Файл: Модуль. Медициналы кмекті йымдастыру. Таырыбы абылдау блімшесі медбикесіні міндеттері.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 18
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Орал «Мақсат» медициналық колледжі» ЖМ
БЕКІТІЛДІ
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
_________ Трушкова М.И.
Оқу –әдістемелік кешен
Модуль. Медициналық көмекті ұйымдастыру.
Тақырыбы: Қабылдау бөлімшесі медбикесінің міндеттері.
__Медбикелік ісі негіздері____________________ пәнінен
_3__ курста білім алушыларға арналған
__0302000 «Медбикелік іс» ____ мамандығы бойынша
ҚАРАЛДЫ ҚҰРАСТЫРДЫ
__4______ циклдік
әдістемелік комиссия отырысында А.С. Рыскалиева
Хаттама № _____ _____________
«_______» ____________ 2014 ж.
ЦӘК төрайымы _________ В.М. Сайгакова
МАҚҰЛДАНДЫ
Колледж әдіскері _____ С.О. Коцелл
2014 ж.
II. Блок: Студенттердің өзіндік жұмысы
Блоктың мақсаты: «Қабылдау бөлімшесі медбикесінің міндеттері» тақырыбын бағдарламаға сай меңгеру
Тақырып сұрақтарын толық игеру деңгейіне қойылатын талаптар:
Қабылдау бөлімінің құрылымы мен атқаратын қызметі; Қабылдау бөліміндегі мейірбикенің атқаратын қызметі;Ауруханаға жатқызу жолдары;Мейірбикенің медициналық қызметкерлермен және емделушімен қарым – қатынасы, әдептілігі;Пациентті қабылдау және оны санитарлық өңдеуден өткізу;Битшеңдікке қарсы шаралар, қолданылатын заттар; Пациентті тасымалдау
Оқушы білуі керек:
-
қабылдау бөлімшенің құрылымы және қызметі; -
науқастарды қабылдау және тіркеу жүйелілігі; -
қабылдау бөліміндегі мейірбикенің әдептілік пен қарым-қатынасты сақтаудағы ерекшеліктері; -
ауруханаға жатқызу жолдары; -
қабылдау бөлімше мейірбикенің лауазьімды міндеттері; -
науқастарды санитарлық өңдеудің түрлері; -
битшендік пайда болғанда санитарлық-гигиеналық шараларын жүргізе білу, -
емдеу бөлімінің құрылымы және қызметі; -
қабылдау және емдеу бөлімінде санитарлық-эпидемиологиялық тәртібін сақтау ережелерін; -
кезекті тапсыру міндеттері; -
медициналық құжаттары -
палаталық және емшара бөлме мейірбикесінің міндеттері,
Оқушы істей білу керек:
-
науқасқа толық өңдеуді өткізу; -
науқасқа жартылай өңдеуді өткізу -
ауру тарихының бірінші парағын толтыруы
-
күтім заттарын дезинфекция жасау -
емдеу бөлімінің бөлмелерінде және күтім заттарын дезинфекция жасау; -
пост орнын тапсырып және қабылдау; -
мейірбикенің пост орнының медқұжаттары толтырып, жүргізу
АІИ мәселелері және инфекциялық қауіпсіздік, инфекциялық бақылауды стандартқа сай меңгеру.
Өздік жұмысты орындау
Өздік жұмыс орындау кезіндегі әдістемелік нұсқаулықтар.
Оқушылар екі-екіден жұмыс жасайды. Әр үстелде сабаққа керекті құрал жабдықтар, тапсырмалар және тақырыпқа байланысты стандартқа сәйкес іс- әрекет алгоритмдері тұрады.
Оқушылар тапсырма алғаннан кейін үстелден үстелге ауысып жұмыс жасай бастайды, одан кейін оқытушыға жауап беріп келесі тапсырмаға көшеді.
Тапсырма №1 Пациентті қабылдау және тіркеу
НАУҚАСТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ТІРКЕУ
Н ауқастарды дөрігер қарағаннан кейін және ауруханаға жатқызу туралы мәселені шешкеннен кейін барлық медициналық құжаттамалар қабылдауды бөлімше мейірбикесі рәсімдейді. Мейірбике науқастың дене қызуын өлшейді және "Науқастарды ңабылдау туралы тіркеу журналына" жазады.Бұл журналына мейірбике науқастың аты-жөнін, туған жылын, тұратын мекен-жайын, жіберген дәрігердің аты-жөнін, жіберген мекеменің диагнозын, қабылдау бөлімшесінің диагнозын, науқасты қай бөлімшеде жататынын толтырады. Егер науқас орта буынды жағдайында жеткізілгенде мейірбике науқасқа алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмегін көрсетуге, кезекші дәрігерді жедел шақыруға және барлық дәрігердің міндеттерін жедел орындауы қажет. Егер науқас қабылдау бөлімшесіне көшеден ессіз жағдайда және құжатсыз жеткізілсе, мейірбике медициналық көмегін көрсеткеннен кейін оқиға орны бойынша милиция бөлімшесіне түскен науқастың барлық мәліметтерін (бойы, киімін, дене бітімін) көрсетіп хабарлауға міндетті. Жеке басы анықталғанға дейін барлық құжаттарда науқас белгісіз болып саналады.
Реанимация бөлімшесіне науқас түскенде (қабылдау бөлімшесін өтіп) барлық қажетті құжаттамаларын постык, мейірбикесімен қабылдау бөлімшесінде науқастың кейінгі тіркеуімен орындалады.
Егер дәрігер науқасты қарағаннан кейін, госпиталдау үшін мәліметтері болмаса науқасты үйіне жібереді, сол туралы "Госпиталдауға қабылдамау журналына" жазба қойылады.Амбулаториялық көмек көрсетілгені туралы науқастардың мәліметтерін мейірбике "Амбулаторлық науқастарды тіркеу журналына" жазып алады.
Кезекші дәрігердің қарауынан кейін кейде тар көлемді мамандардың, зертханалық және аспап зерттеулерінің қажеттілігі пайда болады. Қабылдау бөлімшесіндегі мейірбикенің міндеттеріне барлық қажетті мамандарды шақырту кіреді.Науқасты қарап дәрігер ауру тарихына қараудың нәтижелерін жазады, санитарлың өңдеудің және тасымалдаудың әдісін көрсетеді.
Тапсырма №2 Пациентті санитарлық-гигиеналық өңдеуден өткізу (толық және жартылай);
НАУҚАСТАРДЫ САНИТАРЛЫҚ ӨҢДЕУ
-
Толық (ванна, су-сепкіш). -
Жартылай (жуыну, сүртуін).
Санитарлық-гигиеналық өңдеудің алдында қабылдау бөлім-
шесінің мейірбикесі педикулезді анықтау үшін науқас денесінің шаш бөліктерін ұқыпты қарауы кажет. Биттердің ең жиі шоғырлануы: желке және самай аймақтары (бас биттері) және қасаға аймағы (қасағаның биттері). Егер педикулез анықталмаса, науқастарға гигиеналық ванна, су-сепкіш немесе сүртуін өткізеді де, науқасты аурухананың таза киіміне киіндіреді.
Егер педикулезді анықтағанда санитарлық өңдеу басталады.
НАУҚАСТАРДЫ САНИТАРЛЫҚ ӨҢДЕУ
-
Толық (ванна, су-сепкіш). -
Жартылай (сүртіну, жуыну).
Санитарлық өңдеудің көлемін дәрігер шешеді. Санитарлық-гигиеналық өңдеуді бастауына дейін, қабылдау бөлімшенің мейірбикесі науқастың дене, шаш бөлімдерін педикулезді анықтау үшін ұқыпты қарауы қажет.
Егер педикулез анықталмағанда, науқас мейірбикенің алып жүруінде ваннаға кіреді, сол жерде желдеткіш және тұрақты температурасы болуға тиіс (25°С шамасында).
Гигиеналық ваннаны, су-сепкішті немесе сүртінуді қабылдаған уақытта өтпе желден сақтану және науқасты салқынға тигізбеу үшін есік, терезе және жел көздерін ашуға болмайды. Ванна бөлмесінде еденде ағаштан жасалған торлар жатуға тиіс. Науқастың санитарлық өңдеудің кіші мейірбике немесе санитарканың қатысуымен өткізеді. Мейірбикенің қатысуы міндетті, өйткені санитарлық өңдеуін өткізген уақытында науқастың жағдайы нашарлауы мүмкін (жүрек аймағында сыздауы, жүрек соғуының көбеюі, бас айналуы). Бұл жағдайда санитарлық өңдеуді тоқтату қажет және дәрігерге дейінгі медициналық көмегін көрсету қажет.
Санитарлық өңдеуден кейін, науқас аурухананың киімін киеді. Кейде, бас дәрігердің рұқсатымен науқастарға өздерінің іш киімдерімен пайдалануға рұқсат беріледі.
Тапсырма №3 Педикулез анықталған пацинтті санитарлық өңдеу;
ПЕДИКУЛЕЗДІ АНЫҚТАҒАНДА МЕДБИКЕНІҢ
ІС-ҚИМЫЛДАРЫНЫҢ АЛГОРИТМІ
-
Ө зіне қосымша халат және үшкіл орамалды кию. -
Науқасты киім ілетін орында клеенкамен жайылған кушеткаға отырғызу. -
Мақта тампонның көмегімен науқастың шашын педикулезге қарсы құралмен өңдеу ("Ниттифор" лосьоны, "Педилин" су сабыны, "Антибит" лосьоны).
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! 5 жасқа дейінгі балаларға, екіқабат және бала емізетін әйелдерге фосорганикалық ерітінділерін пайдалануға болмайды!
-
Шашты үшкіл орамалмен 20 минутке таңу ("Ниттифор" лосьоны - 45 минут). -
Шашты жылы сумен жуу. -
5-10% ас сірке су ерітіндісімен шаю. 10-15 минут бойы жиі тарақпен тарау. Қасағаның биттері болуында қасаға және қолтық астындағы түкті өңдейді, 10% күкірт немесе ақ сынап майын терісіне жағады. -
Науқастың киімін, мейірбикенің халат, үшкіл орамалын қапқа салу, дезинфекциялық камераға орналастыру. Үй жағдайларында - соданың 2% ерітіндісіне 5 минут қайнату. Екі жағынан ыстық үтекпен тегістеу. Сыртқы киімді карбофоспен өңдеп, 20 минутқа целлофан қабшығына салу, ашық ауада желдету. -
Дезинфекциядан кейін ғимараттарды және заттарды сол дезинфекциялаушы ерітінділерімен өңдеу.
Науқастың ауру тарихы парағының жоғарғы оң бұрышында қызыл түсті қарындашпен "Р" белгісін қояды. (Пост мейірбикенің бақылауы 7 күннен кейін өткізіледі).
9. Жұқпалы ауру туралы төтенше хабарлама қағазын толтыру және науқастың тұратын мекен-жайы бойынша аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясына жіберу. Содан соң мейірбикенің жетекшілігімен науқас гигиеналық ваннаны немесе су-сепкіш қабылдайды.
Тапсырма №4 Антропометрия жүргізу
Б ойды, дене салмағын, көкірек кеңістігінің аумағын өлшеу. Бойды өлшеуді ростомер арқылы тұрған қалыпта жасайды. Науқастар аяқ-киімсіз, бос тұрып өлшену керек.
Тұрып бой өлшегендегі медбикенің іс-әрекеттер алгоритмі:
-
Емделушіні ростомер кеңістігіне шкаласы бар тірегішке арқасын сүйеп тұрғызу керек. Оның ростомерге (бой өлшегішке) емделушінің үш жері (өкшесі, жамбасы, жауырындар ортасы) тиіп тұру керек. -
Құлақтың шеті және көздің төменгі шеті бір сызықта, еденге қатар болу үшін басты сәл еңкейтіп тұру керек. -
Медбике емделушінің жанынан тұру керек. -
Емделушінің басын планшеткаға түсіру керек. -
Өлшеуді планшетканың төменгі шетінен жүргізіңіз. -
Емделушінің бойы туралы мәліметтерді қызуын тіркеу парағына жазыңыз.
Д ене салмағын өлшеу
Дене салмағын өлшеу үшін сапасы тексерілген медициналық таразыны қолданады. Емделушінің салмағын өлшегенде мынадай ережелерді сақтау керек: аш қарынға, киімі өте жеңіл, (тіпті, бір киімде), аяқ-киімсіз болу керек.
ЕСКЕРТУ!Таразыда екі гердің тасы: үлкені - ондық, кішісі - он килограмм және грамдар көлемінде.
Емделушінің салмағын анықтау үшін медбикенің іс-әрекет алгоритмі:
-
Емделушіні таразы кеңістігінің ортасына тұрғызыңыз. -
Таразының кілтін ашыңыз. -
Таразы иінағашының көрсеткішін бақылау деңгейіне сәйкес келгенше таразы тасын сол жаққа жылжытыңыз. -
Кілтін салыңыз. -
Мәліметтерді (көрсеткіштерді) қараңыз, қызуын тіркеу парағына жазыңыз.
К еуде торы аумағын өлшеудегі медбике іс-әрекеттерінің алгоритмі:
-
Емделушінің қолдарын екі жаққа созуын сұраңыз. -
Сантиметрлік лентаны арқа жағынан жауырынның төменгі бұрышының астынан, ер адамдар мен балалардың кеуде айналасындағы дөңгелектердің төменгі шетінен немесе әйелдерде кеуде бездерінің астынан қабырғалары төске қабыстырылатын жерден. -
Лентаны алғаннан кейін емделуші қолын түсіріңіз. -
Өлшеуді жұмсақ сантиметрлік лентамен үш күйде жүргізеді:
а )дем шығармай тұрғанда;
ә) толық дем алғанда;
б)ең көп дем шығарғанда.
5.Өлшеу көрсеткіштерін ауру тарихына енгізіңдер. Тыныс алғандағы және шығарғандағы көрсеткіш айырмашылығы кеуде торы аумағына экскурсия деп аталады. Ер адамдардың кеуде торы аумағының көлемі - 88-92 см, әйелдердің 83-85 см. Көрсеткіштер дамуына байланысты физиометриялық көрсеткіштер өзгеріп тұрады.
Тапсырма №5 Пациентті бөлімшеге тасымалдау
НАУҚАСТЫ БӨЛІМШЕГЕ ТАСЫМАЛДАУ
Науқастың бөлімшеге жеткізу әдістерін науқастың ауыр жағдайларына байланысты дәрігер анықтайды: зембілде (қолымен немесе каталкада), кресло-каталкада, қолға алу, жаяу.