Файл: Химия пнінен алыптастырушы баалауа арналан тапсырмалар жинаы Химия.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 76

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Бөлім 9.3В Адам ағзасындағы химиялық элементтер

Оқу мақсаты




9.5.1.1 Адам ағзасының құрамына кіретін элементтерді атау және олардың маңызын түсіндіру (О, С, Н, N, Ca, P, K, S, Cl, Mg, Fe)

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Адам ағзасының құрамына кіретін элементтерді атайды

  • Адам ағзасының құрамына кіретін элементтерді атайды және олардың маңызын түсіндіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма







Адам ағзасындағы мөлшері 1%-дан аз болатын химиялық элементтерді атаңыз және маңызын сипаттап, кестені толтырыңыз.
Микроэлементтің Ағзаға түсу Ағза үшін Жетіспеушілік Артықшылық атауы көзі маңызы белгілері белгілері









Дескриптор



Білімалушы




- адам ағзасының құрамына кіретін элементтерді атайды;




- адам ағзасының құрамына кіретін элементтерді атайды және

олардың маңызын кестені толтыра отырып анықтайды.




Бөлім




9.3В Адам ағзасындағы химиялық элементтер

Оқу мақсаты




9.5.1.3 Адам ағзасындағы кальций мен темірдің ролін түсіндіру

9.5.1.5 Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану көздерін атау және олардың ағзаларға әсерін түсіндіру

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Адам ағзасынындағы кальций мен темірдің ролін анықтайды

  • Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану көздерін атайды және олардың ағзаларға әсерін түсіндіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма







  1. Бұл элементтің ағзада жетіспеушілігі дәрігерлерді көп ойландырды. Ертеде бұл ауруға тек жас қыздар ғана шалдығады деп есептелген. Шынында да көптеген қыздардың өңі боп боз болатын. Қай элемент туралы айтылып жатыр? Неге? Жауапты түсіндіріңіз.




  1. Егер осы металдың артық мөлшері ағзада жинақталса, адамның денсаулығына әсері қандай болады?




  1. Суретке қарап, қандай элемент туралы айтылатынын болжа. Ол элементпен адамның қаңқасы арасында қандай байланыс бар? Неге? Жауапты түсіндіріңіз.



Дескриптор



Білімалушы




- адам ағзасынындағы маңызды элементтерді атайды;




- адам ағзасындағы маңызды элементтердің ролін сипаттайды;




- ауыр металдың ағзадаға әсерін сипаттайды.




  1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

тоқсан

Бөлім 9.4А Органикалық химияға кіріспе


Оқу мақсаты 9.4.3.2 Көмірсутектердің және олардың туындылары: спирттер,

альдегидтер, карбон қышқылдары, көмірсулар, аминқышқылдарының жіктелуін білу
Бағалау критерийі Білімалушы

    • Көмірсутектердің және олардың туындыларының жіктелуін зерттейді



Ойлау дағдыларының деңгейі


Білу және түсіну



Тапсырма





  1. Заттың аталуы мен жіктеу тобы арасында сәйкестендіру жүргізіңіз:




Заттың аталуы

Жіктеу тобы

Метилбензол

альдегидтер

Анилин

аминдер

3-метилбутаналь

көмірсулар

Этанол

кетондар

Ацетон

спирттер




  1. Ұсынылған заттар органикалық қосылыстардың қай тобына жатады:

    1. СН3СН2СН2СООН

    2. СН3СН=О

    3. СН3СОСН2СН3

    4. СН3СН2ОН

    5. СН3СН2NH2


Дескриптор Білімалушы

  • органикалық заттарды кластары бойынша жіктейді.

Бөлім




9.4А Органикалық химияға кіріспе

Оқу мақсаты




9.4.3.3 Функционалдық топ түсінігін, берілген класс қосылысының химиялық қасиеттерін анықтайтын топ ретінде түсіндіру

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Функционалдық топ түсінігін қалыптастырады

  • Функционалдық топты берілген класс қосылысының химиялық қасиеттерін анықтайтын топ ретінде зерттейді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма







  1. Берілген айналымдарды жүзеге асырып жазыңыз:

Крахмал глюкоза этанол

  1. Қосылыстардың класын сәйкес келетін фунционалдық топтармен сәйкестендіріңіз: Функционалдық топтар Қосылыстар

1.-Hal A. нитроқосылыстар

2.-NO2 B. альдегидтер

3.-OH C. галогенқосылыстар

4.-COH D. спирттер



Дескриптор



Білімалушы




- функционалдық тобы бойынша затты анықтайды.





Бөлім




9.4А Органикалық химияға кіріспе

Оқу мақсаты




        1. Органикалық қосылыстардың негізгі кластары: алкандар, алкендер, алкиндер,арендер, спирттер,альдегидтер, карбон қышқылдары, аминқышқылдары үшін IUPAC номенклатурасын қолдану

        2. Изомерия құбылысын білу және көмірсутектер құрылымдық изомерлерінің формулаларын құрастыру

Бағалау критерийі

Білімалушы

  • Органикалық қосылыстардың негізгі кластары үшін IUPAC номенклатурасын қолданады

  • Изомерия құбылысын біледі және көмірсутектер құрылымдық изомерлерінің формулаларын құрастырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма







Органикалық химияда бірнеше изомерлер түрі бар, төменде берілген заттарды аталуын жазып, қай изомерлер тобына жататынын анықтаңыз:


Дескриптор


Білімалушы




- изомерия құбылысын біледі және көмірсутектер құрылымдық

изомерлерінің формулаларын құрастырады.




Бөлім




9.4А Органикалық химияға кіріспе

Оқу мақсаты




9.2.3.4 Газтектес заттардың молекулалық формуласын салыстырмалы тығыздық пен элементтердің массалық үлестері арқылы анықтау

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Газтектес заттардың молекулалық формуласын салыстырмалы тығыздық пен элементтердің массалық үлестері арқылы анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма







  1. Құрамында көміртектің массалық үлесі 84% болатын, ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 3,45-ке тең болатын көмірсутектің молекулалық формуласын анықтаңыз.



  1. Құрамында көміртектің массалық үлесі 83,33% болатын, сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 36-ке тең болатын молекулалық формуласын анықтаңыз.


Дескриптор


Білімалушы




  • массалық үлес бойынша есептеулер жүргізеді;

  • көмірсутектердің молекулалық формуласын анықтайды.








Бөлім 9.4В Көмірсутектер. Отын.

Оқу мақсаты




9.4.3.7 Алкандардың химиялық қасиеттерін сипаттау және оны реакция теңдеулерімен дәлелдеу

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Алкандардың химиялық қасиеттерін сипаттайды

  • Алкандардың химиялық қасиеттерін теңдеулерімен дәлелдейді



реакция

Ойлау деңгейі

дағдыларының

Білу және түсіну

Тапсырма







  1. Бром метанға хлор секілді әсер етеді. Метанның тізбек бойынша бромдану реакцияларын жазыңыз.




  1. Этан ұсынылған заттардың қайсысымен әрекеттеседі: NaOH, O2, HCl, KMnO4 (ерітінді). Реакция теңдеулерін жазып, таңдауыңызды түсіндіріңіз.


Дескриптор


Білімалушы




- метанның сатылап бромдану реакциясын жазады;




- мүмкін болатын реакция теңдеулерін дұрыс жазады органикалық өнімдерді атайды.

және




Бөлім




9.4В Көмірсутектер. Отын.

Оқу мақсаты




9.4.3.10 Этен мысалында алкендердің химиялық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдеу

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Алкендердың химиялық қасиеттерін сипаттайды

  • Алкендердың химиялық қасиеттерін реакция теңдеулерімен дәлелдейді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма







  1. Алкендердің жалпы формуласы:


Этилен молекуласындағы σ-байланыстар саны:




  1. Қандай реакциялар еселі байланысқа сапалық реакция болып табылады? Реакциялардың белгілерін сипаттап, реакция теңдеуін жазыңыз.




  1. Пропен галогенсутекпен қалай әрекеттеседі? Реакция теңдеуін жазыңыз.


Дескриптор


Білімалушы




- құрылысына қарап этеннің этанмен салыстырғанда химиялық белсенді екенін дұрыс болжайды;




- мүмкін болатын реакция теңдеулерін жазады және органикалық қосылысты атайды.