Файл: Магистерлік жобаны рылымы Отбасындаы атаанамен жеткіншіктер арасындаы атыыстарды туындауыны психологиялы себептері жне оларды алдын алу жолдары кіріспе.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 94
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстадық психологтардың көбісі мысалы: Д.Б. Эльконин, Т.В. Драгунова жеткіншектік жастың жетекші іс-әрекеті ретінде қарым-қатынасты келтіреді. Жеткіншек жаста қарым-қатынастың ерекше орнын дәлелдей келе, В.В. Давыдов өз пікірін ұсынды: «жеткіншектік кезең адамда қарым-қатынасты құраушы тәртіптер мен ережелердің қалыптасу кезеңі» [11].
Жеткіншектік жастың өзара қарым-қатынас типін қолдай отырып, Я.Л. Коломинский және А. Березовин мынадай пікірлерін ұсынады: жеткіншектің шағын ортасы негізгі екі әлеуметтік-психологялық астарлы жүйе бірлігінен тұрады алғашқысында бұл «ересек бала» қатынасындағы астарлы жүйе, белгілі-бір кезеңде бұл жүйеге «бала-бала» қатынасындағы астарлы жүйе бастапқы жүйе орын алады. Дәл осы жүйеде қарым-қатынасқа қажеттілік пайда болып, дамуға түрткі алады, ол тұлғааралық қатынастардың негізінде жатыр. (2007жыл)
Жеткіншектің сынып ұжымындағы құрдастарына деген қатынасына зерттеу жүргізді. Оның анықтауынша, жеткіншек өз құрдасының бойындағы жоғары адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалайды. А.В. Петровский сонымен қатар мынаны ескертеді, «жеткіншектер жақсы жолдас болуға даяр әрі бейім келетін құрдастарын бағалайды. Жомарттылық бастауыш мектеп кезеңіндегідей, тұлғааралық таңдаудың жетекші негізі болып қала береді» (2007ж)[12].
Жеткіншектердің мінез-құлқын өзіндік реттеу механизмдері танымдық іс-әрекеттер мен байланысты, зейіннің көлемі, интенсивтілігі, орнықтылығы арқылы зерттеу барысында мына жағдайлар анықталды: жеткіншектердегі қалыптасқан ерік күші, мінез-құлықтағы ішкі субъективті позициямен байланысты болады және өзіндік реттелуге әсер етеді. Эмоциялық өзара қатынас мінез-құлыққа әсер етсе де, субъективті көзқарасқа келгенде қақтығыс екінші орынға түседі, олардың әсері сол ұстанған көзқарасы арқылы сындырмауы деген пікірде бар.
Жеткіншектердің бесінші бөлігі құрдастарымен қақтығыстардың болуымен сипатталады, қақтығыстың жағдайдан дұрыс түрде шыға білмеуімен байқалады. Құрдастарымен қарым-қатынаста ұмтылыспен қақтығыстық жағдайлардан шыға білмеуі арасына қарама-қарсылық туындайды деп көрсетті Т. Шалғынбаев. «Дезадаптациялық мінез-құлқы бар жеткіншектердің жеке тұлғалық қасиеттері мен тұлғааралық қатынастарының ерекшеліктері және оларды реабилитациялық жұмыста қолдану» атты зерттеу жұмысында. Баланың әлеуметтік дамуы ата-аналармен құрылатын дамушы жағдайымен анықталады. Жас ерекшелік құрылымдар сенімді кезекпен қалыптаспайды.
Бұдан біз жеткіншек мен ата-ананың арасындағы өте тығыз байланысты көруге болады. Бұл қатынасты Хоментаус экологиялық қатынас деп атайды. Көп жағдайда отбасыдағы балалар екі жыныс өкілдері болғанда олардың арасында онша қайшылық болмайды.
Ер баланың өзінің оны күштілігі, тәуелсіздігі ашушаңдығы үшін мадақтайды, ал қыз баладан болса, нәзіктік, сезімталдықты талап етеді. Бұндай отбасыдағы қайшылықтың себебі көбіне ата-ананың қандайда бір жынысқа басымдылықпен қарауымен болып келеді. Мәселен: ер балаға ұрпақты жалғастырушы жеке тұлға, дене күш иесі деп қарайды. Осының салдарынан қыз балада жетіспеушілік сезімі пайда болады. Кейде ол ата-ананың көңілінен шығу үшін ер адамның мінез қырларын қабылдауы мүмкін. Сонда қарап отырсаң ата-ананың жеткіншекте, мұндағы орны ерекше екеніне көз жеткізуге болады. Жоғарыда біз тұңғыш бала мен екінші бала қатынастар сипатын қарастырдық және де бір отбасыдағы балалар еліктеп әр түрлі мінезді болады деген сұраққа жауап бердік. Көп әсер ететін фактор олардың даму жағдайларының әртүрлілігінде болып отыр.
А. С. Выготский бұл жөнінде “әлеуметтік даму жағдайы” деген ұғымды зерттеулерде түсіндірген. Жеткіншектік шақта әлеуметтік ортамен өзара әрекеті оның дамуының негізін анықтайды. Ол жеткіншектің әлеуметтік даму жағдайын талдағанда оның екі бірлігін бөледі, іс әрекет және бастан кешіру [13].
Екінші жеткіншектің даму жағдайының жақсы болуы ата-ананың түсінікпен қарағанына байланысты. Ал отбасыдағы кіші және ортаңғы баланың даму жағдайына шолу жасасақ олардың даму жағдайлары мүлдем басқа. Ол белгілі бір әрекет орындағанда әрқашан үлкендер қадағалап көмек береді. Нәтижесінде ол көп жағдайларда өмірге дайын болмайды. Бұл жерде де кенже баланың қалыптастырудағы ерекшеліктерді байқаймыз.Ал ортаншы бала көбіне әділетсіздікті сезінеді және өзін көптеген жағдайларда өкпелі сезінеді. Оның белгілі бір шешім қабылдауда үлкендердің көмегін күтеді. Ал жалғыз бала туылғаннан бастап өте ерекше жағдайда өседі. Психологтар бұған сенімсіздікпен күмәндана қарайды.
С. Холл бойынша отбасыдағы жалғыз жеткіншек ерке бала болып өседі. Жалғыз бала дамуындағы ерекшелік ол ұзақ уақыт бойы үлкендермен өте жақын қарын-қатынаста болады. Бұл жеткіншек үшін оңай емес. Жеткіншек көп жағдайда өзінің әлсіздігін пайымдауы мүмкін.
Нәтижесінде өзіне деген сенімін жоғалтады. Жалғыз жеткіншек ата-анасының көз алдында өседі. Егер оның қолынан бір нәрсе келмей жатса оған тез арада көмек береді. Ал егер үлкен отбасыда жеткіншек түймені қадай алмаса он рет немесе бірнеше рет қайталу барысында үйренеді. Отбасыдағы жалғыз баланың бір ерекшелігі олар өзімен жасты жеткіншектермен жақын араласа алмайды. Және де өзінде қайталанбас құнды деп санайды [14].
Олар өзімен құрдас жеткіншектермен қалай сөйлесу керектігін біле бермейді. Отбасысының суретін салғанда туысқан апа інілерін салып қояды. Жеткіншек ата-аналарының өзіне деген қатынасын сезінеді. Көп балалар көмек беріп, серік болып өседі. Бірінің білмегенін бірі айтып, қол ұшын беріп, қолынан келгенін аямайды, өзінен үлкеннен үлгі -өнеге алып, соған ұқсауға тырысып бағады. Ал үлкендері кішіге ізет көрсетіп оларды жетелейді. Өзін бауырлары үшін жауапты сезінеді. Осындай даму жағдайында белгілі бір мінез қырлары өмірге деген көзқарасы қалыптасады Л.С. Выготскийдің пікірінше жеткіншек жас екі процесс қатарын көрсетеді:
Табиғи – ағзаның биологиялық жетілу процесі, сонымен қатар жыныстық даму.
әлеуеметтік – кең түрде қарым – қатынас, тәрбие, әлеуметтену процестерінің дамуы жатады.
Бұл процестер әрқашан бір – бірімен байланысты, бірақ синхронды емес:
Әртүрлі жеткіншекте физикалық және психикалық дамудың жолы ( мысалы бір бала 14-15 жаста ересек болып көрінсе, ал бір жеткіншек керісінше әлі жас бала болып көрінеді.)
Іштей биологиялық жүйе мен психика дамуының сәйкессіздігі де кездеседі.
Физикалық дамудың әлеуметтік дамудан ертерек болуы. ( физикалық жетілу ерте іске асады, әлеуметтікке қарағанда. Яғни әлеуметтік ол – мектеп бітіруі, мамандықты таңдауы, экономикалық жағынан еркін болуы т.б.) [15].
Жеткіншектердің психологияда өзекті де, күрделі мәселелерінің бірі – жеткіншектік кезеңде өзін - өзі бағалау мәселелері.
Өзінің ерекшеліктерін білгісі келудің, өзіне ден қойып, өзі туралы ойлай бастаудың шығуы- жеткіншек шақтағы балаларға тән ерекшелік. Өзін-өзі бағалау адамның өз іс-әрекетінің реттелуіне тікелей қатысушы жеке адамдық құрылым, жеке адамның автономды мінездемесі, жеке адам белсенділігінің орталық компоненті ретінде алынады. Адамның өз дене күшін, ақыл-ой қабілетін, іс-әрекет мотивтері мен мақсатын, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын сезінуі өзіндік бағалау арқылы жүзеге асады. Өзіндік бағалаудың ерекшелігі көптеген сезімдердің ерекшеліктеріне, жеке тұлғаны тәрбиелеу қарым-қатынасы мен талаптану деңгейіне тәуелді.Адамның өзін-өзі бағалауы не тым жоғары, не өте төмен болуы мүмкін екенін ескеретін болсақ, бұл екеуі де адам өмірін ауырлатады. Адекватты емес өзін-өзі бағалау, сол адамның өзіне ғана емес онымен өндірістік, тұрмыстық және т.б. қатынастардағы адам өміріне де жағымсыз әсер етеді. Өзін-өзі бағалаудың маңыздылығы: істеген істері мен жеткен жетістіктердің нәтижесін бағалау.
Саналы түрде өзін-өзі басқарудың ядросы өзін-өзі бағалау екені белгілі. Ғалымдардың пікірілерінше А.М.Прихожан, А.И.Липкина, И.С.Кон, Е.И.Саванько, А.Е.Серебрякованың, жеткіншектік кезеңде өзін-өзі бағалауын қалыптастыру үшін қолайлы. Сондықтан осы жас кезенінде оның дамуын зерттеу, басқару процесінің маңызды құрылымы ретінде өзін-өзі бағалау қызметінің ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді.
Жеткіншектің жеке басының дамуындағы маңызды фактор оның үлкендер мен құрдастары арасына қанағаттанарлық қатынас құруға бағытталған әлеуметтік жеке белсенділігі. Сонымен өзін-өзі бағалаудың теориялық әдістемелік аспектілері терең және жан-жақты қарастыруды талап етеді. Жеткіншек жасындағылардың өзіндік бағалауының дұрыс қалыптасуына ата-аналар мен психологтың әсері зор. Өзіндік бағалау оқушының өзінің жеке бас ерекшеліктерін білуде, тұлғасының дұрыс дамуында адекватты болғаны өте маңызды. Баланың өзіндік бағалауы, оның өзіне қатынасын және өзін қабылдауын, көбінесе оның мінез-құлқы мен үлгерімін анықтайды. Адекватты емес өзіндік бағалау баланың жағымсыз мінезінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады, оның әлеуметтік пісіп жетілуін тежейді, жеке тұлғаның бірқалыпты дұрыс дамуына кедергі жасайды. Сонымен оқушы бойында өзін-өзі бағалау кезінде өз мүмкіншілігін бағалауға деген мақсат қалыптасуы керек, бұл өзіндік бағалаудың негізгі компоненттерінің бірі болып табылады.
Жеткіншектік жас биологиялық мағынада өтпелі кезең болып саналады. Жеткіншектің әлеуметтік статусы жас баладан айырмашылығы жоқ деуге болады. Жеткіншек – әлі мектеп оқушысы және ата-ана қарамағында болады. Олардың негізгі іс – әрекеті – оқу болып табылады.
Танымдық - іс-әрекетте ересектіктің дамуы. Ересектіктің дамуындағы маңызды бағыт мазмұнды мүдделердің дамуымен және болашаққа жоспарлар жасаумен байланысты. Ол жеткіншектердің бір нәрсені шын мәнінде танып білуге ұмтылуынан барып дамиды. Мұның өзі мазмұны мектеп бағдарламасының шеңберінен асып түсетін танымдық іс- әрекеттің, дамуына себепші болады. Мұндай іс-әрекетінің ғылымға, техникаға, өнерге, білімнің немесе бірнеше саласына қатысты болуы мүмкін және кәсіптік ниеттермен әрдайым байланысты бола бермейді. Әуестену құштарлық сипатта болып, ондайда бірқатар уақыт- бос уақыт қана емес, сабақ даярлауға қажетті уақыттың да сол өзіне ұнамды іспен шұғылдануға кетеді. Қайсыбір іске ынталы жеткіншек өте белсенді болады, қажетті кітаптарды, материалдарды, аспаптарды іздестіріп, әртүрлі тәсілдермен игереді. Жеткіншектер үнемі кітапханаға, көрмелер мен музейлерге барып, экспозицияның белгілі бір бөлігін егжей- тегжейлі зерттей бастайды. Мүдделердің үйлесуі негізінде жолдастарымен қарым-қатынас орнайды. Балалар әртүрлі мәселелерді талқыламайды, кітаптармен, материадармен алмасады, әртүрлі қиыншылықтарда ақыл- кеңеспен және іспен жәрдемседі. Ықыластанған білімді табу немесе сәтсіздіктің себебін анықтау үшін жеткіншек кітаптар мен анықтамалар қарайды. Мұның өзі ынта- ықылас пен нәтижелі іс- әрекеттің дамуындағы өте маңызды қадам: жаңа білімдерді қажетсіну дербес, яғни өздігінен білім алу арқылы қанағаттандырылады. Жеткіншектің дербес іс- әрекетінде кейде шығармашылық элементтері болады, оны жаңа нәрсе жасау үрдісі және жалпы алғанда танымдық үрдістің өзі әуестендіреді. Бұл орайда интеллектілік даму жеделдеп, білім терең сипатта әрі көлемді болады.