Файл: Химия пнінен алыптастырушы баалауа арналан тапсырмалар жинаы Химия.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 79

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлім




9.4С Оттекті және азотты органикалық қосылыстар

Оқу мақсаты:




9.4.3.23 Күрделі эфирлер мен майлардың ерекшеліктері мен майлардың қызметін түсіндіру

Бағалау критерийі:




Білімалушы

  • Күрделі эфирлер мен майлардың ерекшеліктерін түсіндіреді

  • Майлардың атқаратын қызметін түсіндіреді

Ойлау деңгейі

дағдыларының

Білу және түсіну

Тапсырма







  1. Химияда гидролиз реакциялары күрделі молекулаларды барынша қарапайым молекулаларға айналдыруда қолданылады.

Этилпропаноат эфирінің гидролизі кезінде түзілетін екі қосылысты атап, олардың құрылымдық формулаларын салыңыз:

Атауы Атауы

Формуласы Формуласы


  1. Майлар табиғи эфирлер болып табылады. Олар натрий гидроксидінің сулы ерітіндісінде гидролизге ұшырауы мүмкін:




Май
C17H35COONa формуласы қандай қосылыстар типіне жатады және ол не мақсатта қолданылады? Қосылыстың типі Қолданылуы


Дескриптор


Білімалушы




- күрделі эфирлердің гидролиздену реакцияларын түсіндіреді;




- гидролиздену реакцияларының өнімдерінің формуласын жазып, дұрыс

атайды;




- майлардың сабындану реакцияларына өнімдер түзілетінің түсіндіреді;

түсуі

нәтижесінде

қандай




- майлардан алынатын қосылыстардың қолданылу салаларын түсіндіреді.





Бөлім




9.4С Оттекті және азотты органикалық қосылыстар

Оқу мақсаты




9.4.3.26 Көмірсулардың жіктелуін, биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіру

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Көмірсулардың жіктелуін түсіндіреді

  • Көмірсулардың биологиялық маңызы мен түсіндіреді



қызметін

Ойлау деңгейі

дағдыларының

Білу және түсіну

Тапсырма







1. а) Көмірсулардың моносахаридтер, дисахаридтер және полисахаридтер деп жіктелетіні белгілі.

Моносахаридтер гидролизденбейтін қарапайым қантты заттар.

Дисахаридтер – гидролизденіп, моносахаридтердің екі молекуласына ыдырайды.

Полисахаридтергидролизденгенде, моносахаридтердің көп молекуласы түзіледі.
(і) Төменде берілген қосылыстарлы жіктеңіз:

Глюкоза,целлюлоза,фруктоза,крахмал,рибоза,сахароза
Моносахаридтер Дисахаридтер Полисахаридтер


(іі) Жоғарыда берілген қосылыстардар бір моносахаридтің және бір дисахаридтің молекулалық формуласын жазыңыз.

2. а) Көмірсулардың адам ағзасында атқаратын биологиялық маңызын сипаттаңыз.
b) Төменде берілген сөйлемнің мағынасын түсіндіріңіз: «Көмірсулар тірі организмдерде энергияның жалпы көзі болып табылады; алайда, көмірсулар адамның негізгі қоректік заттарының бірі емес».

Дескриптор

Білімалушы




- көмірсуларды дұрыс жіктейді;




- көмірсулардың адам ағзасында атқаратын қызметтерін сипаттайды;




- көмірсулардың атқаратын қызметін түсіндіруде

мәліметтерді қолданады.

берілген





Бөлім




9.4С Оттекті және азотты органикалық қосылыстар

Оқу мақсаты




9.4.3.27 Нәруыздағы α- аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуін түсіндіру

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • α - аминқышқылдарының не екенің біледі және маңызын түсіндіреді

  • Аминқышқылдарының өзара әрекеттесуі нәтижесінде пептидтік байланыстың түзілетінің түсіндіреді

Ойлау деңгейі

дағдыларының

Білу және түсіну

Тапсырма







  1. а) (і) α- аминқышқылдарына 2 мысал келтіріңіз:

(іі) Өзіңіз мысал келтірген α- аминқышқылының біреуінің құрылымдық формуласын салыңыз.


    1. Нәруыздар дегеніміз не?

с) Келесі қосылыстардың конденсациялануы нәтижесінде пайда болған пептидтердің құрылымық формулаларын сызыңыз:


      1. 2-аминобутан қышқылының екі молекуласы




      1. 2-аминобутан қышқылының үш молекуласы




      1. 2-аминобутан қышқылының төрт молекуласы




  1. Екі аминқышқылдың жазықтықтық құрылымы мен жалпы атаулары көрсетілген.





  1. Глициннің құрылымдық формуласын жазыңыз.




  1. Бір глицин молекуласы мен аланин молекуласы әрекеттескенде пайда болатын дипептидтің формуласын салыңыз.


Дескриптор


Білімалушы




- аминқышқылдарына нақты мысал келтіреді;




- нәруыздардың не екенің түсіндіреді;




- пептидтік байланыстың түзілуін дұрыс жазып көрсетеді;




- ұсынылған аминқышқылдарын

дипептидтің формуласын салады.

қолданып

пайда

болатын


Бөлім 9.4С Оттекті және азотты органикалық қосылыстар
Оқу мақсаты 9.4.3.28 Нәруыз денатурациясының реакциясын зерттеу
Бағалау критерийі Білімалушы

    • Нәруыз денатурациясы кезінде болатын өзгерістерді сипаттайды




Ойлау дағдыларының деңгейі


Тапсырма

Білу және түсіну




  1. а) Төменде ақуыздың барлық төрт түрлі құрылымдары көрсетілген:













А

В

С

D


(і) Нәруыздың төрт реттік құрылымын кезегімен орналастырыңыз.
b) (і) Нәруыздың денатурациясы дегеніміз не?
(іі) Нәруыз денатурацияға ұшырағанда қай реттік құрылымы (-дары) бұзылады?
(ііі) Нәруыздың денатурацияға ұшырауына әсер ететін факторлар көрсетіңіз және мысал келтіріңіз.
(iv) Күнделікті өмірден белок денатурациясына 1-2 мысал келтіріңіз.


  1. Төменде берілген суреттерге мұқият қараңыз.






1

а) 1 суретте жұмыртқаның денатурацияға ұшырау нәтижесінде құрылымының өзгергені көрсетілген. Екі сурет арасындағы ұқсастықты нақты дәлелдермен түсіндіріңіз.

b) Төменде берілген суретке қарай қандай қорытынды шығаруға болады?




Дескриптор

Білімалушы




- нәруыздың барлық төрт реттік құрылымының реттілігін толық біледі

және берілген ақпараттарды дұрыс қолданады;




- нәруыз денатурациясы кезінде қайсы реттік құрылымдары бұзылатын сипаттайды;




- нәруыз денатурациясына қандай факторлар әсер ететінің түсінеді және нақты мысал келтіреді;




- берілген суреттерді қолдана отырып денатурация процесін модельдеуді дұрыс сипаттайды;




- берілген мәліметтерді қолдана отырып нәруыз денатурациясы туралы нақты қорытынды шығарады.