Файл: Магистерлік жобаны рылымы Отбасындаы атаанамен жеткіншіктер арасындаы атыыстарды туындауыны психологиялы себептері жне оларды алдын алу жолдары кіріспе.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 92

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Магистерлік жобаның құрылымы
Отбасындағы ата-анамен жеткіншіктер арасындағы қақтығыстардың туындауының психологиялық себептері және оларды алдын алу жолдары
КІРІСПЕ............................................................................................................. 2
I. Отбасындағы ата-анамен жеткіншектер арасындағы қақтығыстардың туындауының психологиялық себептерінің ғылыми теорияның негіздері.........................................................................................

1.1 Отбасындағы ата -анамен жеткіншектер арасындағы қарым- қатынас негізін сипаттайтын ғылыми еңбектерді талдау.............................................

1.2 Қақтығыстардың туындауының психологиялық себептерінің негізі....................................................................................................................

1.3 Ата -анамен жеткіншектер арасындағы қақтығыстардың обьективтік факторлар және ерекшеліктер. ......................................................................

ІІ. Отбасындағы ата- анамен жеткіншектер арасындағы қақтығыстардың туындауының психологиялық негізін тәжірбие жүзінде талдау.....................................................................................................

2.1 Ата-анамен жеткіншектің арасындағы қақтығыстардың формула мен позивтік қызметі...........................................................................................

2.2 Отбасындағы ата-анамен жеткіншектер арасындағы қақтығыстарды зерттеу.(сұрақ жауап нәтижесі арқылы)........................................................

2.3 Қақтығыстарды зерттеу нәтижесін бағалау (сұрақ жауаптың нәтижесі арқылы)...............................................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................

ҚОСЫМША........................................................................................................

КІРІСПЕ.

Өзектілігі. Бүгінгі жеткіншектердің терең жан күйзеліс дертіне шалдыққанына талас жоқ. Бұны қалай талдауға болады? Себебі неде? Өтпелі жеткіншектік шақ – қиын кезеңнің бірі. Организмдерде болатын өзгерістерге байланысты өтпелі шақ жеткіншектердің өміріне жаңа дүниетаным мен мазасыздықтар нөсердей жауады. Күнде жеткіншектердің құрдастары, үйде ата-анасы, алғашқы махаббаты бір нәрсені талап етеді. Фильмдер, теледидар, музыка мен интернет жеткіншектерге өз стеореотиптерін байлайды. Нақтылап айтсақ жеткіншектердің бұл шақта стресс пен мазасыздық ілескен өтпелі кезең десек те болады. Сонымен қатар жеткіншектер өмірдің алғашкы соққыларына қарсы тұра алмайды. Ата-ананың қолдауынсыз олар жаман жолға түсулері де мүмкін. Бұл жайлы Біріккен Ұлттар Ұйымының есебінде «...зерттеулердің көрсетуінше, жастар нашақорлықпен айналысуды жеткіншек кезінде немесе есею алдында қолдана бастайды. Зорлық, жыныстық қарым-қатынас және басқа да жат қылықтар туралы осыны айтуға болады»- деп айтылған.


Неге қазіргі таңда жастар соншама қайғы қасіретке ұрынады? Алдыңғы ұрпақ жастары да жеткіншектік кезеңдерден өтпеп пе еді? Әрине, бәрі де есею жолында өтпелі кезеңнен өткеді. Бірақ, қазір біз өмір сүріп жатқан қиыншылығы көп заманда,инновация мен технологияның заманы екенін ескергенімізде жөн. Жеткіншектердің бүгінгі өмірдің ауыр тұрмысы иықтарын басқан, ауыр жүк болып көрінуі мүмкін.

«Қазақстан-2030» бағдарламасында жеткіншектеріміздің алдағы болашақта қандай дәрежеде көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Отбасы әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда көзқарастар, құндылықтар мен мінез-құлықтарды жеткіншектер меңгере бастайды. Отбасында ата-аналармен жақсы қарым-қатынаста, бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай алатын болса, балалар неғұрлым жақсы тұрады. Жалпы адамзат баласын толық қанды адам ететін қоршаған орта және тәлім тәрбие десек жеткіншектердің тұлғалық коммуникативтілік қабілеттерінің қалыптасуына отбасы, отбасылық қарым – қатынас, отбасының психологиялық ахуалы мен тәрбиелеу стилінің маңызы зор екені даусыз.

Соңғы жылдары еліміздегі болып жатқан түрлі экономикалық жəне саяси дағдарыс салдарынан отбасына жəне отбасындағы қатынастарға кері əсерін көрсетті. Еліміздегі экономикалық саясаттың тұрақсыздығы, отбасы институт ретінде, отбасындағы ата-ана мен жеткіншіктердің арасындағы қақтығыстар әсер етеді.

Елімізде ажырасу мәселесі де кеңінен етек алып отыр. Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша ТМД-да көш бастап тұр. Мұндай статистиканы «Бақытты отбасы» ресурстық қолдау орталығының мамандары айтып отыр,отбасында осындай кикілжің мәселелерде жеткіншектердің ой өрісіне, қатты әсер етеді.Осындай жағдайлардың туындауынан жеткіншектердің ата-анамен арада қақтығыстар туындауының біргей себебіне жатады[1].

Заманауи әлем мен технология заманында өмір сүріп жатқан жеткіншектердің отбасындағы ата-ана арасындағы қақтығыстардың туындауының психологиялық себептері өте көп және негізгі мәселе болып отыр. Өйткені қақтығыстың себебінен көптеген отбасылар мен жеткіншектер зардап шегіп қоймай, тек қана отбасыға емес әлемдік және мемлекеттік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе ғылыми түрде зерттеп оны болу себебін анықтап, оны болдырмау жолдарының негіздерін көрсету керек.



Қазіргі заманда аналарымыздың көпшілігі жұмыс жасайды,жеткіншектер уақытының көбін пассивті өткізеді.Жеткіншектерге жеткіншек шақтарында ата-ананың қолдауы,баламен уақыт бөліп серуіндеуге бірге шығып,сырласуы,әрқашан қарым-қатынаста болуы маңызды.

Теориялық маңыздылығы – отбасы ұғымына анықтама беру, оның атқаратын қызметтерін нақтылау, отбасындағы қарым-қатынас мәселелерін талдау көптеген зерттеулерде орын алған. Отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі де жетік түрде толық жасалмаған. Г.М. Свердлов және В.Л. Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету түрлерін жатқызған. Ата-ананың отбасылық ықпалы туралы өз еңбектерінде А.Ю.Гавит, Э.А.Тийт қарастырды, сонымен қоса некедегі сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған [2].

Отбасылық қатынастар бойынша құрылған отбасы анықтамаларының ішінде А.Г. Харчевтің ұсынған анықтамасы бойынша – «отбасы –бұл жұбайлар арасындағы ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, оның мүшелері бір-бірімен некелік және туыстық қатынаспен байланысады, ортақ тұрмыс пен өзара адамгершіліктің жауапкершілікпен, қоғамның қажеттіліктеріне шартталынған әлеуметтік тәуелділікпен сипатталады». Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы жүйе – деп берген анықтамасы А.Г Харчевтің отбасы ұғымына жалпылама болып табылады[3].

Практикалық маңыздылығы. Қазіргі кезде отбасы мәселелерінің арасында ата-ана мен бала арасындағы қатынаста түсінбеушілік жиі орын алып, бір-біріне кешіріммен қарау процесі кешеуілдеп, психологиялық қызмет көрсету жағынан мәселе туындауда. Сондықтан отбасында орын алған қиындықтарды шешуге көмек көрсету жолдарын жан-жақты зерттеу қажет болып отыр. Осы мәселені шешу жолдарын іздеу мақсатында зерттеу тақырыбын «Отбасындағы ата-анамен жеткіншіктер арасындағы қақтығыстардың туындауының психологиялық себептері және оларды алдын алу жолдары» деп анықтадық.

Тақырыбы: Отбасындағы ата-анамен жеткіншіктер арасындағы қақтығыстардың туындауының психологиялық себептері және оларды алдын алу жолдары

Мақсаты – Қазіргі кездегі әлеуметтік шиеліскен мәселе болып тұрған отбасының арасындағы ата-анамен жеткіншіктердің арасындағы қақтығыстардың психологиялық түрде зерттеп, қоғамдығы психологиялық қысым көрсету қауіпін алдың алу жүйлерін құру және адамдардың өзара қарым қатынастарының тұлғааралық қақтығыстардың психологиялық себептерін зерттеу.


Болжамы – Отбасындағы тәрбиелеу стилдері мен жеткіншектердің қарым-қатынас ерекшеліктері арасында тығыз байланыс бар.

Зерттеу міндеттері:

1. Отбасындағы ата -анамен жеткіншектер арасындағы қарым- қатынас негізін сипаттайтын ғылыми еңбектерді талдау.

2. Қақтығыстардың туындауының психологиялық себептерінің негізі

3. Ата -анамен жеткіншектер арасындағы қақтығыстардың обьективтік факторлар және ерекшеліктер.

Зерттеу әдістемелері:

1. Әдістемелік, психологиялық әдебиеттерді талдау;

2. Анықтау әдістері:

а) «Қақтығыстың өзіндік бағасы» тесті: №1 (ата-аналарға арналған),

№2 (жеткіншектерге (12-18 жас) арналған);

ә) Дж. Скоттың әдістемесі бойынша «Қақтығыстағы мінез-құлық стратегиясын

бағалау» әдістемесі;

б) «Агресивті мінез-құлықты анықтау» Басса-Дарки сауалнамасы;

в) Қақтығысты болдырмау жағдайларында дамыту жолдары.

Зерттеу мерзімі:

I.Отбасындағы ата-анамен жеткіншектер арасындағы қақтығыстардың туындауының психологиялық себептерінің ғылыми теорияның негіздері.

Отбасы жеткіншектің ең жақын әлеуметтендіру ортасы, осы ортада адам баласының өсіп-өнер, оның құндылықтары біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы дүниетанымдарды меңгереді және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға биімделеді.Сөйтіп,өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін өмірлік тәжірбиеде сынап байқап көреді.Жеткіншектер отбасында әртүрлі жағдаяттар мен өзін ұстаудың нормаларын, мінез құлықтың реттеудің өлшемдерін,этика мен эстетиканы меңгереді.Мұндай əлеуметтену институттарының бірі — отбасы. Отбасында жеткіншек өзара əрекет ету дағдыларын меңгеретін болғандықтан, көптеген концепцияларда отбасы ең маңызды əлеуметтену институты ретінде қарастырылады. Отбасындағы ата-аналардың жүріс-тұрысы, типтері жеткіншектің «Мен» бейнесінің қалыптасуына үлкен əсерін тигізеді. Жеткіншек жақсы адам болып қалыптасуы үшін, отбасы мүшелері арасындағы ең жарасты, ең əділетті қарым-қатынастардың куəсі болуы керек. Отбасындағы бірлікті, ынтымақтастықты, оның құрамындағыотбасы мүшелердің бірегей адамгершілік талаптарын, бірегей өмірлік көзқарасты ұстануымен, соған орай өзара көмек көрсету жəне ата-аналық сезімін терең түсіне білулерінен көрінеді. Ата-аналардың өзара əрекеті жəне олардың жеткіншектерге қатынасы, отбасындағы жағдай, тұтастай алғанда, жеке тұлға болып қалыптасып келе жатқан жеткіншекке үлкен мектеп.


Жеткіншектер шақ 10–11 жастан 14–18 жасқа дейінгі балаларды айтамыз. Жеткіншек шақ сезімталдылығымен, құрбылары арасындағы беделділіктің маңыздылығымен ерекшеленеді. Бұл жаста ұжым құрамы, қарым-қатынас тобы, əлеуметтік рольдердің өзгеруіне әкеледі. Жеткіншектік кезеңнің өзіндік қиындықтар мен қақтығыстарға толы болады. Л.И.Божовичтің көрсетуінше, жеткіншектердің біріккен іс-əрекетіне ортақ қызығушылықтарын жатқызуға болады. Жеткіншек үшін құрбыларымен бірге болу ғана емес, сонымен қатар сол ортада алатын орны да маңызды рөл атқарады. Зерттеулерде көрсетілгендей, топта жағымды, əрі қанағаттанарлық орын ала алмау тəртіпсіздікке, құқық бұзушылыққа əкелуі де мүмкін. Жеткіншек шақтағы қиындықтар, жас ерекшіліктерінде болатын «13 жас дағдарысымен» байланысты. Авторлардың көрсетуінше, «жас дағдарысы» жыныстық жетілумен, «есею сезімімен», жаңа қарым-қатынас орнатуға деген қалыптасумен сипатталынады[4].

Отбасы психолгиясын зерттеуші ғалымдар З.И.Файнбург, А.Г.Харчев, А.Н. Антонов оның функцияларын ата-ананың үгіт насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы жеткіншектердің әдеті, мінез құлқы, жақсы жаманды бағалау кезеңдері мен қалыптасумен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазалатынын, әділдік пен адалдық ұғымдарын меңгереді деген тұжырымға келген. Қарым-қатынас адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Қарым–қатынас нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып,өзара келісімге келіп дамитындығы әр жеке тұлғаның қалыптасуында жетекші факторлардың бірі болды.Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп ләззат алу,қайғы қуанышта ортақтас болу арқылы адамдардың арасында сенімді кең ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық жүйе не бірнеше рухани әлем және ой пікір, сана сезім,мінез құлық,қылық жорықтар арасында келісім,өзара түсіністік,не болмаса қақтығыс, талас тартыс , қарама қайшылық, тұрғысындағы мәміле үрдісі іске асады.



    1. Отбасындағы ата -анамен жеткіншектер арасындағы қарым- қатынас негізін сипаттайтын ғылыми еңбектерді талдау.


Әрбір жеткіншектің өмірінде ата-ананың орны ерекше. Жеткіншектеріміздің барлығы дерлік отбасында ата-ананың іс әрекетіне еліктейді. Бұл тенденция жеткіншек ата-анасымен арасындағы жағымды эмоционалды қарым-қатынастың арқасында күшейе түседі. Жеткіншек әкесі мен анасына ұқсауға тырысып бағады. Жеткіншекке үйреткісі келетін барлық адами қасиеттерді өз іс әрекеттерімен жүзеге асыратын болады. Бұндай тәрбие процессін саналы деп айтуға болады. Себебі басқа адамдармен қарым қатынас кезінде өзін өзі қадағалау отбасыға үлкен мән беру баланы қолайды жағдайларды тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Осындай отбасында бала жан жақты болады. [5].