Файл: Орта білім беру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 291

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
тапсырмалар, практикалық жұмыстар, бағалаудың нақты критерийлері бар зерттеу тапсырмалары.

Бөлім үшін жиынтық бағалаудың оқу тапсырмаларының саны:

  • 2-4-сынып оқушылары үшін 3-4 оқу тапсырмасы;

  • 5-11-сынып оқушылары үшін 5-6 оқу тапсырмадан артық болмауы қажет.

БЖБ өткізу кезіндегі мұғалімнің қадамдық әрекеті

БЖБ өткізу кезінде мұғалім:

  1. БЖБ өткізілетін бөлімдерді/өтпелі тақырыптарды анықтайды.

  2. таңдалған оқу материалын бөлімнің өткен тақырыптарына/оқу бағдарламасы бойынша өтетін тақырыптарға сәйкестігін тексереді.

  3. Педагог білім алушылардың белгілі бір уақыт ішінде орындауына есептелген БЖБ тапсырмаларын құрастырады.

  4. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін әзірлейді.

  5. Білім алушылардың оқу жетістіктерін объективті бағалау мақсатында тапсырмалардың мазмұнын тексереді.

  6. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды қамтиды.

  7. Қашықтан оқыту жағдайында БЖБ тапсырмаларын қол жетімді байланыс құралдары арқылы жібереді (электронды журналда, интернет платформасында, электрондық пошта, чат және т.б. орналастыру)

  8. Академиялық адалдықты сақтауды, жауаптарды көшіріп алу жағдайларының алдын алу мүмкіндігін қарастырады.

  9. ҚР БҒМ №125 бұйрығына сәйкес өлшенетін критерийлерді баллмен есептеуді сақтайды (БЖБ үшін max балл 1-4-сыныптарда 7-ден кем емес және 15-тен артық емес, 5-11(12) сыныптарда 7-ден кем емес және 20-дан артық емес).

  10. Білім алушылар орындаған жиынтық жұмыстарды тексереді. 11)Электронды журналға/ қағаз түріндегі журналға балл қояды.


  1. Білім алушыларға, ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне кез келген қолжетімді байланыс құралдары арқылы қағаз немесе электронды форматта коментарий ұсынады.


ТЖБ өткізу кезіндегі мұғалімнің қадамдық әрекеті

ТЖБ өткізу кезіндегі мұғалім:

  1. ТЖБ тапсырмаларының техникалық спецификациясы негізінде тоқсан үшін жиынтық жұмыстың тапсырмаларын құрастырады. Орындауға 40 минуттан артық емес уақыт бөлінеді;

  2. ТЖБ тапсырмалардың техникалық спецификациясы негізінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийін құрастырады;

  3. ТЖБ тапсырмаларын қол жетімді байланыс құралдары арқылы жібереді (электронды журналда, интернет платформасы мен т.б. байланыс құралдарында орналастыру);

  4. академиялық адалдықты сақтауды, жауаптарды көшіріп алу жағдайларының алдын алу мүмкіндігін қарастырады;

  5. техникалық ерекшелікке сәйкес балл қою схемасын қолданады;

  6. тоқсан бойынша білімалушылар орындаған жиынтық жұмыстарды тексереді;

  7. электрондық журналға/ қағаз журналына балл қояды;

  8. білім алушыларға, ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне кез келген қолжетімді байланыс құралдары арқылы қағаз немесе электронды форматта көментарий ұсынады.



Білім алушылардың жиынтық жұмыстарын орындауға қойылатын талаптар

Білім алушы БЖБ және ТЖБ орындау кезінде академиялық адалдық қағидаларын және өзін-өзі бақылау принциптерін сақтайды:

  1. білім алушы өз бетінше жұмыс істеуі, бөгде адамның көмегінсіз тапсырмаларды орындауы тиіс;

  2. жиынтық жұмысты орындау кезінде білім алушы қосымша оқу ресурстарын пайдаланбауы тиіс (ерекшелік бойынша бұл ресурсқа рұқсат етілген жағдайлардан басқа);

  3. жиынтық жұмысты орындауға жауапты болады;

  4. қашықтан оқыту жағдайында жиынтық жұмысты орындауға бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін білім алушы өз жұмысын қолжетімді байланыс құралдары арқылы мұғалімге жібереді.

Қашықтан оқыту форматында білім алушыларға жиынтық бағалау тапсырмаларын ұсыну тәсілдері:

  1. Мұғалім жауап берудің нақты күнін көрсетеді және білім алушыларға жиынтық жұмыс үшін тапсырмаларды электрондық журнал жүйесі, интернет- платформа, электрондық пошта, чат, теллеграммалар және басқа байланыс құралдары арқылы жібереді.

  2. Интернет болмаған жағдайда балалардың оқу тапсырмалары мен өзіндік жұмыстары санитарлық қауіпсіздік шараларын пайдалана отырып, үйге жеткізіледі.

  3. Қажет болған жағдайда мұғалім білім алушыларға қолжетімді байланыс құралдары арқылы кеңес береді.

ҚР
БҒМ-нің 2008 жылғы 18 наурыздағы 125 бұйрығымен бекітілген «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес (ҚР БҒМ 25.09.2018 жылғы 494 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) жартыжылдық және оқу жылының соңында «Музыка», «Көркем еңбек», «Дене шынықтыру», «Өзін- өзі тану», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздер», «Графика және жобалау» пәндері бойынша «есептелінді» («есептелінген жоқ») қойылады.

ҚР БҒМ-нің 2018 жылғы 09 ақпандағы 47 бұйрығының 15-тармағына сәйкес

«Музыка», «Көркем еңбек», «Дене шынықтыру», «Өзін-өзі тану», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздер», «Графика және жобалау» пәндері бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.

Шектеу іс-шаралары кезінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізіледі (www.nao.kz сайтында қол жетімді).



Білім берудің барлық деңгейлерінде жұмыс дәптерлерін пайдалану міндетті емес.

Оқу жылының қорытындысы бойынша аралық аттестаттау өткізілмейді.

Бағалаукезіндебірқатарталаптардыұстануескертіледі:

  1. Білім алушылар бағалау үдерісіне белсенді кіреді, соның ішінде сабақта үнемі өзін-өзі бағалау жүргізіледі.

  2. Білім алушының жеке басы емес, оның жұмысы ғана бағаланады.

  3. Білім алушының жұмысы басқа оқушылардың жұмыстарымен емес, үздік орындалған жұмыс үлгісімен салыстырылады.

  4. Әртүрлі формалар мен тапсырмалар түрлері пайдаланылады, тамаша орындалған тапсырмалардың нақты және айқын сипаттамалары әзірленеді.

  5. Білім алушыларға бағалау критерийлері алдын ала белгілі.

  6. Өзін-өзі бағалау білім алушылардың рефлексиясында жеке тұлғаның дамуының міндетті шартын білдіреді.

  7. Білім алушылардың жетістіктерін бағалау үшін формативтік бағалау, БЖБ мен ТЖБ оқу тапсырмалары өткен (оқыған) тақырыптар, оқу мақсаттарын қамтуы тиіс. Бағалау критерийлері оқу мақсаттарына сәйкес болуы тиіс.


Оқыту мақсатының тұжырымдамасында білім алушылардың іс-әрекеттері көрсетілген: бақылау, талдау, салыстыру, елеулі белгілерін бөлу, тану, анықтау, моделдеу, түсіндіру және т.б.

Оқу жетістіктерін бағалау критерийлері білім алушыға өзінің дайындық деңгейін педагог қоятын талаптармен байланыстыруға, педагогке оқу процесін түзетуге және жұмыстың қиындық деңгейін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.

  1. Білім алушылармен бірге оқу жетістіктерін бағалау және өзін-өзі бағалау үшін критерийлерді әзірлеуі мүмкін.

  2. Оқу тапсырмаларын таңдау және оқушылардың сабақ барысында өз оқу жетістіктерін өзін-өзі бағалауын ұйымдастыруды ойластыру маңызды.

  3. Сабақта білім алушыларға өзін-өзі бағалау және өзара бағалау үшін мүмкіндік беру, өз қателіктерін табу үшін рефлексия ұйымдастыру ұсынылады.

Мұғалім білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін таңдауда және әзірлеуде еркін.

  1. Диагностикалық инструментарий тек қана бақылаушы, диагностикалаушы емес, сонымен қатар оқыту және тәрбиелеу функцияларын орындайтын тапсырмаларды қамтуы тиіс:

  • тапсырмалар білім алушыға жаңа ақпараттың белгілі бір көлемін бере алады. Мысалы: «мәтінді пайдалана отырып, неге Арал теңізінің түбі тұздышөлгеайналатынынтүсіндір. (4 ұсыныстан артықемес)»;

  • тапсырмалар оқушының іс-әрекеттің жаңа сұлбасын құруын болжайды, мысалы: «тапсырманышамалардыңеселікқатынасынакелтіріңдер(«көп»

«немесе»аз«қарым-қатынасынпайдаланаотырып)жәнеонышешіңдер»).

2021-2022оқужылындабілімалушылардыңбілімінтолықтыру,өткеноқуматериалынқайталаужәнебекіту