Файл: Магистерлік жобаны рылымы Отбасындаы атаанамен жеткіншіктер арасындаы атыыстарды туындауыны психологиялы себептері жне оларды алдын алу жолдары кіріспе.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 101

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
жеткіншектер келісетінін көрсетсе,көптеген жеткіншектер келіспейтінін білдірді бұндай жағдайда ата-ана тарапынан баланың пікірімен санасып бір келісімге келу керектігін көрсетеді. Он жетінше сұрақ «Мектепте, колледжде өзіңіздің сынып, топ жетекшіңізбен пікірлесіз бе?» 9 сынып 20 иә 12 жоқ, 10 сынып 11 иә 6 жоқ, 11 сынып 19 иә 5 жоқ, колледж 23 иә 16 жоқ деп жауап берді, 65,2% жеткіншектеріміз пікірлесетін білдірсе,қалған жеткіншектеріміздің өздері шешімге келетін көрсетеді.Өйткені сынып, топ жетекшісімен жеткеншектердің өмірінің бір бөлігі бірге өтіп олармен тығыз байланысты болады және олардың өміріндегі болып жатқан жағдайларға ата-аналармен бірге жауапты және олардың өміріне әрқашан ықпал жасап отырады. Он сегінші сұрақ «Өз сынып, топ ішінде өз ойынды ашық айта аласыз ба?» 9 сынып 27 иә 5 жоқ , 10 сынып 9 иә 8 жоқ, 11 сынып 17 иә 7 жоқ, колледж 25 иә 14 жоқ , жеткіншектеріміздің 69,6% ойын ашық жеткізе алатын көрсетті, қалған жеткіншектеріміздің тұйық мінезді жеткіншектер қатарына қоса аламыз,бұндай жеткіншектер отбасындағы қарым-қатынастың жоқтығын көрсетеді.Әрбір жеткеншектің өз пікірі, өз ойы болу керек сонымен өз ойын толық жеткізіп және өз пікірінің толық дұрыс екеніне басқалар қолдайтындай дәлелдеп зерттей білу керек бұл ғылыми негізге жеткіншектің үлес қосуына жол ашылуды көрсетеді. Он тоғызыншы сұрақ «Сіз өз өміріңізде өзіңізді белгілі тұлғаларға тенеп, соған ұқсауға тырысасыз ба?» 9 сынып 25 иә 7 жоқ , 10 сынып 11 иә 6 жоқ ,11 сынып 13 иә 11 жоқ, колледж 33 иә 6 жоқ, жеткіншектердің 73,2% өздерін белгілі бір тұлғаға теңеп, ұнататынын көрсетті.Жеткіншектердің тұлғаға еліктеп, қызғушылық танытатын көруге болады,тұлға ретінде ең бірінші ата-анаға деген еліктеу қалыптасу керек екенін балаларға ата-ана тарапынан көрсету керек және жақсы тұлға болу үшін ата-анада белгілі бір балалары еліктейтіңдей, жақсы азамат болып ер жетуге көрсететіңдей дәрежеде ата- ана болу керек немесе жеткеншекті белгілі рухани байлықпен сусындаған және бойында жан жақты қыры бар тұлға ғана ұқсауға ықпал ету керек.

Жиырмасыншы сұрақ «Сіз өзіңіздің қандай істерге биімділігіңізді анықтай алдыңыз ба?» 9 сынып 15 иә 17 жоқ , 10 сынып 9 иә 8 жоқ, 11 сынып 18 иә 6 жоқ, колледж 29 иә 10 жоқ деп жауап берді,жеткіншектердің 63,3% өз биімділігін анықтай алатын көрсетті. Отбасы тарапынан да баланың биімділігін аша білуге көмектесу және ықпал ету керек.Ол үшін әрқашан әрбір жеткіншектің өз пікірі және өз арманы, мотивациясы болу керек.


Жеткіншектердің қандай азамат болуы ата-ананың айнасы ретінде қай кезде көбінесе қай ата-анасы болмасын ұрпағының өмірде белгілі бір тұрға болуын қалайды яғни сол себептен ата-аналарданда жеткіншекке қандай дәрежеде әрсе ете алатын, сауалнама алу арқылы анықтайық және қай дәрежеде көңіл бөлетінін анықтау мақсатындағы сауалнама 15 сұрақтан тұрады. Сауалнамаға қатынасқан 30 ата-аналар.

1 Жеткіншектерді тәрбиелеуде қандай ғылыми негіздерге

сүйенесіз, тәрбие туралы газет журнал беттерінде жарияланған

материялдарды немесе радио теледидар хабарын жүйелі оқып,

тыңдап отырасыз ба? Осы тақырыптағы кітаптарды оқисызба?

2. Сіз балаңызға белгілі бір уақыт бөлесіз бе?

3.Балаңыз бір оғаш нәрсе істеп қойды делік, сіз мұндай

Жағдайда өз тәжірибеңіздің нәтижесі екендігін ойланып

көрдіңіз бе?

4. Балалар тәрбиесінде қосағыңыздың пікірімен үнемі санасып отырасыз ба?

5. Бұйыру немесе тиым салу сияқты қажетті шараларды жиі қолданасыз ба?

6. Отбасыңызда бала тәрбиелеу кезінде көп қиыншылық кездесе ме?

7.Балаңызбен жие сөйлесіп, отбасы тіршілігінде олардың пікірімен санасыз ба?

8. Спорт пен дене шынықтырудың балаңызға, жан-жақты дамуына маңызы зор екенін ескере отырып балаларыңызға жағдай жасайсыздарма?

9. Сіз балаңыздан бір нәрсені орындау жөнінде талап тұрғысынан емес, өтініп сұрап көрдіңіз бе?

10. Сіз егерде балаңыздың сізге тәуелді шаруалары шықса, оны сіз сол сәтте орындап бересіз бе әлде күттіресіз бе?

11.Балдарыңыздың жолдас балдарымен сөйлесіп, пікірлесесіз бе?

12.Баланы жас деңгейіне қарай тәрбие бересіз бе?

13.Балаларыңыздың мамандық таңдау кезінде сіздердің таңдауларыңызбен шектелеме?

14.Баларыңыздың мамандық таңдау кезінде қабілетін ескересіз бе?

15.Мамандық таңдау кезінде балаңыздың таңдауына сүйенесіз бе?

Ата-аналардан алынған сауалнама нәтижесі кесте 2.


Сұрақтар

тізбегі


1


2


3


4


5


6


7


8


9


10


11


12


13


14


15

Иә

13

16

5

30

17

19

20

30

19

23

17

21

11

18

10

Жоқ

17

14

25

-

13

11

10

-

11

7

13

9

19

12

20



Ата-аналардан алынған сауалнама нәтижесі бойынша диаграмма 1-де ата-анамен жеткеншектердің арасындағы қарым-қатынастарын жалпылама қандай дәрежеде екенің көруге болады. Олардың барлығы тек ата-анаға емес әлеуметтік, экономикалық дағдарыстар, жеткіншектің жүрген ортасының ықпалы және ғылыми жетістіктердіңде ықпалы бар екенің көрсетеді. Бірақта ата-ана кейінгі қоршаған ортадағы және инновация жаңалықтармен сусындар жеткіншектердің қандай сауалнамасы болсада бұлтармай толығымен жеткіншек қанағаттанатындай жауап беруге тырысу керек, ол үшін әрқашан тек жеткіншек мектеп, колледж табалдырығында ғана емес ата- аналардан да, білімі менде сусындап отыру керек, өйткені отбасыда бір үлкен мемлекеттің ең бірінші табалдырғы деп атауғада болады.



Ата аналардан алынған сауалнаманың нәтижесінің диаграмасы 2



Ата -аналарға сауалнама жүргізгенде қойылған бірінше сұрақ «Жеткеншектерді тәрбиелеуде қандай ғылыми негіздерге сүйенесіз, тәрбие туралы газет, журнал беттерінде жарияланған материялдарды немесе радио теледидар хабарын жүйелі оқып, тыңдап отырасыз ба? Осы тақырыптағы кітаптарды оқисызба?» деген сұраққа 13 иә 17 жоқ деп ата-аналар 43,3 % жауап берді, Ата-ана жеткіншектер тәрбиесінде педегогикалық және психолгиялық ғылыми негіздерге сүйенбей жалпылама өз деңгейі бойынша балаларын тәрбиелеп көп қателік жасайды себебі сағаттың тілі бір орында тұрмай жылжып заман өмір сүріп отырған ортамыз қәзір уақыт қалай өзгерсе ғылыми жетістіктер заман талабына қарай дамып келе жатыр, жеткіншек тәрбиесі соған бейімдеп жақсы жағына қарай жетілуі керек ол үшін өзгеріске қарай ғылыми негізге ата-аналар сусындау керек, мысалы қәзіргі дүние жүзілік әлемдік індетке байланысты болғандықтан, жеткіншектер қашықтықтан оқыту бағдарламасы бойынша үй жағдайында оқылып жатыр міне осы жағдайда жеткіншектерге ата-ана көмегі көп керек етіліп отыр сондықтан ата-ананың білім деңгейлері кейінгі бағдарламаға сәйкес болмағандықтан және ата-аналардың жеткіншектерді қадағаламаудың себебінен балалардың білім деңгейі төмендеп бара жатыр. Екінші сұрақ «Сіз балаңызға белгілі бір уақыт бөлесіз бе?» 16 иә 14 жоқ деп 53,3% -ға жауап берді Яғни ата аналардың жарты пайызы толығымен бір уақыт бөле алмайтыны көрініп тұр.Себебі ата-аналардың көп бөлігі әлеуметтік жағдайды жақсарту мақсатында, шектен тыс жұмысқа берілу мақсатында жеткіншектердің үйде қашықтықтан білім алуында олқылықтар жіберіп отыр. Бұл жағдайда ата-аналар ғана емес мемлекеттің кемшілігі балаларға үй жағдайында оқыту кезінде ата-аналарының көңіл бөлуіне шара жасау керек еді. Үшінші сұрақ «Балаңыз бір оғаш нәрсе істеп қойды делік, сіз мұндай жағдайдың өз тәжірибеңіздің нәтижесі екендігін ойланып көрдіңіз бе?» ата-аналардың 5 иә 25 жоқ деп 20% ғана иә деп жауап берді яғни баланың кемшілігін өздерінен емес басқа ортадан іздейді, мысалы жүрген ортадан мектеп, колледж ұжымынан. Әрбір жағдайда ата-ана бірінші жеткіншектің кейбір жағдайларға не себептен тап болғанын, кемшілік неден кеткенін зерттей білу керек ол үшін мектеп, колледж ұжымымен тығыз байланыста болып анықтап, егер отбасының ықпалынан болса мойындай білуі сол қателіктерін дер кезінде қолға ала білу керек.Төртінші сұрақ «Балалар тәрбиесінде қосағыңыздың пікірімен үнемі санасып отырасыз ба?» 30 ата-анада «иә» деп жауап берді. Ата-аналар жеткіншектер тәрбиесінде бір бірімен келісе отырып іске асыратының көрсетіп отыр Мысалы, жеткіншектерді жолдастарымен бір саяхатқа жіберу, бір іс шаралармен айналысу кезінде немесе мамандық таңдау кезінде ата-аналар бір-бірімен ақылдасып бірге шешім шығарады. «Келісіп пішкен тонның жеңі қысқа болмас» деген қазақтың нақыл сөзі сияқты жеткіншек тәрбиесінде ата-аналар бір-бірімен пікірлесе отырып шешім қабылдап, балаларына дұрыс жол сілтесе онда балалары түзу жолды таңдай біледі.Бұл ата-ана мен балалардың қарым қатынасының негізі. Бесінші сұрақ «Бұйыру немесе тиым салу сияқты қажетті шараларды жие қолданасыз ба?» ата-аналарымыздың 17 иә 13 жоқ деп,пайыздық көрсеткішпен 56,7% иә деп жауап берді Ата-аналардың пікірі бойынша қазіргі кезде нарықтық экономика кезінде жеткіншектердің ата-аналарға қоятын талаптарыда өте жоғары соңдықтан біз жеткіншектердің талаптарына әрқашан келісе бермей тиым салып, бұйыру шарттарын көп қолданамыз. Себебі балалардың айтқанын бұлжытпай орындай берсек жеткіншектерді жаман жолға түсіп кетуіне кедергі бола алмаймыз дейді. Жеткіншектердің өте еркінсініп кетуіне жол бермеуміз керек ,жеткіншектердің қәзіргі кезде қылмыстарға баруыныңда себебі, жас қыз жеткіншектердің жаман жолға түсіп кетуініңде себебі осыда. Алтыншы сұрақ «Отбасыңызда бала тәрбиелеу кезінде көп қиыншылық кездесе ме?» 19 иә 11 жоқ деп ата-аналарымыз жауап берді. Көп бөлігі 63,3% иә деп жауап берді Бұның себебі қәзіргі экономикалық дағдарыстардың оның ішінде дүние жүзілік індеттің, себебі бағалардың өсуі,індеттің себебінен жеткеншектерді жан жақты дамуына кедергілер туындауынан бұл қәзіргі әлемдік мәселе, яғни кейбір отбасылардың күйреуіне әкеліп, балалардың психологиясына қатты дәрежеде ықпал етуде. Жетінші сұрақ «Балаңызбен жие сөйлесіп, отбасы тіршілігінде олардың пікірімен санасыз ба?» 20 иә 10 жоқ деп жауап берді. 66,7% ата-аналарымыз отбасы жағдайында балаларымен жиі сөйлесетінін көрсетіп отыр. Мысалы қазіргі кезде әлеуметтік жағдайда отбасы бюджетін ай сайын отбасы мүшелері ақылдаса келісімге келе отырып реттеп отырмаса қиындыққа тап болуда өйткені балалардың қажеттілігіде жоғарлап отыр, себебі қашықтықтан оқыту мақсатында барлық мектеп жатындағы балаларды қашықтан оқыту мақсатында компьютер ,соткалармен қамтамасыз ету кезінде, жеткеншектердің өз орталарынан кем болмай қамтылуын талап етулерінің салдарынан балаларымен жиі сөйлесіп, олардың пікірлеріменде санасуға, ата- аналарда тәуелді болып отыр. Бірақта ата-аналар тек тәуелдіктен ғана емес балаларының жан жақты дамып жетілу мақсатында жан жақты отбасының әлеуметтік жағдайына байланысты жеткіншектермен жиі пікірлесіп, жан жақты қамтылып сөйлесіп, ойын ата аналар жеткізе білу керек және жеткіншектердің ойын ашық жеткізе білуге ықпал жасау керек. Сегізінші сұақ «Спорт пен дене шынықтырудың балаңыз жан-жақты дамуына маңызы зор екенін ескере отырып балаларыңызға жағдай жасайсыздарма?» 30 ата-нада «иә» деп жауап берді балалардың қабілетіне байлнысты сексияларға беретінін, денсаулықтарына байланысты бассейінге және басқада спорттық фитнестерге жіберіп жеткіншектердің денсаулықтарын және қабілеттеріне қарай спорт шеберлері болуына жол асатынын білдірді және ойлау қабілетінің жоғарлауынада кейбір спорт түрлерінің ықпалы көп мысалы шахмат, шашка,тоғыз кұмалақ, нарда сияқты ойын түрлері. Тоғызыншы сұрақ «Сіз балаңыздан бір нәрсені орындау жөнінде талап тұрғысынан емес, өтініп сұрап көрдіңіз бе?» ата-аналарымыздың 19 иә 11 жоқ деп, пайыздық көрсеткішпен 63,3% иә деп жауап берді Қазір заманда жеткіншекті кейбір кездерде мәжбүрлеп емес өтініш ете отырып жұмсап айтқаңызды орындатқаңызда дұрыс, сонда жеткіншекте өздерін өмірде бір тұлға ретінде санап өзін ата- аналарының алдын да ойлана істер жасауға тырысады. Оныншы сұрақ «Сіз егерде балаңыздың сізге тәуелді шаруалары шықса, оны сіз сол сәтте орындап бересіз бе әлде күттіресіз бе?» 23 иә 7 жоқ я бұл сұраққа ата-аналар 76,7% пайызы «иә» деп жауап берді.Ата-аналар көбінесе қәзіргі кезде жеткіншектердің шаруаларын дер кезінде орындап беру тырысады өйткені балаларының сенімділігін жоғалтып алудан сақтанады және жақсы азамат етіп жетілуіне жағдай жасауға тырысады, Он бірінші сұрақ «Балдарыңыздың жолдас балдарымен сөйлесіп, пікірлесесіз бе?» 17 иә 13 жоқ, ата-аналардың бұл сұраққа 56,7% «иә» деп жауап берді яғни жалпы ата-аналар балаларын түсіну үшін жүрген ортасындағы жолдастарымен сөйлесіп баларының қандай ортада қандай жүргенін сонымен қатар жолдастарының баларына зияны тиіп кетпейтініне көз жеткізгісі келеді я баларыңыздың жолдастарын тануда, жолдас таңдауда ата-анасының әрқашан ықпалы керек өйткені осы жора жолдастың ықпалынан жеткіншектердің келеңсіз жағдайларға тап болып жататыны қаншама.Он екінші сұрақ «Баланы жас деңгейіне қарай тәрбие бересіз?» 21 иә 9 жоқ деген сұраққа ата-аналардың 70% пайызы «иә» деп жауап берді. Я әр жастағы баланы жас деңгейіне қарай тәрбиелік маңызы бар ақылдар беріп, тиым салу кезінде де осы жағдайларды ескеру керек.


Қазір ғылыми зерттеулердің нәтижесіне қараай инновация жаңалықтармен техникалық ,технологиялық ғылыми негіздердің қарқынды дамуына байланысты жеткіншектің сол негізге биімделіп жағымсыз кейбір интернет жүйесіндегі бағдарламалардың жеткіншектердің жүйесіне әсер ету көп орын алуда сол себептер жеткіншектер ғаламторлардан қандай сайттарға кіріп, қандай ойындармен, бағдарламаларды көріп отырғанын біліп отыру керек және ол бағдарламаның сол жеткіншектің жас деңгейіне көруге болама соны анықтау керек, өйткені қазіргі жағдайда көбінесе осы мәселелер жеткіншектердің жүйесіне әсер ету арқылы ата-анаға қарсы қою, балалардың мінез құлықтарын өзгеру, өзіне қол жұмсау, жеткіншектердің ерте жастан қарым-қатынас түсіп оның жауапкершілігін сезінбеу сияқты жайттарға тап болып жатырмыз.Сондықтан жеткіншектерді қатты қысым жасамай қатты білдірмей бақылау жасап отыру керек.

Он үшінші сұрақ «Балаларыңыздың мамандық таңдау кезінде сіздердің таңдауларыңызбен шектелеме? » 11 иә 19 жоқ, жалпылама ата-аналар 30% сұраққа жауап берді, өйткені кейбір ата-аналар жеткіншектердің мамандық таңдауында қателіктер жібереді деген пікірмен ата-аналар балаларын мына мамандықты таңда дегендей талапты жоғары қояды сол себептен қазіргі кезеде мамандықты алып бірақта ол мамандықпен жұмыс жасамай дипломдары күйіп, жеткіншек уақыттарын жоғалтып жатқаны қаншама .Он төртінші сұрақ «Баларыңыздың мамандық таңдау кезінде қабылетің ескересіз бе?» 18 иә 12 жоқ, 60% ата-аналар иә деп сұраққа жауап берді. Қай кездеде жеткеншектерді мамандықты таңдауда немесе кез келген сексияларға,басқада өнерлерге бергенде жеткіншектердің қабілетін анықтап және қызығушылығын анықтап жеткіншектермен пікірлесу керек , яғни сіздің ұсынған пікіріңізбен ол жеткіншек келісім қабілеті барма?

Он бесінші сұрақ «Мамандық таңдау кезінде балаңыздың таңдауына сүйенесіз бе?» 10 иә 20 жоқ. Бұл сұраққа тек 12,2% пайызы ғана иә деп жауап берді яғни ата-аналар балаларының мамандық таңдау кезінде тек өз қалауларына сүйенетіне көз жеткізді, бірақ бұл кезекте ата-аналар балаларына жол сілтей білу керек қазіргі кезде қандай мамандықтарға сұраныс басым екенін тәжірибесіне қарай хабарлама беріп отыру керек бірақ таңдауды өзіне сеніп тапсыру керек егер жеткіншектің ондай қабілеті жоқ болса және қызығушылығы болмаса бәрібір ол мамандықты игере алмайды.

Сізде өз ата-анаңызбен өзара толық түсінісушілік бар. Сіз ата-анаңыз үшін олардың нағыз жақсы көретін, сыйлайтын адамысыз ашық және шыншыл, әрқашан да көмектесуге және отбасы үшін ортақ проблемаларды бөлісуге дайынсыз. Отбасыдағы мұндай қатынас – нағыз бақыт.


Ата-аналармен жеткіншектердің арасындағы қақтығыстарды сауалнама жүргізу арқылы көбінесе сәйкес тұлғааралық қарым - қатынасты психологиялық нормалары бұзылған отбасына психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы және ата – аналар мен балалар қарым – қатынасына келесідей ұсыныстар жасасаймыз. 

  1. Жеткеншектер ата-анасын отбасын толығымен өзінің өмірінің бір бөлігі екенің сеніне біліп олардың пікіріне құлақ түре білу керек.

  2. Жеткіншек пен ата-анасы арасындағы қарым-қатынаста тұлғааралық қатынасты үлкендер достық қатынасты орната отырып жетуге болады. 

  3. Отбасының психологиялық жағдайын диагностикалауға арналған әдістемелердің басым көпшілігінің психокоррекциялық әсері мол 

  4. Психокоррекциялық іс-шараларға ата-аналармен қатар балалары да қатысуымен жүргізілсе отбасында орын алған келіспеушілік, шағымдану, басқа да қақтығыс жағдайларды талдау және оны шешу жолдарын анықтау, тіл табысу мәселерін шешу тиімділігі арта түседі.

  5. Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз. 

  6. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз. 

  7. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз. 

  8. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз. 

  9. Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз. 

  10. Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз. 

  11. Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз. 
    Отбасы - баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада

баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады.  Ата-аналармен ынтымақтастықты күшейту, республикалық, облыстық, аудандық және қалалық ата-аналар қауымдастығын құру; бала тәрбиесіндегі өзара келісім, түсіністік, отбасындағы берілетін рухани адамгершілік тәрбиенің жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделуіне арналған кеңес беру әдістемесін жасау. Ата ана жеткеншекті тәрбиелеу кезінде жас өсперімдер психологтармен тығыз байланыс орнату және олармен жүйелі, тұрақты қарым-қатынаста болып, ғылыми деңгейде зерттеулерге сүйеніп жеткеншектің жас деңгейіне қарай нормаға сәйкес жетілуінің қадағалау керек.[23,176б.].