Файл: Магистерлік жобаны рылымы Отбасындаы атаанамен жеткіншіктер арасындаы атыыстарды туындауыны психологиялы себептері жне оларды алдын алу жолдары кіріспе.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 96

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ата – ананың жеткіншек алдандағы жауапкершілігі: балаға арамза әрекет жасағаны үшін жауапты; мұғалімге, мектептің педагогикалық ұжымына балағаттау және әдепсіз қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты; бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты; балаға адамгершілік тәрбие беру үшін, өз жанұясында бірлік пен татулықты ұстануға жауапты. Үйдегі тыныштық баланың мектептегі мәселелерін тиімді шешудің бірден бір жолы;мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты; кәмелеттік жасқа жеткенге дейінге баланың салауатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.




Ата – ананың жауапкершілігі сурет 4
Баланы орынсыз ұялта беру де кажет емес. Бұл баланың өз күші мен қабілетіне сенімін жоғалтып, онда ұялшақтық пен тұйықтықтың дамуына жағдай жасайды. Ата-ана баланың ұялу сезімін асқан сақтықпен қарауы тиіс. Мәселен, салақтық, епсіздік немесе күйгелектіктен болған жағымсыз істерді әдейі жасаған тәртіпсіздік қылықпен бір дәрежеде қарап, ұялту қате. Бала өзінің жағымсыз іс-әрекетінің мәні неде екенін, қандай тәртіпті бұзғанын айқын білгенде ғана ұялтудың тәрбиелік әсері болады. Кейбір мұғалімдер баланың ағат істерінің шығу төркінін тексермей-ақ оны ұялта бастайды. Сондай-ақ, баланың өзі түзете алмайтын қатесі үшін де ұялтатындар болады. Мұндай «әдістің» екеуі де дұрыс емес. Эмоция және қабылдау бір-бірімен тығыз байланысты. Эмоция басқа мотивациялық жағдайлар секілді қабылдауға әсер етеді. Нормадағы субьект дүниені дұрыс қабылдаса, ал қайғырып немесе уайымдап жүрген адамдарға басқалардың берген бағасына белсене мән бермеу тән. Сонымен қатар, эмоция танымдық процестердің басқа да бөліктеріне әсерін тигізеді және осындайлардың әсерінен субьектінің мінез – құлқы өзгереді.

Қорытынды

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар бабалардың игі дәстүрін сақтай отырып,қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайларында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, айбат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады » - деп көрсетілгендей, еліміздің болашағы жетіліп келе жатқан жеткеншектердің қолында, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш жеткеншектердің біліктілігіне келіп тіреледі. Жеткеншектің жас ерекшеліктеріне сай талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту және болашағы жарқын, еліміздің дамуына үлес қосатын қорғай алатында патроиттық сезімі бар тәрбиелі азамат қылып тәрбиелеу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.


Тәрбиенің дәстүрмен тығыз байланыстылығын тұңғыш қарастырушы К.Д. Ушинский өз еңбектерiнде тәрбиенiң халықтық сипатына, еңбектiң тәрбиелiк және психикалық сипатына және тәрбиедегi адамгершiлiк мәселелерiне көңiл бөле отырып ―Тәрбие көзi – халықтық педагогикалық психолгия негіздің негізін қалайтын деген тұжырымға келген болатын. Ал осы идеяны қазақ жерiнде жалғастырушы педагог Ы.Алтынсарин адамгершiлiк тәрбиесін қалыптастырудың 7 қасиетіне тоқталып, олардың әрбір түріне жеке-жеке сипаттама берген болатын. Сол қасиеттер: имандылық, жоғарғы әдiлдiк, адалдық, ақкөңiлдiлiк, сыпайылық, момындық, адал ниетпен өсиет беру, жомарттық, қайырымдылық, дұрыс заңдылықта тоқтала келе олардың жеке қалыптасуы нәтижесіз болатынын, тек олар өзара байланыста болған жағдайда, тәрбие мақсатына жетуге болатынын көрсеткен. Адамгершілікке тәрбиелеу механизмдерін айқындауда оның нормалық мазмұнын сақтаудың маңыздылығы туралы Әл-Фараби: ―Доскерлiк – адамгершiлiктегi жақсы қасиет, бұл өзi адамның басқа адамдармен тиiстi шамада қарым-қатынас жасауынан туады, яғни жеткеншекті тәрбиелегенде осы жағдайларды негізге ала отырып керек.Осының арқасында ол өзiнiң жүрiс-тұрысынан, сол адамдармен әңгiмесiнен жақсы ләззат ала отырып өзіне керекті құнды деректі алып жеткеншек өзінің жетілуінде даналықққа ие болады.алады. Өмірде жосдастыққа дастандық бұл ол жеткеншектің ол жеткеншектің отбасылық тәрбиенің кемшілігінен болады . бұл жағдай жеткеншектің қарым қатнастарында үлкен алынбайтын қамалдай қақтығысқа тап болады. Адамзаттың тіршілігіндегі ең бірінші адамзаттың дамып жетіліп тұлға болып қалыптасына ықпал ететін негіз қарым қатнастың қалыптасуы. Ал ендi осы ретте ол басқаны ренжiтетiн iс жасаса, онда бұл дүрдараздыққа апарып соғады - деп, адамгершілік қатынастың қарым-қатынастық өлшемдеріне тоқталған болатын. М.Әуезовтың педагогика, методика мәселелерi жайлы мәселе көтергенi белгiлi. ―Ғылым атты еңбегiнде: «Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгi, өнеге бiлетiндiгiнен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады. Көпшiлiктi адамгершiлiкке тәрбиелеу үшiн жас буынды тәрбиелеу қажет. Адамшылықты таза жүргiзу үшiн – көп ой керек, ойлау үшiн оқу керек және оқу әр тараптан мағлұмат берiп, ақиқатқа баланың көзiн жеткiзiп, көңiлiне жақсылықпен тәрбие беру керек». Деп өз пікірін өз ұрпақтарына бізге даналық насихатырын бізге рухани ырзық ретінде қалдырған. Ал С.Қожахметов шәкiрттердiң адамгершiлiк пен әдеп, саналы тәртiпке тәрбиелеу мәселелерiне байланысты бiрнеше еңбек жазды. Автор өз еңбегiнде дүниежүзiлiк педагогиканың классигi Ян Амос Коменскийдiң «Тәртiп жоқ мектеп – сусыз диiрменмен тең дейтiн афоризмiн эпиграф етiп алады. Ол ―Саналы тәртiп жеткеншектердің еңбекке, оқуға саналы түрде өзiнiң бар ықыласымен қатысуын, мектеп, колледж мүлкiне ұқыпты болуын, туысқандарына, жолдастарына көзқарас, қарым-қатынасы, сыпайы, қадiрлi, қошеметтi болуын талап етедi». Яғни өз жүрген ортанда рухани, өз ата ананның шыққан тегінді дәріптеу арқылы қлағатты азамат болып өсуге шақырады.



Дара тұлғаның өзіне-өзі қызмет ету құқығы, сәлемдесу әдебі, ата-ананы, жалпы адам баласын сыйлау сияқты құқықтық мәдениеті, Отанға, ата-бабаға, ата-анаға, ұжымға қызмет етуі сияқты құқықтық парызы халықтың салт-дәстүрлері арқылы орындалып, өмір заңдылықтарымен өзектескен қасиетті құбылыс. Жеке тұлғаның өзіне-өзі қызмет ету құқығы.

Қазақта «Тірі адам тіршілігн жасайды» деген мақал бар. Тіршіліктің қисыны, тірліктің тәртібі, әдебі бар. Әрбір адамның негізгі тірліктері: ұйықтау, ояну, киіну, жуыну, сергу, еңбек ету, тынығу. Әрбір тірліктің өз тегі, қалпы, құқықтық мәні, тәртібі бар. «Әділет басқанды ұйқы басады» деп, халқымыз бекер айтпаған. Ұйқы қалпынан асса, ол – ауру. Әрине әсіресе жас баланың ұйқысы қанық болуы қажет, бірақ ол қалпынан аспау керек. Бұл тек ұйықта жаратылтын ,тіршіліктің негізі деп жеткеншек тек өмірін ұйқымен өткізбей, өмірін сәнді, мәңді, мағналы өткізу қшін тіршіліктің негізгі қағидасымен тіршілік етуге ұмтылу керек. Әрбір әдепті адам, уақытысында жатып, дер кезінде тұрып, тіршілік жасамаса, адамдық қасиетінен айырылып қалады. «Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, ерте тұрған еркектің ырысы артық» деп, халық «ерте тұрудың» мәнін ерекше бағалайды. Ертеректе жиырмасыншы ғасырларды қылыми техниканың енді дамып келе жатқанда әрбір отбасында бір ғана телевизор болғанда ата аналар балаларына тек жеткеншектердің жас деңгейінет қарай бағдармаларды көрсетіп қадағалап отыратын, ал қазіргі кезде ата аналар балаларын қадағалауда көп кеген қиыншылықтар тап болып сонығ себебтеріне қолды бір сілтеп санасына берсін деп ұрпағының жетілуіне көңіл бөлмей отырғандар да бар, себебі қазіргі техника технологияның дамуына байланысты және мәжбірліктен мектеп жасындағы балалрдың балығында компьтермен, сотқамен қамтылық олар өздерінің қалаған сайттардан келген жағымсыз және психолгиялық ауытқулрға әкелетін бағдарламаларды көріп, өздеріне қол жасау тағыда басқа жағдайларға тап болып жатқандар көп. Ол құқықтық мәдениетке қайшы келетін, келеңсіз жағдай. Әрбір адамның сымбатын, әдемілігін киім айқындап тұрады. Киімнің жарасымды, үйлесімді болуы, көбінесе, жеке бастың киіне білуіне байланысты. Жазда, күзде, қыста, көктемде киетін киімдерді өз ретімен кимесе, жарасым болмайды. Сән қуып, тән азабына ұшырап жүргендер аз емес. Ал талғамсыз, жарасымсыз сән күллі жүрттың алдында күлкіге ұшыратады. Қыста «сәнді» деп, жалаңбас жүру – денсаулыққа зиян. Жақсы киіну үшін сол киімді күте білуді үйренуіміз қажет. Киімін таппай, күйініп, киімін тапса, үстіне қалай-болса солай іле салатын салақ бала салауатты бола алмайды. Тәрбие құқықтық нормаларды қалыптастырады. Тіршілік кезінде көшеде, көпшілік ортасында әдеп сақтау да жеке адамның өзіне-зі қызмет етуіне жатады. Жеке тұлғаның өзіне-өзі қызмет ету құқығын шәкірттерге жан- жақты түсіндіріп, олардың құқықтық санасын арттыру ісінің нәтижелігі тәрбиешінің ұстаздық шеберлігіне байланысты. Сәлемдесу – құқықтық - адамгершілік міндет. Сәлем – әдептіліктің белгісі. Сәлемдесу – кездескен адамдардың бір-бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі, бір-біріне аман-саулық тілеп, тілектестігін, ниеттестігін білдіруі, яғни ізеттілік пен әдептілік нышанын көрсетіп, амандыққа ақ жарқынданып, жақсылыққа жадырауы. Амандасу адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады. Амандасқан адам қазақ салтында он алақанын жүрегінің үстіне қойып, басын изейді. Не қолын алып амандасады. Ол «Сізді шын жүректен құрметтеп, амандығыңызды тілеп, өзіңізге бас иемін» деген мағынаны білдіреді. Үлкен адамға сәлем беру – кіші адамның құқықтық міндеті. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жастағы қария сәлем береді» деген әдеп бар. Алыстан келген адамға сәлем беру тәртібі жасқа, үлкен-кішіге байланысты емес. Ал кездескен кезде кіші адам үлкен кісіге сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік болады. Сәлем беру – имандылық, инабаттылық, көргендік, мәдениеттіліктің белгісі. Сәлем қылу кезінде инабаттылық көрсетіп, үлкенге мүмкіндігінше күлімдеп, жылы шырай көрсете, иман жүзділікпен қарап, құрмет көрсету ниетін білдіру қажет. Аялаған ана, әлпештеген әкені құрметтеу – құқықтық міндет. «Әке – отбасының пірі», қара шаңырақтың қожасы. Әке – үй ішінің тірегі, баласының жүрегі. «Әкесіз бала – панасыз балапан» дейді халқымыз. Әрбір баланың әке алдында құқықтық
борыштары мен парыздары, міндеттері бар. Әке алдындағы міндеттер: тілін алу, сөзін тыңдау, ізет көрсету, әдеп сақтау; парыздар: балалық міндеттерді орындауды дәстүрге айналдырып, әкеңе көмекші, демеуші, сүйеуші болып, оны әрқашан да қуанышқа бөлеп отыру; кәмелетке жеткен соң, әкеге біржола қызмет көрсетіп, оның қартайған шағында асыраушысы болу, әкеңнің әкелік еңбегін төеу. Әкесін сыйламаған балада сезім жоқ. Ол – бақытсыз. өйткені ондай нақұрыста адамгершілік мейірім, қайырым болмайды. Мейірімсіз, қайырымсыз жанда адамгершілік қасиет қалмайды. Ең әуелі бала әкесінің алдында әдеп сақтай білу білу керек. Мысалы, аяулы ана ас дайындап, дастархан мәзірін жасайды, сонда анаға көмектесе жүріп, әкені ас-дәмге шақырып, ас алдын әкеге татқан соң ғана, басқа балалар асқа сумаңдап, сұғынбай, әдеппен «алыңыздан» бастап дәм татады. Бұл ұлттық әдеп, құқықтық сана. Әсіресе ер бала – әкемен сырлас, жолдас, дос. Сондықтан да ол әрқашан да өзінше бір әрекет жасау үшін әуелі әкемен ақылдасып отырғаны жөн. Халық ішінде әлеуметтік дәстүрлер атадан әкеге дарып, қалыптасып, дамиды, жеке дәстүріне мұрагер болу – құқықтық борыш. Мысалы : әке күйші, әнші баланың да өнерге бейімі бар дейік. Ал бала сол әлеуметтік дәстүрге немқұрайды қараса, онда әлеуметтік намыс жоқ, яғни ол ұлттық қасиетін құқықтық мәдениетін жоғалтып алатын керғайсаң кесірлі жан болып шығады. Ұлағатты ұстазға адамгершілікті шәкірт бола білу құқығы. Абай атамыз:»Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз – тұл» деген қараса сөзінде балалардың жетілуіне тек ата анат ғана емес ұстаздардыңда ықпалы бар екенің сол себебтен ата анамен ұстаздардың арасында тығыз байланыста болып тұру керек .

Төле Би: бабаларымыздың айтқан мынадай ұлағатты сөзі:

―Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол.

Бір елдің атасы болма,

Бар елдің данасы бол!- деп адамзатты ұлағатты жан жақты тек өз қамын ғана емес көпшіліктің тек өз тегін ғана емес отанының тірегі, арқа сүйер елін қорғайтын бұрынғыдай қарумен емес ақыл даналықпен қорғайтын азамат болуға шақырады. Бала ата ананың айнасы деген дей бала тәрбиеленгенеде ата аналар заманың өзгеруне қарай жеткеншектердің өмір сүріп отырған қоғамның ықпалына қарай жеткеншекпен қарым қатнасында қазіргі кезде психологтықда көмегіне сүйенуге болады. Өйткені кейбір кезде жеткеншектер өз ойын пікірін және болған жағдайларды ата анасына алып айта алмауында мүмкін, міне сондай жағдайлардың етек алып кетуіне байланысты дүние жүзі бойынша бүкіл мемлекеттерде психологтың қызметің жандандырған тек жеткеншекті емес ата аналарда барып жеткеншектерді тәрбиелеу кезіндегі кемшіліктерін мойындап бағыт бағдар алуға болады. Ата анамен жеткеншектер арасындағы қақтығыстарды болдырмау үшін ата аналары отбасылық жағдай да жеткеншектердің көзінше жанжал туғызбайға және жеткеншектердің жүкесіне әсер ететің жағдайларды туғызбай. Сонымен қатар жеткеншектермен сөйлескенде пікірлескенде әрбір нәрсені ой елегінен өткізіп барып сөйлесу керек Өйткені әрбір жеткенше сіздерге қарап бой түзейді.Яғни ұрпағыңыз сіздің айнаңыз өзіңіздің өмірден алған тәжірибеңізге қарап жеткеншектерді жан жақты қылып адал, адамгаршілігібар, ғылама азаматқыз тәрбиеліп мемлекетіміздің гүлденуіне өз үлестеріңізді қосыңыздар.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Возрастная и педагогическая психология /под ред. А.В. Петровского), М., 2009

2. Титаренко В.Я. Семья и формирование личности, М., 1987, 351с.

3. Семья и формирование личности //Под ред. А.А. Бодалева, М., 1989.

4. Буренкова Е.В. Изучение взаимосвязи стиля семейного воспитание личностных особенностей ребенка и стратегии поведения значимости взрослого .:Дис. канд. психол. наук.- Пенза, 2000 - 237с.

5. Спицин "Хроника семейного общение " М. 1987.

6. Кулик Л.А., Берестов Н.И. "Семейное воспитание ". М: 1990.

7. Хрестоматия по возрастной и педагогической психологии /под ред. И.И.Ильясова, В.Я. Ляудис . М.,2000.

8. Золотнякова А.С. «Проблемы психологии общения», Ростов-на-Дону 2006г.

9. Кулагина И.Ю. «Возрастная психология», М., 2006 г.

9.1 Рубинштейн С.Л. Принципы и пути развития психологии. - М., 2000.

10. Мұқанов М.М. «Жас ерекшелік және педагогикалық психология», М., 2006 ж.

11. И.А. Зимняя Педагогикалық психология. Алматы, 2005 436 б 12.

13. Буева Л.П Человек деятельности и общение .М. " Мысль" 2007-216 с.

14. Варга .А.Я. Структура и типы родительских отношения.

15. И.А. Зимняя Педагогикалық психология. Алматы, 2005 436 б

16. Смирнова Е.О. Проблема общения ребенка и взрослого работах Л.С Выготского и М.И Лисиной. // Вопросы психологии., - 1996 -№ 6

17. Лисина М.И. Развитие познавательной активности детей в ходе общения со взрослыми и сверстниками // Вопрсы психологии – 1982 - №4 - С.35

18. Галигузова Л.Н., Смирнова Б.О. Общение со взрослыми как условие осознания детьми своих собственных действий //Проблемы возрастной психологии. - 1989 - С.21-22 .

19. Годовикова Д.Б.Влияние общение со взрослыми на общение со сверстниками \\ Иследование по проблемам возрастной педагогической психологии.-М., 1980.-С 78-79.

20. Күнсләмова Т.К Жеткіншектердегі өзіндік бағалау, өзіндік реттелу және эго күйдің белсендірілуі мен агрессиялықтан өзара байланысын психологиялық-педагогикалық тренинг негізінде зерттеу . Автореф. канд. дис. Алматы, 2002. 156 б.

21. Колокина Р.С. Қазақстан балалары мен жасөспірімдерінің адамгершілігі қалыптасуына және денсаулығының сақталуына отбасылық қарым-қатынасының ықпал етуі Валеология. Денсаулық және өмірлік дағдылар.2009. Б 21-22 .

22. Баймуканова М.Т. Отбасымен және балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс бойынша практикум: оқу-әдіст. құрал Карағанды: КарМУ баспасы, 2006. 104 б.