Файл: аза тілі пнінен (оыту аза тілінде) тосанды жиынты баалауды спецификациясы 5сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 116

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ



Жиынтық бағалауға шолу

Ұзақтығы: 40 минут

(уақыт оқылым мен жазылым жұмысына арналған. Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі)

Оқылым – 15 минут

Жазылым – 25 минут

Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: біріншісі -тыңдалым, айтылым, екіншісі - оқылым, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмалар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, мин

Балл

1-2


5.1.2.1 әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру
5.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау

Толық жауап

ты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жұппен орындалады. Жұпқа тоқсанда өткен бір бөлім бойынша ортақ мәтін беріледі. Әрқайсысы тыңдап немесе оқып болған соң, 1-оқушы мәтінде көтерілген басты мәселені өз сөзімен түсіндіреді. 2-оқушы тыңдайды және айтылғандарға қатысты келісу немесе келіспеу пікірін білдіреді, пікірінің себебін түсіндіруі міндетті. Сонан соң осы мәтінде анықтаған негізгі және қосымша ақпараттарды айтып шығады. 1-оқушы тыңдап, жауаптарға келісу немесе келіспеу пікірін білдіреді немесе толықтырады, себебін түсіндіру міндетті.

Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі)


5

5

1-2


5.2.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау;

5.2.2.1 лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Оқушы мәтіндерді оқып, 1-тапсырмада оларды өзара стильдері тұрғысынан салыстырады. Ерекшеліктерін көрсетеді. 2-тапсырмада әр мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, кестені толтырады.

15

5

5

1

5.3.4.1 эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу
5.4.4.1 жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану

Жазбаша толық жауап

ты қажет ететін сұрақтар

Оқушы берілген екі тақырыптың бірін таңдап, сипаттау эссесін жазады. Жазба жұмысында оқушының құрылымды сақтап, тақырыпты ашуы, сондай-ақ жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді таба алуы басты назарға алынады.

25

10

Барлығы

40 минут

30


«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі. Лексика

Бос уақыт және хобби. Морфология
Тыңдалым мен айтылым

Тапсырма

  1. Мәтінді тыңдап (оқып), оның көтерген басты мәселесін өз сөзіңізбен түсіндіріңіз. Жұбыңыздың айтқан негізгі және қосымша ақпараттарға келісу немесе келіспеу пікіріңізді білдіріңіз.

  2. Жұбыңыздың айтқандарын тыңдап, онымен келісу немесе келіспеу пікіріңізді білдіріңіз және мәтін бойынша анықтаған негізгі және қосымша ақпараттарды айтыңыз.

[10]

1-мәтін

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті мектеп оқушылары!

Қаламыздың 150 жылдығы мен Жас натуралистер станциясының 65 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған Жас натуралистер станциясының "Ғажайып жануарлар" көрмесін тамашалауға шақырамыз! Көрмеде сәндік және үй қояны, кептерлер мен аквариумдағы балықтар, тасбақалардың түр түрімен танысып, оларды тамақтандыра аласыз. Көрмеге қатысушылар үшін хайуанаттар бағына тегін кіру қарастырылған. Көрме 2019 ж. 15 тамыз күні сағат 10.00 – 17.00-ге дейін жұмыс жасайды. Алдын ала тіркелу үшін 8 7172 56-49-87 нөміріне хабарласыңыз.

Құрметпен, Зоосаябақ әкімшілігі

2-мәтін

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Ата-аналар назарына!

«Балалар мен жасөспірімдер орталығы» 2019 жылдың 17 – 27 маусым аралығында «Көңілді жаз» жазғы сауықтыру мен бос уақытты тиімді ұйымдастыру маусымының жұмысын бастайды. Маусымдық бағдарламада:

  • Балалардың таңғы және түскі астары;

  • Танымдық сабақтар («Жануарлар әлемі», «Тіл дамыту», «Қызықты математика»);

  • «Шынықсаң шымыр боласың!» (спорттық ойындар мен басссейн);

  • Шығармашылық сағат (бейнелеу, қолөнер);

  • Қалаға саяхат (қаламыздағы түрлі ойын-сауық, танымдық орталықтарын аралау) жасау қарастырылған.

Орталық:

  • Бір отбасынан екі немесе одан көп оқушы болған жағдайда;

  • Көп балалы отбасыларға жеңілдіктер жасайды.

Орындар шектеулі екендігін ескертеміз. Жазылуға асығыңыздар!

Мекенжайымыз: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік көшесі, 83.

Байланыс нөмірі: 8 700 455 46 47, Айсара (әкімші)
Оқылым

Тапсырма

1. Екі мәтінді салыстырып, олардың стильдеріндегі ерекшеліктерді көрсетіңіз.
А мәтіні

Б. Тұржан, фотограф: Хобби өмірлік ісіме айналды

– Фотоға түсіру әлеміне қалай келдіңіз?

– Өзім мектеп жасынан бастап ұйымдастырушылыққа жақсы болатынмын. Сонымен қатар музыкалық мектепте оқып, ән айтатынмын, жалпы айтқанда шығармашыл адам едім. Мектеп жасында кішкентай фотоаппаратыммен сыныптастарымды суретке түсіріп жүргенде, қызығушылығым өмірлік ісіме айналып кетті. Мектеп уақытында суретке түсіру мен үшін хобби болатын, ал қазір нағыз өнердің бірі деп есептеймін.



– Суретке қай жерде түсіргенді жақсы көресіз? 

– Маған табиғатта суретке түсіру қатты ұнайды, ал студияда жарықтардың, көлеңкелердің  қосындысын қолдану бір керемет әсер береді. Дегенмен де табиғаттың орны ерекше ғой!

– Ең алғаш түсірген суретіңіз есіңізде ме?

– Ең алғаш түсірген суретім, тұңғыш тапсырмам есімде. Сол уақытта несиеге фотоаппартты сатып алдым. Досым хабарласып: «Cенің фотоаппаратың бар ғой, мектеп бітірушілерін суретке түсіруге қалай қарайсың?»,- деген еді. Мен үшін бастысы қаржы емес, бастысы - суретті сапалы түрде шығару.

-Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан Ғалымжан Сәңкібаев
Ә мәтіні

Ақпараттық хабарлама

1маусым күні сағат10.00-деРеспублика Сарайы алдындағы алаңда Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған «Біз – сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүретін боламыз» атты мерекелік шаралар өтеді.

Бағдарлама аясында:«Мейірім жұлдыздары жарқырайды» атты балалардың қалалық фестивалінің ашылуы болады. Онда ұлттық спорт ойындары, отбасылық эстафета, балабақшалар мен спорт мектептері түлектерінің спартакиадасы, балалар суретінің байқауы және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады.

Бұл күні қала кинотеатрларында балаларға арналған фильмдер мен мультфильмдер тегін көрсетіледі.

1маусым күні сағат12.00-деАлматыциркінде мектеп-интернаттар мен тұрмысы төмен отбасылар балалары үшін цирк әртістерінің қатысуымен «Жануарлар әлемі» атты жабайы хайуандардың (аю, жолбарыс, арыстан, қасқыр) өнері ұсынылады. Ұйымдастырушы: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.


А мәтіні

Ә мәтіні

Стильдері






Ерекшеліктері






[5]
2. Екі мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды көрсетіңіз.




А мәтіні

Ә мәтіні

Не туралы?







Негізгі ақпарат







Қосымша ақпарат








[5]



Жазылым


1. Берілген тақырыптардың бірін таңдап, 120-150 сөзден тұратын сипаттау эссесін жазыңыз. Жазып болған соң, жұмысыңызға қайта көз жүгіртіп, жұрнақ арқылы жасалған сөздердің бар, жоғын анықтап, астын сызыңыз.

[10]

Эссе құрылымы

  • Кіріспе

  • Негізгі бөлім

Тезис (пікір) аргумент

Тезис (пікір) аргумент

Тезис (пікір) аргумент

  • Қорытынды




  1. Сіз «Уақыт» сөзінің мәні мен маңызын ойланып көрдіңіз бе? Бәріміз бұл сөздің мән-мағынасын білеміз, бірақ оның маңызы туралы аз ойланатын сияқтымыз. Халықта мынадай сөз бар: «Өмірдегі ең қиын үш нәрсе: сыр сақтау, уәдеде тұру және уақытты босқа өткізбеу». Сіз ең жақын досыңыздың бос уақытын қалай өткізетінін сипаттап эссе жазыңыз.




  1. «Қазақстанның Қызыл кітабы» – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым екені белгілі. Қызыл кітапқа енген қандай жануарлар мен өсімдіктерді білесіз және олар неліктен осы кітапқа енгізілді? Жауабыңызды сипаттап эссе жазыңыз.

Балл қою кестесі

Тыңдалым және айтылым

Балл

Коммуникативтік құзыреттілік

Грамматикалық құзыреттілік

5

Мәтінде көтерілген мәселені терең түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, ұтымды жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде өте дәл, нақты.

Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны өте жақсы қолданады. Сөздік қоры мол. Паразит сөздер мен қайталаулары жоқ. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді өте орынды, тиімді пайдаланады.

4

Мәтінде көтерілген мәселені жақсы түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде орынды.

Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны жақсы қолданады. Сөздік қоры жеткілікті. Паразит сөздер мен қайталаулар аздап кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды пайдаланады.

3

Мәтінде көтерілген мәселені қанағаттанарлық деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттармен байланыстырып жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде үнемі орынды бола бермейді, кейде негізгі мәселеге қатыссыз пайымдаулар кездеседі.

Ойын кейде аяқталған, аракідік синтаксистік құрылымы сақталмаған сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері кездеседі. Сөздік қоры қанағаттанарлық. Паразит сөздер мен қайталаулары кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды, орынсыз пайдаланады.

2

Мәтінде көтерілген мәселені шектеулі деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттармен байланыстыра жеткізуде қолдауды қажет етеді. Көзқарасын дәлелдейтін дәйектемелері сирек, көбіне жалпылыққа ұрынады.

Ойын көп жағдайда аяқтамайды, жай сөйлемдерді, қарапайым синтаксистік құрылымдарды қолданады. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері жиі кездеседі. Сөздік қоры күнделікті ауызекі лексикадан тұрады. Паразит сөздер мен қайталаулары жиі кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынсыз пайдалануы жиі кездеседі.

1

Мәтінде көтерілген мәселені түсінуі өте шектеулі. Ақпаратқа қатысты жеке көзқарасы мен пікірі жоқ, көбінесе, дайын ақпаратты қайталап беру деңгейінде. Себебін түсіндіруі аз.

Ойын аяқтамайды, қарапайым синтаксистік құрылымдармен шектеледі. Грамматикалық дағдылары жетіспегендіктен, ой мен ойы байланыспайды, жүйе жоқ. Паразит сөздер мен қайталаулары негізгі лексикадан басым.