ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 86
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
а) Ч.Спирменнің рангілік корреляция коэффицентін есептейміз
6(d) 6126 756
Rs = 1- ---------- = 1- ------------- = 1- ------- = 1- 0,22 = 0,78
(nn-1) 15(15-1) 3360
ә)Таблица бойынша Rs-тің критикалық мәнін анықтаймыз
0,52 (р 0,05)
Rs = Rsэмп Rsкр , (р 0,01)
0,66 (р 0,01)
яғни, H0 теріске шығарылып, H1 қабыданады.
Жауап: Отбасылық тәрбие стилі мен ата-ана жеткіншек қарым-қатынасының шкалалық көрсеткіштері арасында өзара тығыз байланыс бар және ол статистикалық мәнділіктің жоғары деңгейіне жетеді.
№ 6 кесте Отбасылық тәрбие стилі мен ата-ана жеткіншек қарым-қатынасы ның шкалалық көрсеткіштері арасындағы өзара байланысты анықтау.
№ | Авториторлық | Ранг | Мазасыздану | Ранг | d | d |
1 | 92,40 | 11 | 0,9 | 14,5 | -3,5 | 12,25 |
2 | 90,50 | 10 | 0,6 | 7 | 3 | 9 |
3 | 53,79 | 8 | 0,7 | 8 | 0 | 0 |
4 | 12,02 | 7 | 0,8 | 11 | 4 | 16 |
5 | 98,73 | 13 | 0,8 | 11 | 2 | 4 |
6 | 0,63 | 1 | 0,5 | 4 | -4 | 16 |
7 | 3,79 | 4 | 0,8 | 11 | -7 | 49 |
8 | 93,67 | 12 | 0,8 | 11 | 1 | 1 |
9 | 3,79 | 4 | 0,5 | 4 | 0 | 0 |
10 | 77,21 | 9 | 0,4 | 1 | 8 | 64 |
11 | 3,79 | 4 | 0,5 | 4 | 0 | 0 |
12 | 3,79 | 4 | 0,5 | 4 | 0 | 0 |
13 | 3,79 | 4 | 0,5 | 4 | 0 | 0 |
14 | 99,36 | 14,5 | 0,8 | 11 | -3,5 | 12,25 |
15 | 99,36 | 14,5 | 0,9 | 14,5 | 0 | 0 |
| | | | | | 171,5 |
а) Ч.Спирменнің рангілік коореляция коэффицентін есептейміз
6(d) 6171,5 1029
Rs = 1 ---------- = 1 ------------- = 1 ------- = 1- 0,30 = 0,70
(nn-1) 15(15-1) 3360
ә)Таблица бойынша Rs-тің критикалық мәнін анықтаймыз. (В.Ю.Урбах,1964)
0,52 (р 0,05)
Rs = Rsэмп Rsкр , (р 0,01)
0,66 (р 0,01)
яғни, H0 теріске шығарылып H1 қабылданады.
Жауап: Отбасылық тәрбие стилі мен ата-ана жеткіншек қарым-қатынасының шкалалық көрсеткіштері арасында өзара тығыз байланыс бар және ол статистикалық мәнділіктің жоғарғы деңгейіне жетеді.
Мәліметтерге сапалық психологиялық талдауды зерттеу жұмысының алғашқы кезеңінде жүргізілген Р.Ф. Беляускайте “Менің отбасым” суретінің нәтижелерінен бастаймыз. Әдістеменің мақсаты - жеткіншектермен ауызша жүргізілген социометриялық проективті интерьюде жіберілген, байқаусыз қалған ақпараттарды алуға бағытталады. Р.Ф. Беляускайте әдістемесі бойынша алынған мәліметтерге талдау жасау барысында жеткіншектердің отбасылық қарым-қатынаспен отбасы мүшелеріне деген субьективті қатынасы туралы вербалды әдістерге қарағанда проективті әдістер арқылы біршама толық мағлұмат алуға болатынын байқауға болады. “Отбасы” әдістерінің нәтижелерін сапалық таңдауда суреттеу формальды және мазмұндық ерекшеліктерінен өзге, маңызды екі аспектіні бөліп шығаруға болады.
а) Отбасы суретінің құрылымын талдау, яғни отбасының реалды мүшелері мен суреттегі бейнелер санының өзара теңдігі және суретттегі отбасы мүшелерінің бейнелену орны мен өзара әрекеттестік дәрәжесі мектеп жасына дейінгі жеткіншектердің салған суретін талдау барысында осы аспектіге байланысты мынанадай заңдылығы анық байқалады. Жеткіншек мынандай өз отбасысының мүшелерін толық салмайды. Әдетте бұл жеткіншекмен эмоционалдық немесе шиеленістегі адамды тастап кетеді.
Сонымен қатар жеткіншек суретіндегі отбасы мүшелерінің орналасуына қарап отбасылық өзара байланыс пен өзара қарым-қатынас табиғатын анықтауға болады. Мұнда жеткіншек отбасы мүшелерін субьективті түрде бірден-бір қашықтықта орналастырады. Кейбір суреттердегі отбасы мүшелері арасындағы кездейсоқ обьектілерді салу байқалады. Ол өз кезегіндегі жеткіншектің осы отбасы мүшесіне деген эмоционалдық жағымсыз қатынасын қарастырады.
Жеткіншек суретіндегі ортақ іс - әрекетпен айналысып жатқан отбасы бейнелері бұл отбасындағы ата-ана жеткіншек қарым-қатынасының жағымды психологиялық ахуалын көрсетеді. Кейбір суреттерде ортақ іс-әрекетке біден-бір адамдар бейнесі ғана салынады. Бұл жайтты Отбасындағы микротондық қалыптасу көрінісі деп түсіндіруге болады.
б) Жеткіншек отбасы мүшелері арасындағы өзі жақсы көретін әрі жеткіншек үшін беделді саналатын бұл тұлғаны басқаларына қарағанда азырақ салатыны және ауызша түсіндірмемен толықтыратыны байқалады. Керісінше жеткіншек үшін жағымсыз тұлғаны толық емес, кейде дене мүшелерін де түгелдей салмайды.
Сонымен қатар мұнда суретті өшірумен бастыра салуды да айқын байқауға болады. Жеткіншектердің берген жауабы мен проективті “Отбасы” суретін талдау барысында алған мәліметтердің өзара сәйкестйлігін өте жоғары деп бағалауға болады. Сонымен бірге жеткіншек отбасы мүшелерін салуда бейнелеу сызықтарын қолдануда ер адамдарды бір түрде, әйел адамдарды бір бір түрде бейнелеуі де кездесіп қалады.
Отбасылық қарым-қатынасты анықтауға жеткіншектің осы салған суретіндегі өзін орналастыруына қарап, жеткіншектің отбасындағы орны және жалпы отбасылық қарым-қатынаспен тәрбие стилі туралы толыққанды мәлімет алуға болады деген тұжырымдауға тығыз негіз бар. Себебі жеткіншек суретінде авторитарлық стиль басым болса беделді тұлға үлкен, ал жеткіншек өзін қағаздың төменгі бөлігінде кішкентай етіп белгілейді.
Отбасылық қарым-қатынас типі мен тәрбие стилінің жеткіншек коммуникативтік қабілетіне әсерін зерттеу жүргізу нәтижесінде “Ата-аналар қатынасы” (ОРО) әдістемесінің нәтижелеріне сандық - статистикалық өңдеуден алынған мәліметтерді шкалалық көрсеткіштер бойынша талдау жүргізілді.
Осы зерттеудің негізгі міндеттерінің бірі – жеткіншектерге проективті әдістемелер арқылы зерттеу жүргізіліп ата-ана қатынасымен тәрбиелеу стиліне жеткіншектің қатынасы анықталды. Енді осы жүргізілген проективті зерттеудің нәтижелерінің сапалық психологиялық талдау.
Бірінші кезеңде жеткіншекмен өткізілген проективті интервью сұрақтарынан алынған жауаптарға талдау жасаймыз.
1. Саяхатқа кіммен барғанды қалар едің? Бұл сұраққа жауап бергенде жеткіншектің отбасы мүшелері ішінен өзіне ең жақын адамы (әкесі, шешесі, аға-іні, әпке, сіңлі) немесе Отбасындағы беделді тұлғаны атайтыны байқалды. Көп балалы отбасыларда отбасы мүшелерін атап шығуда ең соңғы кезекте жеткіншек үшін жағымсыз тұлғаны әдейі атамай кететіні де байқалады.
2. Саған отбасы ойынын ойнауды ұсынса кімді бірінші бейнелейсің? (әке-шеше, жеткіншек; шеше-жеткіншек-әке; жеткіншек-әке-шеше) т.б. мұнда көбінесе жеткіншектер өз жынысының яғни, ұл-әке, қыз-шеше, ролін ойнауға бейім екенін байқауға болады.
3. Көңілсіз кездеріңде бірінші кезекте кімнен қолдау күтесің? Бұл жерде ана ролі айқын басымдылықпен көріне түседі. Себебі: ана қамқоршылығында болып, оған эмоционалды түрде етене жақын болуы әсер етеді.
4. Егер сені біреу ренжітсе, ол туралы кімге айтар едің? Не үшін? Мұнда Отбасындағы ата-ананың ролі анық байқалады. Жеткіншек үшін Отбасындағы кімнің беделі жоғары екенін көруге болады. Ал жеткіншекдан ешКімге айтпаймын деген жауап алу - отбасы мүшелері арасындағы эмоционалдық сенімді байланыстың жетіспеушілігін байқатады.
5. Сені қателік жібергенде кім жазалайды? (Әке-шеше, аға-іні, әпке). Бұл сұрақтың тиімділігі сол отбасыда жазалаудың қандай түрі орын алғанын анықтауға болады. Жеткіншектердің көбі бұрышқа тұрғызу, денелік жазалау немесе ойынға шығармау сияқты жаза түрлерін қолданылатынын айтады.
6. Сен кейін өз балаларыңды қалай тәрбиелейсің?
Мұнда ұл жеткіншек үшін әке, қыз жеткіншек үшін шеше ролінің маңызы қандай дәрәжеде екенін байқауға болады. Келесі маңызды мәсәлелердің бірі жеткіншек өзі тәрбиеленіп жатқан отбасындағы тәрбие стилі мен қарым-қатынас табиғатына деген көзқарасын ашық білдіреді. Олар өздері үшін не жағымды, не жағымсыз екенін жеткіншеклық шынайы көңілмен дәл жеткізеді.
7. Өскенде кім боласың? Жеткіншек өзі үшін Отбасындағы беделді тұлғаның мамандығын, айналысатын кәсібін айтады. Сұрақты кей жағдайда жеткіншек ұғымына сай бейімдеуге болады. Себебі, зерттеу барысында кейбір отбасыда жеткіншектер әке-шешесінің мамандығы немесе айналысатын кәсібі жайлы бейхабар болатыны байқалады.
Басқаша айтқанда, отбасыда демократиялық стиль басым болса ата-ана мен жеткіншек өзара тең позицияда, әрі арасында ешқандай кедергісіз бейнелейтіні анық.
Симбиотикалық - қолдаушы стилі басым болғанда жеткіншектің өз бейнесі ата-ана бейнесіне өте жақын әрі образдары етене араласып, жеткіншек өзін әдеттегідей кемсітіп бейнелейді.
Зерттеу нәтижелерін сапалық талдау барысында жеткіншек суретімен проективті интервьюге жауаптары бойынша болжанған Отбасылық қарым-қатынаспен тәрбие стилі ата-аналарға жүргізілген зерттеу нәтижелерін өзара жоғары сәйкестікте болатыны анықталды.
Бұдан шығатын қорытынды жеткіншектер бойында Отбасылық қарым-қатынас пен тәрбие стиліне деген жағымды немесе жағымсыз эмоционалдық қатынас қалыптасады. Ал бұл қатынас өз кезегінде жеткіншек коммуникативтілік қабілетіне қолдаушы немесе кедергілік сипатта ықпал етеді.
Жеткіншектердің қарым-қатынас қабілеттерінің дамуына ең тиімді қарым-қатынас типі “қабылдау-шеттету” және “кооперация” типі, ал тәрбиелеу стилінде демократиялық стиль ең қолайлы ретінде көрінеді.
Керісінше, жеткіншекке “жолы болмаушы” (неудачник) деп қарау, тәрбиелеу кезінде диктаторлық немесе шектен тыс қамқорлық көрсету стильдері –жеткіншек бойындағы коммуникативтік қабілетінің дамуына кедергі болады. Бұл жеткіншектің тұлғалық психологиялық белсенділігінің қажетті дәрежеде дамуын тежеумен бірге, жеткіншектің ойын әрекетінен байқалатын тұлға аралық қарым-қатынас пен дербестікке қабілеттерінің қалыптасып, дамуына зиян келтіреді.
Отбасылық тәрбие стилінің жеткіншек қарым-қатынасының дамуына әсері туралы сөз қозғағанда бала тәрбиесіне қатысты ата-аналардың 3 типі ажыратылады.
1 –өктемшіл-үстемшіл ,
2 - әсіресе қамқорлық (гиперопека),
3 – ымырашыл-демократиялық.
1. Өктемшіл-үстемшіл. Бұл Отбасылық тәрбие типі бала дамуына өте жағымсыз болып табылады. Бұл жерде балаға деген өктемшілдік көзқарас, яғни бала қызығулары мен құндылықтары және оның тұлғалық ерекшеліктері есепке алынбайды. Баланы әлеуметтік жағдайға бейімсіз, әлсіз тұлға ретінде қарау бала тұлғасының шығармашылық дамуындағы ең басты кедергі болып табылады. Мұндай балалар үшін егер отбасыда ата-анасының сүйіктісіне айналған басқада іні-қарындастары болуы жағдайды қиындата түседі.
Ата –аналар өздері тарапынан бала жүріс-тұрысын үнемі қадағалап жазалау шарасына көбірек жүгінеді. Мұндай тәрбие салдарынан баланың невроз ауытқуларына шалдығуы мүмкін. Зерттеулер кезіеде қоғамдық тәртіп бұзушы жас өспірімдер арасында ата – анасы тарпынын агресивті қатнас зардабын жиі шеккендер өте көп екені анықталған.
Осы бағыттағы ғылыми зерттеулер бала тәрбиесіндегі үстемшілдік стильдің бала бойында шығармашылық невротикалық бұзылулар дербессіздік, әлеуметтік мешелдік жеке өзіне деген жоғарғы деңгейдегі агрессиялық көзқарас қалыптасатынын анықтады. Сонымен қатар кіші шәкірттік шақта балаға әкеден гөрі ана тәрбиесінің ықпалы басым болады.
Егер анасы өз баласының табиғатын жоққа шығарып және оны балаға авторитарлық жолмен көрсетіп отырса, бала бойында өзін шарасыз қабылдау, ешкімге керегі жоғын сезіну қалыптасады. Мұнда қыздарға қарағанда ұлдардың ана бағалауына өте сезімтал келетінін байқауға болады. Келесі маңызды мәселе егер отбасыда шешесі өктемшілдік тұлға болса, балалары әкелерінің ролін мойындамайды. Олар әкесіне шешесі көзқарасымен қарап, бағалауға бейім болады. Қыз балалар тәрбиесінде керісінше қатал өктем әкені қабылдамайды. Мұндай отбасыда қайшылықтық негізгі ой қалыптасады.
2. Әсіресе қамқорлық (гиперопека). Бұл тәрбиенің басты белгісі отбасы өмірінде бала тәрбиесіне шектен тыс көңіл бөлу. Бала тәрбиесін назарда ұстайтын ата-аналар қатынасына жатады. Бұл тәрбие екі түрде көрініс беруі мүмкін. Басымдылық және әсіресе қамқорлық тәрбиеде баланың әр қадамына бақылау жасау ойлары мен идеяларына деген қатаң талап, тйымдар мен бақылаулар айқын орын алады.