Файл: за мерзімді жоспарды тарауы Мектеп Серебряково жоббм.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: Серебряково ЖОББМ

Қысым Мұғалімнің аты-жөні:Ибатова Қарылғаш Кинаятовна

Күні: Қатысқандар:

Сынып: 7 "А" Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Сұйықтар мен газдардағы қысым. Паскаль заңы


Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары(оқу

бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.4 – газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсіндіру;

7.3.1.5 – сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: газ қысымын молекулалық құрылым түсіндіре алады.

Оқушылардың басым бөлігі :сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын есептер шығаруда қолдана алады.

Кейбір оқушылар:Газ қысымын құрылымын күнделікте өмірмен байланыстырады.

Бағалау критерийі

Газ қысымын молекулалық құрылым ажырата алады

Гидростатикалық қысымның мәнін анықтайды

Сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын есеп шығаруда қолданады.

Әр тапсырманың орындалысының дескрипторлары қарастырылған

Тілдік мақсаттар

Диалог үшін қолданылатын тексерістер:

Қысым – дененің бір өлшем бетінің ауданына перпендикуляр бағытта түсетін күш.

Паскаль заны-Сұйыққа немесе газға түсiрiлген қысым барлық бағыт бойынша өзгерiссiз берiледi.

Әрекет ететін ауырлық күшi сұйықтың қысымының ыдыс табанының ауданына тәуелдi болама?.

Гидростатикалық кысымтек қана сұйық бағанының биiктiгiне және оның тығыздығына тәуелді

Құндылықтарға баулу

Сабаққа оқушылардың өз еркімен белсене араласуы, білімдерін көрсете алуы, топпен,жұппен ұйымдасып жұмыс істеуі, өзін-өзі басқаруы

Пәнаралық байланыс

Математика, жаратылыстану ,биология,қазақ әдебиет.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

негізгі түсініктер:

1.қысым ұгымын ,өлшем бірлігін,формуласын және скалярлық шама екенін біледі;

2. қатты денелерде сұйық, газдарда қысымның қалай таралуын түсіндір алады;

3. Паскаль заңынын анықтамасын қолдана алады.Газдардың сұйықтар және қатты денелердің молекулалық құрылымы. Қатты денелердегі қысым

Сабақ барысы




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар




Сабақтың басы

мин

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу,түгендеу, смайлик арқылы көңіл күйін білу

Стикерлер түстері арқылы 3 топқа бөлу.

1-топ: Сұйық

2-топ:Газ

3-топ:Қатты

Үй тапсырмасы "Ой қозғау"-оқушының өзіндік ойын ортаға салуға дағдыланады, пікірталасқа белсенді түрде ат салысады, өзгелердің пікірін құрметтей алады;

.«Қансонарда бүркітші шығады аңға»
Сегіз найза қолында, көз аудармай,
Батыр да аял қылмай ертең таңға.
Қанат құйрық суылдап, ысқырады,
Көктен қыран сорғалап құйылғанда.
А. Құнанбаев

Осы жерде сегіз найза деп отырғанымыз бүркіттің тырнақтары. Бұл жыртқыш құстың тырнақтары мен тұмсықтары қатты өткір жылтыр болып келеді. Аудандары кішкентай болғандықтан, тіпті болымсыз ғана күшпен зор қысым жасап, аң аулауға шамасы келеді.

."Сұрақты ұстап ал"

Мұғалім сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісі кинетикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді.

сұрақтар

- Адамның тісі неге үшкір?

- Салынып жатқан үйдің табанына кең бетон плиталар салатын себебі не?

-Шеберлер киім тіккенде неге оймақ киеді?

- Неліктен аңшы шаңғысы спортшылардың шаңғысына қарағанда жалпақ жасалады?

- Неліктен велосипед дөңгелегінің камерасы тесілгенде ондағы қысым кемиді?

-Н/м2 қандай мағынаны білдіреді?

-Адамдарға неге судың бетіне тез көтерілуге болмайды?

Дескриптор: сұрақ құны (топтық жұмыс)

сұраққа шүғыл жауап береді құны-3 ұпай

сұрақты басқа топқа лақтырады құны-2 ұпай

сұрақты кері қайтарады-құны-1ұпай

Тест жұмысы-8 сұрақтан тұрады

3. Тест сұрақтары:

1. Қысым... анықталады

А) күштің ауданға қатынасымен

В) күштің салмаққа қатынасымен

С) ауданның уақытқа қатынасымен

Д) ауданның күшке қатынасымен

2. Сұйық қабаты неғұрлым төмен орналасса, оның ішіндегі қысым

А)соғұрлым төмен болады. В)алғашқыда төмендейді, сосын жоғарылайды

С)жоғары да, төмен де болуы мүмкін Д) соғұрлым жоғары болады

3. Дененің тірек ауданын кішірейткенде оның қысымы...

А) артады В) кемиді С) алғашқыда кемиді,сосын артадыД)өзгермейді
4. 1 Па дегеніміз
А) 1м/с В) 1кг/м3С ) 1Н/м2Д) 1Н/кг Е) Н/мм2

5. Сұйыққа немесе газға түсiрiлген қысым барлық бағыт бойынша өзгерiссiз берiледi. Бұл қағида -

А)Архимед заңы В)Инерция заңыС)Паскаль заңы Д)Ньютон заңы6

6.Гидростатикалық қысым бір тереңдікте А)өзгермейді В) артады С) кемиді Д) бірдей болады 7.Сұйықтың қысымын өлшеуге арналған аспап А)динамометр В)барометр С)манометр Д) танометр

8.Адам үлкен тереңдiкке түсу мүмкiн емес, өйткенi жоғары қысымның әсерiнен адамның қаны атмосфералық ....... қанығады. А)гелиймен Б)азотпен С)сутегімен Д)оттегімен

Дескриптор: тест жұмысы(жеке жұмыс)

1-2 сұрақ-3 ұпай 3-5сұрақ-5 ұпай6-8сұрақ-8 ұпай

Смайлик

Стикерлер түстері

Қосымша1

Бүркіт суреті

сұрақтар
таратпа материалдар
Интерактивті тақта




Сабақтың ортасы

27 мин

Бейнеролик арқылы өткен тақырыпты қайталап жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Білу және түсіну.Оқушыларға сабақтың мақсатымен, бағалау критерийлерін таныстыру.

Топтық жұмыс (Ойлан, бірік, бөліс) әдісі

І топ - 1,2 тақырыпша,

ІІ топ-3,4 тақырпша

ІІІ топ- 5 тақырыпша

Пирамида әдісін пайдалана отырып сұйықтардағы қысымның формуласын математикалық түрінде жазып шығару.

Пирамида әдісі.(жеке жұмыс )

осы қабаттарда орналасқан физикалық шамалар арқылы гидростатикалық қысымның формуласын математикалық түрлендіру арқылы шығарады.




ҚБ.І-топ

Тапсырма 1

a) Өлшемдері суретте көрсетілген аквариумның түбіне судың түсіретін қысымын және судың салмағын анықтаңыз. (ρсу=103 кг/м3)

ІІ-топ

b) Цилиндр тәрізді ыдысқа массасы бірдей

сынап және су құйылды. Сұйықтардың

екеуінің жалпы деңгейлерінің биіктігі

h=29,2 см. Сұйықтардың ыдыс түбіне түсіретін

жалпы қысымын анықтаңыз.

(ρсу=10ρсын=13,6⋅103 кг/м3, 3 кг/м3)

Дескриптор Білім алушы

- сынап пен судың биіктіктерін анықтайды;

- сынаптың түсіретін қысымын есептейді;

- судың түсіретін қысымын есептейді;

-сұйықтардың жалпы түсіретін қысымын анықтайды.

ІІІ-топ

Екі бірдей жабық ыдыстағы газдың массалары бірдей. Осы ыдыстардың бірі жылы бөлмеде, екіншісі суық бөлмеде тұр. Ыдыстардың қайсысындағы газдың қысымы артық? Неліктен?

Дескриптор Білім алушы

- газ қысымының қандай шамаларға тәуелді екенін сипаттайды.

Кім жылдам әдіс арқылы оқушының деңгейін анықтау мақсатында тақтаға есептер шығарту.

І-топ

200см2 ауданға түсірілген күш 100Н – мен әсер ететін болса, қысым қандай болар еді?

Асфальт төсеуде қолданылатын машина каток тірегінің ауданы 1500 см2, түсіретін қысымы 300кПа екені белгілі. Катоктың салмағы қандай?

Үстел теннисі добының қабысуын қалпына қалай оңай келтіруге болады?

ІІ-топ

Бетке 45 кН күш түсіріп 2 кПа қысым алсақ, ауданы қандай болған?

Вагонның барлық доңғалақтарының рельспен жанасқан ауданы 0, 001м2. Бұл вагонның массасы 30т болса, ол жерге қандай қысым түсіреді?

Төменде санмен берілген қысымдардың қайсысы ең үлкен және кіші:6кН/м2 ,60Н/см2 ,600Па

ІІІ-топ

Қар үстінде тұрған шаңғышының салмағы 78Н. Оның әр шаңғысының ұзындығы 1, 95м, ал ені 6 см. Шаңғышының қар бетіне түсірген қысымын табыңдар.

Массасы 6 т жер тегістегіш машина тіреуінің ауданы қандай болған, егер оның топыраққа түсіретін қысымы 3кПа болса.

Биіктігі 5 м ,ұзындығы 10 м үйдің қабырғасына 10 балл дауылдың күші 1кПа қысым түсіреді.Үйге перпендикуляр соққан жел қандай қысым түсіреді.

Дескриптор Білім алушы

  • Берілгенін жаза алады

  • ХБЖ-ға келтіре алады

  • формуланы қолдана алады

  • есептің мәнін табады

Эдисон физикасы: Қысым және Паскаль заңы (бейнеролик)

http://bilimland.kz/ind ex.php/ru/

Оқулық, флипчарт, маркерлер, стикерлер



Ойлан,бірік,бөліс әдіс Оқушылар әр топты

«Шапалақтау» әдісі арқылы бағалау

Есептер жинағы,үлестірме
7-сынып оқулығы «Атамұра» 2017

«Ауызша бағалау» әдісі
Жарайсын!
Жақсы!


ҚБ. Ауызша әдісі арқылы тақтада есеп шығарған оқушыны жеке бағалау






Сабақтың соңы

5мин

Рефлексия









Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




Оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында жеке- жұптық -топтық жұмыс ұсынылды. Тапсырмалар жоспарлау кезінде оның қол жетімділігі қарастырылады. Жеңілден күрделіге қарай деңгейлік есептер беріледі. «Ой қозғау» әдісі,

(Ойлан, бірік, бөліс)әдісі, «Пирамида»

Кім жылдам әдісі арқылы топтың лидерлері деңгейлік есепті тақтаға шығару арқылы,өз деңгейлерін көрсете алады.

Қалыптастырушы бағалауды ұсыну үшін :

Топтар бір-бірін критерий бойынша «ауызша бағалау», «смайлик»,«шапалақтау» әдісі арқылы бағалайды. Жалпы барлық тапсырмаларда дескрипторлар мен бағалау критерийлері беріледі.

Рефлексия үшін «» тәсілі қолданады.

Оқушылардың техникалық қауіпсіздігін қадағалаймын.


















1. Қысым... анықталады

А) күштің ауданға қатынасымен

В) күштің салмаққа қатынасымен

С) ауданның уақытқа қатынасымен

Д) ауданның күшке қатынасымен

2. Сұйық қабаты неғұрлым төмен орналасса, оның ішіндегі қысым

А)соғұрлым төмен болады. В)алғашқыда төмендейді, сосын жоғарылайды

С)жоғары да, төмен де болуы мүмкін Д) соғұрлым жоғары болады

3. Дененің тірек ауданын кішірейткенде оның қысымы...

А) артады В) кемиді С) алғашқыда кемиді,сосын артадыД)өзгермейді
4. 1 Па дегеніміз
А) 1м/с В) 1кг/м3С ) 1Н/м2Д) 1Н/кг Е) Н/мм2

5. Сұйыққа немесе газға түсiрiлген қысым барлық бағыт бойынша өзгерiссiз берiледi. Бұл қағида -

А)Архимед заңы В)Инерция заңыС)Паскаль заңы Д)Ньютон заңы6

1.А; 2Д; 3.А; 4.С;5.С

Тапсырма 1

  1. Ө лшемдері суретте көрсетілген аквариумның түбіне судың түсіретін қысымын және судың салмағын анықтаңыз. (ρсу=103 кг/м3)


b) Цилиндр тәрізді ыдысқа массасы бірдей

сынап және су құйылды. Сұйықтардың

екеуінің жалпы деңгейлерінің биіктігі

h=29,2 см. Сұйықтардың ыдыс түбіне түсіретін

жалпы қысымын анықтаңыз.

(ρсу= 10кг/м3;ρсын=13,6⋅103 кг/м3)



  1. 200см2 ауданға түсірілген күш 100Н – мен әсер ететін болса, қысым қандай болар еді?

  2. Асфальт төсеуде қолданылатын машина каток тірегінің ауданы 1500 см2, түсіретін қысымы 300кПа екені белгілі. Катоктың салмағы қандай?

  3. Бетке 45 кН күш түсіріп 2 кПа қысым алсақ, ауданы қандай болған?

  4. Вагонның барлық доңғалақтарының рельспен жанасқан ауданы 0, 001м2. Бұл вагонның массасы 30т болса, ол жерге қандай қысым түсіреді?

  5. Төменде санмен берілген қысымдардың қайсысы ең үлкен және кіші:6кН/м2 ,60Н/см2 ,600Па

  6. Қар үстінде тұрған шаңғышының салмағы 78Н. Оның әр шаңғысының ұзындығы 1, 95м, ал ені 6 см. Шаңғышының қар бетіне түсірген қысымын табыңдар.

  7. Массасы 6 т жер тегістегіш машина тіреуінің ауданы қандай болған, егер оның топыраққа түсіретін қысымы 3кПа болса.

  8. Биіктігі 5 м ,ұзындығы 10 м үйдің қабырғасына 10 балл дауылдың күші 1кПа қысым түсіреді.Үйге перпендикуляр соққан жел қандай қысым түсіреді.