Файл: Химия пнінен алыптастырушы баалауа арналан тапсырмалар жинаы Химия.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 73

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Бөлім 9.1А Электролиттік диссоциация
Оқу мақсаты 9.3.4.1 Қышқылдар, еритін және ерімейтін негіздер, орта тұздардың

химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құрастыру
Бағалау критерийі Білімалушы

    • Қышқылдар, еритін және ерімейтін негіздер, орта тұздардың химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құрастырады

    • Реакция теңдеулерін сауатты теңестіреді.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Ойлау дағдыларының деңгейі


Білу және түсіну



Тапсырма





  1. Кестедегі берілген қосылыстардың қайсы бірі сұйытылған күкірт қышқылы ерітіндісімен әрекеттеседі?




1

2

3

4

5

6

7

8

SiО2

LiОН

Ва(NО3)2

НСI

К2О

К2SiО3

НNО3

Fе(ОН)3


Жүруі мүмкін болатын реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңыз.


  1. Кестеде берілген деректерге сай реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңыз:




Еритін негіздер (сілтілер)

Ерімейтін негіздер

Қышқыл

+

+

Қыздыру

Ыдырамайды

ыдырайды

Қышқылдық оксидтер

+

-

Тұз ерітінділері

+

-




  1. Зертханалық жұмыс «Қышқылдардың химиялық қасиеттері». Реакция теңдеулерін аяқтап, молекулалық және иондық түрде жазыңыз:




Тәжірибенің аты мен нөмірі

Сурет және бақылаулар

Реакция

қорытынды

теңдеуі

және

1. Тұз ерітіндісінің сілтімен әрекеттесуі







2. Тұз әрекеттесуі

бен

қышқылдың







3. Тұздардың бір бірімен әрекеттесуі








Дескриптор Білімалушы

  • берілген қосылыстардың қайсы бірі күкірт қышқылымен әрекеттесетінің дұрыс таңдап, олардың реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде сауатты жазады;

  • берілген қосылыстардың сілтілермен және негіздермен жүруі мүмкін болған реакция теңдеулерін дұрыс жаза алады;

  • қышқылдардың химиялық қасиеттерін дұрыс болжап, жүруі мүмкін реакция теңдеулерін жазып қорытынды шығара алады.




Бөлім




9.1А Электролиттік диссоциация

Оқу мақсаты




        1. Орта тұз гидролизінің теңдеуін молекулалық және иондық түрде құрастыру

        2. Орта тұз ерітіндіcінің реакция ортасын болжау

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Орта тұз гидролизінің теңдеуін молекулалық және иондық түрде құрастырады

  • Орта тұз ерітіндісінің реакция ортасын болжайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма







  1. Гидролиз теңдеулерін құрыңыз, келесі заттарға гидролиз түрін және тұздың сулы ерітіндісінің ортасын анықтаңыз:


K2S – калий сульфиді, AlBr3 – алюминий бромиді, LiCl – литий хлориді, Na3PO4 – натрий фосфаты, K2SO4 – калий сульфаты, ZnCl2 – мырыш хлориді, Na2SO3 натрий сульфиті,

(NH4)2SO4 аммоний сульфаты, BaBr2 – барий бромиді.


  1. Есептеулерді жүргізбей тұз ерітінділерінің ортасын салыстырыңыз:

а) Na2SO4; б) Na2SO3; в) Na2CO3.


Дескриптор


Білімалушы




  • 4-5 қосылыс үшін гидролиз теңдеулерін құрап, тұздың сулы ерітіндісінің ортасын дұрыс анықтайды;

  • өздерінің білімдерін дұрыс қолдана отырып берілген тұз ерітінділерінің ортасын дұрыс анықтап, оларды салыстырады.





Бөлім 9.1В Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдауы

Оқу мақсаты




        1. Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ металл катиондарын анықтау үшін жалын түсінің боялу реакциясын жүргізу және сипаттау

        2. Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарына сапалық реакция жүргізу

Бағалау критерийі

Білімалушы

  • Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ металл катиондарын анықтау үшін жалын түсінің боялу реакциясын жүргізеді және сипаттайды

  • Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарына сапалық реакция жүргізеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма







  1. Зертханалық жұмыс: Металл катиондарын жалын түсі бойынша анықтау.

Жұмыстыңмақсаты:

Болжам:

Құрал-жабдықтарменреактивтер:
Жұмысбарысы:

  • Шыны таяқшаны біраз уақыт тұз қышқылы ерітіндісінде ұстап, оны литий тұзына батырып спирт шамы жалынына ұстаңыздар. Дәл осылай натрий, калий, кальций, стронций, рубидий, барий, мыс ерітінділеріндегі катиондардың жалын түстерін анықтаңыз.

  • Нәтижесінде шыққан жалын түсін кестеге бейнелеңіз (Түрлі-түстіқаламменсалуұсынылады).

  • Кестені толтырыңыз:


Литий Натрий Калий Кальций Стронций Рубидий Барий Мыс


Қорытынды:


  1. Металл катионын жалынының түсімен сәйкестендіріңіз:

Fe2+ жасыл

Cu2+ қоңыр

Fe3+ көгілдір

Дескриптор

Білімалушы







- оқушы өз алдына зертханалық жұмыстың мақсатын дұрыс қойып, өзінің болжамдарын негіздеп ұсынады;




- жұмыс барысын негізге ала отырып тапсырмаларды сауатты орындайды және металдардың жалын түстері бойынша өз бақылауларын кестеге енгізеді;




- жасаған зертханалық жұмысы негізінде қорытынды шағарады;




- берілген катиондардың жалын түсін дұрыс сәйкестендіреді.




Бөлім




9.1В Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдауы

Оқу мақсаты




9.4.1.10 Хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат- иондарына сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жүргізу және ион алмасу реакцияларын бақылап, нәтижесін сипаттау

Бағалау критерийі

Білімалушы

  • Хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат- иондарына сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жүргізеді

  • Ион алмасу реакцияларды бақылайды, нәтижесін сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма







Зертханалық жұмыс: «Тұздар ерітінділеріндегі аниондарды анықтау»

Жұмыстыңмақсаты:
Құрал-жабдықтарменреактивтер:
Жұмысбарысы:

  • Екі сынауыққа үш үлгіден көлемі 0,5 мл-ден сынама алып, тәжірибе жүргізіңіз.

  • Жасалған жұмысты реакция теңдеулерімен дәлелдеңіз.

Берілген заттар:

  1. Хлорид, бромид, иодид-иондарды анықтау.

    1. Тұздар ерітінділеріндегі аниондарды анықтаңыз;

    2. Сапалық реагентерін анықтаңыз;

    3. Екі сынауыққа үш үлгіден көлемі 0,5мл-ден сынама алып, тәжірибе жүргізіңіз;

    4. Жасалған жұмысты реакция теңдеулерімен дәлелдеңіз:




  1. Сульфат-, нитрат- және карбонат- иондарды анықтау

    1. Тұздар ерітінділеріндегі аниондарды анықтаңыз;

    2. Сапалық реагентерін анықтаңыз;


Қорытынды:

Дескриптор

Білімалушы







- оқушы өз алдына зертханалық жұмыстың мақсатын дұрыс қойып, өзінің болжамдарын негіздеп ұсынады;




- жұмыс барысын негізге ала отырып тапсырмаларды сауатты орындайды және аниондардың сапалық реакциялары бойынша өз бақылауларын

кестеге енгізеді;




- сульфат-, нитрат- және карбонат аниондарын олардың тұз ерітінділерінен

сапалық реагенттерін дұрыс көрсете отырып анықтайды;




- жасаған зертханалық жұмысы негізінде қорытындылайды.