ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 85
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
МАГИСТРЛІК ЖОБАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Отбасындағы ата-ана мен жеткіншектер арасындағы қақтығыс туындауының психологиялық себептері және оларды алдын алу жолдары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................................................................................................... | |
І. Отбасындағы ата-ана мен жеткіншектер арасындағы қақтығыс туындауының психологиялық себептері және оларды алдын алу жолдарының теориялық негіздері....................................... | |
| |
| |
1.3 Ата-ана мен жеткіншек арасындағы қарым-қатынас стилдерінің ерекшеліктері................................................................................................. | |
ІІ Отбасындағы ата-ана мен жеткіншектер арасындағы қақтығыс туындауының психологиялық себептері және оларды алдын алу жолдарының тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мазмұны мен нәтижелері..................................................................................................... | |
2.1. Ата-анамен жеткіншектің арасындағы қақтығыстардың формула мен позивтік қызметі........ | |
2.2. Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы мен барысы ............................ | |
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................... | |
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................. | |
ҚОСЫМША | |
КІРІСПЕ
Өзектілігі. Бүгінгі жеткіншектердің терең жан күйзеліс дертіне шалдыққанына талас жоқ. Бұны қалай талдауға болады? Себебі неде? Өтпелі жеткіншектік шақ – қиын кезеңнің бірі. Организмдерде болатын өзгерістерге байланысты өтпелі шақ жеткіншектердің өміріне жаңа дүниетаным мен мазасыздықтар нөсердей жауады. Күнде жеткіншектердің құрдастары, үйде ата-анасы, алғашқы махаббаты бір нәрсені талап етеді. Фильмдер, теледидар, музыка мен интернет жеткіншектерге өз стеореотиптерін байлайды. Нақтылап айтсақ жеткіншектердің бұл шақта стресс пен мазасыздық ілескен өтпелі кезең десек те болады. Сонымен қатар жеткіншектер өмірдің алғашкы соққыларына қарсы тұра алмайды. Ата-ананың қолдауынсыз олар жаман жолға түсулері де мүмкін. Бұл жайлы Біріккен Ұлттар Ұйымының есебінде «...зерттеулердің көрсетуінше, жастар нашақорлықпен айналысуды жеткіншек кезінде немесе есею алдында қолдана бастайды. Зорлық, жыныстық қарым-қатынас және басқа да жат қылықтар туралы осыны айтуға болады»- деп айтылған.
Неге қазіргі таңда жастар соншама қайғы қасіретке ұрынады? Алдыңғы ұрпақ жастары да жеткіншектік кезеңдерден өтпеп пе еді? Әрине, бәрі де есею жолында өтпелі кезеңнен өткеді. Бірақ, қазір біз өмір сүріп жатқан қиыншылығы көп заманда,инновация мен технологияның заманы екенін ескергенімізде жөн. Жеткіншектердің бүгінгі өмірдің ауыр тұрмысы иықтарын басқан, ауыр жүк болып көрінуі мүмкін.
«Қазақстан-2030» бағдарламасында жеткіншектеріміздің алдағы болашақта қандай дәрежеде көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Отбасы әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда көзқарастар, құндылықтар мен мінез-құлықтарды жеткіншектер меңгере бастайды. Отбасында ата-аналармен жақсы қарым-қатынаста, бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай алатын болса, балалар неғұрлым жақсы тұрады. Жалпы адамзат баласын толық қанды адам ететін қоршаған орта және тәлім тәрбие десек жеткіншектердің тұлғалық коммуникативтілік қабілеттерінің қалыптасуына отбасы, отбасылық қарым – қатынас, отбасының психологиялық ахуалы мен тәрбиелеу стилінің маңызы зор екені даусыз.
Соңғы жылдары еліміздегі болып жатқан түрлі экономикалық жəне саяси дағдарыс салдарынан отбасына жəне отбасындағы қатынастарға кері əсерін көрсетті. Еліміздегі экономикалық саясаттың тұрақсыздығы, отбасы институт ретінде, отбасындағы ата-ана мен жеткіншіктердің арасындағы қақтығыстар әсер етеді.
Елімізде ажырасу мәселесі де кеңінен етек алып отыр. Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша ТМД-да көш бастап тұр. Мұндай статистиканы «Бақытты отбасы» ресурстық қолдау орталығының мамандары айтып отыр,отбасында осындай кикілжің мәселелерде жеткіншектердің ой өрісіне, қатты әсер етеді.Осындай жағдайлардың туындауынан жеткіншектердің ата-анамен арада қақтығыстар туындауының біргей себебіне жатады[1].
Заманауи әлем мен технология заманында өмір сүріп жатқан жеткіншектердің отбасындағы ата-ана арасындағы қақтығыстардың туындауының психологиялық себептері өте көп және негізгі мәселе болып отыр. Өйткені қақтығыстың себебінен көптеген отбасылар мен жеткіншектер зардап шегіп қоймай, тек қана отбасыға емес әлемдік және мемлекеттік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе ғылыми түрде зерттеп оны болу себебін анықтап, оны болдырмау жолдарының негіздерін көрсету керек.
Қазіргі заманда аналарымыздың көпшілігі жұмыс жасайды,жеткіншектер уақытының көбін пассивті өткізеді.Жеткіншектерге жеткіншек шақтарында ата-ананың қолдауы,баламен уақыт бөліп серуіндеуге бірге шығып,сырласуы,әрқашан қарым-қатынаста болуы маңызды.
I . Отбасындағы ата-ана мен жеткіншектер арасындағы қақтығыс туындауының психологиялық себептері және оларды алдын алу жолдарының теориялық негіздері
1.1Отбасындағы ата-анамен жеткіншек арасындағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктеріне теориялық шолу
«Отбасы — бұл кішкентай топ ретінде ата-аналар мен балалар арасындағы өзара қарым-қатынастың нақты тарихи жүйесі, оның мүшелері некелік немесе туысқандық қатынаспен, тұрмысының ортақтығымен және өзара моральдық жауапкершілікпен байланысқан және халықтың рухани туындыларымен қоғам сұранысына негізделген әлеуметтік қажеттілік» деп өз зерттеулерінде А.Г.Харчев берген анықтамасы қазіргі таңда ата-анамен жеткіншектер арасындағы тарихи жүйесін көрсетіп бергендей.
Педагогика-психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі – қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке тұлғаны түсіну, оның дамып жетілуін талдау мүмкін емес.
Қарым-қатынаста тұлғалар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін де аша түседі. Сонымен бірге ол қасиеттері арұылы қарым-қатынасты қалыптастырады, адамдармен қарым-қатынаста тұлғаның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі , жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық.
С.И. Ожегов айтуынша қарым-қатынас ұғымы- өзара келісім, іскерлік және достық байланыс арқылы анықталады деп тұжырымдама жасаған.Негізінен психологиялық, әлеуметтанулық, педагогикалық ғылым салаларында қарым-қатынас ұғымы өзара байланыс әрекеттестік, ұғымдарымен жақын байланыстырады. Соның негізінде қарым-қатынас баайланысында өзара әрекеттесуді, қатынасты тиімді жүзеге асыру тәсілдері, құралдары, дағдылары, тұлғаның қабілеті мен қасиеттері жүйесінде қарастырылады. Қазіргі таңда қатынас мәселесін философия, психология, әлеуметтану, этика, психолингвистика - осы сияқты, саладағы ғалымдар әр жақты зерттейді. Мәселен, Л.П.Буева іс-әрекет пен қарым-қатынас өзара байланысты, сонымен қатар өзбетті деп тұжырымдаса, М.С.Каган қарым-қатынасты адамның іс-әрекетінің бір түрі, құрлым мен атрибутына тән деп қарастырады. М.В.Соковин адамның қарым-қатынасын коммуникативті іс-әрекет, қатынас, өзара түсіну және өзара әсер ретінде қарастырады. [1].
Қарым-қатынасты зерттеуде ең алдымен оның құрлымдық компоненттерін анықтау қажет. Осыған орай зерттеу барысында:
1. коммуникативтілік
2. интерактивтілік
3. перцептивтілік
Коммуникативті жағы мәлімет беру-алмасу мәселесімен анықталады; интерактивті жақтың мәні қарым-қатынас жасаушы отбасында өзара әрекеттестігінде болады, ал перцептивті компонент-адамдардың бірін бірі қабылдауы, өзара түсінушіліктері. Ғалым бұлай жіктеп, бөлудің шартты ғана екендігін, қарым-қатынас үрдісінде оның 3 жағы да көрінетіндігін дәлелдеп кқрсетті.
Қарым-қатынасты зерттеген көптеген ғалымдарымыз (А.В.Петровский, А.Г.Ковалев, К.Обуховский, В.С.Мусина және т.б.) тұлғалардың қарым-қатынасты жүзеге асыруын қажетсіну, басқа тұлғаны танып-білуге ұмтылу, ниет білдіру ерекшеліктері деп өз жазабаларында көрсеткендей,тұлғааралық қатынастарды танып-білуге деген көзөқарасты өалыптастырады. [1].
Қарым-қатынас тұлғалардың ұжымдық іс-әрекетінде байланыстырғыш рөлді де атқарады. Бұл функцияны шартты түрде «прагматикалық» функция деп атайды. Маңызы бойынша бұл функцияны «қалыптастырғыш» функция деп айтуға болады. Бұл функция тұлғаның психологиялық бейнесін қалыптастырып өзгертудің маңызды рөлін атқарады. Жеткіншек дамуының белгілі кезеңдерінде мінез-құлқы, іс-әрекеті және жеткіншек қоршаған әлем мен өзіне деген қарым-қатынасы үлкендер арқылы іске асырылады. Д.Элькониннің айтуынша: «Бала әрқашанда 2 адам – оның өзі және ересек адам». Яғни, жеткіншектің даму барысында ересектің сыртқы тікелей емес қарым-қатынасы мен баланың ішкі психологиялық әсеріне және дербестік ерікті іс-әрекетіне айналады.
Отбасындағы ата-ана мен жеткіншек арасындағы қарым-қатынас аса маңызды функция атқарады. Орта ғасырда бір испан епископы былай деп жазған екен: «Жетімханадағы балалар зерігіп, зеріккендіктен өледі». 30-жылдары АҚШ-та жеткіншектерге ата-анамен байланыс жүргізу кезінде, 2 клиникада қауіпті, әрең жазылатын ауру балалар жатқан. Оның біреуінде балалар туысқандарымен кездеседі, ал екіншісінде туысқандарымен жолықтырылмайды. Осы екі клиникада жазылу тиімділігі, оның біріншісінде – бала өлімі жоқ, ал екіншісінде – балалардың үштен бірі шетінеген.Осы тәжірбиеден ата-ана жеткіншектермен қарым-қатынаста үздіксіз болу керектігін ескертеді.
Жеткіншек пен ересектің қарым-қатынасы білім, іскерлік, дағдыны берудің жай бірлестігі емес, өзара әсерлесу нәтижесінде өзара баю мен өзгерудің күрделі процесі. Жеткіншек адамдар мен қатынастағы тәжірибесін белсенді түрде ой елегінен өткізіп, өңдеп пайдаланады. Қарым-қатынастың үшінші функциясы ретінде «бекітетін, қолдаушы» деген функциясын айтуға болады.Нақты айтқанда, басқа тұлғамен қарым-қатынаста адам өзін-өзі танып-біліп, өзіне деген сенімге ие болады. Тұлға өзін-өзі бағалау үшін басқа адамдардың мақұлдауын қажет етеді. У.Джеймстің айтуынша: «Тұлға үшін қоғамда өз бетімен назардан тыс қалу және басқалардың оны мүлдем байқамауы – ең зор жаза». Яғни псизотерапевттік жүйелерде тұлғаның мұндай жағдайы «қолданылмаған, бекітілмеген» деген ұғым арқылы беріледі екен және де «Сенікі жөн емес», «Сен жамансың» деп мойындамауға қарағанда (бұл жағдайда теріс болса да бекітудің белгілі үлесі бар), бекітілмеу «Сен бұл жерде жоқсың», «Сен тірі адам емессің» дегенді көрсетеді, жалпылама айтқанда тұлға өзіне деген теріс пікірді қабылдамау қарым-қатынастың жүйелі түрде жасалмағанын көрсетеді.Бұндай жағдайда тұлғаның қалыптасу кезінде ата-ананың, үлкендер тарапынан балаға дұрыс бағдар беру және сыни пікірлерді қабылдап, сонымен жұмыс жасауды жеткіншек кезіннен қалыптастыру керектігін көрсетеді.
Атақты ағылшын психолог Р.Д.Ленг – бекітілмеу ,көптеген психологиялық ауру, әсіресе шизофринияның себебі деген қорытындыға келген. Оның зерттеулері бойынша, басқа да зерттеулері көрсеткендей, эндогенді психозбен көбінесе ата-аналары тарапынан шеттетілген жеткіншектер ауырады екен.
Тұлға өміріндегі әр түрлі салт-дәстүрлер – амандасу, түрліше көңіл аудару рәсімдері «бекітілу терапиясы» деп аталады.Қарым-қатынастың төртінші функциясы жеке тұлғааралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдау болып табылады. Басқа тұлғаларға деген эмоциялық пікірлер – «сүйкімді — сүйкімсіз», «ұнайды- ұнамайды» деген терминдермен белгіленеді.Әрине, эмоциялық қарым-қатынас тұлға өміріндегі жалғыз қарым-қатынастың түрі емес, бірақ олар тұлғаның барлық қарым-қатынас жүйесінде көрінеді, көбінесе іскерлік немесе тіпті рөлдік қатынасына да өз әсерін тигізеді. Келесі , бесінші функциясы «жеке адам ішілік функциясы».
Бұл функцияда тұлғаның өз-өзімен қарым-қатынас жасауын (ішкі немесе сыртқы сөйлеу арқылы- диалог типінде) тұлға ойлауының әдісі түрінде қарастыруға болады. Осыған байланысты Л.С.Выготскйй былай деген: «…адам өзімен өзі болғанда да қарым-қатынас функциясын сақтайды» [1].
Яғни қарым-қатынастың тұлға өмірінде аса маңызды роль атқаратыны белгілі. Қарым-қатынас нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамитындығы әр жеке адамның қалыптасуында жетекші факторлардың бірі болады. Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, қайғы, қуанышта ортақтас болу арқылы адамдар арасында сенімді кең ауқымды эмоциялар арқылы, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдісі іске асады.
Отбасы ұғымы, оның атқаратын қызметтерін нақтылау, отбасындағы қарым-қатынас мәселерін талдау көптеген зерттеулерде орын алған. Отбасы жүйесіндегі ортақ топтамасы немесе жіктемесі де жетік түрде толық зерттелмеген. Отбасының маңызды қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу және өзара көмек көрсету түрлерін Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев өз зерттеулерінде көрсеткен. А.Ю.Гавит, Э.А.Тийтте өз еңбегінде, ата-ананың отбасылық ықпалы, сонымен қоса некедегі сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған. Бұл зерттеулерден отбасындағы құндылықтардың биіктігін,маңыздылығын көрсетеміз.
Д.Горборино отбасын «адамзаттың тәжірибенің негізгі бірлігі» ретінде көрсетсе, Ал психолог А.Н.Антоновтың айтуынша, отбасы ата-ана, жеткіншек қарым-қатынасын орнатады, ал неке болса ер азамат пен әйел адамның арасындағы қарым-қатынасты растайтын мойындау болып табылады деп өз зерттеулерінде көрсеткен. Ол отбасылық кеңістік аймағы үй, пәтер көңіл аударады, және де отбасының меншігі иен экономикалық негізі ата-аналар мен жеткіншектер арасындағы жалпы отбасылық іс-әрекетін көре аламыз.