Файл: Орта білім беру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 289

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
дамытуға бағытталған.

«Көркем еңбек» пәні бойынша оқужүктемесініңкөлемі:

  1. 1-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 33 сағат;

  2. 2-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  3. 3-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;

  4. 4-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

Түрлі материалдармен жұмыс істеу білім алушылардың технологиялық ойлауын, көркем-эстетикалық талғамын, шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, қиялы мен қол моторикасын дамытуға, көзбен нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіреді.

Оқу мақсаттары білім алушыларда белгілі бір дағды қалыптастыру үшін әрекет түрін, орындау техникасын, шығармашылық жұмысты жасаудың материалын мұғалімнің өзі таңдайтындай етіп тұжырымдалған.

«Көркем еңбек» пәні бойынша оқыту процесінде білім алушылардың АКТ құралдарын қолдану дағдыларын дамыту қажет. Ең алдымен, бұл көркем жұмыстарды жасау кезінде цифрлық компьютерлік технологияларды пайдалану, слайдтық презентацияларды жасау дағдыларын дамыту, шығармашылық жұмысты жасау үшін басқа білім алушылармен ынтымақтастық, қарым-қатынас жасау мен ақпарат алмасу жәнет.б.

«Көркем еңбек» сабақтарында мұғалімнің өзі анықтайтын әртүрлі көркемдік-шығармашылық әрекеттер қарастырылады. Бұл ретте көркемдік- шығармашылық әрекеттің негізгі үш түрі:

  • құрылымдау;

  • бейнелеу;

  • сәндеу әрекеттері міндетті түрде іске асырылуы қажет.

Мұғалім және білім алушылар әртүрлі жұмыс түрлерін орындау барысында еңбек гигиенасының және қауіпсіздік
техникасының ережелерін сақтаулары қажет.

1-сыныпта бағалау жүргізілмейді.

2-4-сыныптарда «есептелінді» және «есептелінген жоқ» деген сынақ қойған кезде критериалды бағалау қағидасына сүйену керек.
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Дене шынықтыру» білім саласының мазмұнына «Дене шынықтыру» пәні енгізілген.

«Дене шынықтыру» оқу пәні

Дене шынықтыруды оқытудың мақсаты денені салауатты шынықтыруға, спорттық-спецификалық қозғалу дағдылары мен дене бітімі қабілеттерін меңгеруге бағытталған дене шынықтырудың негіздерін қалыптастыру болып табылады.

«Дене шынықтыру» пәнін оқытудың міндеттері: дене шынықтыру және спорт саласындағы теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын дамыту; өзінің дене және психикалық денсаулығын нығайту үшін ұмтылуға ынталандыру; білім алушылардың төзімділікке, ширақтыққа, күштілікке, ептілікке және икемділікке ықпал ететін қозғалыс дағдыларын дамыту; Отанға деген патриоттық сезімін, құрметтеуге, жауапкершілік пен өзара түсіністікке тәрбиелеу; білім алушылардың өз өмірлерінде салауатты өмір салтын ұстануға және үйренген дене-қимыл дағдыларын алдағы уақытта қолдануға ынталандыру; жалпы адамзат мәдениетінің бөлігі ретінде дене шынықтыру туралы түсініктерін қалыптастыру.

Пән бойынша оқужүктемесініңкөлеміаптасына:

  1. 1-сыныпта 3 сағаттан, оқу жылында 99 сағатты;

  2. 2-сыныпта аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты;

  3. 3-сыныпта аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты;

  4. 4-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды. Дене шынықтыру мұғалімдері білім алушы ағзасының анатомиялық-


физиологиялық ерекшеліктеріне (жетілуіне) сәйкес өздерінің педагогикалық тәсілдерін бақылауы және өзгертуі тиіс.

Пән бойынша бағдарламаның әрбір үшінші сағаты білім алушылардың қозғалыс белсенділігін арттыруға (спорттық және қозғалмалы ойындар санын кеңейту есебінен) және сауықтыру процесіне бағытталған.

Оқу бағдарламасында қарастырылған шаңғы/конькимен сырғанау/кросс жаттығулары аймақтардың климаттық жағдайларына сәйкес бір-бірін алмастырады.

Мұғалімнің әр сабақтағы бақылау қызметі жүйелі болады, бұл білім алушыларға жаңа материалды оқу кезеңінде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындайтынын түсінуге мүмкіндік береді, оқушының жеке білім траекториясын түзетуге мүмкіндік береді.

1-сыныпта бағалау жүргізілмейді.

2-4-сыныптарда «есептелінді» және «есептелінген жоқ» деген сынақ қойған кезде критериалды бағалау қағидасына сүйену керек, яғни білім алушы

«есептелінді» деген сынақ алу үшін сабаққа қатысып қана қоймай, дене дамуы бойынша білім мен біліктілік негіздерін игеруі керек.

«Дене шынықтыру» пәні бойынша тоқсан соңында және оқу жылының соңында «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы сынып журналына қойылады.

Бастауыш мектептегі білім беру процесі ҚР білім беру саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық базасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бастауыш сыныптардағы сабақ форматы балаларды оқыту процесіне белсенді түрде тартуды, олардың өткен материалды талқылауға, талдауға және

қорытуға қатысуын, зерттеу жүргізуді, бағалауда өз пікірлерін айтуды, өзін-өзі бағалауды, өзара бағалауды ұйымдастыруды және т. б. көздейді.

Сабақтың міндетті элементі
мұғалімнің білім алушыны сүйемелдеуіне бағытталған, білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік беретін кері байланыс негізінде ол өз іс-әрекетіне түзетулер енгізеді. Формативті бағалау кезінде мұғалім білім алушылардың санын және кері байланысты ұсыну жиілігін өз бетінше анықтайды.
Бастауыш сыныптарда инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру

Қазақстан Республикасының заңнамасымен білім алушылардың жеке мүмкіндіктері мен ерекше білім берілуіне қажеттіліктерін ескере отырып, барлық білім алушыларға сапалы білім алу құқығына кепілдік берілген. Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың сапалы білім алуына тең жағдай жасау олардың келешек өмірі үшін маңызды. Бұл, ең алдымен, табысты әлеуметтік бейімделуге және өз қабілеттерін іске асыруға мүмкіндік береді.

Инклюзивті ортада білім ала отырып, ерекше білім беруді қажет ететін балалар ашық болуға үйренеді, қажетті коммуникация дағдыларын меңгереді, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасқа түсуге дағдыланады. Ерте әлеуметтік инклюзия – баланың келешектегі өмірге бейімделуіне сенімділіктің кепілі. Қазақстан Республикасының саясаты барлық азаматтардың әлеуметтік, экономикалық, мәдени мәртебесіне қарамастан тең дәрежеде сапалы білім алу құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.

Әр баланың табысқа жетуін қамтамасыз ету педагогтен баланың ерекшеліктерін білуді, ерекше білім берілуіне қажеттіліктерін іске асыру үшін мықты жақтарын және мүмкіндіктерін анықтай білуді талап етеді.

Бастауыш мектеп бала өміріндегі маңызды кезең, себебі баланың психологиялық дамуы өзгереді, жетекші қызмет ойыннан оқуға ауысады, бала жаңа әлеуметтік рөл – білім алушы мәртебесін иеленеді.

Бала мектепке келген сәттен бастап білім алу ол үшін жетекші іс-әрекетке айналады. Біріншіден, оқу іс-әрекеті арқылы баланың қоғаммен негізгі қарым-
қатынасы іске асады, екіншіден, оқу іс-әрекетінде мектеп жасындағы баланың тұлғалық негізгі қасиеттері, сондай-ақ жекелеген психикалық процестері қалыптасады.

Инклюзивті білім беруде маңызды рөл педагогке тиесілі, себебі ерекше білім беруді қажет ететін білім алушының белгіленген білім беру траекториясын ұстануын педагог бақылайды. Педагог бұл траекторияны білім алушының оқу процесінде көрінетін жетістіктері мен қиындықтарына сүйене отырып, үнемі түзетіп отырады. Ерекше білім беруді қажет ететін баланың оқу процесін іске асыру үшін білім алушы мен педагог арасындағы қарым-қатынас байсалды, позитивті және сенімді болуы керек.

Оқытуды саралау оқу процесін тұлғаның жеке ерекшеліктерін есепке алу негізінде ұйымдастыруға, барлық білім алушылардың білім беру мазмұнын меңгеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте саралау әрбір білім алушы үшін әртүрлі болуы мүмкін, десе де, барлық білім алушыға ортақ инварианттық бөлім сақталады. Саралау жағдайында оқыту процесі білім

алушылардың танымдық қажеттіліктерін, олардың жеке ерекшеліктерін барынша ескереді.

Білім алушылардың бағдарламалық материалды игеру деңгейі оқытуда деңгейлік саралау технологиясын қолданумен байланысты. Бұл технологияда танымдық іс-әрекетті басқару әрбір білім алушыны шағын топтар жүйесі арқылы өзінің жеке мүмкіндіктері мен қабілеттері деңгейінде оқыту мақсатында жүзеге асырылады. Педагогтің әлсіз білім алушыға сараланған тәсілмен көмектесуіне, күшті білім алушыға көңіл бөлуіне, қиын балалармен тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндігі болады.

Инклюзивті білім берудің табысты практикасында білім алушы – нені, не үшін және қалай істеп жатқаны, ненің қолынан келіп-келмейтіні, не себепті қолынан келмейтіні жөнінде өз-өзіне есеп