Файл: Орта білім беру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 309

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

кесте. 3-4-сыныптардағы «Шетел тілі» оқыту пәнінің күрделі тақырыптарының мысалы

Ағылшын тілі

Неміс тілі

Француз тілі

3-сынып

Explorers and inventors

Unsere Heimat - Kasachstan.

Reise durch Kasachstan

Les matières scolaires et les

objets scolaires

Space

Traditionen und Folklore

Arbre généologique

Musical instruments

Ökologie und Lebenssicherheit

La langue et la culture

4-сынып

Journey into Space

Die Erde – unser Haus

La vie scolaire

Machines

Kasachische und deutsche

Kultur

Les passe-temps

Our planet’s treasure

Gesunde Lebensweise

Les fêtes et les repas


Педагог бақылау құралдарын оңтайлы қолдану арқылы білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтырады және әрбір білім алушының белсенді жұмысын қамтамасыз етеді. Педагогтерге:

  • сыни ойлауды дамытуға бағытталған жағдаяттық тапсырмаларды қолдану;

  • функционалдық сауаттылықты қалыптастыру;

  • оқытудың интерактивті әдістерін қолдану (жоба әдісі, пікірталас, ойын, ізденіс әдістері);

  • жеке кеңес, қосымша сабақтар ұйымдастыру;

  • «жексенбілік мектеп», «демалыс мектебі», «жазғы мектепті» саны 15 баладан асырмай ұйымдастыру ұсынылады.

Білім алушылардың сенбілік, жексенбілік сабақтарын кестеге сәйкес ұйымдастыру ұсынылады. Мұнда білім алушылардың біліміндегі
олқылықтарды жою үшін ғана емес, сонымен қатар олардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту үшін де мақсатты жұмыс жүргізіледі. Кеңес беру арқылы білім алушылардың әр түрлі (топтық, жеке) жұмыс түрлерін біріктіреді.

Қосымша сабақтарға дайындықты педагогтер де, білім алушылар да бірлесе жүзеге асырады. Педагог оқылатын материалдың мазмұнын логикалық- дидактикалық талдаумен бірге қиындықтарды, кемшіліктерді, білім алушылардың ауызша жауаптарындағы қателіктерін және оқылатын тілдегі жазбаша жұмыстарды жүйелейді. Осы негізде ол қосымша сабақ кезінде қайта оқытылуы мүмкін тақырыптардың тізімін нақтылайды. Білім алушылар өз кезегінде қосымша сабақтарға дайындалуды үйренеді, оның шарттары алдын- ала өзара келісіледі.




«Математика және информатика» білім саласының мазмұны

«Математика» және «Цифрлық сауаттылық» пәндері арқылы жүзеге асырылады.
«Математика» оқу пәні
Математика бойынша бастапқы білім сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытады, зерттеу және қарым-қатынастың, математикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Бастауыш сынып білім алушылары математика курсын игере отырып, талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім мен іс-әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады.

Математика» пәнін оқыту бейнелік және логикалық ойлауды дамытуға, математикалық тілді дамытуға, оқу-танымдық және практикалық міндеттерді шешуге, айтылған
пікірді дәйектеу, дәлелдеу, негіздеу біліктерін дамытуға, басқалардың пікірлерін бағалау және қабылдауға бағытталған.

«Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 132 сағат; 2-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат; 3-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында 170 сағат;

4-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағатты құрайды.

4-сыныпта сабақтастық және тереңдету принципін сақтай отырып, математиканы оқытудың бүкіл курсы бойынша білімдер мен дағдыларды жүйелі дамыту және тереңдете түсу қамтамасыз етіледі.

«Математика» оқу пәнінің мазмұны білім берудің кейінгі деңгейлерінде жалғасын табатын бес бөлімнен тұрады:

  1. Сандар және шамалар.

  2. Алгебра элементтері.

  3. Геометрия элементтері.

  4. Жиындар. Логика элементтері.

  5. Математикалық модельдеу.

Білім алушылардың математика курсы бойынша білімдерінің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін пәннің оқу бағдарламасына 2013 жылғы бастауыш білім беру деңгейінің оқу бағдарламасында қарастырылмайтын

«Комбинаторика», «Тізбектер», «Жиындар және олармен орындалатын амалдар» деп аталатын жаңа бөлімшелер енгізілді. Жаңа оқу бағдарламасында негізгі және жоғары мектептерде геометрияны табысты меңгерудің алғышарты болып табылатын «Геометриялық фигуралар» бөлімшесі кеңінен қарастырылған.

Бұл бөлімшелерді оқып-үйрену 4-сыныптың білім алушыларында логикалық ойлаудың, процестер мен құбылыстарды талдау, себеп-салдарлық байланыстарды табу, бұл құбылыстардың заңдылықтары мен тенденцияларын ашу дағдыларының дамуына ықпал етеді. Бұл сипаттағы тапсырмалар TIMSS халықаралық зерттеулерінде кездеседі.

«Математика» пәні бойынша мұғалім алдын ала дайындалған критерийлер мен дескрипторлар бойынша әртүрлі жұмыс түрлерін жүргізіп,
оқу тапсырмаларын бере алады (21-кесте).


  1. кесте. Жұмыс түрлерінің критерийлері мен дескрипторлары



Жұмыс түрлері

Критерийлер/дескрипторлар

1

Берілген мәліметтері жетіспейтінесептердішешу

Білім алушылар сандары, шарты мен сұрағы бар есептерді шығару жолдарын жақсы түсіну үшін оларға жетіспейтін

мәліметтері бар есептерді ұсынуға болады

  • мәліметтері толық емес есептерді ажырата біледі;

  • есепті жетіспейтін мәліметпен толықтыра алады;

  • жазбаны нақты мәліметтермен толықтыра алады

2

Артықмәліметтерберілгенесептердішешу

Білім алушылар сандары, шарты мен сұрағы бар есептердің шығару жолдарын жақсы түсіну үшін оларға артық мәліметтері бар есептерді

ұсынуға болады.

  • артық мәліметтері бар есептерді ажырата алады;

  • есептің шартын өзгерте және дәлелдей алады;

  • бақылай, салыстыра және қорытынды шығара алады

3

Графикалықмодельдеу

Графикалық модель – сюжеттік есептің сызбасы, ол білім алушыларға есеп шартында берілген абстрактілі қатынастарды нақты кеңістіктік формада түсінуіне көмектеседі

  • есеп мәтінін сызбамен келтіре алады;

  • есеп мәтінін және оған сай келетін сызбаны сәйкестендіре алады;

  • есептің берілгендерімен модельді толтыра алады;

  • сызба бойынша есеп құрастыра алады

4

Заңдылықтарды табу және өзініңзаңдылықтарын жасауға арналғаншығармашылықтапсырмалар.

Математикалық заңдылық – бұл белгілі бір ереже. Осы ереже бойынша элементтердің сандық, пішіндік немесе басқа да қатарында белгілі бір сәйкес тәртіппен элементтердің немесе

олардың қасиеттерінің қайталануы немесе өзгеруі болып табылады.

  • заңдылықтың белгілі бір ереже, іздеу екенін біледі;

  • элементтері/заттар белгілі бір ереже бойынша орналасқанын түсінеді;

  • топтастыра және қорытынды жасай алады.


Төменде бөлім/ортақ тақырып үшін жиынтық бағалау саны көрсетілген (22-кесте).


  1. кесте. «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сыныптар

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша

жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

2-сынып

3

3

3

3

3-сынып

3

3

3

3

4-сынып

3

2

2

3



Осы оқу жылының тағы бір ерекшелігі 2021-2022 оқу жылының ІІ жартыжылдығында «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің 1-сыныптан бастап енгізілуі


«Цифрлық сауаттылық» оқу пәні

«ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығының 14-тармағында бастауыш сыныптағы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің атауы «Цифрлық сауаттылық» болып өзгертілді. Пән мазмұны мен оқу жүктемесі өзгертілген жоқ.

«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту 2020 жылғы 27 қарашада бекітілген

№ 496 «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілетін болады (2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына (188-2к қосымша), 2019 жылғы 26 шілдедегі 334 бұйрығына

(4-қосымша) өзгерістер енгізілді).

«Цифрлық сауаттылық» оқу пәні 1-сыныпта 2022 жылдың 1 қаңтарынан