl ерітінділері, тамшуыр, қысқыш, таза сынауықтар, фенолфталеин.
KNO3 бар сынауыққа 2-3 тамшы фенолфталеин қосыңыз, сосын 1-2 мл NaCl ерітіндісін құйыңыз. Не байқадыңыз? Молекулалық және толық иондық реакция теңдеулерін құрыңыз:

Қорытынды:


Дескриптор


Білімалушы




- қысқартылған иондық теңдеуді негізге ала отырып берілген заттардың реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде

құрастырады;




- зертханалық жұмыстың бақылау нәтижелерін дұрыс жазып, тиісті

қорытынды шығара алады.