Файл: Модуль. Медициналы кмекті йымдастыру. Таырыбы абылдау блімшесі медбикесіні міндеттері.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 17

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ең колайлы, берік және сақтаныш түрі - науқастарды каталкамен тасымалдау. Науқасты үшеулеп кушеткадан каталкаға және кері жатқызу қолайлы болады.

  1. Каталканы кушеткаға көлденең қойыңыз - каталканың бас жағын кушетканың аяқ жағына.

  2. Үшеуі де науқастың бір жағында тұрады:

а) біреуі - науқастың басы мен жауырыны астына қолдарын салады;

ә) екіншісі - жамбас пен санның жоғарғы жағынан;

б) үшіншісі - санның орта жағынан және балтырынан.

  1. Науқасты көтеріп, каталкаға 90° жағына айналыңыз.

  2. Науқасты каталкаға жатқызып, үстін жабыңыз.

  3. Бөлімшеге халі нашар науқас жіберілгені туралы хабарлаңыз.

  4. Науқасты, оның медициналық картасын бөлімшесіне медициналық қызметкерімен шығарып салғанда жіберіңіз.

  5. Бөлімшеде каталканың бас жағын төсектің аяқ жағына келтіріңіз, науқасты үшеулеп көтеріп 90° айналып, төсекке жатқызыңыз. Егер каталка болмаса 2-4 кісі зембілді қолымен апарады. Басқышпен төмен қарай науқасты аяғымен алдына апарады, әрі алдыңғы жағын сәл көтереді. Басқышпен жоғары қарай, науқасты баспен алдына апарады.

НАУҚАСТЫ КРЕСЛО-КАТАЛКАМЕН ТАСЫМАЛДАУ

ІС-ҚИМЫЛДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕЛІЛІГІ




  1. Кіші мейірбике аяқ тұғырына аяғымен басып кресло-каталканы алдына еңкейтеді.

  2. Науқасты аяқ тұғырына тұруға сұраңыз, содан соң науқасты сүйеп креслоға отырғызыңыз.

  3. Кресло-каталканы негізгі орынына келтіріңіз.

  4. Тасымалдауында науқастың қолдары кресло-каталканың сыртына шықпауын байқаңыз.


Науқасты бөлімшеге тасымалдаудың әр түрінде шығарып салушы науқасты және оның медициналық картасын палаталық мейірбикесіне беруге міндетті.

III. Блок: Бақылау –өлшемдік материалдары
Сұрақтар:

1.Қабылдау бөлімшесі қалай ұйымдастырылған?

2.Изолятор және санитарлык өткізгіш не үшін арналған

3.Қабылдау бөлімшесіндегі мейірбикенін, лауазымды міндеттеріне не кіреді?

4Гигиеналық ваннаны қалай дайындайды?

5Санитарлық жартылай және толық өңдеудің анықтамасына не кіреді?

6.Ауру тарихының бірінші парағын толтырудың ережелері

7.Емдеу бөлімдері болады?

8.Емдеу-сауықтыру бөлімдер қандай нұсқауларды орындайды?

9.Емдеу бөлімінің құрылысы

10.Емдеу-сауықтыру мекемелерде санитарлық-эпидемиологиялық тәртіпті сақтау үшін мейірбике қандай іс-шаралар өткізеді?


11.Емдеу-сауықтыру мекемелерде қандай физикалық белсенді тәртіптер бар?

12.Мейірбике кезегін қалай тапсырады?

13.Мейірбикенің пост орнында қандай дәрігерлік құжаттар болады?

14.Палаталық мейірбикенің міндетіне не кіреді, жұмысының көлемі қандай?
Жағдайлық есептер
Есеп 1

Қабылдау бөліміне ес – түссіз жағдайдағы науқас жеткізілді, құжат жоқ (оның құлағынын көрген адам ауруханаға алып келді).

Мейіркештің іс – әрекет ізділігі қандай? Қажетті құжаттар қалай қалай толтырылады?
Есеп 2

Қабылдау бөліміне жеткізілген науқас қайтыс болды (үйінен ілесіп келген сүйемелдеуші жоқ).

Мейіркеш құжат толтырудан басқа қандай шаралар қолдануы тиіс?
Есеп 3

Қабылдау бөліміне соқпай реанимациялық бөлімге ауыр қалдегі науқас жеткізілді.

Мұндай жағдайда науқастың қабылдау құжаттарын қалай толтырады?
Есеп 4

Көшеде (ауруханадан алыс емес) іші қатты ауырғандықтан қабылдау бөліміне науқас қаралды. Дәрігер оны қарағаннан кейін қажетті көмек көрсетілді.

Бұл науқасқа қандай құжат толтырылады?
Есеп 5

Қабылдау бөліміне жеткізілген науқасқа қажетті көмек көрсетілген науқасқа қажетті көмек көрсетілгеннен кейін, оның жағдайы жақсарады. Дәрігер 2 сағат бойы науқастың жағдайын бақылап, оны ауруханаға жатқызуға көрсетім жоқ деген тұжырымға келді.

Бұл науқасқа қандай құжат толтырылады?
Есеп 6

Қабылдау бөлімінен түскен науқастың медициналық картасында педикулезден өңделді деген белгі бар.

Мейірбике не істеу керек?
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1. Аурухананың бөлімшесіне медициналық құжатынсыз, өзін нашар сезіп түрған науқас келді. Мейірбикенің тактикасына кіреді:

а)науқасты қарау, қажетті медициналық көмегін көрсету үшін кезекші дәрігерді шақыру;

ә) жедел жәрдем көлігін шақыру;

б)науқасты медициналық құжаттарына жіберу;

в)науқасты медициналық көмегін көрсету үшін мекен-жайы бойынша жіберу.

2. Санитарлық өңдеудің көлемін кім белгілейді?

а)бөлімшесінің аға-мейірбикесі;

ә) кезекші мейірбике;

б)кіші мейірбике;

в)дәрігер.

3. Ғимараттардың дымқыл жинастыруына арналып не пайдаланылады?

а)10% хлор ерітіндісі;

ә) деохлордың 0,06% ерітіндісі;

б)сутегі тотығының 3% ерітіндісі;

в)0,5% хлор ерітіндісін.

  1. Науқас емдеу бөлімшесіне түскен уақытта, оның құжаттамаларын кім рәсімдейді?

а)дәрігер;

ә) қабылдау бөлімшесінің мейірбикесі;

б)емдеу белімшесінің аға-мейірбикесі;

в)постың мейірбикесі.

5. Адамды қоршаған ортасында жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жою қалай аталады?



а)дератизация;

ә) дезинсекция;

б)дезинфекция;

в)залалсыздандыру.

6. 0,06 % деохлор ерітіндісін дайындау үшін не алу керек?

а)4таблетканы10литр суға;

ә) 1 таблетканы 10литр суға;

б)7 таблетканы 10литр суға;

в)14 таблетканы 10литр суға.

7. Қабылдау бөлімшедегі мейірбике ауру тарихының парағын толтырады.

8. Қабылдау бөлімше ғимаратын дымқыл жинастырулардың өткізілуі:

а)күніне2рет,кем емес;

ә) күніне 3 рет, кем емес;

б)күніне 1 рет, кем емес;

в)әр сағат сайын, кем емес.

9. Хлорамин ерітінділерінің сақтау мерзімдерін көрсетіңіз:

а)24сағат;

ә) 48 сағат;

б)сақтамай, пайдалануының алдында дайындайды;

в)72 сағат.
10. 0,06% деохлор ерітіндісін дайындау үшін келесіні алу керек:

а)14 таблетканы 10 литр суға;

ә) 1 таблетканы 10 литр суға;

б)7 таблетканы 10 литр суға;

в)4 таблетканы 10 литр суға.

11. Санитарлық өңдеудің көлемін белгілейді.

12. Гигиеналық ваннаның ұзақтығы минут болуы тиіс.

13. Қабылдау бөлімшедегі мейірбикенің дұрыс әсерлерінің жүйелілігін көрсетіңіз.

Науқас қабылдау бөлімшесіне жеткізілген. Мейірбике не істеу керек?

а)ауру тарихының бірінші парағын безендіреді;

ә) науқасты қарау үшін кезекші дәрігерді шақыру;

б)науқасты емдеу бөлімшесіне тасымалдау.

14.Сәйкестілігін белгілеңіз:

Анықтамасын:

  1. дезинфекция;

  2. дезинсекция.

Оның мәнін:

а) зиянды жәндіктерді жою;

б) кеміргіштермен күресу

в) патогендік флораны жою.

15.Ғимараттарды дымқыл жинастыруын күніне рет өткізеді.

16.Педикулезді анықтағанда ауру тарихының парағында оның бар болуы туралы белгі қойылады.

17.Бастың шаш бөліктерін өңдеуге арналған ерітінділердің дұрыс сәйкестілігін анықтаңыз:

  1. биттерді анықтағанда; а) Сірке су қышқылдың ерітіндісі;

  2. сіркелерді анықтағанда ә) Фурацилин ерітіндісі;

б) "Дезоксон-1" ерітіндісі;

г) "Ниттифор" лосьоны 0,15% .

18. Науқастарды тасымалдаудың әр түрінде шығару қажет.

19.Педикулезбен науқас басының шаш бөліктерін өңдегенде мейірбикенің іс-қимылдарының дұрыс сәйкестігін анықтаңыз:

а) шашты жылы сумен жуу;

ө) шашты үшкіл орамалмен 20 минутқа жабу

б)шашты жиі тарақпен тарау;

в)ас сірке судың 5% ерітіндісімен шашты шаю;

г)шашты декризил 0,25% ерітіндісімен өңдеу.

20.Педикулезді анықтаған кезде қабылдау бөлімшесінің мейірбикесі санитарлық-эпидемиологиялық станциясына ___________ толтырып жібереді.


ӘДЕБИЕТТЕР:

      1. Мейірбике ісінің негіздері С.Қ.Муратбекова Астана – 2007;

      2. Мейірбике ісіне арналған оқу құралы Р.С.Есетова Ақтөбе 2006;

      3. Практическое руководство к предмету «Основы сестринского дела» С.А.Мухина, И.И.Тарновская Москва 1998

      4. «Медбикелік іс» бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар С.Қ.Муратбекова, Т.В.Порошина, А.Р.Құспанова

      5. Теоретические основы сестринского дела, М., 2008. .Мухина С.А., Тарновская И.И.

      6. Основы сестринского дела Практикум ,Ростов-на-Дону, «Феникс»2007

      7. Ситуационные задачи по дисциплине «Основы сестринского дела»: практикум - М., 2008. Т.П.Обуховец