Файл: Магистерлік жобаны рылымы Отбасындаы атаанамен жеткіншіктер арасындаы атыыстарды туындауыны психологиялы себептері жне оларды алдын алу жолдары кіріспе.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 93

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2.3 Отбасындағы ата анамен жеткіншектер арасындағы қарым- қатынасты қалыптастыру негізін жандандыру

Ұрпақ қамы ертеңгі ел қамы. 21 ғасырда өмір сүріп еңбек ететін жастарды тәрбиелеуде қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтап уақыт талабынана өткен бай қазынасын отбасы тәрбиесінде қолдану – кезек күттірмейтін мәселе екені даусыз. Я.А.Коменский «Ағайынды чехтарды» тәрбиелеудегі халықтық дәстүрдің жақсы нәтижелеріне сүйене отырып, баланы жастайынан жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсетіп берсе, ал Швецарияның кемеңгер педагогы И.Г. Песталоцци тәрбиені ана тілінде оқытатын халықтық мектептердің бай тәжірибесіне негіздей отырып жүргізуді мақұлдады. Ертерек біздің ата бабаларымыз ұрпақтарын яғни 12 жасқа тоған балаларын өзімен ертіп жүрген өйткені үлкен жиындарда ақындар, сөзге шешен, ғұламалардың сөзін тындап бойына жақсы қасиеттерді дарытсын деп. Қазақтын жақсыны көріп үйрен, жаманды көріп жеркен деген сөздің өзі осы жағдайлардан қалған. Жеткіншектерді тәрбиелеуде жан жақтағы болып жатқан оқиғалар, жағдайларды айтып сол жағдайлар жайлы пікірін білім,кемістеу жері болса түсіндіріп толықтырып отыру керек,Кейінгі кезде діни кері ағымдарға еріп, жеткіншектер жаман жолға түсіп кетіп жатқандар қанша міне оны таратып жатқан ортаның жеткіншекті баулап алатын қасиеті сияқты ата-аналар балаларын тәрбиелеуде әр баланың мінезіне, қабылдау дәрежесіне қарай ықпал етіп,ұрпағының жаман жолға түсіп кетуінен сақтандыру керек. Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі - әйел. Әйелдің бұл рөлі отағасының жамағатына, бала-шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая, биіктей береді. Әрине, әйел де өзінің аналық борышын ұмытпағанда, әсіресе, ерімен қабағы жарасып, тату – сүйіспеншілікте тұрғанда мәртебесі арта түспек. [24,96 б].

Дүниенің ең тамаша туындысы – тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.


Әйелдің еріне қарым-қатынасы балалардың әкеге көзқарасының сипатын анықтайтыны берік есте болуға тиіс. Мұның өзі, бір жағынан, үй ішіндегі әдептің бастау көзі екені анық. Демек, балалар үшін әке беделі аналарының сөзі, іс-қимылы, қас-қабағы арқылы қалыптасады. Мысалы, ерлі-зайыптылар балалар көзінше бір-біріне қатты, балағат сөздер айтыспақ түгіл, дауыс көтеріп, керісуге тиіс емес. Олай еткенде, өз беделдерін жоғалтудың, бала – шағаның жүрегін шошытып, зәресін ұшырудың үстіне, олардың жанына кейін өздері үй болғанда, алдарынан шығатын жаман әдеттің ұрығын егеді.

Бұл жағынан аналардың балаларға: «әкеңмен ақылдас», «әкең біледі», «әкеңнің айтқанын істе» т.б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы қандай ғанибет! Атақты «Абай» эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар. «...Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала – Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып, сәлем бер!» – дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі». Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, оның тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық. .[25,21-22 б]

Бақыт бірде бар, бірде жоқ, баянсыз болса – бала – баяндылық, өмір гүлі, тірлік тірегі! Ұрпағын тарыдай шашып, тастанды етіп жүрген жеңіл ойлы желбастар өздерінің адамдық парызын ойлаудан аулақтаған берекесіздер... Балаға, ұрпаққа қазақ халқы қашанда үлкен мән берген. Біздің халқымыз балажанды халықтардың бірі. Сондықтан да, туған халқымыз турасын айтады: «Балалы үйдің еңсесі биік». Өйткені бала – бақыт, бала – қуаныш, бала – шаттық, бала – мақтаныш, бала – сүйеу – тірек, бала – болашақ. «Баласыз үй – қу мазар» деп кесіп айтуда да шындық қаншама?! Бала тудырдың екен – баға да біл. Халық алдымен ата – анадан осыны талап етеді.

Бүгінгі оқушы мемлекетіміздің ертеңгі үлкен азаматы, кәсіп иесі. Сондықтан да бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, жас ұрпақты назардан тыс қалдырмаған жөн. Бүгінгі таңда ата-анасы қасында болса да қадір-қасиетіне жете алмай, ұлдарымыз маскүнемдік пен нашақорлыққа бой алдырып, қыздарымыз шылым шегіп,жеңіл жүрістерге түсуі отбасындағы тәрбиенің дұрыс жолға қойылмауының айғағы. Шариғатта да алтын ұя – отбасы жоғары бағаланып, оны бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші дәрежелі мән берілген. Өйткені: «Балалар – ата-аналар қолына берілген аяулы аманат.» демекші жеткіншек ертең мемлекеттің ,қоғамның белгілі, арқа сүйетін тұлғасы деп қарау керек.



Белгілі қазақ жырауы, философы Асан Қайғы өзінің поэтикалық шығармаларында, әмірде адам баласы қандай болуы қажет, неге талпыну қажеттігі жайында қызықты ой- өрісті дүниелерді көрсете білген. Философтың пікірінше, әрбір адамзат өзіндік жетілуге талпынуы қажет. Нағыз жеткеншек азаматтың мынадай саналы қасиетбойында болу керек: адамгершілік, шынайылық, шыншылдық, қарапайымдылық, намысқойлық, тұрақтылық.



Нағыз жеткіншек азаматтың бойында болу қасиеттер сурет1.

Кез-келген технология адамның психикалық дамуын анықтайтын деректер, алғашқы себептер туралы түсініктерден пайда болады. Жеткіншектердің даму жетекші факторына байланысты технологияларды төмендегінше бөлуге болады.

- психиканың дамуы биологиялық тұқым қуалау арқылы анықталады деп қарастыратын – биогендік технологиялар;

- жеткіншектердің қалыптасуы адамның әлеуметтік тәжірибесіне, оқып үйрену нәтижесіне байланысты деп қарастыратын – социогендік технологиялар;

- даму нәтижесі адамның өзіне, тәжірибесіне, өзін-өзі психологиялық жағынан жетілдіруіне байланысты анықталады дегенді жақтайтын - психогендік технологиялар;

- жеке тұлға және оның қасиеттерін материя емес деп ұғындыратын - идеалистік технология;

- жаңа технологияны оқып үйренудегі әрекет түрлерінің психологиялық аспектілері:

- Заттық (материалданған әрекет): дауыстап сөйлеу,іштей сөйлеу, үйреншікті әрекет кезеңі.

Егер де соңғы он жылдағы ғалымдар зерттеулерін қарастырып, озық педагогикалық тәжірибені талдуға келетін болсақ, жеткіншектерге біліммен қамтамасыз ету кезінде бірқатар өзекті мәселелер көз тарта бастайды. Олар мыналар:

- жеткеншектер өмірін әлемді әлеуметтік игеру, өмірлік әрекет ретінде ұйымдастыру;

- білім беру мәселелер мен бағыттар өрістерін болжау және құру;

- білім беру үдерісінің өмірге саналы түрде араласуы;

- педагогтардың кәсіби тұрғыда өсуі;

- білім беру үдерісін тұлғаны орталықтандыру ретінде басқару.

Көрсетілгендермен қатар ең маңызды сәтті ерекшелеу қажет: аталған мәселелердің барлығын, оқушы Қазақстан азаматы ретінде ең бірінші орынға қойылып, білім беру үдерісі субъект-субъектілі болған жағдайда ғана шешуге болады. .[24,96б]

Қазіргі мектеп оқушысы мектеп бітіргенге дейін шынайы білім беру үдерісінде өз өмірін болжап, болашағын ұйымдастыра және құрастыра білуі қажет. Білім беру үдерісі жеткіншектің жеке тұлғалық мүмкіншіліктерін ынталандырып және жетілдіріп отыруға міндетті. Осы жағдайларға байланыты жеткіншектердің қоғам, отбасы ата- аналар алдындағы жауапкершілігі туындайды: жеткіншек өзіне қоғам алдыңдағы тұлға ретінде қалыптасуға бейімделу, өзіне жүктелген міндеттемелерді ыжағатты орындау; білім деңгейін жоғарлату көңіл бөлу; өзінен үлкен кісілерге ізеттілік көрсету; өзінен кейінгі жеткіншектерге қамқор болу; жаңа инновациялық жаңалықтарды игеру; отанды сүюу патриоттық қасиеттін қалыптастыру; этика, эстетикалық ғұрыпты бойына дарыту.



Жеткіншектердің жауапкершіліктері сурет 2
Асан Қайғының пікірінше, қоғамдық шарттар тұлғаның қалыптасуына, оның саналы ерекшеліктерінің қалыптасуына басты фактор болып табылады. Осы аталған салалар мен шарттар салауатты өмір салтына тиісті, қажетті мінез-құлық нормаларын таңдап алуға мүмкіншілік жасайды. Қазақ халқының салауатты өмір салты халықтық ертегілерде, эпостық жырларда, мақал-мәтелдерде, ойындарда және дәстүрлерде бейнеленіп, сипаттала көрсетілген.

Жеткіншектің қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс-әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Жеткіншектің белсенді қимыл-әрекеті оның мінез- құлқынан, ниет-тілегі мен бағыт-бағдарынан айқын байқалады және белсенді қимыл- әрекетке итермелеуші қоғамдық орта. Елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, рухани мәдени өзгерістер тәрбие, білім беру саласындағы мемлекеттік саясатпен тығыз байланысты. Заман талабына сай, бәсекеге қабілетті, өркениет қоғамның ерікті, өз бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалайтын, білімді, рухани байлығы мен мәдениеттілігі жоғары, адамгершілік, имандылық, ізгілік мінез құлқы қалыптасқан, жаңаша ойлау қабілеті дамыған, нарық еңбегімен белгілі, бәсекелік қабілеті бар, дені сау, өз елінің болашағына жауапты ғасыр тұлғасынан тәрбиелеу тәуелсіздігіне ие болған Қазақстан Республикасының дәуірлік міндеті. Қазіргі кезеңде жаңа қоғам адамын тәрбиелеудегі басты нысана жеткіншектің адами тұлғалық қасиетін сақтап қалу. Демек, жаңа тұлғаны тәрбиелеуде, ең алдымен, әрбір жеке тұлғаның дамуы үшін оның өзіндік табиғи табиғатын танып білу, сонымен қатар барлық интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамыту негізгі қағида болуы тиіс. Жеткіншектің дамуы тікелей мәдениетке байланысты. Мәдениеттің ерекшелігі сол-ол тек объективті шындық қана емес, шығу тегі жағынан алғанда, оның мазмұны субъективті. Оның шығу тегі адамға, оның еңбегіне байланысты. Жас жеткіншектің өмір сүру әдісі мен объективті қызмет негізінде ғана мәдениет материалдық сипат алады.

Адамгершіл саналылығы биік ата – ананың, отбасы мүшелерінің бір – бірімен сыйласуы, сенісуі, қолдасуы, көмегі, татулығы мен ынтымағы, бір – біріне талап қоя білуі, әрқашан әділ болуы, өзара қамқорлығы салтқа кірген отбасынан қашанда көргенді, білікті, іскер, азаматтар жеткіншек шығады. Міне, осындай өнегелі отбасында туып өскен, оқып, білім алып, қоғамдық еңбектің бір тұтқасына ие болып жүрген азаматтардың қайсысынан да: «Өмірдегі арманына адастырмай қанат қақтырған ең қымбат адамын кім?» деп сұрай қалсаңыз, ең әуелі өз ата – аналарын айтады. Әке – шешесінің ауызбен айтып жеткізгісіз аяулы еңбегін, баға жетпес үлгі – өнегесін, тәлім – тәрбиесін жыр қып шертеді.


Ата-ана өзінің жеткіншек алдыңдағы міндеті мен жауапкершілігін жақсы білуі тиіс керек ол міндеттер мен жауапкершіліктер мына жағдайлардан құралады: мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын таза өмір сүруге бейімдеуге міндетті; білім алуына көмектесуге міндетті;

жүйелі білім алуына жағдай жасауға міндетті; үнемі ата-аналар жиналысына қатысуға, мұғаліммен кездесуге, баласының мектептегі өмірімен танысуға міндетті; баланың өміріне, денсаулығына зиян келтіретін темекі, арақ, т.б. улы заттарды қолданбауға, олардың балаға зиянды екенін түсіндіруге міндетті; баланы жетіге келгенше тиымға, жетіден он төртке келгенше білім беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» деген қағиданы берік сақтауға міндетті.



Ата-ана міндеті сурет 3
«Ана – балаға жастық, әке – көрпе». Бұл – ұрпақтың тәрбиесіндегі бар ауыртпалық ата – ананың ғұмыр бойы мойнында деген сөз. «Білімсіз бүлдіреді, ата – анасын күйдіреді». Бұл да бір мәнді мақала. «Әр үйдің қашан барса төрі дайын, сыйлаған ата – анасын адал ұлға» деп босқа айтылмаған. Әкесін – шешесін аялауды азап деп қаңа қарайтындар бар. Бұл – білместік. Әрі көргенсіздік. Ата – анасын ардақтағандарды алыс – жақын ағайындар да, жолдас – жоралар да сыйлайтынын әрбір жас біліп өссін. Әкенің үмітін, ананың ақ сүтін ақтау – перзенттік парыз екенін ұмытқандар ұятқа қалады. Дүниенің мың сан-түрлі қыры бар. Яғни жегені алдында жемегені артында, люкс көлік, қымбат киім, яғни молшылыққа, дайынға дағдыланған бала, жоқтыққа тап болғанда, өз басынша өмір сүру қажет кезде не істейді. Жұмыс таба ала ма? Тапса да бұрынғы өмір салтын жалғастыратындай табысы бола ма?.. Осы секілді себептерге байланысты баланың әр қалаған нәрсесін алып беру және тек қана сәнді, салтанатты өмір сүруін қамтамасыз ету, еңбексіздікке әдеттендіру дұрыс емес. Өйткені бала өскенде де әр қалағанына қол жеткізе алатынын ойлап, оған ұмтыла беретін болады, ал бұл жүзеге аспай қалған кезде, қиянатқа мойын бұруы, өмірге ренжіп, қиялдары қирап ешкімді тыңдамайтын құлақсыз қырсыққа, бұзақыға айналуы мүмкін. Я киыншылықсыз еңбексіз табыс табуды көздеп кетеді, сондықтан әрбңр нәрсені жеткіншекке алып беру, қамтамасыз ету кезінде ол заттардың, қызметтердің қайдан,қандай еңбекпен келіп жатқаның жете түсіндіру керек.

«Ата-балаға саншы» немесе «Баланың балалығына әкенің даналығы бар» дейді. Баланың балғын ойы мен сенімі алдында ең беделді тұлға – әке, әлеуетті, ақылды, білімдар әке, жаны сұлу жайсаң азамат өсіруде әке орны бөлек. .[27,176 б]